"Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 703 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 12928 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 231 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11011 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 маусымда жарияланды) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр және жылу желiлерiн күзету, электр және жылу желілерінің күзету аймақтарында жұмыс жүргізу қағидаларында:
      2-тарау мынадай мазмұндағы 59-1, 59-2 және 59-3-тармақтарымен толықтырылсын:
      «59-1. Жоғары кернеуі 6-дан 20 кВ-ге дейін секцияланған және таратушы пункттері бар кіші станцияларына бөлінген жер учаскелерінің алаңдары осы Қағидалардың 3-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген шамалардан артық болмайды.
      59-2. Жоғары кернеуі 35-тен 1150 кВ-ге дейінгі электр қосылыстарының (жиынтықты қоса алғанда) әр түрлі схемалары бар кіші станцияларға бөлінген жер учаскелерінің алаңдары осы Қағидалардың 3-қосымшаның 2-кестесі бойынша орнатылады.
      59-3. Осы Қағидалардың 3-қосымшасының 2-кестесінде келтірілген ғимараттың құрамына және кіші станциялардың құрылыстарына сәйкес келмейтін ғимараттар мен құрылыстардың құрамы бар (оның ішінде таратушы құрылғылардың ұяшықтары) шағын станцияларға бөлінген жер учаскелерінің алаңдары 3-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген шамаға ұлғайтылады немесе азайтылады.».
      4-тарау алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін. 
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрінің
      міндетін атқарушы                                 М.Мырзағалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының 
Ауыл шаруашылығы министрі
____________ А. Мамытбеков
2015 жылғы 23 желтоқсан