Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 912 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12470 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 121) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген заңнамалық тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің www.mzsr.gov.kz ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрі                              Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің төрағасы
      ________________Ә. Смайылов
      2015 жылғы 2 желтоқсан

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің  
2015 жылғы 30 қарашадағы   
№ 912 бұйрығымен бекітілген 

Денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі

      1. Осы денсаулық сақтау саласындағы көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 121) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің көрсеткіштері есептеу объектілері болып табылады.
      3. Әдістеме профилактикалық, емдеу және оңалту көмегін көрсететін ұйымдардың:
      1) халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың;
      2) стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың;
      3) жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдарының;
      4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдарының;
      5) паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдардың;
      6) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың;
      7) патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың;
      8) саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының;
      9) АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының;
      10) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі, психикасының және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдардың көрсеткіштерін қамтиды.
      4. Cтатистикалық ақпаратты талдау басқару циклінің кезеңі және әр түрлі деңгейде денсаулық сақтау жүйесін басқару процесінің ақпараттық қамтамасыз етілуі болып табылады. Статистикалық есептегі денсаулық сақтау ұйымының қызметін сипаттайтын жан-жақты ақпарат, нақты медициналық ұйымның немесе жеке құрылымдық бөлімшелері деңгейінде басқару шешімдерін даярлау және қабылдау процесінде пайдаланылады.
      5. «Денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы № 128 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8421 болып тіркелген) бекітілген мерзім мен мезгілде денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандар талдау жүргізуге ақпарат көздері болып табылады.
      6. Осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың көрсеткіштері есептеледі.
      7. Осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін зерделеу үшін стационар жұмысының сапасын және тиімділігін анықтайтын көрсеткіштерге талдау жүргізіледі.
      8. Осы Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес жедел медициналық көмек және санитариялық авиация ұйымдарының көрсеткіштері есептелінеді.
      9. Осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдарының көрсеткіштері есептелінеді.
      10. Осы Әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдардың көрсеткіштері есептелінеді.
      11. Осы Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың көрсеткіштері есептелінеді.
      12. Осы Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың көрсеткіштері есептелінеді.
      13. Осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының көрсеткіштері есептелінеді.
      14. Осы Әдістемеге 9-қосымшаға сәйкес АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының көрсеткіштері есептелінеді.
      15. Осы Әдістемеге 10-қосымшаға сәйкес туғаннан бастап үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі, психикасының және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдардың көрсеткіштері есептелінеді.

Денсаулық сақтау    
саласындағы көрсеткіштерді
қалыптастыру (есептеу) 
әдістемесіне 1-қосымша 

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың
көрсеткіштері

      1. Бір тұрғынға шаққандағы жылына келудің орташа санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
            КС = (ЖКС+КС(үйде)+КС(стом))/ОХС, мұндағы:
 
      КС – бір тұрғынға шаққандағы жылына келудің орташа саны;
      ЖКС – профилактикалық келуді қосқандағы келулердің саны;
      КС (үйде) – үйде жасалған келулердің саны;
      КС (стом) – стоматологтарға және тіс дәрігерлеріне келулердің саны;
      ОХС – орташа жылдық халық саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      2. Мамандығы бойынша келулердің үлес салмағының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
            КҮ(маман) = КС(маман)/КС(барлығы)*100, мұндағы:
 
      КҮ (маман) – мамандық бойынша келулердің үлес салмағы;
      КС (маман) – дәрігерге осы мамандық бойынша келулердің саны;
      КС (барлығы) – барлық мамандықтар бойынша дәрігерлерге емханаға келулердің саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      3. Емханада қабылдау бойынша орташа күндік жүктеменің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                  КЖ (емх) = КС/(БЕЛ*ЖКС), мұндағы:
 
      КЖ (емх) – емханада қабылдау бойынша орташа күндік жүктеме;
      КС – бір жылда профилактикалық келуді қосқандағы дәрігерлерге келулердің саны;
      БЕЛ – бос емес лауазымдардың саны;
      ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      4. Үйде қызмет көрсету бойынша орташа күндік жүктеменің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
               КЖ (үйде) = КС(үйде)/(БЕЛ*ЖКС), мұндағы:
 
      КЖ (үйде) – үйде қызмет көрсету бойынша орташа күндік жүктеме;
      КС (үйде) – бір жылда үйде дәрігерлермен жасалған келулердің саны;
      БЕЛ – бос емес лауазымдардың саны;
      ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      5. Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (бұдан әрі – МСАК) 1 дәрігеріне шаққандағы бекітілген халық саны мынадай формула бойынша есептеледі:
 
               БХ (1 дәрігерге) = ХС/ДС(МСАК), мұндағы:
 
      БХ (1 дәрігерге) – МСАК 1 дәрігеріне шаққандағы бекітілген халық саны;
      ХС – Бекітілген халық тіркелімі деректері бойынша МСАК ұйымдарына бекітілген халық саны;
      ДС (МСАК) – МСАК дәрігерлерінің саны, оған учаскелік терапевтер, учаскелік педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері кіреді.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      6. Профилактикалық тексеріп-қарау жоспарын орындау көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                      ПҚ = ҚС*100/ҚТС, мұндағы:
 
      ПҚ – профилактикалық қарап-тексеру жоспарын орындау пайызы;
      ҚС – профилактикалық қарап-тексеру кезінде тексерілген адамдардың саны;
      ҚТС – профилактикалық қарап-тексерілуге тиіс адамдардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      7. Профилактикалық қарап-тексеру кезінде анықталған патологиялардың жиілігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
             АП = НС (анықталған)*100/ҚС, мұндағы:
 
      АП – профилактикалық қарап-тексеру кезінде анықталған патологиялардың жиілігі;
      НС (анықталған) – профилактикалық қарап-тексеру кезінде анықталған науқастардың саны;
      ҚС – қаралған адамдардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      Қаралғандардың ішінде анықталған ауруларды талдау кезінде алғаш анықталған аурулар ескеріледі.
      8. Жалпы сырқаттанушылық көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
                ЖС = ТЖС*100 000/ОХС, мұндағы:

      ЖС – жалпы сырқаттанушылық;
      ТЖС – бір жылда халықтың тіркелген ауруларының жалпы саны;
      ОХС – орташа жылдық халық саны.
      Өлшем бірлігі – 100 мың халыққа шаққанда аурулардың жалпы саны.
      9. Алғашқы сырқаттанушылық көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
                  АС = ААС*100 000/ОХС, мұндағы:
 
