Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын зерттеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 қаңтарда № 12871 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының
2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 кыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын зерттеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістеме бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Б.З. Иманәлиев) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                          Ә.Смайылов

Қазақстан Республикасы Ұлттық  
экономика министрлігінің    
Статистика комитеті төрағасының 
2015 жылғы 15 желтоқсандағы   
№ 208 бұйрығымен бекітілді   

Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын зерттеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістеме

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын зерттеуді ұйымдастыру жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
      2. Осы Әдістеме мемлекеттік статистика органдарының халықтың тұрмыс деңгейі туралы статистикалық деректерді (ақпаратты) алу мақсатымен тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеуді (бұдан әрі – Зерттеу) ұйымдастыру және өткізу рәсімдері алгоритмдерінің жиынтығын айқындайды.
      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Комитеттің аумақтық органдары «Тұрмыс деңгейі статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9968 болып тіркелген) Комитет төрағасының 2014 жылғы 4 қарашадағы № 41 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі – № 41 бұйрық) статистикалық нысандар бойынша зерттеулер жүргізу кезінде қолданады.
      4. Зерттеу барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өткізіледі. Зерттеу іріктеп алынған үй шаруашылықтарының ерікті түрде қатысу қағидаларымен құрылады.
      5. Осы Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай анықтамалар пайдаланылады:
      1) интервьюер – пікіртерім жүргізуге уәкілетті тұлға;
      2) супервайзер – үй шаруашылықтарына зерттеу жүргізуді қамтамасыз ететін және интервьюерлер жұмысын бақылауды жүзеге асыратын Комитеттің аумақтық органының қызметкері.

2. Деректерді жинау рәсімдерін ұйымдастыру

      6. Алғашқы статистикалық деректерді жинау интервьюерлердің тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу Кестесіне сәйкес, осы әдістемеге 1-қосымшада ұсынылған нысанға сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Зерттеуге қатысатын үй шаруашылықтарының тізімдері жыл сайын 10 қаңтарға дейін қалыптастырылады.
      8. Жыл бойы тұрғын жайлардың мекенжайларын ауыстыру үй шаруашылықтарының мүшелері болмаған немесе зерттеуге қатысудан бас тартқан жағдайда жүргізілмейді.
      9. Деректерді тіркеу өздігінен тіркеу және пікіртерім әдісі арқылы жүргізіледі.
      10. Жеке алынған үй шаруашылығын зерттеудің есепті кезеңі тоқсанды қамтиды.
      11. Зерттеудің басты компоненттері мыналар болып табылады:
      1) үй шаруашылығымен бірінші байланыс орнатылатын, үй шаруашылығының барлық мүшелерінің тізімі құрастырылатын, тұтастай алғанда үй шаруашылығы және үй шаруашылығының әр мүшесінің жекелеген мінездемелері туралы негізгі ақпарат жиналатын, келесі сұхбаттың күні белгіленетін негізгі сұхбат;
      2) төрт тоқсандық сұхбат, ағымдағы жылғы сәуірде, шілдеде, қазанда және келесі жылдың қаңтарында жүргізіледі. Тоқсан сайынғы сұхбат үй шаруашылықтарының ақшалай шығыстары және ірі (негізгі) шығыстары туралы алдыңғы үш айдағы ақпаратты қамтиды. Әр тоқсанның басында үй шаруашылығы бір тоқсанда жасалған шығыстар жазылатын жадынама-журналды алады. Журнал деректері тоқсандық сұхбат кезінде қолданылады;
      3) үй шаруашылығы әр тоқсанның 14 күнтізбелік күні ішінде азық-түлік өнімдеріне, жеке көлік құралдары үшін жанар-жағармай материалдарына жұмсалған шығыстарды және жеке қосалқы шаруашылықтан алып тұтынылған немесе сыйлыққа алынған азық-түлік өнімдерін тіркейтін екі апталық төрт күнделік.

