Атом энергиясын пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12678 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.10.2018 № 426 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.10.2018 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 86-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 141-бабының 2-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) қызметін осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III санаттағы объектілермен;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парақтары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.10.2018 № 426 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.10.2018 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 608 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 513 "Атом энергиясы саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы" бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12041 тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықтың көшірмелерін оны алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
_____________ В. Школьник

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есепке алу жөніндегі

      комитетінің төрағасы

      ____________С. Айтпаева

      21 желтоқсан 2015 жыл



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 747 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 811 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.10.2018 № 426 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.10.2018 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III және IV санаттардағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерді (бұдан әрі – атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілер) тәуекел дәрежелері бойынша жатқызу мақсатында 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi №3 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру және тексеру парақтарының нысанын бекіту қағидаларына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Өлшемшарттарда пайдаланылатын түсініктер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылады.

      3. Өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптасады.

2-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары

      4. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары ықтимал радиациялық қауіп-қатердің санатын негізге ала отырып анықталады:

      ІІІ санатқа радиациялық әсері объектінің аумағымен шектелетін объектілер жатады;

      4) ІV санатқа радиациялық әсері сәулелену көздерімен жұмыс жүргізілетін үй-жайлармен шектелетін объектілер жатады.

      5. Жоғары тәуекел дәрежесінің тобына ықтимал радиациялық қауіп-қатер санаттары бойынша субъектілер (объектілер), сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет жатады:

      1) III санат – субъектілер (объектілер) және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет:

      табиғи уран өндіретін және өңдейтін қондырғылар;

      жоғары активті радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері;

      орташа активті радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері;

      төмен активті радиоактивті қалдықтарды сақтау пункттері;

      радионуклидті көздерді сақтау пункттері;

      жоғары активті радиоактивті қалдықтарды көму пункттері;

      орташа активті радиоактивті қалдықтарды көму пункттері;

      төмен активті радиоактивті қалдықтарды көму пункттері;

      пайдаланылған радионуклидті көздерді көму пункттері;

      изотоптық құрамы көрсетілген ядролық материалдар;

      радиоактивті заттар;

      радиофармпрепараттар;

      нейтрон генераторлары;

      құрамында уран бар заттар;

      құрамында торий бар заттар;

      табиғи уранның қайта өңделген өнімдері;

      белсенділігі көрсетілген жабық радионуклидті көздер;

      жоғары активті радиоактивті қалдықтар;

      орташа активті радиоактивті қалдықтар;

      төмен активті радиоактивті қалдықтар;

      радиоизотоптық спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштер;

      стационарлық радиоизотоптық дефектоскоптар;

      көшпелі радиоизотоптық дефектоскоптар;

      қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған радиоизотоптық қондырғылар;

      энергиясы 10 МэВ жоғары электрондарды үдеткіштер;

      энергиясы 2 МэВ/нуклонға дейін иондарды үдеткіштер;

      энергиясы 2 МэВ/нуклоннан жоғары иондарды үдеткіштер;

      медициналық гамма-терапиялық қондырғылар;

      медициналық радиоизотоптық диагностикалық жабдық;

      ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау;

      радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу;

      2) IV санат – субъектілер (объектілер):

      стационарлық рентгендік дефектоскоптар;

      көшпелі рентгендік дефектоскоптар;

      энергиясы 10 МэВ дейін электрондарды үдеткіштер.

      6. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған топқа атом энергиясын пайдалану саласында ықтимал радиациялық қауіп-қатер санаттары бойынша субъектілер (объектілер) жатады:

      IV санат – субъектілер (объектілер) және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет:

      рентгендік спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштер;

      қол жүгін, багажды, көлікті, материалдарды, заттарды жете тексеруге арналған рентген жабдығы;

      адамды жеке-дара жете тексеруге арналған рентген жабдығы;

      зарядталған бөлшектерді медициналық үдеткіштер;

      жалпы мақсаттағы медициналық рентген қондырғылары;

      медициналық рентгендік дентальдық жабдық;

      медициналық рентгендік маммографиялық қондырғылар;

      медициналық рентгендік ангиографиялық жабдық;

      медициналық компьютерлік рентгендік томографтар;

      медициналық рентгендік терапиялық жабдық;

      медициналық рентгендік симуляторлар;

      атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету;

      ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау;

      жүргізілген ядролық жарылыстар нәтижесінде ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызмет;

      ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау.