      АС – алғашқы сырқаттанушылық;
      ААС – бір жылда халықтың алғаш тіркелген ауруларының саны;
      ОХС – орташа жылдық халық саны.
      Өлшем бірлігі – 100 мың халыққа шаққанда алғаш тіркелген аурулардың саны.
      Алғашқы және жалпы сырқаттанушылық көрсеткіштері оныншы қайта қараудағы Аурулардың халықаралық жіктемесіне сәйкес класы және жеке аурулар бойынша есептелінеді.
      10. Халықты диспансерлік бақылаумен қамту көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
      
                  ДБҚ = НС (ДБ)/ХС*100, мұндағы:
 
      ДБҚ – халықты диспансерлік бақылаумен қамту;
      НС (ДБ) – диспансерлік бақылауда тұрған адамдардың саны;
      ХС – жылдың соңындағы халық саны.
      Көрсеткіш ересектерге және балаларға жеке есептеледі.
      11. Науқастарды диспансерлік бақылаумен қамтудың толықтығының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                 ДБҚТ = НС (ДБ)*100/НС, мұндағы:
 
      ДБҚТ – науқастарды диспансерлік бақылаумен қамтудың толықтығы;
      НС (ДБ) – диспансерлік бақылауда тұрған адамдардың саны;
      НС – сол аурумен тіркелеген науқастардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      12. Науқастарды диспансерлік бақылауға уақытында алу көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
             Р = НС (ДБ алынған)*100/НС (қ/а), мұндағы:
 
      Р – науқастарды диспансерлік бақылауға уақытында алу;
      НС (ДБ алынған) – сол аурумен қайта анықталғандардың ішінен диспансерлік бақылауға қайта алынған науқастардың саны;
      НС (қ/а) – осы аурумен ауыратын қайта анықталған науқастардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      13. Жазылып кетуіне байланысты есептен алынған науқастардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
         ҮС(ДБ алынған) = НС(ДБ алынған)/(НС(ДБ жылдың басында)+
                        НС(ДБ қ/а)*100, мұндағы:
 
      ҮС (ДБ алынған) – жазылып кетуіне байланысты есептен алынған науқастардың үлес салмағы;
      НС (ДБ алынған) – жазылып кетуіне байланысты диспансерлік бақылаудан алынған науқастардың саны;
      НС (ДБ жылдың басында) – жылдың басында есепте тұрған диспансерлік науқастардың саны;
      НС (ДБ қ/а) – жыл бойына есепке алынған диспансерлік науқастардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      14. Рентгенолог-дәрігердің орташа күндік жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
 
         Ж (рентгенолог) = РЕС/(БЕЛ(рентгенолог)*ЖКС), мұндағы:
 
      Ж (рентгенолог) – рентгенолог-дәрігердің орташа күндік жүктемесі;
      РЕС – жасалған рентгенологиялық емшаралардың саны;
      БЕЛ (рентгенолог) – рентгенолог-дәрігерлердің бос емес лауазымдарының саны;
      ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      15. Амбулаториялық жағдайда рентгенологиялық әдістерді пайдаланудың көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                   Р (аеұ) = РЗС(аеұ)/КС, мұндағы:
 
      Р (аеұ) – амбулаториялық жағдайда рентгенологиялық әдістерді пайдалану көрсеткіші;
      РЗС (аеұ) – амбулаториялық жағдайда жасалынған рентгенологиялық зерттеулердің саны;
      КС – емханадағы дәрігерлерге жасалынған келулердің саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      16. Эндоскопист-дәрігердің орташа күндік жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
 
         Ж (эндоскопист) = ЭЗС/(БЕЛ(эндоскопист)*ЖКС), мұндағы:
 
      Ж (эндоскопист) – эндоскопист-дәрігердің орташа күндік жүктемесі;
      ЭЗС – жасалынған эндоскопиялық зерттеулердің саны;
      БЕЛ (эндоскопист) – эндоскопист-дәрігерлердің бос емес лауазымдарының саны;
      ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      17. Зертханашы-дәрігердің орташа күндік жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
 
           Ж (зертханашы) = ЗТС/(БЕЛ(зертханашы)*ЖКС), мұндағы:
 
      Ж (зертханашы) – зертханашы-дәрігердің орташа күндік жүктемесі;
      ЗТС – жасалынған зертханалық талдаулардың саны;
      БЕЛ (зертханашы) – зертханашы-дәрігерлердің бос емес лауазымдарының саны;
      ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      18. Бір тұрғынға жүргізілген зертханалық талдаулардың санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                 ЗТС (1 тұрғынға) = ЗТС /ОХС, мұндағы:
 
      ЗТС (1 тұрғынға) – бір тұрғынға жүргізілген зертханалық талдаулардың саны;
      ЗТС – зертханалық талдаулардың саны;
      ОХС – орташа жылдық халық саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      19. 100 келуге шаққанда жүргізілген зертханалық талдаулардың санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                ЗТС (100 келуге) = ЗТС/КС, мұндағы:
 
      ЗТС (100 келуге) – 100 келуге шаққанда жүргізілген зертханалық талдаулардың саны;
      ЗТС – амбулаториялық науқастарға жүргізілген зертханалық талдаулардың саны;
      КС – емханада дәрігерлерге жасалынған келулердің саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      20. Физиотерапиялық бөлімшенің қызметкеріне орташа күндік жүктемесі мынадай формула бойынша есептеледі:
 
         Ж (физиотерапевт) = ФЕС/(БЕЛ(физиотерапевт)*ЖКС), мұндағы:
 
      Ж (физиотерапевт) – физиотерапиялық бөлімше қызметкерінің орташа күндік жүктемесі;
      ФЕС – жасалынған физиотерапиялық емшаралардың саны;
      БЕЛ (физиотерапевт) – физиотерапиялық бөлімшенің орта медициналық персоналының бос емес лауазымдарының саны;
      ЖКС – бір жылдағы жұмыс күндерінің саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      21. Емханада физиотерапиялық емдеу әдістерін пайдалану көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                    Ф(аеұ) = ФЕС(аеұ)/КС, мұндағы:
 
      Ф (аеұ) – емханада физиотерапиялық емдеу әдістерін пайдалану көрсеткіші;
      ФЕС (аеұ) – амбулаториялық науқастарға жасалынған физиотерапиялық емшаралардың саны;
      КС – емханада дәрігерлерге жасалынған келулердің саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      22. Емханада 100 келуге шаққандағы ультрадыбыстық зерттеулердің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
               УДЗС(100 келуге) = УДЗС(аеұ)/КС, мұндағы:
 
      УДЗС (100 келуге) – емханада 100 келуге ультрадыбыстық зерттеулердің саны;
      УДЗС (аеұ) – емханада жасалынған ультрадыбыстық зерттеулердің саны;
      КС – емханада дәрігерлерге жасалынған келулердің саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.

