"Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 637 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 12784 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 159 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10708 болып тіркелген "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 4 мамырында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкімшінің оңалту рәсімінің және банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну қағидаларында:
      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 8-жол мынадай мазмұндағы редакцияда жазылсын:
      "
 


8
 

Әкімші тағайындалған күн
 


уақытша әкімші*
 




























оңалту басқарушысы
 










       * сот банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім шығарған жағдайда толтырылмайды";
      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 33-1-жолмен толықтырылсын:
      "
 


33-1
 

Банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы сот шешімінің күні
 












                                                                               ";
      банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпарат нысанына 3-қосымшада:
      "Мүлікті өткізу" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
 


"
Мүліктің түрі (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз)
 



Мүлік     
 


Мүліктік кешен
 


Кәсіпорынды сату
 




                                                                               ".
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі

Б. Сұлтанов