      7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жартыжылдық графиктер негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі қолданылады.

      8. Бақылау субъектілері (объектілері) және атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет үшін тексерулер жүргізу мерзімділігі 5-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілгендерге үш жылда бір реттен жиі болмауы тиіс, 5-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілгендерге бес жылда бір реттен жиі болмауы тиіс.

3-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

      9. Субъективті өлшемшарттар сақталмауы атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарына сәйкес белгілі бір бұзушылықтар дәрежесіне сәйкес келетін тексеру парақтарының талаптары негізінде әзірленген. Тексеру парақтарындағы әрбір талапқа қатысты бұзушылық дәрежесі – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелер айқындалады.

      10. Өрескел бұзушылық – артық сәулеленуге, аумақтың және қоршаған ортаның радиациялық ластануына және (немесе) иондаушы сәулелену көздерін басқаруды жоғалтуға әкеп соғатын ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарын (бұдан әрі – талаптар) бұзушылық.

      Елеулі бұзушылық – адам денсаулығына зиян келтіруге алып келетін талаптарды бұзушылық.

      Болмашы бұзушылық – елеулі және өрескел бұзушылықтарға жатпайтын, алайда жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне залал келтіруге алып келетін талаптарды бұзушылық.

      11. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 100-ге теңестіріледі

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылығы бойынша жиынтық көрсеткіш есептелінеді.

      12. Елеулі бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формуламен есептелінеді :

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7

      мұндағы:

      SРз – елеулі бұзушылық көрсеткіші;

      SР1 – елеулі бұзушылықтың қажетті мөлшері;

      SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтың саны.

      13. Болмашы бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формуламен есептелінеді:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3

      мұндағы:

      SРн – болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;

      SР1 – болмашы бұзушылықтардың қажетті мөлшері;

      SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

      14. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкілмен есептелінеді және елеулі және болмашы бұзушылық көрсеткіштерін жинақтау арқылы мынадай формуламен анықталады:

      SР = SРз + SРн

      мұндағы:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SРз – елеулі бұзушылық көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылық көрсеткіші.

      15. Тәуекел дәрежесі жоғары субъект (объект) тәуекелді дәрежесінің көрсеткіштері бойынша:

      1) тәуекел дәрежесінің 0-ден 60-қа дейін қоса есептегенде көрсеткіші кезінде осы Өлшемшарттардың 8-тармағында белгіленген мерзімділікпен тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылады;

      2) тәуекел дәрежесінің 61-ден 100-ге дейін қоса есептегенде көрсеткіші кезінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылмайды

      16. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылған, 60-қа дейін қоса есептегенде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін алған, бұзушылықтары анықталған тексерілетін субъект (объект), егер субъект анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ақпаратты бір реттен артық ұсынбаған және (немесе) бұзушылықтарды жоймаған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тәртіппен тексеріледі.

  Атом энергиясын
пайдалану саласындағы
субъектілердің тәуекелді
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Атом энергиясын пайдалану саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

№ р/т

Өлшемшарттар (ауырлық дәрежесі төменде көрсетілген талаптарды орындамағанда бекітіледі)

Бұзушылық дәрежесі

1.

Иондандырушы сәулелену көздерін (бұдан әрі – ИСК) және сақтау пункттерін физикалық қорғау жоспарының болуы

Өрескел

2.

Сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз ететін ақаусыз құрылғылардың:
1) кіруді анықтаудың электрондық жүйесі (периметрлік, жергілікті);
2) араласуды индикациялау жабдығының;
3) күзетілетін бейнебақылау жүйесінің;
4) ден қою күштері бар байланыс құралдарының (телефондар, ұялы телефондар, пейджерлер, радиостанциялар) болуы

Өрескел

3.

ИСК физикалық қорғауды қамтамасыз ететін ақаусыз құрылғылардың:
1) ден қою күштері бар байланыс құралдарының (телефондар, ұялы телефондар, пейджерлер, радиостанциялар);
2) табиғи тосқауылдардың (контейнер, құндақ немесе сенімді бекіту);
3) көлік құралындағы сигнализацияның (тасымалды ИСК);
4) тоқтауды қамтамасыз ететін жабдықтардың (ИСК салынған контейнерде құлып, ИСК салынған контейнерді көлік құралына қауіпсіз бекіту) болуы

Өрескел

4.

