"Базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 761 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12683 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларының 181-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10103 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Базалық тізбенің негізінде Аумақтарды дамыту бағдарламаларын келісуді жүргізсін»;
      Базалық нысаналы индикаторлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді талдау және бағалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 761 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 166 бұйрығымен бекітілген

Базалық нысаналы индикаторлардың тізбесі

р/с № Нысаналы индикаторлар Өлшем бірлігі Есептілікті қалыптастыру мерзімі Ақпарат көзі

1

2

3

4

5

Бағыты: экономика
Өңірлік макроэкономика

1

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі

%

сәуір (жедел)
тамыз (жылдық)

ресми статистикалық деректер

2

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнiм

адамға/мың теңге

сәуір(жедел)
тамыз (жылдық)

ресми статистикалық деректер

3

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

%

ақпан (жылдық)

ҚР Қаржыминінің ведомстволық есептілігі

Өнеркәсіп *

4

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі

%

қаңтар(жедел)
маусым (жылдық)

ресми статистикалық деректер

5

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі

адам/ мың АҚШ доллары

сәуір(жедел)
тамыз (жылдық)

«ИИДМБ көрсеткіштері» статистикалық бюллетені

6

Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі

%

ақпан(жылдық)

ҚР ЭМ ведомстволық есептілігі

Агроөнеркәсіптік кешен*

7

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі**

%

қаңтар(жедел)
маусым (жылдық)

ресми статистикалық деректер

8

Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі

%

қаңтар(жедел)
маусым (жылдық)

ресми статистикалық деректер

9

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал басының үлесі**

%

сәуір (жылдық)

ҚР АШМ ведомстволық есептілігі

10

Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі**

%

ақпан (жылдық)

ҚР АШМ ведомстволық есептілігі

11

Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі

%

ақпан (жылдық)

ҚР АШМ ведомстволық есептілігі

Шағын және орта бизнес, сауда

12

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі

%

қаңтар (жедел)
қараша (жылдық)

ресми статистикалық деректер

13

Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі

%

қаңтар (жедел)
шілде (жылдық)

ресми статистикалық деректер

14

Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту («Бөлшек сауда» қызметі түрімен)

бірлік

шілде (жылдық)

ресми статистикалық деректер

Өңіраралық ынтымақтастық

15

Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша)

мың теңге

маусым (жылдық)

ресми статистикалық деректер

16

Басқа облыстың резиденттері мен резиденттер еместерінен сатып алынған тауарлардың жалпы қарағанда басқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны
50 адамнан астам көтерме кәсіпорындар бойынша)

%

шілде (жылдық)

ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері

Инновациялар мен инвестициялар

17

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны

%

қаңтар (жедел)
маусым (жылдық)

ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері

18

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі

%

қаңтар (жедел)
шілде (жылдық)

ресми статистикалық деректер

19

Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда)

%

сәуір (жедел)
шілде (жылдық)

ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері

20

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі

%

қантар (жедел)
мамыр (жылдық)

ресми статистикалық деректер

21

Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту

%

қантар (жедел)
мамыр (жылдық)

ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері

Бағыты: Әлеуметтік сала
Білім беру

22

Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны

бірлік

қараша (жылдық)

ҚР БҒМ әкімшілік деректер

23

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі

%

қараша (жылдық)

ҚР БҒМ әкімшілік деректер

24

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы

%

қараша (жылдық)

ҚР БҒМ әкімшілік деректер

25

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

%

қараша (жылдық)

ҚР БҒМ әкімшілік деректер

25.1

оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен

26

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training)

%

сәуір (жылдық)

ресми статистикалық деректер

27

Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі

%

желтоқсан (жылдық)

ҚР БҒМ әкімшілік деректер

28

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда
14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі

%

желтоқсан (жылдық)

ҚР БҒМ және ЖАО әлеуметтанушылық зерттеу қорытындылары

29

Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі

%

желтоқсан (жылдық)

ҚР БҒМ ведомстволық есептілігі

30

Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

%

қараша (жылдық)

ЖАО ведомстволық есептері

Денсаулық сақтау

31

Аналар өлім-жітімін төмендету

100 мың тірі туылғандарға шаққандағы саны

мамыр (жылдық)

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

32

Нәресте өлім-жітімін төмендету

1000 тірі туылғандарға шаққандағы саны

сәуір (жылдық)

ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері

33

Жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету

100 мың тұрғынға шаққандағы саны

мамыр (жедел)
қыркүйек (жылдық)

ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері

34

15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде

%

ақпан (жылдық)

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

35

Жұмыссыздық деңгейі

%

наурыз (жылдық)

ресми статистикалық деректер

36

Жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі

%

қаңтар (жылдық)

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

37

Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі

%

қаңтар (жылдық)

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

38

Өндірістік жарақат деңгейі (1000 адамға жазатайым оқиғалардың жиілік коэффиценті)

-

қаңтар (жылдық)

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

39

Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша)

%

қаңтар (жылдық)

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

40

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі

%

ақпан (жылдық)

ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі

41

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде)

%

ақпан (жылдық)

ЖАО мәліметтері бойынша ҚР ДСӘДМ есептері

42

Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі

%

ақпан (жылдық)

ЖАО мәліметтері бойынша ҚР ДСӘДМ есептері

Мәдениет

43

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны

адам


ресми статистикалық деректер

43.1

Кітапханаға келушілер

наурыз

43.2

Театрға келушілер

ақпан

43.3

Концерттік ұйымдарға келушілер

сәуір

43.4

Мұражайларға келушілер

наурыз

Дене шынықтыру және спорт

44

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту

%

ақпан (жылдық)

ҚР МСМ ведомстволық есептілігі

45

Балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты
7 пен 18 жас аралығында балалар-жас өспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту

%

ақпан (жылдық)

ҚР МСМ ведомстволық есептілігі

Туризм

46

Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер)

%

сәуір (жылдық)

ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері

47

Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес)

%

сәуір (жылдық)

ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері

48

Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған
төсек-тәулік санының өсуі

%

сәуір (жылдық)

ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері

Үш тілді дамыту

49

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

%

ақпан (жылдық)

ЖАО ведомстволық есептері

50

Ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

%

ақпан (жылдық)

ЖАО ведомстволық есептері

51

Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

%

ақпан (жылдық)

ЖАО ведомстволық есептері

Бағыты: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

52

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

%

қаңтар (жылдық)

ҚР БП ҚСАЕК ведомстволық есептілігі

53

100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету

бірлік

қаңтар (жылдық)

ҚР БП ҚСАЕК ведомстволық есептілігі

54

Жас өспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы

%

қаңтар (жылдық)

ҚР БП ҚСАЕК ведомстволық есептілігі

55

Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы

%

қаңтар (жылдық)

ҚР БП ҚСАЕК ведомстволық есептілігі

56

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

%

ақпан (жылдық)

ЖАО ведомстволық есептері

Бағыты: Инфрақұрылым
Байланыс және коммуникация

57

100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы

бірлік

қаңтар (жедел)
мамыр (жылдық)

ресми статистикалық деректер

58

Интернетті пайдаланушылардың үлесі

%

наурыз (жылдық)

ресми статистикалық деректер

59

Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі

%

наурыз (жылдық)

ресми статистикалық деректер

Құрылыс

60

Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі

%

қаңтар (жедел)
маусым (жылдық)

ресми статистикалық деректер

61

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы

мың шаршы метр

қаңтар (жедел)
шілде (жылдық)

ресми статистикалық деректер

62

Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі

%

ақпан (жылдық)

ЖАО мәліметтері бойынша ҚР ДСӘДМ есептері

Жолдар мен көлік

63

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі**

%

қаңтар (жылдық)

ҚР ИДМ Автожолдар комитетінің ведомстволық есептілігі

64

Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі**

%

қаңтар (жылдық)

ҚР ИДМ Көлік комитетінің ведомстволық есептілігі


Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы

65

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету

%

ақпан (жылдық)

ҚР ҰЭМ ҚТКШІжЖРБК ведомстволық есептілігі

66

Қалаларда орталықтандырылған қолжетімділік:

%

ақпан (жылдық)

ҚР ҰЭМ ҚТКШІжЖРБК ведомстволық есептілігі

66.1

сумен жабдықтау

66.2

су бұрумен жабдықтау

67

Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған қолжетімділік:**

%

ақпан (жылдық)

ҚР ҰЭМ ҚТКШІжЖРБК ведомстволық есептілігі

67.1

сумен жабдықтау

67.2

су бұрумен жабдықтау

68

Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі:

%

ақпан (жылдық)

ҚР ҰЭМ ҚТКШІЖРБК ведомстволық есептілігі

68.1

жылумен жабдықтау

68.2

газбен жабдықтау

68.3

электрмен жабдықтау

Бағыты: Экология және жер ресурстары

69

Су шаруашылығының (су шаруашылығының объектілері) және гидромелиоративті жүйелермен жабдықтардың негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі

%

ақпан (жылдық)

ҚР АШМ ведомстволық есептілігі

70

Орман шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлемі индексі**

%

ақпан (жылдық)

ҚР АШМ ведомстволық есептілігі

71

Ағаш егу шаруашылығы плантациясының негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі**

%

ақпан (жылдық)

ҚР АШМ ведомстволық есептілігі

72

Жануарлар дүниесін қайта өндірудің негізгі капиталына тартылған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемінің индексі**

%

ақпан (жылдық)

ҚР АШМ ведомстволық есептілігі

73

Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі

%

мамыр (жылдық)

ЖАО ведомстволық есептері

74

Облыстың, республикалық маңызы бар каланың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту

%

ақпан (жылдық)

ЖАО ведомстволық есептері

75

Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан)

%

ақпан (жылдық)

ЖАО ведомстволық есептері

76

Ластаушы заттардың нормативті көлемі:

млн.тонна

қаңтар (жылдық)

ҚР ЭМ ведомстволық есептілігі

76.1

- атмосфераға шығарындылар

76.2

- су объектілеріне төгінділер

77

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы**

мың.га

ақпан (жылдық)

ҚР АШМ ведомстволық есептілігі

78

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында бір орман өртінің орташа ауданы**

мың.га

ақпан (жылдық)

ҚР АШМ ведомстволық есептілігі

79

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту**

%

ақпан (жылдық)

ЖАО ведомстволық есептері

80

Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы)**

%

ақпан (жылдық)

ЖАО ведомстволық есептері

81

Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс)**

%

ақпан (жылдық)

ЖАО ведомстволық есептері

Бағыты: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

82

Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру

%

ақпан (жылдық)

ҚР МҚІМ ведомстволық есептілігі

ЕСКЕРТПЕ:
* тиісті орталық мемлекеттік органдар өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен салаларында (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 10% және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 10%) жергілікті атқарушы органдар үшін базалық көрсеткіштер тізбесінің жалпы 20%-нан аспайтын мөлшерінде салалар бойынша қосымша нысаналы индикаторларға бастама жасай алады
** Республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоспағанда жергілікті атқарушы органдардың көрсеткіштері

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР БП ҚСАЕАК – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚР ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
ҚР ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
ҚР Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ҚР МҚІМ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
ҚР ҰЭМ ҚТКШІжЖРБК – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті
ҚР ІІМ – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
ҚР ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
АДБ – Аумақтарды дамыту бағдарламасы
ҚР ИИДМБ – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы