"Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 қарашадағы № 1038 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 қаңтарда № 12904 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы мемлекеттік тілде өзгеріссіз қалды, орыс тіліндегі мәтіні өзгеретілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 23 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 қарашадағы
№ 1038 бұйрығымен бекітілген

"Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

      әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын беру – 50 (елу) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификаты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификаты көрсетілетін қызметтің беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде, берілген сертификаттарды есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталда әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын электрондық құжат нысанында "жеке кабинеттен" алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алу үшін өтініш білдірген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

      Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сертификаттау үшін алым төлемі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады.

      Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

      1) класына (санаты) байланысты әуеайлақтың бойынша:

      А немесе Б немесе В класы/санатталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 1349 айлық есептік көрсеткіш;

      А немесе Б немесе В класы / I-санаты - алым төленетін күні қолданыстағы 1604 айлық есептік көрсеткіш;

      А немесе Б немесе В класы / II немесе III-санаты - алым төленетін күні қолданыстағы 2078 айлық есептік көрсеткіш;

      Г класы/ санатталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 1203 айлық есептік көрсеткіш;

      Д класы/санатталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 948 айлық есептік көрсеткіш;

      Е класы/санатталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 692 айлық есептік көрсеткіш;

      2) типі және класына байланысты тікұшақ айлағының жбойынша:

      жер беті деңгейінде орналасқан:

      I, II, III класы жабдықталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 364 айлық есептік көрсеткіш;

      I, II, III класы ішінара жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 419 айлық есептік көрсеткіш;

      I, II, III класы жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 510 айлық есептік көрсеткіш;

      3) жер бетіндегі:

      I, II, III класы жабдықталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш;

      I, II, III класы ішінара жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 382 айлық есептік көрсеткіш;

      I, II, III класы жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 437 айлық есептік көрсеткіш;

      4) палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы:

      I, II, III класы жабдықталмаған - алым төленетін күні қолданыстағы 255 айлық есептік көрсеткіш;

      I, II, III класы ішінара жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 309 айлық есептік көрсеткіш;

      I, II, III класы жабдықталған - алым төленетін күні қолданыстағы 328 айлық есептік көрсеткіш.

      Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

      Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салу жіберілген жағдайда, төлемді "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асыруға болады.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, қызмет берушінің арыз қабылдау және нәтижелерді беру, сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

      Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілет қызметті алушының жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын алу үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      1) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатына өтініш беруші міндеттемесі;

      2) пайдаланушының әуе қозғалысына қызмет көрсету және метеоқамтамасыз ету органдарымен өзара іс-қимыл жасау шарттарының көшірмесі;

      3) әуе қозғалысын басқару объектілері мен ұшуды жарық сигналымен қамтамасыз ету жүйесін ұшу кезінде тексеру актілерінің көшірмесі;

      4) радиотехникалық жабдық пен әуе қозғалысын басқару және қызмет көрсету жөніндегі диспетчер немесе радиооператор пункті жабдығының тізбесі;

      5) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) жөніндегі нұсқаудың көшірмесі, метеорологиялық қамтамасыз етудің басшылыққа алынатын құжаты, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру бойынша жедел жоспар;

      6) ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулықтың көшірмесі (бірлесіп пайдаланатын әуеайлақтар үшін);

      7) инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және біліктілігін арттырудан өткендігін растайтын құжаттардың көшірмесі;

      8) аэронавигациялық ақпарат жинағына (бұдан әрі – АІР) енгізу үшін ақпарат тарату және ақпарат алмасу бойынша нұсқаулық;*

      9) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты лауазымдық нұсқаулықтардың тізбесі;

      10) әуеайлақтың жарамдылық сертификатының қолданылу кезеңінде болған авиациялық инциденттер, оқиғалар және олардың алғышарттары туралы ақпарат (өтінім қайта берілген кезде);

      11) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;*

      12) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттау үшін алынатын алымның төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі.

      Ескертпе: *тікұшақ айлағына қолданылмайды.

      порталда:

      әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта 1)-12) тармақшаларындағы құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, оның көшірмесіндегі тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 64-бабы 1-тармағында белгіленген талаптарға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті
берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: caa@mid.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 75-48-02.

      Шағым пошта арқылы не жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Шағымда:

      жеке тұлғаның - тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

      заңды тұлғаның - атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz ("Азаматтық авиация комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналастырылған.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 47 81, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының)
жарамдылығы сертификатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша

      нысан

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығына
сертификаттауды жүргiзуге
ӨТIНIМ

      1._____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның Тегі, аты, әкесінің

      аты (егер бар болса), оның мекенжайы)

      атынан ______________________________________________________________

      (әуеайлақтың атауы)

      _____________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн

      _____________________________________________________________________

      (басшының лауазымы, Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))

      _____________________________________________________________________

      (нормативтiк актiлердi көрсету және атауы) талаптарына сәйкес

      келетiндiгiн мәлiмдейдi және осы объектiнiң сертификаттау талаптарына

      сәйкестiгiне инспекциялық тексеру жүргiзудi сұрайды.

      2. Қосымша ақпарат (әуеайлақ (тікұшақ айлағы) класы, қону

      аспаптарын ескере отырып (көзбен шолу, аспаптар бойынша, нақты емес

      немесе нақты кірулер) ұшу шарттары__________________________________

      ____________________________________________________________________

      3. Қосымша____________________________________________________

      Басшы _________________________________________ ______________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)) (қолы)

      М.О.

      (егер бар болса) Күнi _______________

  "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының)
жарамдылығы сертификатын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша

      нысан

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығы сертификатына
өтiнiш берушiнiң мiндеттемесi

      Мен, __________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), лауазымы)

      _____________________________________ осы арқылы әуеайлақтың (тiкұшақ

      айлағының)___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________,

      (нормативтiк құжаттардың атауы) сертификаттау талаптарына сәйкес

      келетiнiн, ұсынылған құжаттамадағы ақпарат әуеайлақтың нақты

      жай-күйіне сәйкес келетiнiн куәландырамын және:

      1) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) сертификаттау талаптары мен

      нормативтiк құжаттаманың ережелерiне сәйкес пайдалануға және ұстауға;

      2) аэронавигациялық ақпарат басылымдарында (АIP) қамтылған

      деректердiң әуеайлақтың нақты жай-күйіне сәйкестiгiн қамтамасыз

      етуге;

      3) әуеайлақта (тiкұшақ айлағында) сертификаттау және

      нормативтiк талаптарға сәйкессiздiктер анықталған кезде әуежайда ұшу

      қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қажеттi шектеулерді дереу

      енгiзiп, уәкiлеттi органға бұл туралы хабарлауға;

      4) уәкілетті органнан әуеайлақ басшылығына, әуеайлақтың

      аэронавигациялық паспортына (ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа)

      және әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын

      және өрттерді сөндіру бойынша жедел жоспарға толықтырулар мен

      өзгерістер енгізуге рұқсат алуға;

      5) АIP-ге енгiзу үшiн дайындалған материалдарды уәкiлеттi

      органға бекiтуге уақытында жiберуге мiндеттенемiн.

      Басшы ___________________________________________ _________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)) (қолы)

      МО (егер бар болса)

      __ ж. "___" ____________