Жеке дозаны есепке алудың толтырылған карточкаларының және дозиметрлерді беру және қабылдау журналының болуы

Елеулі

5.

Өлшеу құралдары мен бақылау аспаптарын мемлекеттік тексерудің қолданыстағы сертификаттарының болуы

Елеулі

6.

Жұмыс орындарындағы радиациялық бақылау журналының және (немесе) радиациялық бақылау жүргізу хаттамасының болуы және оны тиісінше жүргізу

Болмашы

7.

Ядролық материалдарды есепке алу және бақылауды қамтамасыз ету бойынша өкімдік құжаттаманың:
1) ядролық материалдарды есепке алу және бақылау бойынша қызметті құру немесе ядролық материалдарды есепке алу және бақылау үшін жауаптыны тағайындау туралы бұйрықтың болуы;
2) ядролық материалдарды есепке алу және бақылау қызметі немесе ядролық материалдарды есепке алу және бақылау үшін жауапты адамды тағайындау туралы бекітілген ереженің болуы;
3) ядролық материалдарды есепке алу және бақылау бойынша бекітілген нұсқаулықтың болуы

Өрескел

8.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға жолданған ядролық материалдардың болуы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алдын ала хабарламалар мен есептердің болуы

Болмашы

9.

ИСК есепке алу және бақылау бойынша бекітілген нұсқаулықтың болуы

Болмашы

10.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға ИСК бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы жолданған есептердің болуы

Болмашы

11.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға жолданған радиациялық қауіптілігі 1 және 2 санатты радионуклидті көздерді жоспарланып отырған алу туралы (импорт) алдын ала хабарламаның және жоспарланып отырған жөнелту туралы (экспорт) алдын ала хабарламаның болуы

Болмашы

12.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға ұсынылған ИСК бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептің деректерімен радиациялық қауіптіліктің 1, 2 және 3 санатты радионуклидті көздердің нақты болуының сәйкестігі

Өрескел

13.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға ұсынылған ИСК бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептің деректерімен радиациялық қауіптіліктің 4 және 5 санатты радионуклидті көздердің, сондай-ақ иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрфизикалық қондырғылардың болуының сәйкестігі

Елеулі

14.

Көздердің жұмыс орындарында және қоймаларда орналасқан жерлерінің, сондай-ақ объектінің аумағында иондаушы сәулелену тудыратын радиоизотопты аспаптар мен электрфизикалық құрылғылардың орналасқан жерлерінің карта-схемаларының болуы, және карта-схемалардың көздердің нақты орналасуымен сәйкестігі

Елеулі

15.

Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясының болуы

Өрескел

16.

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәліктің болуы

Елеулі

17.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен радиациялық объектінің ықтимал қауіп-қатер санаттарын келісудің болуы

Болмашы

18.

Радиациялық шоғырларға калибрлеу жүргізуге және иондаушы сәулелену көздері жұмысының сапасын бақылауға жауапты медициналық физиктердің:
1) медициналық физиктердің шоғырға калибрлеу жүргізу және сапаны бақылау бойынша дипломдарының және арнайы даярлығы туралы құжаттарының;
2) радиотерапиялық қондырғының сапасын бақылау бағдарламасының және шоғырларға калибрлеу жүргізу және сапасын бақылау соңғы хаттамасының;
3) шоғырларды калибрлеу және сапаны бақылау үшін пайдаланылатын құралдарды тексеру сертификаттарының болуы

Елеулі

19.

Меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздегі радиоактивті қалдықтарға арналған қойманың болуы

Өрескел

20.

Меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздегі радиоактивті заттарға, аспаптарға және қондырғыларға арналған қойманың болуы

Өрескел

21.

Құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы құжаттаманың болуы

Өрескел

22.

Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы құжаттаманың болуы

Өрескел

23.

Жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлардың болуы

Өрескел

24.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасының болуы

Елеулі

25.

Қолданылатын аспаптардың әрбір параметрі, сынау мерзімділігі бойынша тестілеудің түрлері мен әдістемелерін сипаттай отырып тестілік сынаулар жүргізу бағдарламасының болуы

Елеулі

26.

Өлшеу құралдарының, бақылау аспаптарының, қосалқы материалдар мен жабдықтардың болуы

Елеулі

27.

Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивтi қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар құралдар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдарының болуы

Өрескел

28.

