Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға наряд нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімдік баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. «Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 531 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7390 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2012 ж. № 3, 445-құжатта жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 747 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті
Мемлекеттік материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды шығаруға
№ ___ наряд
20 жылғы « _____ » ___________
Кімге _______________________________________________________________
Мекен жайы __________________________________________________________
Жүк жіберуші ________________________________________________________
Жүк алушы ___________________________________________________________
Төменде көрсетілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар
Р/с |
Материалдық құндылықтардың |
Өлшем бірлігі |
Мөлшері |
Бірлік үшін бағасы, теңге |
Сомасы, теңге |
Сомасы (жазбаша) оның ішінде ҚҚС теңге
Шығару: жаңартуға байланысты (оның ішінде: сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін), қарызға беру тәртібімен, броньнан шығару тәртібімен жүргізіледі (керегінің астын сызыңыз)
Материалдық құндылықтарды шығаруға негіздеме:__________________
Материалдық құндылықтарды шығару мерзімі (тендерлік комиссияның шешімі негізінде жаңартуға байланысты және мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде)
_______________
Ескертпе: Бұл ретте материалдық құндылықтарды алушы сатып алу-сату шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін материалдық құндылықтарды шығаруға құқылы. Осы жағдайда Комитет шарт талаптарына сәйкес айыппұл санкцияларын есептейтін болады.
Нарядқа қол қоюға уәкілетті адамдар:
____________ ____________________________________________ ___________
(лауазымы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
(бұдан әрі - Т.А.Ә.)
____________ ____________________________________________ ___________
(лауазымы) (Т.А.Ә.) (қолы)
____________ ____________________________________________ ___________
(лауазымы) (Т.А.Ә.) (қолы)
Мөрдің орны
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 747 бұйрығына
2-қосымша
Мемлекеттік материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар
беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар берудің тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Операциялар жүргізу қағидалары) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1108 қаулысымен бекітілген Жаңарту және броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару қағидаларына сәйкес әзірленді.
2. Нарядтар беруді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті (бұдан әрі - Комитет) мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңартуға байланысты (оның ішінде материалдық құндылықтардың сапалық жай-күйі мен техникалық регламент талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігі бойынша сараптама жүргізу үшін, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін), қарызға беру тәртібімен және броньнан шығару тәртібімен шығару кезінде жүзеге асырады.
3. Жаңартуға байланысты материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру тендерлік комиссияның шешімі, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі тендер жеңімпазымен сатып алу-сату шарты, шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растайтын құжат негізінде жүзеге асырылады.
Жаңартылуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 44) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
4. Қарызға беру тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру Заңның 11-бабының 42) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі және мемлекеттік Материалдық резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру туралы алушымен шарт (келісім-шарт) негізінде жүзеге асырылады.
5. Броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру мынадай жағдайларда:
1) төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау;
2) гуманитарлық көмек көрсету;
3) босқындарға көмек көрсету;
4) нарыққа реттеушілік ықпал ету;
5) мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде жүзеге асырылады.
6. Төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру Заңның 12-бабы 1-тармағының 45) тармақшасына сәйкес қабылданатын азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Гуманитарлық көмек көрсету, босқындарға көмек көрсету үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру Заңның 11-бабының 42) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру Заңның 11-бабының 42) тармақшасына сәйкес қабылданатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі және сауда қызметінің субъектілерімен нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі шарт, шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растайтын құжат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд беру тендерлік комиссияның шешімі, мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөніндегі тендер жеңімпазымен сатып алу-сату шарты, шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растайтын құжат негізінде жүзеге асырылады.
7. Материалдық құндылықтарды беру Операциялар жүргізу қағидаларының 4-тармағына сәйкес наряд негізінде жүзеге асырылады.
8. Сақтау филиалы мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының жекеленген құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
9. Сақтау пункті мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шарттық негізде сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
2. Мемлекеттік материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру мерзімдері
10. Тендерлік комиссияның шешімі негізінде жаңартуға байланысты және мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд материалдық құндылықтарды алушыға шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растайтын құжат Комитетке келгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.
Сараптама жүргізу үшін материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд шығарылатын көлем үшін төлем алынғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.
Жаңартылуға жататын мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру үшін материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд оларды шығару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін Комитет алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.
11. Материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығару кезінде наряд оларды шығару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін Комитет алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.
12. Материалдық құндылықтарды гуманитарлық көмек көрсету, босқындарға көмек көрсету үшін броньнан шығару тәртібімен шығару кезінде наряд оларды шығару туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін Комитет алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі.
Материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін броньнан шығару тәртібімен шығару кезінде наряд шарт талаптарында көзделген иеліктен шығарылатын материалдық құндылықтардың құны толық төленгенін растайтын құжат Комитетке келгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.
Төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен материалдық құндылықтарды шығару кезінде наряд оларды шығару туралы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімін Комитет алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде беріледі.
3. Мемлекеттік материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру тәртібі
13. Сақтау филиалдарынан материалдық құндылықтарды шығару кезінде нарядқа Комитеттің бірінші басшысы не ол нарядқа қол қоюға уәкілеттік берген адам, мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы және наряд беруге жауапты қызметкері, Комитеттің бас бухгалтері, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының бірінші басшысы, оның орынбасары және Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының бас бухгалтері, олар болмаған жағдайда, олардың орнын басатын адамдар қол қояды.
Сақтау пункттерінен материалдық құндылықтарды шығару кезінде нарядқа Комитеттің бірінші басшысы не ол нарядқа қол қоюға уәкілеттік берген адам, мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің басшысы және наряд беруге жауапты қызметкері, Комитеттің бас бухгалтері, олар болмаған жағдайда, олардың орнын басатын адамдар қол қояды.
14. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару кезінде мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын Комитеттің құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядты жазып береді.
15. Материалдық құндылықтарды шығаруға берілген нарядтарды мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын Комитеттің құрылымдық бөлімшесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген мемлекеттік материалдык резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру журналына (бұдан әрі - нарядтар беру журналы) тіркейді.
Нарядтар беру журналы тігіледі, нөмірленеді және мөрмен бекітіледі.
Нарядтар беру журналы мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын Комитеттің құрылымдық бөлімшесінің нарядтар беруге жауапты қызметкерінде сақталады.
16. Комитет сақтау филиалдарындағы мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға төрт данада наряд жазып береді.
Нарядтың бір данасы мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын Комитеттің құрылымдық бөлімшесінде қалады, екіншісі - Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымына, үшіншісі материалдық құндылықтарды алушыға (бұдан әрі - уәкілетті өкіл) беріледі, төртіншісі сақтау филиалына жіберіледі.
17. Комитет сақтау пунктіндегі мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға үш данада наряд жазып береді.
Нарядтың бір данасы мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды жүзеге асыратын Комитеттің құрылымдық бөлімшесінде қалады, екіншісі сақтау пунктіне жіберіледі, үшіншісі уәкілетті өкілге беріледі.
18. Сақтау филиалына/сақтау пунктіне арналған наряд данасы нарядты берген күні кейіннен нарядтың түпнүсқасын тапсырысты хатпен жібере отырып, олардың электрондық поштасына сканерленген түрде жіберіледі.
19. Материалдық құндылықтарды саны, сапасы және жинақтылығы бойынша беру уәкілетті өкілдің қатысуымен жүргізіледі, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді.
Қабылдау-тапсыру актісінің төрт данасына уәкілетті өкіл, сақтау филиалының басшысы, бас бухгалтері, материалды-жауапты адамы қол қояды және ол мөрмен расталады.
Қабылдау-тапсыру актісінің үш данасына уәкілетті өкіл, сақтау пунктінің басшысы, бас бухгалтері, материалды-жауапты адамы қол қояды және ол мөрмен расталады.
20. Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару жөнінде уақтылы есеп беруді қамтамасыз ету үшін сақтау филиалы/сақтау пункті осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нарядты орындау актісін ресімдейді.
Нарядты орындау актісіне сақтау филиалының/сақтау пунктінің басшысы, бас бухгалтері және материалды-жауапты адамы қол қояды және ол мөрмен расталады.
21. Қабылдау-тапсыру актісін және нарядты орындау актісін сақтау филиалы/сақтау пункті мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығарған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Комитетке жібереді.
Мемлекеттік материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды шығаруға
нарядтар беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығаруға нарядтар беру журналы
Р/с |
Нарядтың нөмірі мен күні |
Жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы |
Материалдық құндылықтар шығарылатын сақтау филиалының/сақтау пунктінің атауы және орналасқан жері |
Шығару тәртібі, наряд беруге негіздеме |
Нарядтардың дана саны |
Орындаушы |
Наряд алған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат және қолы, алған күні |
Мемлекеттік материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды шығаруға
нарядтар беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
№ қабылдау-тапсыру
АКТІСІ
20 ____ жылғы « _____ » __________________ ________________ қ.
_____________________________________________________________________
(сақтау филиалының/сақтау пунктінің атауы; басшысының лауазымы және
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
бас бухгалтер, _____________________________________________________,
(Т.А.Ә.)
және материалды-жауапты адам, ______________________________________,
(Т.А.Ә.)
_____________ жылғы № ______ __________________________________сәйкес
_____________________________________________________________________
мемлекеттік материалдық резервтен мынадай материалдық құндылықтардың
шығарылуын жүргізді:
Р/с |
Материалдық құндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Мөлшері |
Бірлік үшін бағасы, теңге |
Сомасы, теңге |
Сомасы (жазбаша) теңге
Шығарды:
Ұйым басшысы ____________________________________________ ___________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Бас бухгалтер ___________________________________________ ___________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Материалды-жауапты адам _________________________________ ___________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Мөрдің орны
Қабылдады:
Уәкілетті өкіл: _________________________________________ ___________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Мөрдің орны
Ескертпе: Сақтау филиалы/сақтау пункті қабылдау-тапсыру актісін шығарылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Комитетке жібереді
Мемлекеттік материалдық резервтен
материалдық құндылықтарды шығаруға
нарядтар беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
20 ___ жылғы « ___ » ______________ № ______ нарядты орындау
АКТІСІ
20 ___ жылғы « ___ » ______________ _______________ қ.
_____________________________________________________________________
(сақтау филиалының/сақтау пунктінің атауы; басшысының лауазымы және
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.)
бас бухгалтер ______________________________________________________,
(Т.А.Ә.)
және материалды-жауапты адам _______________________________________,
(Т.А.Ә.)
20 ___ жылғы « _____ » ____________ № ___ № нарядының негізінде
мемлекеттік материалдық резервтен төменде көрсетілген материалдық
құндылықтарды шығару туралы осы актіні жасады:
Р/с |
Материалдық қүндылықтардың атауы |
Өлшем бірлігі |
Мөлшері |
Бірлік үшін бағасы, теңге |
Сомасы, теңге |
Сомасы (жазбаша) теңге
Ұйым басшысы ______________________________________________ _________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Бас бухгалтер______________________________________________ _________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Материалды-жауапты адам ___________________________________ _________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Мөрдің орны
Ескертпе: Сақтау филиалы/сақтау пункті қабылдау-тапсыру актісін шығарылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Комитетке жібереді