Денсаулық сақтау     
саласындағы көрсеткіштерді
қалыптастыру (есептеу) 
әдістемесіне       
2-қосымша         

Стационарлық көмек көрсететін ұйымдардың көрсеткіштері

      1. Халықты төсек қуаттылығымен қамтамасыз етілу көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                       ТҚ =ТС*10 000/ХС, мұндағы:
 
      ТҚ – халықтың төсек қуаттылығымен қамтамасыз етілуі;
      ТС – төсек саны;
      ХС – жылдың соңына халық саны.
      Өлшем бірлігі – 10 мың адамға шаққанда.
      2. Төсек жұмысының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                 ТЖ = ТКС/ТС(орташа жылдық), мұндағы:
 
      ТЖ – төсек жұмысы;
      ТКС – ауруханада науқастар өткізген төсек күндердің саны;
      ТС (орташа жылдық) – орташа жылдық төсектердің саны.
      Өлшем бірлігі – күн.
      3. Науқастың төсекте өткізген орташа ұзақтығының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                  ТӨОҰ = ТКС/НС(шыққан), мұндағы:
 
      ТӨОҰ – науқастың төсекте өткізген орташа ұзақтығы;
      ТКС – емделіп шыққан науқастардың ауруханада өткізген төсек күндердің саны;
      НС (шыққан) – ауруханадан шыққан науқастардың саны (емделіп шыққан және қайтыс болған науқастардың қосындысы).
      Өлшем бірлігі – күн.
      4. Төсек айналымының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
          ТА = НС(пайдаланылған)/ ТС (орташа жылдық), мұндағы:
 
      ТА – төсек айналымы;
      НС (пайдаланылған) – пайдаланылған науқастардың саны (түскен, емделіп шыққан және қайтыс болған науқастардың қосындысының жарты сомасына тең);
      ТС (орташа жылдық) – орташа жылдық төсектердің саны.
      Өлшем бірлігі – бірлік.
      5. Өлім-жітім көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                 ӨК = ҚС/НС(пайдаланылған)*100, мұндағы:
 
      ӨК – өлім-жітім көрсеткіші;
      ҚС – стационарда қайтыс болған науқастардың саны;
      НС (пайдаланылған) – пайдаланылған науқастардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      6. Төсек тұрып қалуының орташа уақытының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                      ТТҚ = (КС-ТЖ)/ТА, мұндағы:
 
      ТТҚ – төсектің тұрып қалуының орташа уақыты;
      КС – бір жылдағы күндердің саны;
      ТЖ – бір жылдағы бос емес төсектердің орташа саны;
      ТА – төсек айналымы.
      Өлшем бірлігі – күн.
      7. Бос емес төсектердің орташа санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                        БЕТ = ТКС/ТЖ, мұндағы:
 
      БЕТ – бос емес төсектердің орташа саны;
      ТКС – ауруханада науқастардың өткізген төсек күндерінің саны;
      ТЖ – бір жылдағы бос емес төсектердің орташа саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      8. Стационарлық көмекті тұтыну деңгейінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                     СТД = ТКС*1000/ОХС, мұндағы
 
      СТД – стационарлық көмекті тұтыну деңгейі;
      ТКС – ауруханада науқастардың өткізген төсек күндерінің саны;
      ОХС – орташа жылдық халық саны.
      Өлшем бірлігі – 1000 адамға шаққандағы төсек күндерінің саны.
      9. Хирургиялық белсенділік көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                      ХБ = ОНС/ШНС*100, мұндағы:
 
      ХБ – хирургиялық белсенділік көрсеткіші;
      ОНС – хирургиялық бөлімшеде операция жасалынған науқастардың саны;
      ШНС – хирургиялық стационардан шыққан науқастардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      10. Операциядан кейінгі асқынулардың жиілігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
              ОКА = ОС(асқыну)*100/ӨОС(барлығы), мұндағы:
 
      ОКА – операциядан кейінгі асқынулар көрсеткіші;
      ОС (асқыну) – асқынулар байқалған операциялардың саны;
      ӨОС (барлығы) – өткізілген операциялардың жалпы саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      11. Операциядан кейінгі өлім-жітім көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                     ОКӨ = ҚС/ОЖС*100, мұндағы:
 
      ОКӨ – операциядан кейінгі өлім-жітім көрсеткіші;
      ҚС – қайтыс болған операция жасалынған науқастардың саны;
      ОЖС – операция жасалынған науқастардың жалпы саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      12. Шұғыл хирургиялық көмек көрсету үшін жеткізілген науқастарды кеш жеткізу жиілігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
             КЖЖ = НС(24 сағаттан кеш)/НС(барлығы), мұндағы:
 
      КЖЖ – науқастарды кеш жеткізу жиілігі;
      НС (24 сағаттан кеш) – ауру басталғаннан 24 сағатан кеш жеткізілген науқастардың саны;
      НС (барлығы) – шұғыл хирургиялық көмек көрсетуге жеткізілген науқастардың жалпы саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      13. Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың бірдей болу жиілігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                        А = В/С*100, мұндағы:
 
      А – клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың бірдей болу көрсеткіші;
      В – клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың бірдей болу оқиғаларының саны;
      С – қайтыс болғандарды ашып қараудың жалпы саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      14. Стационарда қайтыс болғандарды ашып қарау пайызы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                        D = С/ҚС*100, мұндағы:
 
      D – стационарда қайтыс болғандарды ашып қараудың пайызы;
      С – стационарда қайтыс болғандарды ашып қараудың жалпы саны.
      ҚС – стационарда қайтыс болғандардың жалпы саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      15. Стационарда диагнозды нақтылау үшін рентгенологиялық әдістерді қолдану көрсеткіштері мынадай формула бойынша есептеледі:
 
            Р (стац) = РЗС(стац)/НС(пайдаланылған), мұндағы:
 