Тиісті білімі, дайындығы бар және мынадай жұмыстарды жүзеге асыруға жіберілген мамандар мен техниктердің білікті құрамының болуы:
1) еңбек шарттары;
2) біліктілігін және лауазымының функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын құжаттарды (сертификаттар, куәліктер)

Өрескел

29.

Жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайларын айқындайтын жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентiнің болуы

Өрескел

30.

Радиациялық факторлардың белгіленген бақылау деңгейлерінің болуы

Болмашы

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 747 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 811 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі III санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 30.10.2018 № 426 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.10.2018 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________

      __________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________

      __________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_____________________________

      __________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________

      __________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы______________________________________________

      ___________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Иондандырушы сәулелену көздерін (бұдан әрі – ИСК) және сақтау пункттерін физикалық қорғау жоспарының болуы





2.

Сақтау пункттерін физикалық қорғауды қамтамасыз ететін ақаусыз құрылғылардың:
1) кіруді анықтаудың электрондық жүйесінің (периметрлік, жергілікті);
2) араласуды индикациялау жабдығының;
3) күзетілетін бейнебақылау жүйесінің;
4) ден қою күштері бар байланыс құралдарының (телефондар, ұялы телефондар, пейджерлер, радиостанциялар) болуы





3.

ИСК физикалық қорғауды қамтамасыз ететін ақаусыз құрылғылардың:
1) ден қою күштері бар байланыс құралдарының (телефондар, ұялы телефондар, пейджерлер, радиостанциялар);
2) табиғи тосқауылдардың (контейнер, құндақ немесе сенімді бекіту);
3) көлік құралындағы сигнализацияның (тасымалды ИСК);
4) тоқтауды қамтамасыз ететін жабдықтардың (ИСК салынған контейнерде құлып, ИСК салынған контейнерді көлік құралына қауіпсіз бекіту) болуы





4.

Жеке дозаны есепке алудың толтырылған карточкаларының және дозиметрлерді беру және қабылдау журналының болуы





5.

Өлшеу құралдары мен бақылау аспаптарын мемлекеттік тексерудің қолданыстағы сертификаттарының болуы





6.

Жұмыс орындарындағы радиациялық бақылау журналының және (немесе) радиациялық бақылау жүргізу хаттамасының болуы және оны тиісінше жүргізу





7.

Ядролық материалдарды есепке алу және бақылауды қамтамасыз ету бойынша өкімдік құжаттаманың:
1) ядролық материалдарды есепке алу және бақылау бойынша қызметті құру немесе ядролық материалдарды есепке алу және бақылау үшін жауаптыны тағайындау туралы бұйрықтың болуы;
2) ядролық материалдарды есепке алу және бақылау қызметі немесе ядролық материалдарды есепке алу және бақылау үшін жауапты адамды тағайындау туралы бекітілген ереженің болуы;
3) ядролық материалдарды есепке алу және бақылау бойынша бекітілген нұсқаулықтың болуы





8.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға жолданған ядролық материалдардың бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы алдын ала хабарламалар мен есептердің болуы





9.

ИСК есепке алу және бақылау бойынша бекітілген нұсқаулықтың болуы





10.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға ИСК бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы жолданған есептердің болуы





11.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға жолданған радиациялық қауіптілігі 1 және 2 санатты радионуклидті көздерді жоспарланып отырған алу туралы (импорт) алдын ала хабарламаның және жоспарланып отырған жөнелту туралы (экспорт) алдын ала хабарламаның болуы





12.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға ұсынылған ИСК бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептің деректерімен радиациялық қауіптіліктің 1, 2 және 3 санатты радионуклидті көздердің нақты болуының сәйкестігі





13.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға ұсынылған ИСК бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы есептің деректерімен радиациялық қауіптіліктің 4 және 5 санатты радионуклидті көздердің, сондай-ақ иондандырушы сәулеленуді генерациялайтын электрфизикалық қондырғылардың болуының сәйкестігі





14.

Көздердің жұмыс орындарында және қоймаларда орналасқан жерлерінің, сондай-ақ объектінің аумағында иондаушы сәулелену тудыратын радиоизотопты аспаптар мен электрфизикалық құрылғылардың орналасқан жерлерінің карта-схемаларының болуы, карта-схемалардың көздердің нақты орналасуымен сәйкестігі





15.

Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясының болуы





16.

