Атом энергиясы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 747 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 811 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12678 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 86-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 141-бабының 2-тармағына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес атом энергиясы саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес атом энергиясы саласындағы мемлекеттік қадағалау саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 608 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 5 тамыздағы № 513 «Атом энергиясы саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12041 тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықтың көшірмелерін оны алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;
      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі             Энергетика министрі
      _____________ Е. Досаев               _____________ В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және арнайы
      есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ____________С. Айтпаева
      21 желтоқсан 2015 жыл

Қазақстан Республикасы  
Энергетика министрінің  
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 747 және       
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 811 бірлескен бұйрығына
1-қосымша        

Атом энергиясы саласындағы субъектілердің тәуекел
дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы атом энергиясы саласындағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) атом энергиясын пайдалану қызметімен айналысатын ұйымдарды (бұдан әрі – атом энергиясы саласындағы субъектілер) тәуекел дәрежелері бойынша жатқызу мақсатында 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 86-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына және «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
      2. Өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптасады.
      3. Осы Өлшемшарттарда пайдаланылатын түсініктер мен анықтамалар Қазақстан Республикасы мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
      Тәуекел – өмірге және адам денсаулығы, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғаның заңды мүддесіне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне атом энергиясын қолдау саласындағы субъектіні тексеру қорытындысы бойынша, оның салдарларының қиындық деңгейін ескерумен келтірілген залал ықтималдылығы.

2. Тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттар

      4. Объективті өлшемшарттар ықтимал радиациялық қауіп-қатердің төрт санатын негізге ала отырып анықталады:
      1) I санатқа апат кезінде ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың (ЯРЭҚ) санитарлық-қорғалған аймағынан тыс жерлердегі халыққа радиациялық әсер етуі мүмкін және халықты қорғау жөнінде шаралар қажет болатын қондырғылар жатады;
      2) II санатқа апат кезінде радиациялық әсері ЯРЭҚ-тың санитарлық-қорғалған аймағының аумағымен шектелетін қондырғылар жатады;
      3) III санатқа радиациялық әсері ЯРЭҚ-тың орналасу алаңымен шектелетін қондырғылар жатады;
      4) IV санатқа радиациялық әсері ЯРЭҚ-тың жұмыс үй-жайларымен немесе жұмыс орындарымен шектелетін қондырғылар жатады.
      5. Жоғары тәуекел дәрежесінің тобына атом энергиясын пайдалану саласында ықтимал радиациялық қауіп-қатер санаттары бойынша субъектілер (объектілер) жатады:
      1) I санат – атом электр станциялары;
      2) II санат – субъектілер (объектілер):
      ядролық (атомдық) зерттеу реакторлары;
      зарядталған бөлшектердің үдеткіштері;
      ядролық отын және оның компоненттерін дайындау жөніндегі қондырғылар;
      радиоактивті қалдықтардың қоймалары;
      табиғи уранды өңдеу және қайта өңдеу қондырғылары;
      пайдаланылған ядролық отын;
      ядролық материалдар;
      3) III санат – субъектілер (объектілер):
      радиоизотоптық жабдық (медициналық гамма-терапевтік қондырғылар, радиоизотоптық дефектоскоптар, радиоизотоптық тексеріп қарау қондырғылары);
      рентген жабдығы (медициналық рентген жабдығы, рентген дефектоскоптары);
      жабық радиоактивті заттар, радиоактивті иондандырушы сәуле көздері;
      4) атом энергиясы саласындағы қызмет:
      радиоактивті заттарды, радиоизотоптық иондандырушы сәуле көздерін, радиоактивті қалдықтарды тасымалдау;
      ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету.
      6. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған топқа атом энергиясын пайдалану саласында ықтимал радиациялық қауіп-қатер санаттары бойынша субъектілер (объектілер) жатады:
      1) IV санат – субъектілер (объектілер):
      рентген жабдығы (жүк және қол жүгін бақылауға арналған тексеру қондырғысы, талдауыштар, датчиктер, өлшегіштер);
      2) атом энергиясы саласындағы қызмет:
      атом энергиясын пайдалану саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
      жүргізілген ядролық жарылыстардың нәтижесінде ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа аумақтардағы қызмет;
      атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызмет үшін мамандар мен қызметшілер құрамын арнайы даярлау.
      7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілер (объектілер) жөнінде, жартыжылдық кестелер негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі қолданылады.
      8. 5-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген атом энергиясы саласындағы субъектілер үшін тексерулер жүргізу мерзімділігі жылына бір реттен жиі болмауы керек. 5-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген субъектілер үшін тексерулер жүргізу мерзімділігі 3 жылда бір рет деп белгіленген.

3. Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

      9. Субъективті өлшемшарттар үш дәрежеге: өрескел, елеулі, болмашы бөлінген, тексеру парақтарында атап өтілген ядролық және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, ядролық физикалық қауіпсіздік талаптарының (бұдан әрі - талаптар) негізінде әзірленген және осы Өлшемшарттарға 1-қосымшада келтірілген.
      10. Өрескел бұзушылық – I және II санттағы объектілерде артық сәулеленуге, кәсіпорын аумағын және / немесе қоршаған ортаны радиоактивтік ластануға немесе иондаушы сәулелену көздерін басқаруды жоғалтуға әкеп соғуы мүмкін бұзушылықтар.
      Елеулі бұзушылық – I, II және III санттағы объектілерде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу.
      Шамалы бұзушылық – IV санттағы объектілерде атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарының шарттарын сақтамау.
      11. Тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың үлес салмағы анықталады.
      12. Өрескел дәреженің бір орындалмаған талабы 100 көрсеткішіне теңестіріледі.
      Егер талаптардың өрескел бұзушылығы анықталмаған жағдайда, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі талаптардың бұзушылығы бойынша жиынтық көрсеткіш есептелінеді.
      13. Елеулі бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формуламен есептелінеді:

      мұндағы:
       – елеулі бұзушылық көрсеткіші;
       – елеулі талаптардың жалпы мөлшері;
       – бұзылған елеулі талаптардың саны.
      14. Болмашы бұзушылық көрсеткішін анықтау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формуламен есептелінеді

      мұндағы:
       - болмашы бұзушылықтар көрсеткіші;
       – болмашы талаптардың жалпы мөлшері;
       – бұзылған болмашы талаптардың саны.
      15. Тәуекел дәрежесінің ортақ көрсеткіші (УР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкілмен есептелінеді және көрсеткіштерді жинақтау арқылы мынадай формуламен анықталады:

      мұндағы:
       –тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
       – елеулі бұзушылық көрсеткіші;
       – болмашы бұзушылық көрсеткіші.
      16. Тәуекел дәрежесі жоғары тексерілетін субъект (объект) тәуекелдік дәрежесінің жалпы көрсеткіші бойынша:
      1) тәуекел дәрежесінің 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіші кезінде осы Өлшемшарттардың 8-тармағында белгіленген мерзімділікпен тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылады;
      2) тәуекел дәрежесінің 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткіші кезінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылмайды.
      17. Тексерулер жүргізудің ерекше тәртібінен босатылған, бұзушылықтармен 60 дейінгі тәуекелдік дәрежесінің көрсеткішін алған тексерілетін субъект (объект), бұзушылықтарды жою мерзімдері өткен соң анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс тәртіппен тексеріледі.

Атом энергиясы саласында
қолданылатын тәуекелдік
дәрежесін бағалау  
өлшемшарттарына қосымша

      Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары


р/н

Өлшемшарттар

Көрсеткіш дәрежесі

1.

Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету (I және II санаттар үшін)

өрескел

2.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар қорғаныш технологиялық жабдығының (камералар, бокстар, сыртқа тарту шкафтары), сондай-ақ сейфтердің, радиоактивті қалдықтарға арналған контейнерлердің, көлік құралдарының, көліктік қаптама жинақтардың, радиоактивті заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған контейнерлердің, шаң мен газдан тазарту жүйелері сүзгілерінің, жеке қорғаныш құралдарының техникалық шарттарын қамтамасыз ету (I, II және ІІІ санаттар үшін)

елеулі

3.

