Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 12353 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
С. Сарсенов

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 7 қазан

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 4 қараша

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 25 тамыздағы
№ 883 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы

      13-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда автомобильмен әлеуметтік мәні бар қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және тарифтердің қолжетімділік деңгейі мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастардағы жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік мәні бар тасымалдар деп танылады.

      3. Субсидиялауға тарифтерін жергілікті атқарушы орган белгілейтін автомобильмен әлеуметтік мәні бар қатынастар арқылы тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша пайда болған тасымалдаушының залалдары жатады.

      Тасымалдауды орындаудан келетін залалдар "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 тіркелген) (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес анықталған жолаушылар тасымалдау тарифі мен жергілікті атқарушы органның әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарына белгілеген тариф айырмасы ретінде айқындалады.

      Қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысын электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда субсидиялауға осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес жолаушылар мен багажды тасымалдаудан түскен табыс және маршрут бойынша өткен жолға сүйеніп (км), маршрут құны арасындағы айырмашылық ретінде айқындалған тасымалдарды орындаудан болған залал жатады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Егер Әдістемеге сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифі мен жергілікті атқарушы органмен белгіленген әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастары тарифі айырмасы жергілікті бюджеттен субсидияланбаған жағдайда, онда тариф мөлшері жергілікті атқарушы органмен Әдістемеге сәйкес анықтаған жолаушыларды тасымалдау тарифі деңгейінде белгіленеді.

2. Субсидиялауға жататын автомобиль көлігімен жолаушылардың әлеуметтік мәні бар тасымалдары және субсидиялар мөлшерлері

      5. Егер жергілікті атқарушы орган белгілеген жолаушыларды тасымалдау тарифі Әдістемеге сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифінен төмен болса, аталған маршрут әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар санатына жатады.

      6. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органы айқындайтын әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы үш жылдық мерзімге субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастары тізбесін жасайды.

      7. Тасымалдаушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әдістемеге сәйкес анықталған маршруттағы тариф есебін, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысын электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда осы Қағидаларға 2-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес маршрут құны бойынша есебін ұсынады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес, тасымалдаушы ұсынған есептердің дұрыстығын анықтау және субсидиялауға тиісті әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы әкімнің өкімімен (ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңылық қатынастар) тариф бойынша Комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Комиссияға жергілікті атқарушы орган әкімінің орынбасары басшылық етеді. Комиссия құрамына жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың (жолаушылар көлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша уәкілетті), өңір ұлттық кәсіпкерлерінің өңірлік палатасы, заңды тұлғалар және қоғамдық бірлестіктердің автокөлік бірлестіктер өкілдері кіреді. Комиссия құрамына кәсіподақ бірлестіктерінің, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдарының өкілдері кіруі мүмкін.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мәселе туындаған жағдайда тариф анықтаудың дұрыстығын растау үшін Комиссия тасымалдаушыдан Әдістемеге 1-қосымша болып табылатын Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерiн қалыптастыруды экономикалық-математикалық моделі аясында тариф есептеуде қолданған құжаттар мен ақпаратты тек бір ғана рет сұратады.

      Комиссия отырысы нәтижесінде тариф анықтаудың дұрыстығын хаттамалық түрде растайды және осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тасымалдаушыдан есептер түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесін жасайды.

      10. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады, ол құрылымның жалпы санынан үштен екісі болған кезде құқықты.

      Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілген болса, Комиссия шешімі қабылданған болып саналады. Теңбе-тең дауыс берілген жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

      11. Әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды субсидиялауға бағытталған сомалар көлемін анықтау әрбір қатынасқа мынадай:

      1) Әдістемеге сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тариф пен жергілікті атқарушы органмен белгіленген әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастары тариф арасындағы айырмашылық;

      2) жыл сайын жоспарланатын тасымалданатын жолаушылар саны негізінде жүргізіледі;

      3) қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысын электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда жолаушылар мен багажды тасымалдаудан түседі деп болжанған табыс және осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км) сүйене отырып анықталған маршрут құны арасындағы айырмашылық ретінде айқындалған тасымалдарды орындаудан болған залал жатады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарын субсидиялау көлемі Әдістемеге сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифі мен жергілікті атқарушы органмен белгіленген тариф айырмашылығын, жылдарға бөлінген жыл сайынғы болжамдалған тасымалданатын жолаушылар, санына көбейтумен анықталады.

      Қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысын электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда тасымалдаушылардың залалын субсидиялауға кететін қаражат көлемі жоспарланған жолаушылар мен багаж тасымалдарының санынан түсетін табыстар және осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автобустың маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км) сүйене отырып анықталған маршрут құны арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді жүзеге асыруды жоспарлау үшін жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті бюджет бағдарламасы бойынша үш жылға бюджеттік өтінімді әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      Осы Қағидалардың 11 және 12-тармақтарына сәйкес анықталған әлеуметтік мәні бар қатынастарды субсидиялауға арналған қаражат көлемі және әлеуметтік қатынастар тізілімі бюджеттік өтінім үшін негіз болып табылады.

      Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджетті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді орган бекіткеннен кейін бір ай мерзімде әлеуметтік мәні бар субсидияланатын автомобиль қатынастары бойынша үш жылдық мерзімге сомалар бекітеді.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Бекітілген бюджет негізінде тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы орган арасында Әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарды субсидиялау, ал қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақыны электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда тасымалдаушыға субсидияны төлеу үшін жергілікті атқарушы орган, тасымалдаушы және уәкілетті ұйымдар арасында Әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарды субсидиялау туралы:

      1) осы Қағидалармен анықталған міндеттерді;

      2) жылдарға бөлінген үш жылға болжамдалған жолаушыларды тасымалдау санын;

      3) жылдарға бөлінген үш жылға субсидиялау сомасын;

      4) белгіленген тарифті (тарифтердің торын);

      5) маршрут бойынша Әдістемеге сәйкес анықталған тарифті;

      6) қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысын электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда жылдар қимасында үш жылғы бағдарда жүріп өткен болжамдық жиынтық жолын;

      7) ұсынылған растаушы құжаттар сәйкес келмегенде заңсыз түскен субсидияны қайтару туралы міндеттемені қарастыратын шарт (бұдан әрі - Шарт) жасалады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Субсидияларды төлеу тәртібі мен шарттары

      15. Тасымалдаушы есепті айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға ай сайын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік мәні бар субсидияланатын автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар бойынша есеп жібереді. Қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақыны электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда Тасымалдаушы келесі есептік айдан кейінгі айдың 10-шы күніне дейінгі мерзімде уәкілетті ұйымға айлық есеп жібереді, кейін уәкілетті ұйым келесі есептік айдан кейінгі айдың 15-ші күніне дейінгі мерзімде орындалған жұмыс туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органға осы Қағидалардың 3-1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Тасымалдаушы қатынас бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы мынадай растау құжаттарын ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша билеттерді сату бойынша есеп;

      2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп;

      3) маршрут (км.) бойынша өткен жолға сүйеніп, қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақысын электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда осы Қағидалардың 4-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты шығыстарының көлемі жөніндегі есеп.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Әлеуметтік мәні бар субсидияланатын қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді жергілікті атқарушы орган тоқсан сайын міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына, сондай-ақ Шартқа сәйкес жүргізеді.

