Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 1-3/1102 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қаңтарда № 12890 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Органикалық өнім өндіру туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департамент заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау органикалық өнім өндіру жөніндегі мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 2 маусымнан ерте қолданысқа енгізілмейді.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы Министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 22 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________Е. Досаев

      2015 жылғы 26 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 18 желтоқсанда
№ 1-3/1102 бұйрығымен
бекітілген

Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Органикалық өнім өндіру туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген және органикалық өнім өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Тізілімді жүргізу органикалық өнім өндірушілерді есепке алу мақсатында жүзеге асырылады.

2. Органикалық өнім өндірушілердің тізілімін жүргізу тәртібі

      3. Тізілімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынатын деректер негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жүргізеді.

      4. Органикалық өнім өндірушілер Тізілімде қазақ және орыс тілінде алфавиттік тәртіппен орналасады.

      5. Тізілімді жүргізу:

      1) органикалық өнім өндірушілер туралы деректерді Тізілімге алғашқы рет енгізу;

      2) Тізілімді апта сайын жаңарту;

      3) Тізілімді Министірліктің интернет-ресурсында орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

      6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары сәйкестікті растау жөніндегі органдардан органикалық өнім өндірудің және органикалық өнімнің сәйкестігін растау мен инспекциялық бақылаудың нәтижелері туралы ақпаратты алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде Министрілікке Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы деректер ұсынады.

      7. Министрліктің органикалық өнім өндіру мәселелері бойынша жауапты құрылымдық бөлімшесі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарынан деректерді алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде деректерді Министріліктің интернет-ресурсында орналастырады.

  Органикалық өнім өндірушілердің
тізілімін жүргізу қағидаларына қосымша

Органикалық өнім өндірушілердің тізілімі

      Нысан

р/с №

Сәйкестік сертификатының берілген күні, тіркеу нөмірі және әрекет ету мерзімі

Өндіруші



Нақты орналасқан жері



Қызмет түрі



Сертификатталғ ан органикалық өнімнің атауы



Органикалық өнім өндірісінде пайдаланылған шикізат туралы деректер *

Сәйкестік сертификаты н берген сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы және мекенжайы

Оған сәйкестендіру үшін сертификаттау жүргізілген құжаттың атауы

Тізілімге енгізу күні

Өндіруші

Нақты орналасқан жері

Қызмет түрі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      * — өңдеу кәсіпорындары толтырады