Радионуклидтік сәулелену көздерін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар және жүктің радиациялық қауіптілік белгілерімен жабдықталған арнайы көлік құралдарында контейнерлер мен қаптамаларда тасымалдауды қолданыстағы стандарттардың талаптарымен қамтамасыз ету (I, II және ІІІ санаттар үшін)

елеулі

4.

Объектінің қалыпты жұмысы, оның қайта жаңартылуы және пайдаланудан алу кезінде, сондай-ақ радиациялық апаттар кезінде персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу (I, II және ІІІ санаттар үшін)

елеулі

5.

Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде хабар беру және ақпараттандыру тәртібі (I және II санаттар үшін)

өрескел

6.

Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде персоналдың апат кезіндегі іс-әрекеті (I және II санаттар үшін)

өрескел

7.

Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде радиоактивтік ластану ошақтарын (учаскелерін) оқшаулау және жою бойынша шаралар (I және II санаттар үшін)

өрескел

8.

Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде персоналды апат жағдайына дайындау және жаттықтыру (I және II санаттар үшін)

өрескел

9.

Радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың бар болуы (барлық санаттар үшін)

елеулі

10.

Иондаушы сәулелену көздерін есепке алуды және бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету (барлық санаттар үшін)

елеулі

11.

Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге жіберілген тұлғалардың («А» санатына жатқызылған персонал - техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдар) бекітілген тізімінің болуы (барлық санаттар үшін)

елеулі

12.

Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен қондырғыларды түгендеу актілерінің бар болуы (барлық санаттар үшін)

елеулі

13.

А тобының персоналымен жеке дозиметрлерді пайдалану арқылы радиациялық бақылауды қамтамасыз ету (барлық санаттар үшін)

елеулі

14.

I және II санатты объектілер үшін жеке қорғаныш құралдарының бар болуы (атом станциялары, ядролық зерттеу қондырғылары)

өрескел

15.

III санат объектілері үшін жеке қорғаныш құралдарының бар болуы (медициналық мекемелер, геофизикалық зерттеулер, рентген және радиоизотопты дефектоскопия)

елеулі

16.

IV санат объектілері үшін жеке қорғаныш құралдарының бар болуы (рентген және радиоизотопты анализаторлар, датчиктер, өлшеуіштер)

болмашы

17.

I және II санатты объектілер үшін радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін анықтау (атом станциялары, ядролық зерттеу қондырғылары)

өрескел

18.

III санат объектілері үшін радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін анықтау (медициналық мекемелер, геофизикалық зерттеулер, рентген және радиоизотопты дефектоскопия)

елеулі

19.

IV санат объектілері үшін радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін анықтау (рентген және радиоизотопты анализаторлар, датчиктер, өлшеуіштер)

болмашы

Қазақстан Республикасы  
Энергетика министрінің  
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 747 және       
Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 811 бірлескен бұйрығына
2-қосымша        

Атом энергиясы саласындағы мемлекеттік қадағалау
саласындағы тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған      ____________________________________
мемлекеттік орган:          ____________________________________

Тексеруді тағайындау        ____________________________________
туралы акт:                 ____________________________________
                                          (№, дата)

Тексерілетін субъектінің    ____________________________________
(объектінің) атауы:         ____________________________________

Тексерілетін субъектінің    ____________________________________
(объектінің) БСН (ЖСН)
орналасқан мекенжайы:       ____________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Қажет

Қажет емес

Сәйкес

Сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

Ықтимал радиациялық қауіптіліктің I және II санатты объектілері:

1.

Ядролық материалдар мен ядролық қондырғыларды физикалық қорғауды қамтамасыз ету





2.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар қорғаныш технологиялық жабдығының (камералар, бокстар, сыртқа тарту шкафтары), сондай-ақ сейфтердің, радиоактивті қалдықтарға арналған контейнерлердің, көлік құралдарының, көліктік қаптама жинақтардың, радиоактивті заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған контейнерлердің, шаң мен газдан тазарту жүйелері сүзгілерінің, жеке қорғаныш құралдарының техникалық шарттарын қамтамасыз ету





3.

Радионуклидтік сәулелену көздерін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар және жүктің радиациялық қауіптілік белгілерімен жабдықталған арнайы көлік құралдарында контейнерлер мен қаптамаларда тасымалдауды, қолданыстағы стандарттардың талаптарымен қамтамасыз ету





4.