      Р (стац) – стационарда диагнозды анықтауға рентгенологиялық әдістерді қолдану әдістемесінің көрсеткіші;
      РЗС (стац) – стационарда жасалынған рентгенологиялық зерттеулердің саны;
      НС (пайдаланылған) – пайдаланылған науқастардың саны.;
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      16. Стационарда бір науқасқа жүргізілген зертханалық талдаулар санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
              ЗТС (1 науқасқа) = ЗТС/НС(пайдалынған), мұндағы:
 
      ЗТС (1 науқасқа) – стационарда бір науқасқа жүргізілген зертханалық талдаулардың саны;
      ЗТС – жүргізілген зертханалық талдаулардың саны;
      НС (пайдаланылған) – пайдаланылған науқастардың саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      17. Стационарда физиотерапиялық әдістерді пайдалану көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                Ф (стац) = ФЕС/НС (пайдаланылған), мұндағы:
 
      Ф (стац) – стационарда емдеудің физиотерапиялық әдістерін пайдалану көрсеткіші;
      ФЕС – стационарда науқастарға жасалынған физиотерапиялық емшаралардың саны;
      НС (пайдаланылған) – пайдаланылған науқастардың саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.
      18. 1 төсекке шаққанда ультрадыбыстық зерттеулердің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
          УДЗС (1 төсекке) = УДЗС/ТС(орташа жылдық), мұндағы:
 
      УДЗС (1 төсекке) – 1 төсекке шаққанда ультрадыбыстық зерттеулердің саны;
      УДЗС – стационарда науқастарға жасалынған ультрадыбыстық зерттеулердің саны;
      ТС (орташа жылдық) – орташа жылдық төсек саны.
      Өлшем бірлігі – абсолюттік сан.

Денсаулық сақтау     
саласындағы көрсеткіштерді
қалыптастыру (есептеу) 
әдістемесіне       
3-қосымша         

Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация
ұйымдарының көрсеткіштері

      1. І-ІІІ жеделділік санатты шақырулар бойынша жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) бригадаларының уақытылы келулерінің оқиғалар саны (шақыруды ЖМК бригадасына берген сәттен бастап, шақырту орнына жеткенге дейін (15 минуттан артық емес) мынадай формула бойынша есептеледі:
 
       УКС (ЖМК) = ШС(I-III) *100/ШС (барлығы I-III), мұндағы:
 
      УКС (ЖМК) – І-ІІІ жеделділік санатты шақырулар бойынша жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) бригадаларының уақытылы келулерінің саны (шақыруды ЖМК бригадасына берген сәттен бастап, шақырту орнына жеткенге дейін (15 минуттан артық емес);
      ШС (I-III) – уақытылы орындалған І-ІІІ жеделділік санатты шақырулардың саны;
      ШС (барлығы I-III) – І-ІІІ жеделділік санатты барлық шақырулардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      2. Кешігумен қызмет көрсетілген шақырулардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
         КҚШҮ(ЖМК) = КҚШС (I-VI) *100/ШС (барлығы), мұндағы:
 
      КҚШҮ (ЖМК) – кешігумен қызмет көрсетілген шақырулардың үлес салмағы;
      КҚШС (I-VI) – кешігумен қызмет көрсетілген барлық шақырулардың саны;
      ШС (барлығы) – барлық қызмет көрсетілген шақырулар саны;
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      3. МСАК ұйымдарының жұмысы уақытында (8.00 – 18.00 сағат аралығында) созылмалы ауруы бар қызмет көрсетілген пациенттердің үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
               ШҮС (МСАК) = ШС(МСАК)*100/ ШС, мұндағы:
 
      ШҮС (МСАК) – МСАК ұйымдарының жұмысы уақытында (8.00 – 18.00 сағат аралығында) қызмет көрсетілген созылмалы ауруы бар пациенттердің үлес салмағы;
      ШС (МСАК) – МСАК ұйымдарының жұмысы уақытында (8.00 – 18.00 сағат аралығында) қызмет көрсетілген созылмалы ауруы бар пациенттердің саны;
      ШС – МСАК ұйымдарының жұмысы уақытында (8.00 – 18.00 сағат аралығында) қызмет көрсетілген барлық пациенттер саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      4. Госпитальге дейінгі өлімнің үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                 ГӨҮ = ӨС*100/ПС (барлығы), мұндағы:
 
      ГӨҮ – госпитальге дейінгі өлімнің үлес салмағы;
      ӨС – ЖМК бригадасы келгенге дейін және олар болған кезде қайтыс болған пациенттердің саны;
      ПС (барлығы) – ЖМК бригадасы қызмет көрсеткен пациенттердің саны;
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      5. Акушериялық және гинекологиялық патологиялары бар әйелдерге санитариялық авиациямен көрсетілген медициналық қызметтердің үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
            ҮС (АГП) = ӘС(АГП)*100/ПС(барлығы), мұндағы:
 
      ҮС (АГП) – акушериялық және гинекологиялық патологиялары бар әйелдерге санитариялық авиациямен көрсетілген медициналық қызметтердің үлес салмағы;
      ӘС (АГП) - акушериялық және гинекологиялық патологиялары бар әйелдер саны;
      ПС – санитариялық авиация қызмет көрсеткен барлық пациенттердің саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      6. Патологиясы бар нәрестелерге санитариялық авиациямен көрсетілген медициналық қызметтердің үлес салмағы мынадай формуламен есептеледі:
 
              ҮС (ПН) = БС (ПН)*100/ПС (барлығы), мұндағы:
 
      ҮС (ПН) – патологиясы бар нәрестелерге санитариялық авиациямен көрсетілген медициналық қызметтердің үлес салмағы;
      БС (ПН) – патологиясы бар нәрестелер саны;
      ПС - санитариялық авиация қызмет көрсеткен барлық пациенттердің саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      7. Қан айналымы жүйесінің ауруы (бұдан әрі - ҚАЖА) бар пациенттерге санитариялық авиация көрсеткен медициналық қызметтердің үлес салмағы мынадай формуламен есептеледі:
 
           ҮС (ҚАЖА) = ПС (ҚАЖА)*100/ПС (барлығы), мұндағы:
 
      ҮС (ҚАЖА) – ҚАЖА бар пациенттерге санитариялық авиация көрсеткен медициналық қызметтердің үлес салмағы;
      ПС (ҚАЖА) – ҚАЖА бар пациенттер саны;
      ПС – санитариялық авиация қызмет көрсеткен барлық пациенттердің саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      8. Санитариялық авиациямен көрсетілген тасымалдаулардың үлес салмағы мынадай формуламен есептеледі:
 
