"Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 961 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12481 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасын, сондай-ақ оларды бітіргені туралы куәліктің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіммінде № 10382 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 17 қыркүйектегі № 178 (28656) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің мамандарын арнайы даярлау бойынша оқыту курстарының бағдарламасында:
      2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеугеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы    
Ішкі істер Министрінің    
2015 жылғы 25 қарашадағы   
№ 961 бұйрығына қосымша   

Мемлекеттік емес өртке қарсы 
қызметтердің мамандарын арнайы
даярлау бойынша оқыту   
курстарының бағдарламасына  
2-қосымша           

Негізгі және арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомашиналарының жүргізушілерін алғашқы даярлаудың тақырыптық жоспары

Р/с

Тақырыптардың атаулары

Сағат саны

Барлығы

олардың ішінде

Сыныптық-топтық

практикалық

1

Өрт сөндіру машиналарының сыныптамасы және таңбалауы

1

1

-

2

Негізгі мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және олардың негізгі тактикалық-техникалық деректері

1

1

-

3

Арнайы мақсаттағы өрт сөндіру автомобильдері және олардың негізгі тактикалық-техникалық деректері

1

1

-

4

Өрт сөндіру машиналарының шассиі. Өрт сөндіру машиналары арнайы агрегаттарының қосымша трансмиссиясы

1

-

1

5

Қозғалтқыштың қосымша салқындату жүйесі. Су мен көбіктендіргішке арналған сыйымдылық. Суға, көбіктендіргішке, сорғы бөлігіне арналған сыйымдылықтарды жылыту

1

-

1

6

Өрт сөндіру сорғылары

3

1

2

7

Вакуумдық жүйе. Газ ағысты вакуум-аппаратының және газ дабылдамасының блогы

1

-

1

8

Көбікпен сөндіру құралдары, жабдықтары және аппараттары

2

1

1

9

Өрт сөндіру мотопомпалары

1

-

1

10

Басқару органдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің бақылау-өлшеу құралдары. Өрт сөндіру автомобильдерінің қосымша электр жабдықтары. Жауынгерлік топтың кабинасына жылу беру

1

-

1

11

Шанақ, өрт-техникалық жабдықтар

1

-

1

12

Өрт сөндіру автомобильдерінің және олардың арнайы агрегаттарының техникалық жағдайын диагностикалау

2

1

1

13

Өрт сөндіру автомобилі жүргізушісінің біліктілік сипаттамасы мен міндеттері

1

1

-

14

Өрт сөндіру автомобильдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу

2

1

1

15

Техникалық құжаттамалар. Отын мен жанармай материалдарының шығыс нормалары, есептен шығару тәртібі

1

1

-

16

Автомобиль радиостанциялары және радио арқылы хабар алмасуды жүргізу тәртібі

1

-

1

17

Жану және жанатын заттар туралы жалпы мәліметтер

1

1

-

18

Өрт сөндірудің негізгі тактикалары

1

1

-

19

Өрт сөндірудің алғашқы құралдары

1

1

-

20

Өрт-техникалық және авариялық-құтқару жабдығы, олармен жұмыс істеу тәсілдері

2

1

1

21

Өртке қарсы сумен жабдықтау. Су көздерінен су толтыру

3

1

2

22

Өрт сөндіру автомобильдері қозғалысының теория элементтері мен қауіпсіздік негіздері. Арнайы жарықпен және дыбыс сигналдарымен жабдықталған автомобильдердің қозғалыс қағидалары

1

1

-

23

Өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидалары

2

2

-

24

Өрт сөндіру автомобильдеріндегі жұмыс

4

-

4

25

Емтихандар тапсыру

4

1

3


Сағат санының барлығы:

40

18

22