Объектінің қалыпты жұмысы, оның қайта жаңартылуы және пайдаланудан алу кезінде персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу





5.

Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде хабар беру және ақпараттандыру тәртібі





6.

Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде персоналдың апат кезіндегі іс-әрекеті





7.

Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде радиоактивтік ластану ошақтарын (учаскелерін) оқшаулау және жою бойынша шаралар





8.

Персонал мен халықты радиациялық апаттан және оның салдарларынан қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде персоналды апат жағдайына дайындау және жаттықтыру





9.

Радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың бар болуы





10.

Иондаушы сәулелену көздерін есепке алуды және бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету





11.

Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге жіберілген тұлғалардың («А» санатына жатқызылған персонал - техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдар) бекітілген тізімінің болуы





12.

Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды түгендеу актілерінің бар болуы





13.

А тобының персоналымен жеке дозиметрлерді пайдалану арқылы радиациялық бақылауды қамтамасыз ету





14.

Жеке қорғаныш құралдарының бар болуы (атом станциялары, ядролық зерттеу қондырғылары)





15.

Радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін анықтау (атом станциялары, ядролық зерттеу қондырғылары)





Ықтимал радиациялық қауіптіліктің III санатты объектілері:

1.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар қорғаныш технологиялық жабдығының (камералар, бокстар, сыртқа тарту шкафтары), сондай-ақ сейфтердің, радиоактивті қалдықтарға арналған контейнерлердің, көлік құралдарының, көліктік қаптама жинақтардың, радиоактивті заттарды сақтауға және тасымалдауға арналған контейнерлердің, шаң мен газдан тазарту жүйелері сүзгілерінің, жеке қорғаныш құралдарының техникалық шарттарын қамтамасыз ету





2.

Радионуклидтік сәулелену көздерін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы бар және жүктің радиациялық қауіптілік белгілерімен жабдықталған арнайы көлік құралдарында контейнерлер мен қаптамаларда тасымалдауды қолданыстағы стандарттардың талаптарымен қамтамасыз ету





3.

Объектінің қалыпты жұмысы, оның қайта жаңартылуы және пайдаланудан алу кезінде, сондай-ақ радиациялық апаттар кезінде персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу





4.

Радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың бар болуы





5.

Иондаушы сәулелену көздерін есепке алуды және бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету





6.

Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге жіберілген тұлғалардың («А» санатына жатқызылған персонал - техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдар) бекітілген тізімінің болуы





7.

Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен қондырғыларды түгендеу актілерінің бар болуы





8.

А тобының персоналымен жеке дозиметрлерді пайдалану арқылы радиациялық бақылауды қамтамасыз ету





9.

Жеке қорғаныш құралдарының бар болуы (медициналық мекемелер, геофизикалық зерттеулер, рентген және радиоизотопты дефектоскопия)





10.

Радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін анықтау (медициналық мекемелер, геофизикалық зерттеулер, рентген және радиоизотопты дефектоскопия)





Ықтимал радиациялық қауіптіліктің IV санатты объектілері:

1.

Радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтың бар болуы





2.

Иондаушы сәулелену көздерін есепке алуды және бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету





3.

Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеуге жіберілген тұлғалардың («А» санатына жатқызылған персонал - техногендік иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істейтін адамдар) бекітілген тізімінің болуы





4.

Радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен қондырғыларды түгендеу актілерінің бар болуы





5.

А тобының персоналымен жеке дозиметрлерді пайдалану арқылы радиациялық бақылауды қамтамасыз ету





6.

жеке қорғаныш құралдарының бар болуы (рентген және радиоизотопты анализаторлар, датчиктер, өлшеуіштер)





7.

радиациялық факторлардың бақылау деңгейлерін анықтау (рентген және радиоизотопты анализаторлар, датчиктер, өлшеуіштер)





Лауазымды тұлға(лар) ____________ ___________ _______________________
              (лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (бар болғанда)
                     ____________ ___________ _______________________
              (лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (бар болғанда)

Тексерілетін субъектінің
басшысы              ____________ ___________ _______________________
              (лауазымы) (қолы) (Тегі Аты Әкесінің аты (бар болғанда)