                ТҮС = ТС*100/ПС (барлығы), мұндағы:
 
      ТҮС - санитариялық авиациямен көрсетілген тасымалдаулардың үлес салмағы;
      ТС – тасымалдаулар саны;
      ПС (барлығы) - санитариялық авиация қызмет көрсеткен барлық пациенттердің саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      9. Санитариялық авиация мамандары өткізген операциялардың үлес салмағы мынадай формуламен есептеледі:
 
                ОҮС = ОС*100/ПС (барлығы), мұндағы:
 
      ОҮС - санитариялық авиация мамандары өткізген операциялардың үлес салмағы;
      ОС – санитариялық авиация мамандары өткізген операциялардың саны;
      ПС (барлығы) - санитариялық авиация қызмет көрсеткен барлық пациенттердің саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.

Денсаулық сақтау     
саласындағы көрсеткіштерді
қалыптастыру (есептеу) 
әдістемесіне       
4-қосымша        

Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту
ұйымдарының көрсеткіштері

      1. 1000 халыққа шаққандағы халықтың қалпына келтіру емімен және медициналық оңалтумен қамтылуы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                     ҚЕМОҚ = НС*1000/ХЖОС, мұнда:
 
      ҚЕМОҚ – 1000 халыққа шаққандағы халықтың қалпына келтіру емімен және медициналық оңалтумен қамтылу көрсеткіші;
      НС – қалпына келтіру емімен және медициналық оңалтумен қамтылған науқастардың саны;
      ХОС – халықтың жылдық орташа саны.
      Өлшем бірлігі – 1000 халыққа шаққандағы қалпына келтіру емімен және медициналық оңалтумен қамтылған халықтың саны.
      Сонымен қатар, төсекпен қамтудың, төсек жұмысы, төсекте болуының орташа ұзақтығының, төсек айналымының көрсеткіштері осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес есептеледі.

Денсаулық сақтау     
саласындағы көрсеткіштерді
қалыптастыру (есептеу) 
әдістемесіне       
5-қосымша         

Паллиативтік көмек пен мейіргерлік күтім көрсететін
ұйымдардың көрсеткіштері

      1. 1000 халыққа шаққандағы халықтың паллиативтік емдеумен қамтылу көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                      ПЕҚ = НС*1000/ХОС, мұнда:
 
      ПЕҚ – 1000 халыққа шаққандағы халықтың паллиативтік емдеумен қамтылу көрсеткіші;
      НС – паллиативтік емдеумен қамтылған науқастардың саны;
      ХОС – халықтың жылдық орташа саны.
      Өлшем бірлігі – 1000 халыққа шаққандағы паллиативтік емдеумен қамтылған халықтың саны.
      2. 1000 халыққа шаққандағы халықтың мейіргерлік күтіммен қамтылу көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                      МКҚ = НС*1000/ХОС, мұнда:
 
      МКҚ – 1000 халыққа шаққандағы халықтың мейіргерлік күтіммен қамтылу көрсеткіші;
      НС – мейіргерлік күтім ұйымдарындағы медициналық көмекпен қамтылған науқастардың саны;
      ХОС – халықтың жылдық орташа саны.
      Өлшем бірлігі – 1000 халыққа шаққандағы мейіргерлік күтім ұйымдарындағы медициналық көмекпен қамтылған науқастардың саны.
      Сонымен қатар, төсекпен қамтудың, төсек жұмысы, төсекте болуының орташа ұзақтығының, төсек айналымының көрсеткіштері осы бұйрыққа 1234-қосымшаларға сәйкес есептеледі.

Денсаулық сақтау     
саласындағы көрсеткіштерді
қалыптастыру (есептеу) 
әдістемесіне       
6-қосымша         

Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың көрсеткіштері

      1. 1000 адамға шаққанда қан және оның компоненттерін жылдық донациялау санының көрсеткіштері мына формула бойынша есептеледі:
 
                       ҚД = ҚДС*1000/ХОС, мұнда:
 
      ҚД – 1000 адамға шаққанда қан және оның компоненттерін донациялау санының көрсеткіші;
      ҚДС – қан және оның компоненттерін донациялаудың саны;
      ХОС – халықтың орта жылдық саны.
      Өлшем бірлігі – 1000 адамға шаққанда қан және оның компоненттерін донациялаудың саны.
      2. Қан және оның компоненттерін өтеусіз донациялаудың үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:
 
                    ҚӨДҮС = ҚӨДС*100/ ҚДС, мұнда:
 
      ҚӨДҮС – қан және оның компоненттерін өтеусіз донациялаудың үлес салмағы:
      ҚӨДС – қан және оның компоненттерін өтеусіз донациялаудың саны;
      ҚДС – қан және оның компоненттерін донациялаудың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      3. Қан және оның компоненттерін ерікті донациялаудың үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:
 
                   ҚЕДҮС = КЕДС*100/ ҚДС, мұнда:
 
      ҚЕДҮС – қан және оның компоненттерін ерікті донациялаудың үлес салмағы:
      ҚЕДС – қан және оның компоненттерін ерікті донациялаудың саны;
      ҚДС – қан және оның компоненттерін донациялаудың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      4. Көшпелі жағдайда қан және оның компоненттерінің өтеусіз донациялаудың үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:
 
           ҚӨДҮС (көшпелі) = ҚДС (көшпелі) *100/ ҚДС, мұнда:
 
      ҚӨДҮС – көшпелі жағдайда қан және оның компоненттерін өтеусіз донациялаудың үлес салмағы;
      ҚДС (көшпелі) – көшпелі жағдайда қан және оның компоненттерін донациялаудың саны;
      ҚДС – қан және оның компоненттерін донациялаудың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      5. Құю және препараттарға қайта өңдеу үшін жарамсыз болып танылған қан және оның компоненттерін донациялау үлесі мына формула бойынша есептеледі:
 
       ҚДҮ (жарамсыз) = ҚДС (жарамсыз)*100/ҚДС (зерттелген), мұнда:
 
