Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықты жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 793 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 қаңтарда № 12922 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 122 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.02.2018 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.11.2016 № 475 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 398-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықтарды жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.

      2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Құқықтық ақпараттың республикалық орталығына баспа және электрондық түрде оның көшірмесінің жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________ Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 793 бұйрығымен бекітілген

Өңірлерді дамытудың салалық бағдарламасының қатысушысы болып табылатын жеке тұлғаға тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалға беру шарттары бойынша осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде берілген салық салу объектілері бойынша салықтарды жеке тұлғалардың мөлшерлемелері бойынша есептейтін заңды тұлғалардың тізбесі

      Ескерту. Тізбенің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.11.2016 № 475 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 12.11.2016 № 475 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Заңды тұлғалардың атауы

1

"Қазақстан ипотекалық компаниясы" ипотекалық ұйымы" акционерлік қоғамы

2

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" акционерлік қоғамы

3

"Бәйтерек девелопмент" акционерлік қоғамы