      17. Субсидияларды төлеу:

      1) тасымалдаушының ай сайынғы есебі, ал егер қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақыны электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда және уәкілетті ұйымның ақпараты;

      2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісінің;

      3) автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтің әкімінен немесе оны ауыстыратын тұлғадан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар (қалалық маршруттарды қоспағанда);

      4) қалалық (ауылдық) немесе қала маңы қатынастарында жолақыны электрондық төлеу жүйесін пайдаланған жағдайда елді мекеннің біріңғай диспетчерлік қызметтен алынған құжат немесе бағдар (км.) бойынша өткен жолға сүйеніп, осы бағдар бойынша орындалған рейстерді растаушы анықтамалар негізінде жүргізіледі;

      5) қалалық маршруттар бойынша орындалмаған рейстерді растайтын диспетчерлік қызметінің құжаты (болған кезде).

      Маршрутта бекітілген рейстерді толық орындамау кезінде, маршрутты субсидиялау үшін қажет сомадан орындалмаған рейстерге шығындалмаған сомма алынып тасталады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Жылдың соңғы күнтізбелік айы үшін бюджеттік субсидияларды төлеу кейіннен келесі жылдың 25 қаңтар мерзімінен кешіктірмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып, 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған, болжамды деректер бойынша жасалған субсидияланатын қатынастар бойынша есеп негізінде жүзеге асырылады.

      19. Әлеуметтік мәні бар қатынастарға төлеу мынадай жағдайларда:

      1) тасымалдаушымен маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруды тоқтатқанда;

      2) әлеуметтік мәні бар субсидияланатын қатынастар бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы есепті ұсынбағанда;

      3) жолаушылар мен багажды тасымалдау маршрутына қызмет көрсетуге құқық беретін куәлік кері қайтарылып алынғанда жүргізілмейді.

4. Тұрақты автобус тасымалын жүзеге асыру үшін маршрут құнын белгілеу тәртібі

      Ескерту. Қағида 4-бөліммен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда автобустарда (микроавтобустарда) жолақысын электрондық төлеу жүйесін пайдалану кезінде белгілі кезеңге маршрут құнын есептеуде немесе жұмыстардың (қызметтердің) белгілі көлемін орындау үшін келесі түрдің экономикалық-математикалық үлгісі пайдаланылады:



      формула (1)

      мұндағы:

      - белгілі кезеңге маршрут құны немесе көлік жұмысының белгілі көлемін орындау үшін;

      - жылжымалы құрам (сыйымдылығы орта және үлкен жылжымалы құрам сатып алу бойынша лизингтік төлемдер, көлік құралдарын сақтандыру құны, сыйымдылығы кіші автобустар бойынша амортизация) сатып алуға тасымалдаушы жұмсайтын нормативтік (есептік) шығындардың жалпы сомасы;

      - тасымалдаушының тікелей нормативтік (есептік) жалпы сомасы (отын, жағармай материалдары, автобустарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету, автошиналарды ауыстыру және жөндеу, жүргізушілер мен кондукторлардың еңбекақысы);

      - тасымалдаушының қосымша шығындарының жалпы сомасы;

      - 1,15 тең тасымалдаушының шығындарына есептік рентабельдік коэффициенті (15% ретінде қолданылады);

      - 1,12 тең қосылған құн салығына коэффициент (12% ретінде қолданылады).

      21. Баптар бойынша нормативтік шығындардың іріленген есептері мынадай орындалады:

      1) - жылжымалы құрамды сатып алуға тасымалдаушының нормативтік (есептік) жалпы сомасы мынадай тұрады:

      Сыйымдылығы шағын және үлкен жылжымалы құрамды сатып алу бойынша жылдық лизингтік төлемнің (жылдық аннуитет) көлемі.

      Мына формулада есептеледі:



      формула (2)

      мұндағы:

      - жылжымалы құрамды сатып алу бойынша жылдық лизингтік төлемнің (жылдық аннуитет) көлемі;

      - лизинг келісімшартының мерзімі;

      - бір көлік құралының орта нарықтық құны;

      Бір күнтізбелік жыл ішінде шығарушы зауыттан не ресми делдалдар арқылы сатып алынған автобустар үшін, сатып алу құны осындай болады.

