Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 640 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 желтоқсанда № 12402 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 15.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы Хаттаманың 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2015 жылғы 15 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

      Министр                                Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің     
2015 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 640 бұйрығымен    
бекітілген        

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара
трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды
өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық

      1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналымының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленген (бұдан әрі – Хаттама) және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер болып табылмайтын үшінші елдерден (бұдан әрі – үшінші елдер) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын тауарлардың, сондай-ақ осындай мөлшерлемелер көлемінің тізбесіне енгізілген тауарлардың (бұдан әрі – Тізбеге енгізілген тауарлар) өтуін, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ЕАЭО СЭҚ ТН) кодын есепке алуды жүзеге асыруды нақтылайды.
      2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар:
      1) «баждың төмендетілген мөлшерлемесі» – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндеттемелерінде көзделген мөлшерлеменің ең жоғары деңгейінде белгіленетін, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) кедендік әкелу бажының қолданыстағы мөлшерлемесімен салыстырғанда біршама төмен кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі;
      2) КААЖ – кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
      3) Тізбе – баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын, Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден әкелінетін тауарлардың, сондай-ақ осындай мөлшерлемелер көлемінің тізбесі;
      4) ЭШФ АЖ – электрондық шот–фактуралардың ақпараттық жүйесі.
      3. Есепке алу жүйесі осы Нұсқаулықта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде (бұдан әрі – ЕАЭО мүше мемлекеттер) Тізбеге енгізілген тауарлардың өтуін есепке алу жиынтығы мынадай түрде:
      ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар бойынша КААЖ тіркеуге жататын тауарларға арналған декларацияларды есепке алу;
      ЭШФ АЖ көшіріп беруге және тіркеуге жататын электрондық шот–фактураларды есепке алу;
      ЕАЭО басқа мүше-мемлекеттердің уәкілетті органдарына беру үшін есепке алу жүйесіндегі ақпаратты өңдеу деп түсіну керек.
      Хаттаманың 3-бабы 8-тармағына сәйкес тауарлардың декларацияларынан алынатын деректермен және мәліметтермен нақты уақыт режимінде электрондық нысанда ЕАЭО мүше-мемлекеттердің уәкілетті органдар арасында алмасу жүйесін енгізу үшін есепке алу жүйесі сондай-ақ тауардың ілеспе құжаты ретінде табыс етілетін өтініштердің:
      тауарлардың декларациялардың;
      электрондық шот–фактуралардың көшірмелерінен тұрады.
      4. Тауарлардың декларациясы Тізбеге енгізілген, олар бойынша кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылатын тауарлар бойынша жеке (тауарлардың жеке декларациясы) ресімделеді.
      Декларант Тізбеге енгізілген, олар бойынша ЕАЭО БКТ белгілеген кедендік әкелу бажының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылған тауарларды және Тізбеге енгізілмеген тауарларды әкелген кезде бір тауарға арналған декларацияда декларациялауды жүргізеді.
      5. Ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырылған, Тізбеге енгізілген тауарларды орналастырған кезде тауарлардың декларациясының тіркеу нөмірінің 3 элементінің бірінші саны мынадай тәртіпте толтырылу тиіс:
      0 – ЕАЭО БКТ мөлшерлемелері қолданылған тауарларға қатысты;
      1 – олар бойынша баждың төмендетілген мөлшерлемелері қолданылған тауарларға қатысты.
      6. ЕАЭО басқа мүше-мемлекеттерге әкетілетін, тізбеге енгізілген тауарлар туралы мәліметтерді кедендік әкелу баждары ЕАЭО КБТ мөлшерлемелері бойынша төленетін тауарлар туралы ақпаратпен салыстыру, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізу кезінде электрондық шот–фактурада:
      баждың төмендетілген мөлшерлемесі немесе ЕАЭО БКТ мөлшерлемесі бойынша кедендік әкелу бажын төлегенін айқындайтын белгісі (осы Нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес баждардың мөлшерлемелерін қолдануын;
      Тізбеге енгізілген, тауар оның аумағына әкетілетін ЕАЭО басқа мүше мемлекеттің әріптік кодын;
      межелі пунктін;
      Тізбеге енгізілген тауардың атауын;