      ҚДҮ (жарамсыз) – құю және препараттарға қайта өндеу үшін жарамсыз болып танылған қан және оның компоненттерін донациялау үлесі;
      ҚДС (жарамсыз) – құю және препараттарға қайта өндеу үшін жарамсыз болып танылған қан және оның компоненттерін донациялаудың саны;
      ҚДС (зерттелген) – зерттелген қан және оның компоненттерін донациялаудың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      6. Эритроциттердің (дозалар) барлық көлемінен медициналық ұйымдарға берілген лейкофильтрленген эритроциттердің үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:
 
               ЛФЭҮС = БЛФЭС*100/БЭС (барлығы), мұнда:
 
      ЛФЭҮС – эритроциттердің (дозалар) барлық көлемінен медициналық ұйымдарға берілген лейкофильтрленген эритроциттердің үлес салмағы;
      БЛФЭС – берілген лейкофильтрленген эритроциттердің саны;
      БЭС (барлығы) – берілген барлық түрдегі эритроциттердің саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      7. Медициналық ұйымдарға берілген плазманың (дозалар) барлық көлемінен карантинделген, жаңа мұздатылған плазманың үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:
 
                  КЖМПҮС = БКЖМПС *100/ БЖМПС, мұнда:
 
      КЖМПҮС – медициналық ұйымдарға берілген плазманың (дозалар) барлық көлемінен карантинделген, жаңа мұздатылған плазманың үлес салмағы;
      БКЖМПС – берілген карантинделген, жаңа мұздатылған плазманың саны;
      БЖМПС – берілген барлық түрдегі жаңа мұздатылған плазманың жалпы саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      8. Медициналық ұйымдарға берілген плазманың барлық көлемінен (доза) вирус белсенділігі жойылған, жаңа мұздатылған плазманың үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:
 
                   БВЖМПҮС = ВЖМПС*100/ ЖМПС, мұнда:
 
      БВЖМПҮС – берілген плазманың барлық көлемінен вирус белсенділігі жойылған, жаңа мұздатылған плазманың үлес салмағы
      ВЖМПС – берілген вирус белсенділігі жойылған, жаңа мұздатылған плазманың саны (дозалар);
      ЖМПС – барлық түрдегі берілген жаңа мұздатылған плазманың жалпы саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      9. Тромбоциттердің (дозалар) барлық көлемінен медициналық ұйымдарға берілген лейкофильтрленген тромбоцитердің үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:
 
                      ЛТҮС = ЛТС*100/ ТС, мұнда:
 
      ЛТҮС – тромбоциттердің (дозалар) барлық көлемінен медициналық ұйымдарға берілген лейкофильтрленген тромбоциттердің үлес салмағы;
      ЛТС – берілген лейкофильтрленген тромбоциттердің саны;
      ТС – барлық түрдегі берілген тромбоциттердің саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      10. Тромбоциттердің (дозалар) барлық көлемінен медициналық ұйымдарға берілген вирус белсенділігі жойылған тромбоциттердің үлес салмағы мына формула бойынша есептеледі:
 
                      ВТҮС = ВТС*100/ ТС, мұнда:
 
      ВТҮС - тромбоциттердің (дозалар) барлық көлемінен медициналық ұйымдарға берілген вирус белсенділігі жойылған тромбоциттердің үлес салмағы;
      ВТС – берілген вирус белсенділігі жойылған тромбоциттердің саны;
      ТС – барлық түрдегі берілген тромбоциттердің барлығы.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      11. 1000 адамға шаққанда берілген эритроциттердің (дозалар) көлемі мына формула бойынша есептеледі:
 
           БЭК (1000 адам) = ЭК (берілді)*1000/ХОС, мұнда:
 
      БЭК (1000 адам) - 1000 адамға шаққанда берілген эритроциттердің көлемі;
      ЭК (берілді) – берілген эритроциттердің көлемі.
      ХОС – халықтың орта жылдық саны.
      Өлшем бірлігі – 1000 адамға шаққанда берілген эритроциттердің көлемі (дозалар).
      12. 1000 адамға шаққанда берілген плазманың (дозалар) көлемі мына формула бойынша есептеледі:
 
            БПК (1000 адам) = ПК (берілді)*1000/ХОС, мұнда:
 
      БПК – 1000 адамға шаққанда берілген плазманың көлемі;
      ПК (берілді) – берілген плазманың көлемі;
      ХОС – халықтың орта жылдық саны.
      Өлшем бірлігі – 1000 адамға шаққанда берілген плазманың көлемі (дозалар).
      13. 1000 адамға шаққанда берілген тромбоциттердің (дозалар) көлемі мына формула бойынша есептеледі:
 
                 БТК = ТК (берілді)*1000/ХОС, мұнда:
 
      БТК – 1000 адамға шаққанда берілген тромбоциттердің көлемі;
      ТК (берілді) – берілген тромбоцитердің барлығы;
      ХОС – халықтың орта жылдық саны.
      Өлшем бірлігі – 1000 адамға шаққанда берілген тромбоциттердің көлемі (дозалар).

Денсаулық сақтау     
саласындағы көрсеткіштерді
қалыптастыру (есептеу) 
әдістемесіне       
7-қосымша         

Патологиялық анатомия саласындағы қызметті жүзеге асыратын
ұйымдардың көрсеткіштері

      1. Стационарда қайтыс болғандарды патологоанатомиялық зерттеу санының үлес салмағы келесі формула бойынша есептеледі:
 
               ПЗҮС= ПЗС (стац)*100/ПЗС (барлығы), бұнда:
 
      ПЗҮС – стационарда қайтыс болғандарды патологоанатомиялық зерттеу санының үлес салмағы;
      ПЗС (стац) – стационарда қайтыс болғандарды патологоанатомиялық зерттеулер саны;
      ПЗС (барлығы) – қайтыс болғандарды патологоанатомиялық зерттеулердің жалпы саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      2. Стационарда қайтыс болған балаларды (0-14 жас) патологоанатомиялық зерттеу санының үлес салмағы келесі формула бойынша есептеледі:
 
     ПЗҮС (0-14 жас) = ПЗС (стац 0-14 жас)*100/ПЗС (0-14 жас), бұнда:
 
      ПЗҮС (0-14 жас) – стационарда қайтыс болған балаларды (0-14 жас) патологоанатомиялық зерттеу санының үлес салмағы;
      ПЗС (стац 0-14 жас) – стационарда қайтыс болған балаларды (0-14 жас) патологоанатомиялық зерттеу саны;
      ПЗС (0-14 жас) – қайтыс болған балаларды (0-14 жас) патологоанатомиялық зерттеулердің жалпы саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      3. Стационарда өлі туғандарды патологоанатомиялық зерттеу санының үлес салмағы келесі формула бойынша есептеледі:
 
        ПЗҮС (ӨТ) = ПЗС (ӨТ стац)*100/ПЗС (ӨТ барлығы), бұнда:
 
      ПЗҮС (ӨТ) – стационарда өлі туғандарды патологоанатомиялық зерттеу санының үлес салмағы;
      ПЗС (ӨТ стац) – стационарда өлі туғандарды патологоанатомиялық зерттеу саны;
      ПЗС (ӨТ барлығы) – өлі туғандарды патологоанатомиялық зерттеудің жалпы саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.

