Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 388 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12630 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 қаңтардағы Заңының 35-3)-тармақшасы 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
      3) осы бұйрықтың ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі             А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы   
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 388 бұйрығымен бекітілген 

Мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық-қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық-қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының (бұдан әрі – мәдениет ұйымдары) сахналық-қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығаруды нақтылайды.
      2. Мәдениет ұйымдарының сахналық-қойылым құралдары мәдениет ұйымдарындағы спектакльдердердің, концерттік бағдарламалардың, көріністердің материалдық безендіру заттарынан тұрады.

2. Сахналық-қойылым құралдарын есепке алу

      3. Сахналық-қойылым құралдарын есепке алу бірлікпен өлшенеді.
      4. Сахналық-қойылым құралдарын есепке алу мәдениет ұйымының тиісті құрылымдық бөлімдеріндегі материалдық жауапты тұлғамен және бухгалтерлік қызметпен (бұдан әрі – материалдық жауапты тұлға) жүргізіледі.
      5. Сахналық-қойылым құралдарын есепке алу сахналық-қойылым құралдарының түсу есебін және түгендеу есебін алу жолымен жүргізіледі.
      6. Сахналық-қойылым құралдарының түсуін есепке алуға келесі рәсімдер кіреді:
      1) сахналық-қойылым құралдарын қабылдау. Қабылдау барысында ақаулардың, зақым келуінің бар-жоқтығы тексеріледі және осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысанда қабылдау жөнінде акт жасалады.
      Қабылдау жөніндегі акт екі данада жасалып, бір данасы сахналық-қойылым құралдарын жинақтайтын құрылымдық бөлімде қалады, басқа данасы мәдениет ұйымының бухгалтериясына беріледі;
      2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес жасалған нысанда сахналық-қойылым құралдарын түсім кітабына енгізу (бұдан әрі - түсім кітабы). Түсім кітабына жеке ерекшелігі көрсетілген әр сахналық-қойылым құралы туралы мәлімет енгізіледі және аталған сахналық-қойылым құралын пайдаланатын мәдениет ұйымының құрылымдық бөлімінің қысқартылған атауы (аббревиатура), реттік санынан тұратын шифр беріледі.
      3) шифр беру.
      7. Сахналық-қойылым құралдарын есепке алу осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес жасалған нысанда түгендеу есебі кітабын жүргізу (бұдан әрі – есеп кітабы) және әр сахналық-қойылым құралына түгендеу нөмірін беру кіреді.
      Сахналық-қойылым құралына шифр және түгендеу нөмірі бояу қолданылып енгізіледі (жууға және химиялық әсерге төзімді) немесе сахналық-қойылым құралдарының көрермендерге көрінбейтін жеріне жіппен тігіледі.
      8. Түсім кітабы мен есеп кітабы толтырылардың алдында бауланады, парақтары нөмірленеді, мәдениет ұйымының басшысымен және материалдық жауапты тұлғамен қол қойылады және мәдениет ұйымының мөрі басылады.
      9. Уақытша пайдаланылғаннан кейін мәдениет ұйымына қайта түскен сахналық-қойылым құралдарына жаңа шифр мен түгендеу нөмірі берілмейді, түсім кітабына жазбалар енгізіледі (түскен күні, сахналық-қойылым құралының сақталу жағдайының сипаттамасы).

3. Сахналық-қойылым құралдарын беру және есептен шығару

      10. Мәдениет ұйымының ағымдағы репертуарында пайданылмайтын сахналық-қойылым құралдары басқа мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, мемлекеттік мекемелерге және оқу орындарына тегін беріледі.
      11. Сахналық-қойылым құралдарын беру осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысанда қабылдау-беру актісіне сәйкес ресімделеді.
      12. Сахналық-қойылым құралдарын есептен шығару келесі жағдайда жүргізіледі:
      1) осы Нұсқаулықтың 10-тармағына сәйкес тегін беру;
      2) сахналық-қойылым құралдарының физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болуы, дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан оны қайта қалпына келтіру экономикалық тұрғыдан мақсатқа сай емес және (немесе) мүмкін болмауы.
      13. Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан, физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған сахналық-қойылым құралдарының бұзылуын және жойылуын ресімдеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысымен бекітілген Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасына сәйкес іске асырылады.

