Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 731 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 12927 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 731 бұйрығына     
қосымша          

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің және
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер
енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7467 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдеде «Егемен Қазақстан» газетінің № 369-374 (27448) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары осы қосымшаның 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. «Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларын және нысанды киім (погонсыз) үлгілерін бекіту туралы» және «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 41-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 304-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8079 болып тіркелген, 2013 жылғы 23 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінің № 43-47 (27986) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесi осы қосымшаның 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың нысанды киім (погонсыз) киіп жүру қағидаларында:
      4-қосымшада:
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Куәліктің ішкі жағының оң және сол беттерінде қорғау сызығынан жоғары баспаханалық шрифтпен жоғарғы қырдан 7 мм қашықтықта тангирлік торшалар шегінде «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» деген сөздері бар қорғау жолы (микрошрифт) орналасқан.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Куәлікке жапсырма түріндегі (өлшемі 95х66 мм құрайтын ламинатталған бет) Комитеттің елтаңбалы мөрімен куәландырылған, сақтау тангирімен қамтылған мемлекеттік тілде мемлекеттік экологиялық инспекторлардың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінен үзінді - көшірме қоса беріледі.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы орынбасарының, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік инспекторларының куәліктеріне Комитеттің төрағасы қол қояды.
      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторларының куәліктеріне облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелерінің басшысы қол қояды.».
      3. «Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10301 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінің № 180 (28658) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:».
      4. «Қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10976 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:».

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 731 бұйрығына     
қосымшасына       
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің      
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 41-ө бұйрығымен    
бекітілген       

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның
мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік
қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық
бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 116-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімге (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес әзірленген және мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық органдарының лауазымды адамдарына жатқызу тәртібін айқындайды.
      2. Комитеттің және оның аумақтық органдарының лауазымды адамдарының санаттарына жатқызу мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам тағайындалған кезде анықталады.

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның
мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелері мемлекеттік
қызметшілерінің санаттарын жатқызу тәртібі

      3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға мыналар жатады:
      Комитет төрағасының орынбасары болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы;
      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары;
      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің аумақтық экология департаменттері басшыларының орынбасарлары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің аумақтық экология департаменттерінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің басшылары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің аумақтық экология департаменттерінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің бас мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары;
      Комитеттің аумақтық экология департаменттерінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімдерінің жетекші мамандары болып табылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары.

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 731 бұйрығына     
қосымшасына       
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау
министрінің      
2012 жылғы 11 қазандағы
№ 304-Ө бұйрығымен  
бекітілген       

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүру құқығы бар лауазымды адамдар
лауазымдарының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының орынбасары болып табылады;
      2. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы болып табылады;
      3. Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының бас сарапшылары болып табылады;
      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары лауазымы бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының сарапшылары болып табылады;
      5. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік экологиялық инспекторлары лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары басшыларының орынбасарлары болып табылады.
      6. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелерінің басшылары болып табылады;
      7. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары лауазымы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық органдары мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімшелерінің бас және жетекші мамандары болып табылады.