Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 186 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 ақпанда № 12992 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                                 Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _______________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 30 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 17 қараша


Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму   
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы   
№ 186 бұйрығымен       
бекітілген           

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін
жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоспарланған қаржы кезеңіне шығындарды субсидиялаудың бөлінген көлеміне және ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшеріне байланысты әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін айқындайды.
      2. Осы Әдістемені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер – теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдаудан, поездарда төсек-орын жабдықтарын беру мен комиссиялық алымдардан ақшалай түсімдер;
      2) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдауға арналған қолданыстағы бағалар деңгейі – ағымдағы қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған заңнамаға сәйкес белгіленген бағалар;
      3) бюджеттік өтінім – шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттар жиынтығы;
      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс;
      5) есептік қаржы жылы – жоспарлы кезеңнің ағымдағы қаржы жылының алдындағы жыл;
      6) жоспарлы кезең – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;
      7) тасымалданған жолаушылар – тасымалдаудың орташа қашықтығын есепке ала отырып, әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жөнелтілген жолаушылар санына сәйкес көрсеткіш;
      8) уәкiлеттi орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
      3. Әдістемені:
      1) уәкілетті органмен бюджеттік бағдарлама шеңберінде әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастарда жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша бюджеттік өтінімді (бұдан әрі – уәкілетті органның бюджеттік өтінімі) дайындау кезінде қолданады;
      2) жергілікті атқарушы органмен бюджеттік бағдарлама шеңберінде әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық, облысішілік), сондай-ақ қала маңы теміржол қатынасында бюджеттік өтінімді дайындау кезінде қолданады (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органның бюджеттік өтінімі);

2. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін
жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағаларды айқындау

      4. Вагон типтері бойынша жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер айқындалады:
      бірінші қаржы жылына (Dжоспар 1 ваг.типі):
      Dжоспар 1 ваг.типі = Dнақты вагон типі *KТнақты вагон типі *
                          KТжоспар 1 ваг.типі
      екінші қаржы жылына (Dжоспар 2 ваг.типі):
       Dжоспар 2 ваг. типі = Dнақты ваг. типі *KТнақты ваг. типі
                *KТжоспар 1 ваг.типі* KТжоспар 2 вагон.типі
      үшінші қаржы жылына (Dжоспар 3 ваг.типі)::
      Dжоспар 3 ваг.типі = Dнақты вагон типі *KТнақты вагон типі *
    KТжоспар 1 ваг.типі* KТжоспар 2 ваг.типі *KТжоспар 3 вагон.типі.
      мұнда:
      Dнақты вагон типі – вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр секцияся мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша есептік жылы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін нақты кірістер;
      Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға бағаларын жоғарылату коэффициенті уәкілетті органның бюджеттік өтінімін қарау негізінде және ол бойынша орталық уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 68-бабына сәйкес бюджеттік жоспарлау бойынша қорытынды ұсынылғанда айқындалады.
      Әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және қала маңы қатынастары бойынша жоспарланған кезеңге жолаушыларды тасымалдауға бағаларын жоғарылату коэффициенті жергілікті уәкілетті органның бюджеттік өтінімін қарау негізінде және ол бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 68-бабына сәйкес бюджеттік жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті органмен қорытынды ұсынылғанда айқындалады.
      Бұл ретте,
      KТ нақты вагон типі – есептік жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша ағымдағы қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға бағаларын нақты арттыру коэффициенті;
      KТ жоспар 1 ваг.типі – ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға бағаларын арттыру коэффициенті;
      КТ жоспар 2 ваг.типі – бірінші қаржы жылына қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің екінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға бағаларын арттыру коэффициенті;
      KТ жоспар 3 ваг.типі – екінші қаржы жылына қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің үшінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдауға бағаларын арттыру коэффициенті.
      Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін нақты кірістер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығындарын субсидиялау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11540 болып тіркелген) қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жылдың басынан бастап жолаушылар тасымалдарын орындау туралы қабылданған есептерде көрсетілген есептік қаржы жылындағы кірістер болып табылады.
      5. Вагон типтері бойынша жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемі айқындалады:
      бірінші қаржы жылына (Vжоспар 1 ваг.типі):
      Vжоспар 1 ваг.типі = Vнақты вагон типі *KVнақты вагон типі*
                          KV жоспар 1 ваг.типі
      екінші қаржы жылына (Vжоспар 2 ваг.типі):
      Vжоспар 2 ваг.типі = Vнақты вагон типі*KVнақты вагон типі*
                KV жоспар 1 ваг.типі* KV жоспар 2 ваг.типі
      үшінші қаржы жылына (Vжоспар 3 ваг.типі):
       Vжоспар 3 ваг.типі = Vнақты вагон типі *KVнақты вагон типі*
      KVжоспар 1 ваг.типі* KVжоспар 2 ваг.типі *KVжоспар 3 ваг.типі
      мұнда:
      Vнақты вагон типі – вагон типтері бойынша (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың нақты көлемі;
      KVнақты вагон типі – есептік жылға қатысты вагон типтері бойынша (купе, плацкарт, жалпы және электр секциясы мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) ағымдағы қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін нақты ұлғайту коэффициенті;
      Нақты көлем Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруына байланысты шығындарын субсидиялау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11540 болып тіркелген) қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жылдың басынан бастап жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есептерде көрсетілген есептік қаржы жылындағы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың көлемі болып табылады.
      Көрсеткіштер көлемі әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын әрбір вагон типтері бойынша айқындалады.
      Әрбір вагон типтері бойынша көрсеткіштер көлемі олардың әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын барлық субсидияланатын көлемінің сомасы ретінде айқындалады.
      Жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 167 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 11541 болып тіркелген) сәйкес жоспарланған көрсеткіштер негізінде айқындалады.
      KVжоспар 1 ваг.типі – ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр секциясы мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті;
      KVжоспар 2 ваг.типі. – бірінші қаржы жылына қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр секциясы мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің екінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті;
      KVжоспар 3 ваг.типі – екінші қаржы жылына қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр секциясы мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің үшінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті.
      6. Бір жолаушыға арналған орташа жылдық шығыстарды есептеу айқындалады:
      бірінші қаржы жылына (Rжоспар 1 ваг. типі.):
      Rжоспар 1 ваг. типі. = Dжоспар 1 ваг. типі/ Vжоспар 1 ваг. типі
 
