"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 желтоқсанда № 12437 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 20 қараша

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 16 қарашада  
№ 9-3/1000 бұйрығымен  
бекітілген         

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік  көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 9 (тоғыз) жұмыс күн;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидиялар төлеу туралы шешім басқарма басшысының немесе оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыларға) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін (қоса алғанда), сағат 13.00-ден 14.00-ге, 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 8.00, 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген шекте бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш) ұсынуы қажет.
      Дайындаушы ұйымдардың өтінімдерін көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын есептік жылдан кейінгі жылдың 10 мамырына дейін қабылдайды.
      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының 5-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктерге) ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу жөніндегі мәліметтерді осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және ауыл шаруашылығы өнімін өткізу жөніндегі мәліметтерді осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
      Қабылдаған күні және уақыты көрсетіле отырып, көшірмесіне кеңседе тіркелгендігі туралы белгі қою өтініштің қабылданғандығын растау болып табылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма қол беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні және берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында:
      заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
      Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органга шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.     

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле
отырып қойылатын өзге талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мен анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.mgov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы 
ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде
бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын  
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін      
қызмет стандартына                 
1-қосымша                      

                                                             Нысан

______жылға есептелген шекте бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім

Кімге:_______________________________________________________________
                  (жергілікті атқарушы органның атауы)
Кімнен:______________________________________________________________
                     (дайындаушы ұйымның атауы)
Өтінімді берген сәттегі өтінім берушінің мемлекеттік кіріс
органдарында тіркелген
орны:________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Өтінім берушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жеке сәйкестендіру коды

Бизнес сәйкестендіру коды

Өтінім берушінің есептік шоты (жиырма мәнді)

Банктің немесе Ұлттық почта операторының деректемелері:
Банктің немесе Ұлттық почта операторының атауы:

Бизнес сәйкестендіру нөмірі

Жеке сәйкестендіру коды

Бизнес сәйкестендіру коды

                                                                теңге

1

Есептік жыл үшін декларациялар бойынша ҚҚС төлеуге есептелген сома


2

Есептік жыл үшін декларациялар бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасы


3

Есептік жыл үшін жиынтық жылдық кіріс сомасы


4

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағында белгіленген тізбе бойынша есептік жыл үшін өнім өткізуден түскен кіріс сомасы


5

Жиынтық жылдық кірістің жалпы сомасындағы тізбе бойынша өнім өткізуден түскен кірістің үлес салмағы (кемінде 90%)


6

Дайындаушы ұйымның шотына аударуға жататын субсидиялар сомасы


7

Мемлекеттік кіріс органдарының салық есептілігін қабылдағаны туралы хабарламалар деректемелері


      Өнімді өткізуге арналған тауарлық-көліктік жүкқұжаттар тізілімі өтінімге қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймыз, дұрыс емес мәліметті ұсынған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармыз.
      Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің сәйкессіздігі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған ақша қаражатын қайтарып беруге міндеттенеміз.
      Субсидиялар алу мақсатында дайындаушы ұйымдар бойынша мемлекеттік кіріс органдары алған барлық мәліметтерді мемлекеттік органдардың пайдалануына рұқсат етеміз.

      Дайындаушы ұйым басшысының
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы
      __________________________________________________ мөр орны
                                                        (бар болса)

      Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің
      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы
      ____________________________________________________

      Өтінімнің қабылданған күні            «____»_____________20__ж.

Есептелген шекте бюджетке төленген  
қосылған құн салығының сомасы мөлшерінде
субсидиялар аударуға арналған    
өтінімге қосымша           

                                                               Нысан

Өнімді өткізуге арналған тауарлық-көліктік жүкқұжаттар тізілімі

Р/с№

Тауарлық көліктік жүкқұжат нөмірі

Толтырылған күні

Алушының атауы

Тауардың атауы

Саны (көлемі)

Бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)

ҚҚС сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9









































































Дайындаушы ұйым басшысының
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы
__________________________________________________  мөр орны
                                                    (бар болса)

Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы
____________________________________________________ 

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде  
бюджетке төленген қосылған құн
салығы сомасын субсидиялау»  
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына      
2-қосымша           

                                                             Нысан

20____ жылғы ____ тоқсан үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алу
жөніндегі мәліметтер
_______________________________________________________________
(дайындаушы ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________

р/с №

Жеткізуші атауы

Өнімнің атауы

Саны (көлемі)

Бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)

ҚҚС сомасы (теңге)





































Жиыны






Дайындаушы ұйым басшысының
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы
__________________________________________________ мөр орны
                                                 (бар болса) 

Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы
___________________________________________________ 

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
дайындаушы ұйымдарға есептелген
қосылған құн салығы шегінде  
бюджетке төленген қосылған құн
салығы сомасын субсидиялау»  
мемлекеттік көрсетілетін    
қызмет стандартына      
3-қосымша           

                                                             Нысан

20____ жылғы ____ тоқсан үшін ауыл шаруашылығы өнімін өткізу
жөніндегі мәліметтер
_______________________________________________________________
(дайындаушы ұйымның атауы)
_______________________________________________________________

р/с №

Өнімді алушының атауы

Өнімнің атауы

Саны (көлемі)

Өткізу бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)

ҚҚС сомасы (теңге)





































Жиыны






Дайындаушы ұйым басшысының
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы
__________________________________________________ мөр орны
                                                   (бар болса)

Дайындаушы ұйымның бас бухгалтерінің
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы
____________________________________________________