Мемлекеттік театрлар мен концерттік
ойын-сауық ұйымдарының сахналық-қойылым
құралдарын есепке алу, беру және   
есептен шығару нұсқаулығына    
1-қосымша              

Нысан                

«Бекітемін»      
Директор        
_________________________________
(мәдениет ұйымының толық атауы)
20 жылғы « » _______

Сахналық-қойылым құралдарын тұрақты қолдануға қабылдау актісі №

      Осы акт 20 жылдың « » ______ екі данада жасалды.
_____________________________________________________________________
                   (мәдениет ұйымының атауы)
_____________________________________________________________________
(аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – аты-жөні), қызметі)
қабылдады,
_____________________________________________________________________
                    (құрылымдық бөлімнің атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (аты-жөні, қызметі)
      келесі сахналық-қойылым құралдары тұрақты қолдануға берілді

Р/с№

Берген күні

Шифр

Түгендеу нөмірі

Заттың атауы және қысқаша сипаттамасы, әзірленген материалы, өлшемі, саны

Жай-күйі, ақаудың, бүлінудің бар-жоқтығы

Қойылымның (спектакль, концерттік бағдарлама, театрландырылған көрініс) атауы

1

2

3

4

5

6

7








      Акт бойынша барлығы: ____________________________________дана сахналық-қойылым құралдары қабылданды

Негіз: (күні, комиссии отырысының хаттамасы)

Қоса берілетін құжаттар тізімі (бар болса):

Осы актіні жасаған тұлғалардың қолдары_______________________________
                (Аты-жөні, құжаттарды тапсырған тұлғалардың қолдары)

Мемлекеттік театрлар мен концерттік   
ойын-сауық ұйымдарының сахналық-қойылым 
құралдарын есепке алу, беру және есептен
шығару нұсқаулығына           
2-қосымша                 

Нысан

_____________________________________________________________________
(мәдениет ұйымының толық атауы)

Сахналық-қойылым құралдарының түсім кітабы

Р/с №

Жазба күні

Шифр

Қайдан түсті және түскен күні, қабылдау актісінің нөмірі

Атауы және қысқаша сипаттамасы

Саны

Әзірленген материалы, күйі

Өлшемі, жалпы салмағы

Қабылдаған құрылымдық бөлімнің немесе бөлімнің атауы

Қойылымның (спектакль, концерттік бағдарлама, театрландырылған көрініс) атауы

1

2

3

4

5

6

7

9

10

11











Мемлекеттік театрлар мен концерттік   
ойын-сауық ұйымдарының сахналық-қойылым 
құралдарын есепке алу, беру және есептен
шығару нұсқаулығына           
3-қосымша                 

Нысан

_____________________________________________________________________
(мәдениет ұйымының толық атауы)

Сахналық-қойылым құралдарының есеп кітабы

Р/с №

Жазба күні

Түгендеу нөмірі

Қайдан түсті және берілген күні

Атауы және қысқаша сипаттамасы, әзірленген материалы, өлшемі, жалпы салмағы

Саны

Қойылымның (спектакль, концерттік бағдарлама, театрландырылған көрініс) атауы

Қабылдаған құрылымдық бөлімнің немесе бөлімнің атауы

Қол қойған, тапсырған/қабылдаған тұлғалардың аты-жөні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

9

10

11











Мемлекеттік театрлар мен концерттік   
ойын-сауық ұйымдарының сахналық-қойылым 
құралдарын есепке алу, беру және есептен
шығару нұсқаулығына           
4-қосымша                 

Нысан

«Бекітемін»          
Директор            
________________________________
(мәдениет ұйымының толық атауы)
20 жылғы «   » ____________

Сахналық-қойылым құралдарын тұрақты қолдануға қабылдап алу-беру актісі №

Осы акт 20 жылдың « » _____________________ екі данада жасалды

_____________________________________________________________________
                (тапсырушы ұйым/бөлімнің атауы)
_____________________________________________________________________
(аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – аты-жөні), қызметі)

      келесі сахналық-қойылым құралдары тұрақты қолдануға берілді

Р/с№

Берген күні

Шифр

Түгендеу нөмірі

Заттың атауы және қысқаша сипаттамасы, әзірленген материалы, өлшемі, саны

Жай-күйі, ақаудың, зақым келудің бар-жоқтығы

Қойылымның (спектакль, концерттік бағдарлама, театрландырылған көрініс) атауы

1

2

3

4

5

6

7








_____________________________________________________________________
                     (қабылдаушы ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
                        (аты-жөні, қызметі)
қабылдады.

Акт бойынша барлығы: _____________________________________ дана сахналық-қойылым құралдары берілді

Негіз: (күні, комиссия отырысының хаттамасы)

Қоса берілетін құжаттар тізімі (бар болса):

Осы актіні жасаған тұлғалардың қолдары_______________________________
                (Аты-жөні, құжаттарды тапсырған тұлғалардың қолдары)