Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 224 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 ақпанда № 12970 болып тіркелді.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 04.04.2019 № 49 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.12.2018 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9801 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларында:

      51-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тізілімдер журналы айырбастау пунктінің әрбір операциялық кассасында және компьютерлік жүйе шеңберінде әрбір автоматтандырылған айырбастау пунктінде жеке-жеке жүргізіледі. Бұл ретте тізілімдер журналын қалыптастырудың бағдарламалық-аппараттық құралдары күн сайынғы түзетілмейтін тіркеуді және жасалған айырбастау операциялары жөніндегі ақпараттың энергияға тәуелсіз сақталуын оларды жасаған күннен бастап бес жыл ішінде қамтамасыз етеді.".

      3. "Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан үзінді-көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9876 тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркеу, номиналды ұстаушының бағалы қағаздарды номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан

      үзінді-көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты жария ету қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Номиналды ұстаушы клиентпен номиналды ұстау туралы шарт жасасқаннан кейін номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде клиенттің жеке шот және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде клиенттің қосалқы шотын ашады.

      Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қосалқы шотты ашу үшін номиналды ұстаушы орталық депозитарийге Қағидалардың 5-тармағының талаптарына сәйкес оны ашу үшін қажетті барлық деректемелерді көрсете отырып, клиент туралы мәліметтер береді.

      Жасырын жеке шоттарды және қосалқы шоттарды, сондай-ақ ойдан шығарылған аттарға жеке шоттарды және қосалқы шоттарды ашуға жол берілмейді.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Номиналды ұстаушы жеке шоттағы ұстаушы туралы мәліметтердің өзгеруі жөніндегі операцияны аталған тұлғаның ол жөніндегі мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.

      Номиналды ұстаушы клиенттерінің бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған ақшасын номиналды ұстаушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шотынан оның орталық депозитарийде ашылған корреспонденттік шотына аударған жағдайда, бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған бағалы қағаздар ұстаушыларының банктік деректемелерін өзгерту бөлігінде ұстаушы туралы мәліметтерді өзгерту бойынша операция осы номиналды ұстаушының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

      Номиналды ұстаушы жеке шоттағы инвестициялық пай қоры туралы мәліметтердің өзгеруі бойынша операцияны осы қордың басқарушы компаниясының қор туралы мәліметтердің өзгеруі туралы бұйрықтың және тізбесі номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен белгіленетін осы өзгерістерді растаушы құжаттар негізінде жүргізеді.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген, терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесі негізінде бұғаттау және бұғаттауды алып тастау операцияларын қоспағанда, номиналды ұстаушы номиналды ұстау жүйесінде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) бұғаттау және бұғаттауды алып тастау бойынша операцияларды Атқарушылық іс жүргізу туралы заңның 65-бабы 6-1-тармағының талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша осындай құқығы бар мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарының немесе клиенттің бұйрығының негізінде жүргізеді. Бұғаттау жөніндегі операция жүргізілген кезде бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) "негізгі" бөлімнен бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шотын "бұғаттау" бөліміне ауыстырылады. Бұғаттауды алып тастау жөніндегі операция жүргізілген кезде бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтары) "бұғаттау" бөлімінен "негізгі" бөлімге ауыстырылады.".

      4. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті

      (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Акишев