      Тізбеге енгізілген тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН кодын;
      Тізбеге енгізілген тауардың санын (көлемін) өлшеу бірлігін көрсетумен санын (көлемі);
      тауарға декларацияның тіркеу нөмірі мен декларацияланатын тауардың реттік нөмірін;
      Тізбеге енгізілген тауарлардың, оларды сатып алған кезде жеткізушіден алған шот–фактураның нөмірі.
      7. Салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 77 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10423 болып тіркелген), Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында белгіленген тәртіпте:
      бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген кезде;
      бір заңды тұлғаның шегiнде осындай тауарды беруге байланысты, бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттің аумағына әкеткен кезде электрондық шот-фактураны жазып береді. Бұл ретте бұл әкетілім Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған өткізу бойынша айналымға енгізілмейді.
      8. Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО басқа мүше мемлекеттің аумағына Тізбеге енгізілген тауарларды әкеткен кезде салық төлеуші осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарға арналған декларациялардың және электрондық шот-фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландыру туралы өтінішті, олардың көшірмелерін қосып бере отырып, Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 30 маусымдағы «Кеден ісі туралы» кодекстің 11 бабы 11-тармағына сәйкес, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын аумақтық мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – МКО) табыс етеді.
      МКО табыс еткен өтініштердің негізінде:
      үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілінетін Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барына растау;
      тауарлардың декларациялардың және электрондық шот–фактуралардың көшірмелерін тауардың ілеспе құжаты ретінде растау туралы өтініште көрсетілген тауарлардың қалдығының бары туралы мәліметтердің сәйкес келуін камеральдық бақылауды жүзеге асырады.
      МКО өтінішті табыс еткен күннен кейінгі үш күнтізбелік күннен кешіктірмей табыс етілген құжаттардың көшірмелерін куәландырады не болмаса осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны куәландырудан бас тартады.
      9. Қазақстан Республикасының аумағынан Тізбеге енгізілген тауарларды ЕАЭО басқа мүше мемлекеттердің аумағына әкеткен және Хаттама күшіне енгенге дейін әкелген кезде, салық төлеуші МКО тауарлардың декларациялары мен электрондық шот–фактуралардың көшірмелерін қоса табыс етеді:
      осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың декларациялардың және электрондық шот–фактуралардың көшірмелерін тауардың ілеспе құжаты ретінде растау туралы өтінішті;
      Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығының барын және осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хаттама күшіне енгенге дейін үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуін растау мақсатында салық тексеруін жүргізуге өтінішті табыс етеді.
      10. МКО табыс еткен өтініштердің негізінде салық тексеруін жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды:
      1) Хаттама күшіне енгенге дейін үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және ЕАЭО басқа мүше мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілінетін Тізбеге енгізілген тауарлардың қалдығы барына растығына;
      2) кедендік декларациялау Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізілген, үшінші елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкетілінетін Тізбеге енгізілген тауарларды әкелу фактісіне;
      3) тауарлардың декларациялардың және электрондық шот–фактуралардың көшірмелерін тауардың ілеспе құжаты ретінде растау туралы өтініште көрсетілген мәліметтерідің сәйкестігіне шаралар қабылдайды.
      Тауарлардың ілеспе құжаты ретінде тауардың декларациялары мен электрондық шот–фактуралардың көшірмелерін салық тексеруін аяқтағаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей бекітіледі.
      Салықтық тексерудің нәтижелері бойынша осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген мәселелер расталмаған жағдайда, МКО осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарға арналған декларацияның және электронды шот-фактураның көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде куәландырудан бас тартады.
      11. Осы Нұсқаулықты бұзғаны үшін салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен белгіленген жауапкершілікте болады.
      12. МКО-ның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) жоғары тұрған МКО-ға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа шағымдануы мүмкін.