      Қайталама нарықтан сатып алынған, сондай-ақ жалданған автобустардың – орта нарық құны, бағалық қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен айқындалады (баға беру мерзімі 6 айға дейін).

      - келісімшарт бойынша лизингтік пайыз мөлшерлемесі;

      - лизинг келісімшарты бойынша аванстық төлем көлемі (көлік құралы құнынан пайыздық мөлшерлеме);

      - 0,8-ге тең лизинг төлемдерін өтеу коэффициенті (80 % ретінде қолданылады).

      Лизинг шартының ағымында жылжымалы құрамды сатып алу бойынша лизингтік төлемдер өтелуге жатады. бұл ретте лизинг (қарыз) шарты 5 жылдан астам мерзімге жасалса, онда өтеуге іс жүзіндегі лизингтік (қарыз) төлемдері қабылданады, егер лизинг (қарыз) шарты 5 жылдан кем мерзімге жасалса, онда өтеу лизинг (қарыз) шарты 5 жылдық мерзім есебінен жүзеге асырылады.

      2) Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін сақтандыру шартын жасасқанда төлеуге жататын жылдық сақтандыру сыйақының мөлшері 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексімен (ерекше бөлім) анықталады.

      3) Жылжамылы құрам сатып алу бойынша лизингтік төлемдер болмаған жағдайда өтеуге жалпы жүріп өткен жолының есебінде маршрутқа бекітілген автобустар бойынша амортизациялаған аударымдар сомасы жатады. Мына формула бойынша есептеледі:

      За = 0,15 х Ам х КР х Ц,

      формула (3)

      мұндағы:

      За - амортизация шығындары;

      0,15 - 15 % көлемінде автокөлік бойынша амортизация нормасы;

      Кр - автобустар резервінің коэффициенті.

      4) - тасымалдаушының тікелей нормативтік (есептік) жалпы сомасы мынадан тұрады:

      - осы маршрутта пайдаланылатын автобустардың жалпы жүріп өткен жолына есептегенде автомобильдік отын шығындары тариф есептелетін күнгі барлық қолданыстағы үстемелер мен 1 литр бензиннің дара бағасын есепке алып, 100 км жұмсалған отын шығындарының базалық нормаларына сүйеніп анықталады:



      формула (4)

      мұндағы:

      0,01 - 100 км-ден 1 км-ға отын шығынын қайта есептеу;

      - төмендегі формула бойынша есептелетін маршрутқа қызмет көрсетуде автобустардың жылдық жүріп өткен жолы:



      формула (5)

      мұндағы:

      - бір жылда маршрутқа қызмет көрсетілген күндер саны (жыл бойы жұмыс істеу режимінде Кж = 365);

      - бағдардағы рейс айналымдарының күнделікті саны;

      - маршруттағы рейс айналымдарының қашықтығы км;

      - күнделікті нөлдік жүріп өткен жол, км;

      Маршрут сипатының көрсеткіштері жұмыс және демалыс күндері бойынша әртүрлі мәндерге тең болса, онда автобустардың жалпы жылдық жүріп өткен жолы осы көлемдерді жинақтаумен жұмыс және демалыс күндері бойынша жеке анықталады.

      - автобустың 100 км жүріп өткен жолына литрмен есептелетін отынды шығындаудың базалық нормалары "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына арналған жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысына (бұдан әрі – Отынды шығындау нормалары) сәйкес анықталады;

      - автобустың маршрутта жұмыс істеу шынайы шарттары үшін базалық нормаға үстемелердің жиынтық коэффициенті Отынды шығындау нормалары сәйкес анықталады;

      - отынның қысқы және жазғы түрлерін пайдалануды есепке алып, тариф есептеу күніне 1 литрдің орташа жылдық дара құны мына формула бойынша анықталады:



      формула (6)

      мұндағы:

      - ККл (коэффициент климаттық) мәнін анықтайтын Отынды шығындау нормаларының 10-шы кесте бойынша кезеңдер шегінде өңір бойынша анықталған бір жылдағы қысқы және жазғы айлар саны.