Денсаулық сақтау     
саласындағы көрсеткіштерді
қалыптастыру (есептеу) 
әдістемесіне       
8-қосымша         

Саламатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды қалыптастыру
саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау
ұйымдарының көрсеткіштері

      1. Скринингтік зерттеп-қараумен қамту көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                        ҚП = ҚС*100/ЖС, мұнда:
 
      ҚП – скринингтік қарап-тексерумен қамту пайызы;
      ҚС – скринингтік қарап-тексеруде қаралған адамдардың саны;
      ЖС – скринингтік қарап-тексерілуге тиіс адамдардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      2. Скринингтік қарап-тексеру кезінде анықталған патологиялар жиілігінің көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                       АП = АС*100/ЖС, мұнда:
 
      АП – скринингтік қарап-тексеру кезінде анықталған патологиялар пайызы;
      АС – скринингтік қарап-тексеру кезінде анықталған патологиясы бар адамдардың саны;
      ЖС – скринингтік қарап-тексерілуге тиіс адамдардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      3. Скринингтік зерттеп-қарау шеңберінде диспансерлік есепке алынғандардың пайызы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                      ДП = ДС*100/СЖС, мұнда:
 
      ДП – «Д» есепке алынғандар пайызы;
      ДС – скринингтік қарап-тексеру кезінде «Д» есепке алынған адамдардың саны;
      СЖС – скринингтік қарап-тексерілуге тиіс адамдардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      4. Скринингтік қарап-тексеру кезінде темекі шегушілікті анықтау көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                      ШП = ШС*100/СҚС, мұнда:
 
      ШП – скринингтік қарап-тексеру шеңберінде шылым шегудің мінез-құлықтық қауіп факторы бар адамдарды анықтау пайызы;
      ШС – скринингтік қарап-тексеру шеңберінде шылым шегудің мінез-құлықтық қауіп факторы бар анықталған адамдардың саны.
      СҚС – скринингтік қарап-тексерілген адамдардың саны;
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      5. Скринингтік қарап-тексеру кезінде алкогольді шамадан тыс тұтынатындарды анықтау көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                     АП=АТС*100/СҚС, мұнда:
 
      АП – скринингтік қарап-тексеру шеңберінде алкогольді шамадан тыс тұтынудың мінез-құлықтық қауіп факторы бар тұлғаларды анықтау пайызы;
      АТС – скринингтік қарап-тексеру шеңберінде алкогольді тұтынудың мінез-құлықтық қауіп факторы бар анықталған адамдардың саны.
      СҚС – скринингтік қарап-тексерілген адамдардың саны;
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      6. Скринингтік зерттеп-қарау кезінде дене салмағы индексін (бұдан әрі – АСИ) анықтау көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                     АСИП=АДСС*100/СҚС, мұнда:
 
      АСИП – скринингтік қарап-тексеру шеңберінде АСИ адамдарды анықтау пайызы;
      АСИС – скринингтік қарап-тексеру шеңберінде анықталған АСИ адамдардың саны;
      СҚС – скринингтік қарап-тексеруде қаралған адамдардың саны;
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      7. Денсаулық мектептеріне барғандардың орта айлық санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
               ДМК = (ДМС1+ДМС2+..+ДМС12)/ 12, мұнда:
 
      ДМП – ДМ барғандардың орташа айлық санының көрсеткіші;
      ДМС – бейінді ДМ бір айда оқудан өткен пациенттердің саны;
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      8. Темекіге қарсы орталықтарға (бұдан әрі – ТҚО) барғандардың орташа айлық санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
              ТҚОК = (ТҚОС1+ТҚОС2+..+ТҚОС12) / 12, мұнда:
 
      ТҚОК – темекіге қарсы орталықтарға барғандардың орташа айлық көрсеткіші;
      ТҚОС – ТҚО-да бір айда оқудан өткен пациенттердің саны;
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      9. Жастар денсаулық орталықтарына (бұдан әрі – ЖДО) барғандардың орташа айлық санының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
             ЖДОК = (ЖДОС 1+ЖДОС 2+..+ЖДОС 12) / 12, мұнда:
 
      ЖДОК – ЖДО-ға барғандардың орташа санының көрсеткіші;
      ЖДОС – ЖДО-да бір айда оқудан өткен пациенттердің саны;
      Өлшем бірлігі – пайыз.

Денсаулық сақтау     
саласындағы көрсеткіштерді
қалыптастыру (есептеу) 
әдістемесіне       
9-қосымша         

АИТВ/ЖИТС профилактикасы саласындағы қызметті
жүзеге асыратын ұйымдардың көрсеткіштері

      1. АИТВ-инфекциясына тестілеуден өткен халықтың пайызының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
          Т = (t (код 100) – t (код 114) – t (код 109)/2 - t
                   (код 112)/2) / Nх(100), мұнда:
 
      Т - АИТВ-инфекциясына тестілеуден өткен халықтың пайызы;
      t (код 100) – АИТВ-инфекциясына тексерілген Қазақстан Республикасы азаматтарының саны;
      t (код 114) – АИТВ-инфекциясына тексерілген жасырын тексерілгендер және азаматтығы анықталмаған адамдар саны;
      t (код 109)/2 – АИТВ-инфекциясына тексерілген жүкті әйелдердің саны 2 бөлінеді, себебі, жүкті әйелдер екі рет: тіркеуге тұрғанда және жүктіліктің үшінші триместрінде зерттеп-қаралады;
      t (код 112)/2 – АИТВ-инфекциясына тексерілген тергеу изоляторларында және түзету мекемелерінде қамалғандардың саны 2 бөлінеді, себебі бұл адамдар контингенті екі рет: қылмыстық-түзету жүйесі мекемесіне түскен кезде және 6 ай өткен соң зерттеп-қаралады.
      N – халық саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      2. Науқастарды антиретровирустық терапиямен (бұдан әрі - АРТ) қамту көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                        Қ = С/МС*100, мұнда:
 