3. Деректерді өңдеу рәсімі

      12. Деректерді өңдеу рәсімі деректерді редакциялау, импутациясын және біріктіруді қамтиды.
      13. Өндеудің бірінші кезеңінде деректер қорын редакциялауды жүзеге асырады және оны жұмыс қалпына келтіреді. Ол үшін бақылаудың мынадай түрлері жүргізіледі:
      1) экстремалдық мәндерді анықтау үшін бақылау (аутлайерлер). Көрсеткіштердің экстремалдық мәндерінің аясы шекарасы орташа квадратты ауытқу мөлшеріне көрсеткіштердің орташа мәнінің ауытқуымен анықталатын интервалдан тыс орналасқан;
      2) сандық көрсеткіштердің ең жоғарғы және ең төменгі мәндері талданады;
      3) респонденттерден келіп түскен ақпараттың сапасын бағалау. Осы мақсатпен сұрақнаманың әрбір бөлімінің ішінде енгізу қателерін, сондай-ақ үй шаруашылықтары тарапынан болатын тіркеу қателерін жоюға мүмкіндік беретін логикалық бақылау жүйесі құрылады: үй шаруашылықтары үшін типтік емес шығыстар (экзотикалық азық-түлік өнімдерін немесе үй жануарларын тамақтандыру үшін қымбат тұратын азық-түлік өнімдерін сатып алу), тұрғын үй алаңы жалпы алаңнан үлкен болмауы қажет;
      4) әр түрлі статистикалық нысандардан алынған ақпараттың логикалық байланысына негізделген бақылау. Екі жақты сұраулардың көмегімен сұрақнамалар арасындағы өзара байланыс тексеріледі, нысандарды толтырудың толықтығы бақыланады.
      14. Деректерді өңдеудің екінші кезеңі импутация болып табылады – жетіспейтін жауаптарға шамаларды меншіктеу.
      Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй шаруашылықтарын зерттеуде зерттеу нысандары, сондай-ақ олардың жекелеген сұрақтары бойынша жауабы жоқтарының белгілі бір пайызы бар. Жауаптардың жоқтығынан туындайтын қателіктерді болдырмау мақсатында өңдеу кезінде жетіспейтін ақпараттың орнын толтыру басты міндет болып табылады.
      Күнделіктің апталарының бірінде шығыстардың әр түрлі түрлері бойынша жетіспейтін жауаптарды импутациялау күнделіктің толтырылған аптасындағы шығыстардың тиісті түрлері бойынша өңірлік деңгейде жүргізіледі.
      Тоқсандық сұрақнама болмаған жағдайда (күнделік болған кезде) оны импутациялау жүргізілмейді, үй шаруашылығы зерттеуден шығарылады және күнделіктегі барлық жазбалар өндеуге қатыспайды.
      Жекелеген көрсеткіштер бойынша жетіспейтін деректерді импутациялау мынандай үлгіде жүргізіледі:
      1) егер сатып алу мөлшері белгілі, ал бағасы көрсетілмесе онда сол тауарға облыс бойынша сатып алудың орташа бағасы шартты түрде қойылады;
      2) егер сатып алу бағасы белгілі, ал мөлшері белгісіз болса, онда облыс бойынша осы тауардың сатып алынған орташа бағасына көрсетілген құнның қатынасы тең мөлшері импутацияланады.
      3) егер сатып алудың мөлшері және бағасы да белгісіз болып, бірақ атауы бар болған жағдайда, онда осы тауарды сатып алудың және оның бағасының орташа мөлшері импутацияланады.
      15. Деректерді біріктірудің өңдеу кезеңі деректерді топтастыру және оларды жинақтау болып табылады. Біріктіру деректер қорымен алдағы уақытта барлық жұмыстарды жасаудың негізі болып табылады. Оның үдерісінде іріктемелі зерттеудің статистикалық материалдары үй шаруашылығының сәйкестендіру коды бойынша ретке келтіріледі және табыстардың, шығыстардың негізгі баптары және тамақ өнімдерінің негізгі топтары бойынша топтастырылады.

4. Күнделіктің деректерін тарату

      16. Күнделікті шығыстарды есепке алу күнделігі барлық тоқсан үшін өкілді болып табылады және үй шаруашылықтарымен екі апта бойы толтырылады. Сондықтан күнделікте көрсетілген барлық шығыстар тоқсанға жете есептеу коэффициентіне көбейту жолымен таратылады және мынадай формуламен анықталады:

      мұндағы,
      N – тоқсандағы апталардың саны (13);
      n – күнделікті толтыру апталарының саны.
      Зерттеуде k = 6,5.
      Азық-түлік тауарлары үшін тамақ өнімдерін көп мөлшерде (қаптармен, жәшіктермен) сатып алу есепке алынбайды. Мұндай шығыстар жете есептеу коэффициентінсіз өңдеуге қабылданады.

5. Зерттеу қорытындыларын бас жиынтыққа тарату

      17. Бас жиынтыққа таратылған деректерді алу мақсатында зерттеу қорытындыларына статистикалық салмақтау жүргізіледі. Іске асыру іріктемеге түскен, ұсынатын бөлігіне үй шаруашылықтарының жалпы санын сипаттайтын әрбір зерттелген үй шаруашылығына статистикалық салмақ беру арқылы жүзеге асырылады. Салмақ халықтың тұрмыс деңгейі көрсеткіштері үшін тоқсан сайын есептеледі.
      18. Салмақты есептеу үшін өңірлік бөліністегі қалалық және ауылдық халық бойынша бөлек зерттелетін үй шаруашылықтарына бөлу туралы Тұрғын үй қоры тіркелімінің (ТҚТ) деректері қолданылады.
      19. Алғашқы іріктемелік бірліктердегі (АІБ) (hi) үй шаруашылықтарының ықтималдық салмағы (whij) страталар hi (h) оның таңдап алу ықтималдылығының кері мәнін phij ұсынады және мынадай формула бойынша анықталады:

 

      мұндағы,
      Whij – бұл үй шаруашылығының салмағы;
      Phij – бұл таңдап алу ықтималдылығының кері мәні;
      Nh – бұл ТҚТ деректері бойынша стратадағы үй шаруашылықтарының жалпы саны;
      n’hi – бұл АІБ ішіндегі қолайлы тұрғын жайдың жалпы саны;
      Sh – бұл h стратада таңдап алынған АІБ саны;
      mhi – бұл АІБ қажетті тұрғын жай саны hi (әрқашан 30 нормативті).
      20. «Базалық» салмақтың жиынтығы осы өңірдің және бүкіл елдің барлық үй шаруашылықтарының санын бағалауды қамтамасыз етеді. Оларды пайдалану іріктемені қалыптастырудың бастапқы қағидаттарын іріктемелі жиынтыққа сәйкес сақтап қалуға мүмкіндік береді. Тұрғылықты жерді ауыстыру және зерттеуге қатысудан бас тарту осы сәйкестілікті бұзады.
      21. Іріктеп алынған үй шаруашылықтарынан жауап ала алмау зерттеу нәтижелерін бұрмалайтын, айтарлықтай кемшілік болып табылады. Бұл жағдайларда жетіспейтін деректердің орнын толтыру қажеттілігі туындайды. Осы рәсім көрсеткіштерді жете есептеуді жүзеге асыруға, іріктемелі зерттеудің алынбаған деректерінің орнын толтыруға арналған.
      22. Деректерді ала алмау оқиғаларының орнын толтыру үшін сол елді мекендегі жауап берген барлық үй шаруашылықтарына салмақтауды көтеру жолымен салмақтауды түзетудің қарапайым сызбасы қолданылады. Сол елді мекендегі сұрақтарға жауап берген барлық үй шаруашылықтарының салмағы бірдей коэффициентке көбейтіледі. Түзету коэффициенті мынадай формуламен анықталады:

      мұндағы,
      Кw – салмақтауды түзету коэффициенті;
      Nh – іріктемедегі үй шаруашылықтарының саны (12000);
      nh – есеп берген үй шаруашылықтарының саны.
      23. Түзету базалық салмақтауды әр страта бойынша түзету коэффициентіне көбейту жолымен, белгілі бір өңірдегі қала (ауыл) бойынша жүзеге асырылады.
      Зерттеу деректерін демографиялық статистиканың деректері бойынша ағымдағы халықтың санына сәйкес келтіру үшін түзету коэффициенттері қолданылады. Түзету коэффициенті тоқсан сайын мынадай формуламен есептеледі:

      мұндағы,
      Кj – j-стратасы үшін түзету коэффициенті;
      Ndj – j-стратасының демографиялық статистиканың деректері бойынша халықтың саны;
      Nhj – j-стратасының зерттеу бойынша халықтың жалпы саны.

6. Зерттеудің ұйымдық құрылымы

      24. Зерттеу халықтан пікіртерім жүргізу және құралға (сұрақнамаларға) мәліметтерді жазу жолымен жүзеге асырылады. Халыққа пікіртерім жүргізу арнайы дайындалған интервьюерлердің үй шаруашылықтарына баруы арқылы сұхбат жүргізу әдісімен жүзеге асырылады.
      25. Бір интервьюерге түсетін жүктеме 30 үй шаруашылығын құрайды. Интервьюер өз жұмысын осы әдістемеге 2-қосымшада ұсынылған нысанға интервьюер жұмысының Кестесіне сәйкес жүргізеді.
      26. Кесте есептілікті жинау мерзімін ескере отырып, белгілі бір күндері келу мүмкіндіктері туралы үй шаруашылығының өзімен келісіле отырып құрастырылады және интервьюерге орындау үшін беріледі. Супервайзер оның орындалуына үнемі бақылау жүргізеді.
      27. Кестені жоспарланған бару күндерімен («жоспар» бағаны) супервайзер әр тоқсанға құрастырады және интервьюерге орындау үшін беріледі. Интервьюер Кестеге («нақты» бағаны) нақты барған күндерді жазады және Кестені тоқсан аяқталғанда талдау және бақылау үшін супервайзерге ұсынады.
      28. Бір супервайзер төрт интервьюердің жұмысын бақылайды.
      29. Деректерді енгізу мен бақылау аяқталғаннан кейін ақпарат одан әрі өңдеу және талдау жасау үшін республикалық деңгейге беріледі.
      30. Интервьюер зерттеуді жүргізу шеңберінде:
      1) арнайы нұсқамадан өтеді және зерттеуді ұйымдастыру мен өткізудің барлық сұрақтары бойынша білімдерін көрсетеді;
      2) супервайзер дайындаған тізімге сәйкес үй шаруашылықтарының мекенжайларын сәйкестендіреді (анықтайды);
      3) респонденттер арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді (өткізіліп отырған зерттеу туралы хабардар ету мақсатында алдын ала аралау) және оларды зерттеуге қатысуға тартады;
      4) баратын күндерді алдын-ала белгілейді (бару күндері белгіленген күндері келу мүмкіндіктері туралы үй шаруашылықтарының өзімен келісу бойынша, интервьюермен белгіленеді және үй шаруашылықтарына бару кестесіне енгізу үшін супервайзерге хабарланады) және алдын ала тиісті үлгіде сауалнамаға дайындалады;
      5) жедел, сапалы және жоспарланған мерзімде үй шаруашылықтарында № 41 бұйрықпен бекітілген статистикалық нысандар бойынша пікіртерім жүргізеді;
      6) респонденттерге статистикалық құралды толтыру бойынша, соның ішінде телефон соғу немесе қосымша бару арқылы консультациялық көмек көрсетеді;
      7) респонденттерден алынған ақпаратқа арифметикалық-логикалық бақылау жүргізеді, деректердің кодтауын жүзеге асырады;
      8) супервайзерді зерттеудің барысы және үй шаруашылықтарымен пікіртерім нәтижелері туралы хабардар етеді; зерттеу кезінде туындайтын жауап бермеу оқиғалары (бас тартулары) туралы тез арада хабарлайды;
      9) тоқсан сайын, зерттеудің есепті кезеңінен кейінгі келесі айдың 6-шы күні супервайзерге толтырылған және өңделген статистикалық нысандарды өткізеді. Дөрекі қателіктер табылған жағдайда интервьюер қажетті деректерді нақтылау үшін үй шаруашылығына қосымша қайта барады және бару нәтижелері туралы супервайзерге хабарлайды.
      31. Супервайзер зерттеуді жүргізу шеңберінде:
      1) супервайзер оған бекітілген зерттеу учаскелерінде сауалнама жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыруға тікелей жауап береді;
      2) іріктемеге түскен үй шаруашылықтарының мекенжайларын интервьюермен бірге сол жерлерде сәйкестендіреді (анықтайды);
      3) интервьюерлерге зерттеу материалдарын бөліп береді және сол материалдарды қатаң есепке алуды жүргізеді;
      4) толтырылған сауалнамаларды қабылдайды және тексереді;
      5) деректердің кодталуын тексереді;
      6) көрсеткіштер арасындағы логикалық байланысты тексереді;
      7) интервьюерлермен бірігіп, деректерді толтыру, кодтау және жинақтау қателерін анықтайды;
      8) әрбір интервьюер бойынша зерттеу нәтижелерін талдайды;
      9) тоқсан сайын әрбір зерттеу учаскесі бойынша интервьюердің жұмысына, сондай-ақ бақылау сұхбатын жүргізуіне бақылауды жүзеге асырады;
      10) интервьюерлердің одан әрі оқуына ықпал етеді, егер қажет болған жағдайда бірлесіп сұхбат жүргізу үшін сол орындарға барады;
      11) неғұрлым жиі кездесетін қателерді анықтайды және оларды жою туралы ұсыныстарды айтады.

Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша  
үй шаруашылықтарын зерттеуді  
ұйымдастыру жөніндегі әдістемеге 
нысанның 1-қосымшасы      

       Интервьюерлердің тұрмыс деңгейін бағалау бойынша үй
           шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша
    жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кестесі

Тұрмыс деңгейін бағалау бойынша  
үй шаруашылықтарын зерттеуді  
ұйымдастыру жөніндегі әдістемеге 
нысанның 2-қосымшасы      

_______ жылдың _____тоқсанына интервьюер жұмысының кестесі №___

1 бестік – ай ___________________________ үй шаруашылықтарының № _____________________________________________________________________
2 бестік – ай ___________________________ үй шаруашылықтарының № _____________________________________________________________________
3 бестік – ай ___________________________ үй шаруашылықтарының № _____________________________________________________________________
4 бестік – ай ___________________________ үй шаруашылықтарының № _____________________________________________________________________
5 бестік – ай ___________________________ үй шаруашылықтарының № _____________________________________________________________________
6 бестік – ай ___________________________ үй шаруашылықтарының № _____________________________________________________________________

ү/ш №





























Ай

Өткен айға үшін D003 нысанының 2-бөлімін жинау

жоспар





























нақты





























D 004 нысаны бойынша пікіртерім

жоспар





























нақты





























Ағымдағы айға D003 нысанының 1-бөлімін жинау

жоспар





























нақты





























Жаңа желіге D008 нысанын толтыру/ D 006 нысаны бойынша пікіртерім/ Келесі айға D003 нысанын тарату

жоспар





























нақты





























Ай

Өткен айға D003 нысанының 2-бөлімін жинау

жоспар





























нақты





























Ағымдағы айға D003 нысанының 1-бөлімін жинау

жоспар





























нақты





























Келесі айға D003 нысанын тарату

жоспар





























нақты





























Ай

Өткен айға D003 бөлімінің 2-бөлімін жинау

жоспар





























нақты





























Ағымдағы айға D003 нысанының 1-бөлімін жинау

жоспар





























нақты





























Келесі тоқсанға D005 нысанын және келесі айға D003 нысанын тарату

жоспар





























нақты





























Бір жолғы зерттеуді өткізу

жоспар





























нақты