      - тариф есептеу күніне отынның дара құны (жазғы және қысқы).

      Жазғы кезеңде тариф есептеуде негізге алдыңғы қысқы кезеңде қалыптасқан қысқы отынның 1 литрдің бағасы алынады.

      5) - жанар-жағармай материалдарына шығындар автомобильдік отынға шығындардың 10%-ға тең:

      формула (7)



      6) - жөндеу жұмыстарын және техникалық қызмет көрсету жүргізуге жұмсалатын шығыстар осы маршрутқа қызмет көрсету үшін бекітілген автобустардың құнынан 25% ретінде қабылданады, мына формула бойынша:



      формула (8)

      мұндағы:

      - кесте бойынша маршруттағы автобустардың бір күн ішіндегі саны;

      - автобустар резервінің коэффициенті, (1,2 ретінде тең шығындарды есептеу үшін алынатын кесте бойынша автобустар маршруттарына бекітілгендердің жалпы санының маршрутқа жеткізуге жататын автобустардың санына қатынасы);

      Ц - маршрутта бекітілген 1 автобустың орташа адал нарықтық құны, теңгемен;

      Өндіруші зауыттан немесе ресми делдалдардан сатып алынған автобустар үшін сатып алу құны осындай болады.

      Қайталама нарықтан сатып алынған, сондай-ақ жалданған автобустардың – орта нарық құны, бағалық қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен айқындалады (баға беру мерзімі 6 айға дейін).

      7) - маршруттағы автобустардың жылдық жүрісіне есептелген автошиналарды пайдалану шығыстарын мынадай формула бойынша анықтауға болады:



      формула (9)

      мұндағы:

      - бір шина жиынтығының орташа сатып алу бағасы (шина, камера, жиек таспасы), есептеу кезінде теңгемен;

      - автобустағы доңғалақ саны (қосалқы доңғалақсыз);

      - маршрутқа қызмет көрсету кезіндегі автобустардың жалпы жылдық жүрісі;.

      - автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасы отын шығысының нормасына сәйкес анықталады, км;

      - автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасын түзету коэффициенті отын шығысының нормасына сәйкес анықталады.

      8) - маршруттағы автобустардың жылдық жүрісіне есептелген автошиналарды пайдалану шығыстарын мынадай формула бойынша анықтауға болады:



      формула (10)

      мұндағы:

      - бір жылда маршрутқа қызмет көрсетілетін айлардың саны (жұмыстың тәулік ішінде режимі кезінде Мр = 12);

      ZВ және ZК – автобус жүргізушісінің орташа айлық жалақысы өтінім бергеннің алдындағы тоқсан негізінде статистика деректері бойынша қалыптасқан тасымалдаушы тіркелген аумақтағы бір қызметкердің орташа айлық жалақысы деңгейінде белгіленеді. Кондуктордың орташа айлық жалақысы жүргізушінің жалақысының 70% деңгейінде белгіленеді;

      - маршрутта әр автобусқа бекітілген жүргізушілердің (кондукторлардың) нормативтік саны;

      - тасымалдаушының есептік деректерімен расталған сомада еңбек жалақысы мен қызметкерлерді сақтандыруға әлеуметтік есептеуін есепке алатын коэффициент.

      1,2 - аурулық, еңбек, оқудағы жұмысшылардың есептеулерін ескеретін түзету коэффиценті.

      9) Шү - үстеме шығыстардың нормативті сомасы осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша шығындардың тікелей баптарының жиынтық сомасынан 20% құрайды және мына формула бойынша анықталады:



      Үстеме шығыстарды есептеу сомасы өндіріс шығындарына жататын барлық салық және алымдар түрлерін (қосалқы құн салығы мен кірістің корпоративтік салығынан басқа) қамтиды.

      22. Осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес тасымалдаушы ұсынған есептердің дұрыстығын анықтау және субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру үшін тиісті әкімшілік-аудандық бірліктің жергілікті атқарушы органы әкімнің өкімі бойынша Маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссияны құрады (ауданішіліктің ауданаралығы, қалалық (ауылдық) және қала маңы қатынастары) (бұдан әрі - Маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия). Комиссия құрамы осы Қағидалардың 8-тармағының екінші бөліміне сәйкес анықталады.

      23. Ұсынылған есептердің дұрыстығын растау үшін Маршрут құнын айқындау жөніндегі комиссия және сұрақтар туындаған жағдайда тасымалдаушыдан осы Қағидалардың 4-бөлімімен көзделген тұрақты автобустық тасымалдарды жүзеге асыру үшін Маршрут құнын айқындау тәртібі шеңберінде есеп айырысқанда пайдаланылған құжаттар мен ақпаратты бір рет қана сұратады.

      24. Отырыс нәтижелері бойынша Бағдар құнын айқындау жөніндегі комиссия тасымалдаушы осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес нысан бойынша көліктік жұмыс төлеміне есептік шығындары түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде бағдар құнын айқындаудың дұрыстығын хаттама түрінде растайды және әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесін қалыптастырады.

      25. Комиссия шешімі осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес қабылданады.

  Әлеуметтік мәні бар жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастар тізбесі

Маршрут атауы (маршрут нөмірі)

Маршрут түрі (атауы)

Әдістемеге сәйкес 1 жолаушыға анықталған тариф

1 жолаушыға ұсынылатын немесе қолданыстағы тариф

Нақты және ұсынылатын тарифтер айырмашылығы

Әлеуметтік мәні бар қатынастарды 3 жылға болжамдалатын жылдарға бөлінген субсидиялау көлемі

1

2

3

4

5

6

7




жиыны





















      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      МО (бар болса)

  Әлеуметтік мәні бар жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Әдістемеге сәйкес анықталған маршруттағы тариф есебі

Маршрут атауы (маршрут нөмірі

Маршрут түрі (атауы)

Әдістемеге сәйкес 1 жолаушыға анықталған тариф

Әлеуметтік мәні бар маршруттарды 3 жылға жолаушылар тасымалының жылдарға бөлінген болжамдалатын саны

1

2

3

4

5






      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      МО (бар болса)

  Әлеуметтік мәні бар
жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
2-1-қосымша
Нысан

Маршрут құнының есебі

      Ескерту. Қағида 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/н

Маршрут атауы (бағдар нөмірі))

Маршрут түрі (атауы)

Маршрут қашықтығы (км)

Маршрут
құны

Болжанған жолаушылар тасымалының жыл ішіндегі саны

1

2

3

4

5

6







      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болса)

  Әлеуметтік мәні бар жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      20 __ жылға арналған _________________________

      (ұйымның атауы)

      _________________________ обл. (қала, аудан) бойынша әлеуметтік мәні

      бар субсидияланатын автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар бойынша есебі

Маршруттың атауы, №

Маршрут түрі (атауы)

1 жолаушыға белгіленген тариф

Есептік ай бойынша айларға бөлінген тасымалданған жолаушылар саны

Жолаушылар тасымалынан түскен қаражат, теңге

1

2

3

4

5

6







      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      МО (бар болса)

  Әлеуметтік мәні бар
жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
3-1-қосымша
Нысан

Орындалған жұмыс туралы ақпарат

      Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_______________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)
__________________________________ обл. (қала, аудан) бойынша
20___ ж. ___________________ үшін

№ р/н

Маршруттар саны

Орындалған тасымал көлемі (км)

Жалпы маршруттар құны

Жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаражат, теңге

1

2

3

4

5






      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болса)

  Әлеуметтік мәні бар жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Билеттерді сату бойынша есеп

      Тасымалдаушының атауы ___________________________________

      теңге

Маршруттың атауы немесе нөмірі

Бір реттік жол жүру билеттерін сату туралы ақпарат

билеттің түрі

саны (дана)