 
      екінші қаржы жылына (Rжоспар 2 ваг. типі.):
      Rжоспар 2 ваг. типі = Dжоспар 2 ваг. типі Vжоспар 2 ваг. типі
 
 
      үшінші қаржы жылына (Rжоспар 3 ваг. типі.):
      Rжоспар 3 ваг. типі = Dжоспар 3 ваг. типі/ Vжоспар 3 ваг. типі
      7. Ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде бір жолаушыға орташа жылдық шығыстар үлесі айқындалады:
      бірінші қаржы жылына (P жоспар 1 ваг.типі):
      P жоспар 1 ваг.типі = R жоспар 1 ваг.типі* 100/ Sжоспар 1
 
 
      екінші қаржы жылына (P жоспар 2 ваг.типі):
      Pжоспар 2 ваг. типі = Rжоспар 2 ваг. типі* 100/ Sжоспар 2
 
 
      үшінші қаржы жылына (P жоспар 3 ваг.типі):
      P жоспар 3 ваг. типі = R жоспар 3 ваг. типі* 100/ Sжоспар 3
      мұндағы:
      Sжоспар 1 – жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылына арналған ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері;
      Sжоспар 2 – жоспарлы кезеңнің екінші қаржы жылына арналған ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері;
      Sжоспар 3 – жоспарлы кезеңнің үшінші қаржы жылына арналған ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері.
      Ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшері тоқсан сайын «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-тармағына сәйкес есептеледі.
      8. Уәкілетті орган және жергілікті атқарушы органдар бір жолаушыға орташа жылдық есептеуді осы әдістемеге қосымшаға және теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерге ұсынылған бағаларды арттыруға сәйкес вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр секциясы мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бөлінісінде жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімге қоса береді.
      9. Бір жолаушыға орташа жылдық шығыстардың шекті үлесі ең төмен күнкөріс деңгейінен қырық пайыздан аспайтын мөлшерде айқындалады.
      10. Жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтері үшін бағалардың шекті деңгейі ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде бір жолаушыға орташа жылдық шығыстардың белгіленген үлесінен аспайтындай деңгейде айқындалады.

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар
бойынша көрсетілетін жолаушылар
тасымалы қызметтеріне бағаларды
айқындау әдістемесіне    
қосымша             

Вагон типтері бөлінісінде жоспарлы кезеңге арналған тиісті
бюджеттік өтінімге бір жолаушыға орташа жылдық шығыстар есебі

р/с №

Поездың №

Маршрут (атауы)

Вагон
типі

Жылына кірген күндердің саны

Құрамдағы вагондардың орташа саны, шарт бойынша

жолаушылар тасымалданды, адам

Жолаушылар тасымалынан түскен кірістер, мың теңге

Бір жолаушыға орташа жылдық шығыстар, (теңге)

билетті сатудан

төсек орын сатудан

өзге де қызметтен түсетін кірістер

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12=11/7




купе












плацкарт












жалпы












МВПС












Гранд












Бизнес












Турист












Отыру үшін