"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-4/1072 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 12933 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су және биологиялық ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың
интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ______________ А. Исекешев
      2015 жылғы 15 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛГЕН»                       «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі          Ұлттық экономика министрінің
      ______________ Е. Досаев           міндетін атқарушы
      2015 жылғы « »                     ____________ М. Құсайынов
                                         2015 жылғы 31 желтоқсан

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 6-4/1072 бұйрығымен  
бекітілген       

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге өтінімді тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
      2) өтінімді тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут, ХҚКО-да 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут, ХҚКО-да 15 минут.
      ХҚКО-ға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне қабылдау және беру күні кірмейді;
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – одан әрі көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем құжаттарын ұсыну.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      ХҚКО арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма (қоса алғанда) аралығында сағат 13.00-ден 14-00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 8.30-дан, 9.00-ден 18.00-ге, 18.30-ға, 19-00-ге дейін.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      2) ХҚКО-ның – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі (қоса алғанда) аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.
      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен көрсетіледі. Электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
      9. Көрсетілетін қызметті алушы не оның сенімхат бойынша өкілі (жеке тұлғаға – нотариалды сенімхат бойынша, заңды тұлғаға – өкілеттілікті растайтын құжат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы субсидиялар алу үшін ай сайын осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияларды алуға өтінім;
      2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) ұсынады.
      Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде көшірмесінде өтінімді қабылдау күні мен уақыты, өтінімді қабылдаған лауазымды адамның тегі және аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қойылғаны қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ХҚКО-ға берген кезде, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
      ХҚКО-да дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді жеке басты куаландыратын құжатты көрсеткен жағдайда, қолхат негізінде оның жұмыскері жүзеге асырады.
      ХҚКО нәтиженің бір ай сақталуын қаматамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, ХҚКО-ның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды ХҚКО-ға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші, ХҚКО өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
      ХҚКО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына беріледі.
      Қолма-қол да, почта арқылы да немесе электрондық түрде келіп түскен шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, ХҚКО-ның немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымда:
      1) жеке тұлғаның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;
      2) заңды тұлғаның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, ХҚКО-ның, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
      Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің, ХҚКО-ның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғаны туралы растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, осы шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде ХҚКО арқылы
көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге талаптар

      13. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді ХҚКО-ның қызметкері 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.
      14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталған құжаттарды толтыруға арналған орындар), өртке қарсы қауіпсіздік шаралары қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің және ХҚКО-ның ғимараттары дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      1) Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында;
      2) ХҚКО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында.
      16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
      17. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ауыл шаруашылығы тауарын    
өндірушілерге су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына 
1-қосымша            

Нысан

№_____ субсидия алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері
туралы хабарлама

20 ____ жылғы « ___ » ________

_____________________________________________________________________
                  (көрсетілетін қызметті алушы)

Жүгіну мақсаты ______________________________________________________
                          (субсидияланатын бағыт)

Жүгіну күні 20 ____ жылғы «____» _______________

Комиссияның шешімі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

______________________________________________________________ облысы
______________________ (қаласы) ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
___________________________________________ _________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын            (қолы)
      куәландыратын құжатта бар болса))

«Ауыл шаруашылығы тауарын    
өндірушілерге су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына 
2-қосымша            

Нысан

Облыстың (Астана, Алматы қалаларының)
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына
________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

201__ жылғы ____________ айға суармалы су беру бойынша
көрсетілетін қызметтерге субсидия алуға өтінім

      1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші
      _______________________________________________________________
                                 (атауы)
      2. Орналасқан жері:____________________________________________
                                (облыс, аудан, кент, көше)
      3. Өтініш иесі туралы мәліметтер:

р/с

Деректер көзі

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Заңды тұлға үшін – мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама

тіркеу нөмірі


тіркеу күні


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


БСН


2.

Жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат

жеке басын куәландыратын құжат нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


3.

Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

тіркеу күні


кім берді


берілген күні


ЖСН


4.

Жер пайдалану немесе жеке меншік құқығында өтінім берушіге тиесілі жер учаске сіне сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжат
 

кадастрлық нөмірі


барлық алаңы, гектар


оның ішінде суармалы жерлер


нысаналы мақсаты


сәйкестендіру құжатының нөмірі және берілген күні, кім берді


жер учаскесі иесінің немесе жер пайдаланушының атауы


5.

Су көзі

су көзінің атауы (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, таратушы, су бөлуші)


су берушінің тарифі (теңгемен)


суармалы су беру қызметін ұсыну туралы су берушімен жасалған шарттың № және күні


6.

Өңдеп өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша суармалы суды тұтыну көлемі

егілетін дақыл


егістік алаңы, гектар

суландыру нормасы, м3/га (текше метр/гектарға)

су тұтыну көлемі, мың м3 (текше метр)

суару тәсілі

7.

Ағымдағы шотының бар-жоғы туралы ақпарат

банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері: банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:


БСК


К/С


БСН


Кбе


8.

Алынған суармалы суға алғашқы төлем құжаттары

төлем сомасы, теңге


төленген суармалы судың көлемі, мың м3 (текше метр)


су берушінің заңды мекенжайы


нөмірі


берілген күні


      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес
мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

Басшы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі):

_______________________ _____________________________________________
       (қолы)           Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Бас бухгалтер (бар болса)

_______________________ _____________________________________________
       (қолы)           Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Мөрдің орны
20__жылғы «___» ____________

Өтініш 20__ жылғы «___» ____________ қарауға қабылданды.

_______________________ _____________________________________________
       (қолы)          Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
                                         лауазымы

«Ауыл шаруашылығы тауарын    
өндірушілерге су беру қызметтерінің
құнын субсидиялау» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына 
3-қосымша            

Нысан

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № ___ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар
топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      ________________________________________;
      ________________________________________;
      ________________________________________;
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын
субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас
тартады.

      Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.

ХҚКО-ның жұмыскері __________ _______________________________________
                     (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
                                  куәландыратын құжатта бар болса))

Телефоны __________

Алдым ___________ ___________________________________________________
        (қолы)   (Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің
                   аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
20__ жылғы «___» _________