билеттің бағасы

жалпы сомасы

1

2

3

4

5


ересек




балалар үшін




жеңілдетілген




Жиыны:




Ұзақ мерзімді жол жүру билеттерін сату туралы ақпарат

билеттің түрі

саны (дана)

билеттің бағасы

жалпы сомасы

ересек




балалар үшін




жеңілдетілген




Жиыны:




      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      МО (бар болса)

  Әлеуметтік мәні бар
жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
4-1-қосымша
Нысан

Тасымалдаушының жолаушыларды маршруттарда тасымалдаумен байланысты
шығыстарының көлемі жөніндегі есеп

      Ескерту. Қағида 4-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/н

Барлық шығындар,
соның ішінде баптар бойынша

Сома, мың теңге
 

1

2

3




      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болса)

  Әлеуметтік мәні бар жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп

      Тасымалдаушының атауы ___________________________________

      теңге

Маршруттың атауы немесе нөмірі

Сома

бір реттік жол жүру билеттерін сатудан

ұзақ мерзімді жол жүру билеттерін сатудан

жеңілдетілген жол жүруден алынған өтемақы

Жиыны

1

2

3

4

5











      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      МО (бар болса)

  Әлеуметтік мәні бар
жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Орындалған жұмыстар актісі

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________ қаласы 20 __ жылғы "___" _________

      Біз, төменде қол қойған, Тапсырыс берушінің өкілі_________________________

      ____________________________________________________________________

      (басшының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болған жағдайда)

      бір тараптан және Орындаушының өкілі

      ____________________________________________________________________

      (басшының, бас бухгалтердің қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты

      (егер болған жағдайда)

      екінші тараптан, 201__ жылғы ________ айына арналған____________________

      (маршруттың атауы, №)

      маршрут бойынша __________________ қатынаста жолаушыларды тасымалдау

      (ішкі облыстық, қалалық)

      бойынша орындалған жұмыстар шарттың талаптарын қанағаттандыратыны

      туралы осы актіні жасадық.

      Тасымалданған жолаушылар саны:

      _____________________________________________________________ құрады.

      (жолаушылар саны цифрмен және жазу үлгісімен)

      Субсидия сомасы:

      _____________________________________________________________ құрады.

      (цифрмен және жазу үлгісімен сомасы, теңгемен)

      Тараптардың заңды мекенжайы:

Тапсырыс беруші:

Орындаушы:

Атауы

Атауы

Мекенжайы

Мекенжайы

Банк деректемелері:
___________________________
(басшысының қолы, тегi, аты,
әкесiнiң аты (егер болған
жағдайда)

Банк деректемелері:
___________________________
(басшысының қолы, тегi, аты,
әкесiнiң аты (егер болған
жағдайда)

___________________________
(бас бухгалтердің қолы, тегi, аты,
әкесiнiң аты (егер болған
жағдайда)

___________________________
(бас бухгалтердің қолы, тегi, аты,
әкесiнiң аты (егер болған
жағдайда)

      мөрдің орны (бар болса) мөрдің орны (бар болса)

  Әлеуметтік мәні бар
жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
7-қосымша
Нысан

Тасымалдаушының көліктік қызметін төлеуге арналған есептік шығындар

      Ескерту. Қағида 7-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 31.08.2017 № 589 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

теңге

Бап

20__

20__

20__

Жалпы

Жылжымалы құрамға шығындар





Жылжымалы құрам бойынша
лизингтік төлемдер





Амортизация





Сақтандыру





Тікелей шығындар





Отын





Жағармай материалдары





Жөндеулер және техникалық қызмет көрсетуге арналған шығындар





Автошиналарға арналған
пайдалану шығындар





Жүргізушілер мен кондукторлардың еңбекақысын төлеу шығындары





Үстеме шығындар





Тасымалдаушының рентабельділігі





Жалпы





ҚҚС





Жұмыс мерзімі





Маршруттағы жиынтық жүріс, автобус-км





      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болса)