Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12652 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 268-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

А. Рау

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      __________________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 24 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 25 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 22 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      __________________ В. Школьник

      2015 жылғы 11 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрдің міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1164 бұйрығымен
бекітілген

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық
өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі
нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 100-бабы 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілер – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын немесе отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      2) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауды және салааралық үйлестiрудi iске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) сәйкестiктi растау - нәтижесi объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн құжаттамалық куәландыру (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты түрiнде) болып табылатын рәсім.

      3. Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – комиссия) оң ұсынымдарын есепке ала отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген өтінімнің (бұдан әрі – өтінім) негізінде уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.

      Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      4. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі тізіліміне енгізілген, жалпы танылған халықаралық стандарттарға сәйкес отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сәйкестiктi растау кезінде шеккен, оның ішінде:

      1) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйесіне сәйкестiктi растауға байланысты консультациялық қызметтерге;

      2) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.

      5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы, бірақ индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындары өтеледі.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдер өтеуге жатпайды.

      6. Шығындарды өтеу ұлттық валютада жүргізіледі. Шетелдік валютада жұмсалған шығындарды қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемді аудару күні қолданыста болған валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

      7. Мынадай:

      1) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілері болып табылатын;

      2) өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін соңғы 2 (екі) күнтізбелік жыл ішінде осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген түрлер бойынша шығын шеккен;

      3) салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан ұзаққа созылған берешегі жоқ (Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексіне сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда).

2. Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша
индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің
шығындарын өтеу тәртібі

      8. Жергілікті қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі - ұлттық институт) өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыруды республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет-ресурстарда орналастырады.

      Хабарландыруда өтінімдерді қабылдаудың басталатын күні, шығындарды өтеуге индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қойылатын талаптар, ұсынылатын құжаттардың тізбесі, ұлттық институттың толық атауы мен орналасқан жері, өтінімдерді беру тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары (ұлттық институттың уәкілетті өкілінің байланыс телефонының нөмірі, интернет-ресурс және т.б.), сондай-ақ өтінімдерді қабылдау орны және өтінімдерді берудің соңғы мерзімі көрсетіледі.

      9. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке тұлға үшін:

      кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың, жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;

      заңды тұлғалар үшін:

      индустриялық қызмет субъектілерінің құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері (жарғы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама) не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;

      2) салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан ұзаққа созылған берешегінің жоқ (бар) екені туралы салық органының анықтамасының түпнұсқасы. Анықтама өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күннен бұрын берілмеуі тиіс;

      3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен куәландырылған отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта өткізу фактісін растайтын құжаттардың (шарттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер, тауарды жеткізу/қабылдау, өткізу актілері) көшірмелері;

      4) ішкі нарыққа өткізілген өнімдердің ("CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      5) қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шығын түрлері бойынша жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет актілерінің, шот-фактуралардың, төлем тапсырмаларының нотариат растаған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен олардың көшірмелері;

      6) өнімнің, қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжаттардың нотариат растаған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;

      7) сәйкестікті растау қызметтеріне ақы төлеу үшін сәйкестікті растау және валютаны айырбастау жөніндегі көрсетілетін қызметтерге берушіге ақы төлеу валютасының аударылғанын, айырбасталғанын растайтын банк куәландырған құжаттардың көшірмелері;

      8) құжаттар тізімдемесі.

      10. Өтінімдерді қабылдау (тіркеу) республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет-ресурстарда хабарландыру алғаш жарияланғаннан кейін бір ай өткен соң аяқталады, бұдан ерте аяқталмайды.

      11. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін өтінімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді.

      Өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін түскен өтінімдер қаралмайды және өтінім алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институт индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жіберіле отырып, қайтарылуы тиіс.

      12. Ұлттық институт ұсынылған өтінімнің толықтығын және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етеді.

      13. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, ұлттық институт индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтінім түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, тиісті хабарлама жібереді.

      Егер өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қажетті құжаттар ұсынылмаса, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне бас тарту себебін көрсете отырып, өтінімді қабылдамау туралы хабарлама жіберіледі.

      14. Өтінімдерді тексеру нәтижелері бойынша ұлттық институт осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімнің түйіндемесін дайындайды.

      Өтінімді және өтінімнің түйіндемесін ұлттық институт өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін бір айдан кешіктірмей комиссияның қарауына енгізеді.

      15. Комиссия осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне қарастырады және уәкілетті органға отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы ұсынымдарын енгізеді.

      Комиссия ұсынылған құжаттарды қарау кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражат көлемін ескереді.

      Өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне ұсынылатын шығындарды өтеудің болжамды сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарда көзделген сома мөлшерінен асып түсетін болса, бірінші келіп түскен индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің өтініміндеріне басымдық беріледі.

      Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы шешімді уәкілетті орган комиссия өз ұсынымдарын енгізген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Комиссия қарастырған және мақұлдаған, ағымдағы қаржы жылында шығындардың бір бөлігін өтеуге бөлінген қаржы көлемі жетпеген шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған өтінімдер бойынша уәкілетті орган шығындардың бір бөлігін өтеуге жеке шешім қабылдайды. Ағымдағы қаржы жылында индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің бұрын ұсынған және келесі қаржы жылында комиссияда қайтадан қарастырылған құжаттар негізінде уәкілетті орган бірінші кезекте келесі қаржы жылына бөлінген сомадан шығындардың бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдайды.

      16. Уәкілетті орган шығындарының бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің шешімін ұлттық институтқа жібереді.