      Қ – науқастарды антиретровирустық терапиямен қамту;
      С – есептілік кезеңі соңында АРТ қабылдап жатқан оң нәтижелі АИТВ бар пациенттердің саны;
      МС – АРТ-ға мұқтаж оң нәтижелі АИТВ бар пациенттердің саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      3. Емдеудің ұлттық хаттамасына сәйкес антиретровирустық профилактиканың (бұдан әрі – АРТ) толық курсын қабылдап жатқан оң нәтижелі АИТВ бар жүкті әйелдердің пайыз көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                        В = К1/К2*100, мұнда:
 
      В – емдеудің ұлттық хаттамасына сәйкес АРВ профилактиканың толық курсын қабылдаған оң нәтижелі АИТВ бар жүкті әйелдердің пайызы;
      К1 – есептілік кезеңінде анадан балаға берілу қаупін төмендету мақсатында АРВ профилактикасын қабылдап жатқан оң нәтижелі АИТВ бар босанған әйелдердің саны;
      К2 – есептілік кезеңінің соңында тіркеуде тұрған оң нәтижелі АИТВ бар жүкті әйелдердің саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      4. АИТВ/ЖИТС өмір сүретін адамдардың өлім көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                     С = А*1000/ (ЖС – К), мұнда:
 
      С – АИТВ/ЖИТС-пен өмір сүретін адамдардың өлімі;
      А – ағымдағы жылы ЖИТС-тен қайтыс болғандардың саны;
      ЖС – ағымдағы жылдың басында АИТВ-инфекциясының жағдайларының жинақталған саны;
      К – ағымдағы жылдың басында АИТВ-ны жұқтырған қайтыс болған адамдардың жинақталған саны.
      Өлшем бірлігі – АИТВ-мен өмір сүретін 1000 адамға шаққандағы оқиғалар саны.
      5. Оң нәтижелі АИТВ-бар анадан балаға ерте берілуін төмендету үшін АРВ препараттардың профилактикасын қабылдаған оң нәтижелі АИТВ бар жүкті әйелдерден туылған нәрестелердің пайыз көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                           Н = С/С1*100, мұнда:
 
      Н – АИТВ-ның анадан балаға ерте берілуін төмендету үшін АРВ препараттарының профилактикасын қабылдаған оң нәтижелі АИТВ бар жүкті әйелдерден туған нәрестелердің пайызы;
      С – АИТВ-ның анадан балаға ерте берілуін төмендету үшін АРВ препараттарының профилактикасын қабылдаған, есептілік кезеңінде тірі туған балалардың саны (босанғаннан кейінгі ерте кезеңде, өмірдің алғашқы 6 айында);
      С1 – есептілік кезеңінде тірі туған балалардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.

Денсаулық сақтау     
саласындағы көрсеткіштерді
қалыптастыру (есептеу) 
әдістемесіне       
10-қосымша        

Туғаннан бастап үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа
дейінгі, психикасының және дене бітімінің дамуында кемістігі
бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды
психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын денсаулық
сақтау ұйымдардың көрсеткіштері

      1. Балалар үйінде тұратын 1 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
    БҮС (1 жасқа дейін) = БС (1 жасқа дейін)*100/БС (барлығы), мұнда:
 
      БҮС (1 жасқа дейін) – балалар үйінде тұратын бір жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы;
      БС (1 жасқа дейін) – 1 жасқа дейінгі балалардың саны;
      БС (барлығы) – есептілік мерзімінің соңында, балалар үйінде тұратын балалардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      2. Балалар үйінде тұратын 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
        БҮС (1 – 3 жас) = БС(1 - 3 жас) *100/БС (барлығы), мұнда:
 
      БҮС (1 – 3 жас) – балалар үйінде тұратын 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы;
      БС (1 – 3 жас) – 1-ден 3 жасқа дейінгі балалар саны;
      БС (барлығы) - есептілік мерзімінің соңында, балалар үйінде тұратын балалардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      3. Балалар үйінде тұратын 3 жастан асқан балалардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
  БҮС (3 жастан асқан) = БС (3 жастан асқан)*100/БС (барлығы), мұнда:
 
      БҮС (3 жастан асқан) - балалар үйінде тұратын 3 жастан асқан балалардың үлес салмағы;
      БС (3 жастан асқан) – 3 жастан асқан балалардың саны;
      БС (барлығы) - есептілік мерзімінің соңында, балалар үйінде тұратын балалардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      4. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
                 ЖБҮС = ЖБС*100/ БС (барлығы), мұнда:
 
      ЖБҮС – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың үлес салмағы;
      ЖБС – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың саны;
      БС (барлығы) – есептілік мерзімінің соңында, балалар үйінде тұратын балалардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      5. Жалпы шыққан балалардың ішінен, ата-аналары алған балалардың үлес салмағы мынадай формула бойынша есептеледі:
 
БҮС (ата-аналары) = БС (ата-аналары) *100/ БС (жалпы шыққан), мұнда:
 
      БҮС (ата-аналары) – ата-аналары алған балалардың үлес салмағы;
      БС (ата-аналары) – ата-аналары алған балалардың саны;
      БС (жалпы шыққан) – жалпы шыққан балалардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      6. Жалпы шыққан балалардың ішінен, асырап алған балалардың үлес салмағының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
             БҮС (асырап алынды) = БС (асырап алынды)*100/ БС
                        (жалпы шыққан), мұнда:
 
      БҮС (асырап алынды) – асырап алынған балалардың үлес алмағы;
      БС (асырап алынды) – асырап алынған балалар саны;
      БС (жалпы шыққан) – жалпы шыққан балалардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.
      7. Медициналық-әлеуметтік ұйымдарға ауыстырылған балалардың үлес салмағының көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі:
 
  БҮС (ауыстырылды) = БС (ауыстырылды)*100/ БС (жалпы шыққан), мұнда:
 
      БҮС (ауыстырылды) – медициналық-әлеуметтік ұйымдарға ауыстырылған балалардың үлес салмағы;
      БС (ауыстырылды) – медициналық-әлеуметтік ұйымдарға ауыстырылған балалардың саны;
      БС (жалпы шыққан) – жалпы шыққан балалардың саны.
      Өлшем бірлігі – пайыз.