Еуразиялық экономикалық одаққа       
мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық  
саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды,  
оларды өткізу кезінде есепке алуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша      

Нысан
________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)            
________________________________________________
(салық төлеушінің Т.А.Ж. (болған кезде)/атауы)
________________________________________________
ЖСН/БСН ________________________________________
«___»_______20__________________________________

Тауарға арналған декларациялар мен электрондық
шот–фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде
куәландыру туралы өтініш №____

      Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағына
Тізбеге енгізілген тауарларды әкетуге байланысты -___________________
_____________________________________________________________________
                        (мемлекетті көрсетіңіз)

тауарлардың декларациялары (ТД) мен электрондық шот–фактуралардың
(ЭШФ) мынадай көшірмелерін тауарлардың ілеспе құжаты ретінде
растауыңызды өтінем:

Құжат көшірмесінің түрі (ТД немесе ЭШФ)

ТД немесе ЭШФ тіркеу нөмірі (тиісінше)

1



2





      Осы орайда тауарлардың декларацияларын түзетуге берген жағдайда
алған тауарлардың декларацияларының, электрондық шот–фактуралардың
куәландырған көшірмелерін, түзетілген көшірмені, куәландырылған
шот-фактураға қосымша шот-фактураны, сондай-ақ керi қайтарылған
шот-фактураны пайдаланбауға міндеттенем.

      Ескерту:
      *Кесте куәландыру үшін құжаттың табыс етілетін көшiрмесiнiң
әрқайсысы бойынша жолма-жол (жол саны шектеусіз) толтырылады.
                                       ____________________________
                                       Қолы және мөр (болған кезде)

Еуразиялық экономикалық одаққа       
мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық  
саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды,  
оларды өткізу кезінде есепке алуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша      

Нысан
_______________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)         
_______________________________________________
(салық төлеушінің Т.А.Ж. (болған кезде)/атауы)
_______________________________________________
ЖСН/БСН _______________________________________
«___»_________________________________20_______

Тауарға арналған декларациялар мен электрондық
шот–фактуралардың көшірмелерін тауарға ілеспе құжат ретінде
куәландырудан бас тарту

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды
әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманың
3-бабы 4-тармағына сәйкес
_____________________________________________________________________
                   (мемлекеттік органның атауы)

Сізді ______________________________________________ салық төлеушінің
                Т.А.Ж. (болған кезде)/атауы
ЖСН (БСН)____________________________________________________________
көшірмелерін тауарлардың ілеспе құжаты ретінде куәландырудан бас
тарту туралы хабарлайды:

Құжат көшірмесінің түрі (ТД немесе ЭШФ)

ТД немесе ЭШФ тіркеу нөмірі (тиісінше)

1



2





Тауарлардың декларациялары мен электрондық шот–фактуралардың
көшірмелерін тауарлардың ілеспе құжаты ретінде куәландыру туралы
өтінішке қоса берілген ______________________________________________
                        Өтініштерді тіркеу журналындағы кіріс нөмірі
Мынандай себептерден:
_____________________________________________________________________
        мемлекеттік орган басшысының немесе басшы орынбасарының
                    Т.А.Ж. (болған кезде) және қолы

Еуразиялық экономикалық одаққа       
мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық  
саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды,  
оларды өткізу кезінде есепке алуды ұйымдастыру
жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша      

Нысан
______________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)           
______________________________________________
(салық төлеушінің Т.А.Ж. (болған кезде)/атауы)
______________________________________________
ЖСН/БСН ______________________________________
«___»___________________________20____________

Салық тексеруін жүргізуге өтініш I-бөлім. Салық тексеруін жүргізу туралы ақпарат

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы Хаттаманың 10-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Хаттама), Хаттама күшіне енгенге дейін әкелінген, ЕАЭО басқа мүше-мемлекеттерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілінетін Тізбеге енгізілген тауарларды әкетуге байланысты салық тексеруін жүргізуді сұраймын –
_____________________________________________________________________
                         (мемлекетті көрсетіңіз)

II-бөлім. Салық төлеушінің келісімі

      Біз (Мен) осы өтініштің шеңберiнде салық тексеруін жүргізуге қажетті дербес деректерді жинауға және өңдеуге келiсiмдi беремi(н)з.

III-бөлім. Салық төлеушінің жапапкершілігі

      Біз (Мен) осы өтініште келтірілген мәліметтердің растығы мен толықтығына жауапкершілікте боламы(н)з.
___________________________________________________________________
           Салық төлеушінің басшысының (уәкілетті өкілінің)
          Т.А.Ж.(болған кезде), қолы және мөрі (болған кезде)
_____________________________________________________________________
                       Өтінішті табыс еткен күні

IV-бөлім. Мемлекеттік органның белгісі

_____________________________________________________________________
Өтінішті қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ж.(болған кезде) және қолы
_____________________________________________________________________
             Өтініштің кіріс нөмірі және қабылдау күні