      17. Уәкілетті орган шешімінің негізінде ұлттық институт қаржылар түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің банк шоттарына не Қазақстан Республикасы Ұлттық пошта операторында ашылған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шоттарына шығындардың бір бөлігін өтеу сомасын аударады.

      18. Ұлттық институт уәкілетті органның шешімі келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет-ресурстарда орналастырады.

  Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді ішкі
нарықта ілгерілету бойынша
индустриялық-инновациялық қызмет
субъектілері шығындарының бір
бөлігін өтеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша
индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір
бөлігін өтеуге арналған индустриялық-инновациялық
қызмет субъектісінің өтінімі

      Кімге:_________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұлттық институттың атауы)

      Кімнен:________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген заңды тұлғаның не жеке

      кәсіпкердің толық атауы)

      Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні___________________

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________

      (куәліктің немесе анықтаманың №, кім және қашан берді)

      Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

      актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен

      өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен

      толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан

      Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды

      тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта

      тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін

      жарамды болып табылады.

      БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) _____________________________

      _____________________________________________________________________

      Персонал саны ______ адам.

      Оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары ______ адам.

      Кадрлардағы жергілікті қамтудың үлесі ____%.

      Қызмет түрі____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тел/факс:______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      1. Субъекті шеккен шығындар1:

      Шығындар тізбесі:

Шығындар атауы

Экономикалық қызмет түрі

Шығындар жүргізілген шарттың №

Жеткізушіден қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні

ҚҚС-сыз шығындар сомасы

ЭҚЖЖ коды

атауы

төлемнің валютасы

теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.













Барлығы:








      1Кестені толтыру кезінде шот-фактураға сәйкес шеккен шығындардың әрбір сомасын көрсету керек.

      Шығындардың бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома:_____________

      _______________________________________________________________ теңге

      (сомасы цифрмен және жазумен жазылады)

      2. Отандық өнім туралы мәліметтер:

      КО СЭҚ ТН 10 белгісі деңгейіндегі тауар позициясы көрсетілетін

      тауардың атауы:______________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      сәйкестiктi растау жүргізілгеннен кейін шығындардың бір бөлігін

      өтеуге мәлімделген өткізілген өнім үлесі, соңғы екі жыл ішіндегі

      өнімді өткізудің жалпы көлемінде (пайыздық мәнде): __________________

      ___________________________________________________________________ %

      (сомасы цифрмен және жазумен жазылады)

      (отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа

      менеджменті жүйесін сәйкестiктi растау кезінде шеккен шығындар

      бойынша толтырылады).

      Соңғы екі қаржы жылы ішінде өндірістің ақшалай мәндегі көлемі:

      __________________________________ теңге (отандық өңделген

      тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін

      сәйкестiктi растау кезіндегі шығындар бойынша толтырылады).

      3. Қағидаларының 9-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың

      тізбесі:

      1._____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2._____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3._____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4._____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5._____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Уәкілетті тұлға: ____________________________________________________

      Қолы ________________________________________________________________

      Өтінім берілген күн: ________________________________________________

  Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді ішкі
нарықта ілгерілету бойынша
индустриялық-инновациялық қызмет
субъектілері шығындарының бір
бөлігін өтеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі өтінімнің түйіндемесі

      1. Шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім берген ұйым туралы

      ақпарат:

      Ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген заңды тұлғаның не жеке

      кәсіпкердің атауы: __________________________________________________

      Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні __________________

      _____________________________________________________________________

      (куәліктің немесе анықтаманың №, кім және қашан берді)

      Ескертпе: *"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді

      есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

      туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы

      қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды,

      өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік

      заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)______________________________

      Персонал саны ______ адам.

      Оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары ____ адам.

      Кадрлардағы жергілікті қамтудың үлесі ____%.

      Экономикалық қызмет түрі ______________________________________

      _____________________________________________________________________

      2. Қағидаларының 9-тармағының талаптарына сәйкес құжаттардың

      тізбесі:

      1._____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      2._____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3._____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4._____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5._____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      3. Өтеуге мәлімделген шығындар1:

      1Кестені толтыру кезінде шот-фактураға сәйкес шеккен

      шығындардың әрбір сомасын көрсету керек:

      Шығындар тізбесі:

Шығындар атауы

Экономикалық қызмет түрі

Шығындар жүргізілген шарттың №

Жеткізушіден қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні

ҚҚС-сыз шығындар сомасы

ЭҚЖЖ коды

атауы

төлемнің валютасы

теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.













Барлығы:








      Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома: ______________

      ______________________________________________________________ теңге.

      (сома цифрмен және жазумен жазылады)

      4. Қағидаларының 5-тармағының талаптарына сәйкес өтеуге жататын

      (жатпайтын) сома:________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Соңғы екі қаржы жылы ішінде өндірістің ақшалай мәндегі

      көлемі: _______________________________________________________ теңге

      (сома цифрлармен және жазбаша)

      (отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа

      менеджменті жүйесін сәйкестiктi растау кезінде шеккен шығындар

      бойынша толтырылады).

      6. Шығындардың бір бөлігін өтеуге болжанатын жалпы сома:_______

      ______________________________________________________________ теңге.

      (сома цифрлармен және жазбаша)

      Лауазымды адам ________________________________________________

      Қолы __________________________________________________________

      Күні __________________________________________________________

      Ескертпе: шығындарды теңгемен қайта есептеу және жиынтық соманы

      есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің қызметті төлеу

      төлемақыны аудару күні қолданыста болған валюта бағамдары

      қабылданады.