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәліктің болуы





17.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен радиациялық объектінің ықтимал радиациялық қауіп-қатер санаттарын келісудің болуы





18.

Радиациялық шоғырларға калибрлеу жүргізуге иондаушы сәулелену көздері жұмысының сапасын бақылауға және жауапты медициналық физиктердің:
1) медициналық физиктердің шоғырға калибрлеу жүргізу және сапаны бақылау бойынша дипломдарының және арнайы даярлығы туралы құжаттарының;
2) радиотерапиялық қондырғының сапасын бақылау бағдарламасының және шоғырларға калибрлеу жүргізу және сапасын бақылау соңғы хаттамасының;
3) шоғырларды калибрлеу және сапаны бақылау үшін пайдаланылатын құралдарды тексеру сертификаттарының болуы





19.

Меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздегі радиоактивті қалдықтарға арналған қойманың болуы





20.

Меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздегі радиоактивті заттарға, аспаптарға және қондырғыларға арналған қойманың болуы





21.

Құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы құжаттаманың болуы





22.

Жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлардың болуы





23.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасының болуы





24.

Өлшеу құралдарының, бақылау аспаптарының, қосалқы материалдар мен жабдықтардың болуы





25.

Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивтi қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар құралдар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдарының болуы





26.

Тиісті білімі, дайындығы бар және мынадай жұмыстарды жүзеге асыруға жіберілген мамандар мен техниктердің білікті құрамының болуы:
1) еңбек шарттары;
2) біліктілігін және лауазымының функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын құжаттар (сертификаттар, куәліктер)





27.

Жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайларын айқындайтын жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентiнің болуы





28.

Радиациялық факторлардың белгіленген бақылау деңгейлерінің болуы





      Лауазымды тұлға(лар) ____________ ___________ _______________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      ____________ _______________ _____________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Бақылау субъектісінің басшысы_____ ___________ _____________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 747 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 811 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Қызметін ядролық қондырғыларды қоспағанда, ықтимал радиациялық қауіптілігі IV санаттағы объектілермен жүзеге асыратын субъектілерге қатысты атом энергиясын пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырлды – ҚР Энергетика министрінің 30.10.2018 № 426 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.10.2018 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________

      ____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі ___________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан мекенжайы_______________________________________________

      ____________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1.

Жеке дозаны есепке алудың толтырылған карточкаларының және дозиметрлерді беру және қабылдау журналының болуы





2.

Өлшеу құралдары мен бақылау аспаптарын мемлекеттік тексерудің қолданыстағы сертификаттарының болуы





3.

Жұмыс орындарындағы радиациялық бақылау журналының және (немесе) радиациялық бақылау жүргізу хаттамасының болуы және оны тиісінше жүргізу





4.

ИСК есепке алу және бақылау бойынша бекітілген нұсқаулықтың болуы





5.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органға ИСК бар-жоғы, орын ауыстыруы және орналасқан жері туралы жолданған есептердің болуы





6.

Атом энергиясын пайдалану саласында тиісті лицензиясының болуы





7.

Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәліктің болуы





8.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен радиациялық объектінің ықтимал қауіп-қатер санаттарын келісудің болуы





9.

Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу туралы құжаттаманың болуы





10.

Жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығындағы немесе басқа да заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлардың болуы





11.

Атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасының болуы





12.

Қолданылатын аспаптардың әрбір параметрі, сынау мерзімділігі бойынша тестілеудің түрлері мен әдістемелерін сипаттай отырып тестілік сынаулар жүргізу бағдарламасының болуы





13.

Өлшеу құралдарының, бақылау аспаптарының, қосалқы материалдар мен жабдықтардың болуы





14.

Тиісті білімі, дайындығы бар және мынадай жұмыстарды жүзеге асыруға жіберілген мамандар мен техниктердің білікті құрамының болуы:
1) еңбек шарттары;
2) біліктілігін және лауазымының функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын құжаттар (сертификаттар, куәліктер)





15.

Жұмыстың негізгі тәсілдерін, операцияларды орындаудың ретті тәртібін, жұмыстың шегі мен жағдайларын айқындайтын жұмыстарды орындаудың технологиялық регламентiнің болуы





16.

Радиациялық факторлардың белгіленген бақылау деңгейлерінің болуы





      Лауазымды тұлға(лар) ____________ ___________ _______________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      _______________ ___________ ________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ___________ ___________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)