Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 желтоқсанда № 12353 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы       С. Сарсенов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 7 қазан

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 4 қараша

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 тамыздағы
№ 883 бұйрығымен бекітілген

Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
13-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес әзірленген және ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда автомобильмен әлеуметтік мәні бар қатынастары бойынша жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау тәртібін айқындайды.
      2. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ететін және тарифтердің қолжетімділік деңгейі мен Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркін жүріп тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын тұрақты қатынастардағы жолаушыларды тасымалдау әлеуметтік мәні бар тасымалдар деп танылады.
      3. Субсидиялауға тарифтерін жергілікті атқарушы орган белгілейтін автомобильмен әлеуметтік мәні бар қатынастар арқылы тасымалдауды орындау нәтижелері бойынша пайда болған тасымалдаушының залалдары жатады.
      Тасымалдауды орындаудан келетін залалдар «Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7297 тіркелген) (бұдан әрі - Әдістеме) сәйкес анықталған жолаушылар тасымалдау тарифі мен жергілікті атқарушы органның әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарына белгілеген тариф айырмасы ретінде айқындалады.
      4. Егер Әдістемеге сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифі мен жергілікті атқарушы органмен белгіленген әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастары тарифі айырмасы жергілікті бюджеттен субсидияланбаған жағдайда, онда тариф мөлшері жергілікті атқарушы органмен Әдістемеге сәйкес анықтаған жолаушыларды тасымалдау тарифі деңгейінде белгіленеді.

2. Субсидиялауға жататын автомобиль көлігімен жолаушылардың әлеуметтік мәні бар тасымалдары және субсидиялар мөлшерлері

      5. Егер жергілікті атқарушы орган белгілеген жолаушыларды тасымалдау тарифі Әдістемеге сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифінен төмен болса, аталған маршрут әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар санатына жатады.
      6. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін осы Қағидаларға  1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органы айқындайтын әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы үш жылдық мерзімге субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастары тізбесін жасайды.
      7. Тасымалдаушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әдістемеге сәйкес анықталған маршруттағы тариф есебін ұсынады.
      8. Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес, тасымалдаушы ұсынған есептердің дұрыстығын анықтау және субсидиялауға тиісті әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы әкімнің өкімімен ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңылық қатынастар тарифі бойынша Комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
      Комиссияға жергілікті атқарушы орган әкімінің орынбасары басшылық етеді. Комиссия құрамына жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың (жолаушылар көлігі, экономика және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша уәкілетті), өңір ұлттық кәсіпкерлерінің өңірлік палатасы, заңды тұлғалар және қоғамдық бірлестіктердің автокөлік бірлестіктер өкілдері кіреді. Комиссия құрамына кәсіподақ бірлестіктерінің, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдарының өкілдері кіруі мүмкін.
      9. Мәселе туындаған жағдайда тариф анықтаудың дұрыстығын растау үшін Комиссия тасымалдаушыдан Әдістемеге 1-қосымша болып табылатын Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерiн қалыптастыруды экономикалық-математикалық моделі аясында тариф есептеуде қолданған құжаттар мен ақпаратты тек бір ғана рет сұратады.
      Комиссия отырысы нәтижесінде тариф анықтаудың дұрыстығын хаттамалық түрде растайды және осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес тасымалдаушыдан есептер түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесін жасайды.
      10. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады, ол құрылымның жалпы санынан үштен екісі болған кезде құқықты.
      Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілген болса, Комиссия шешімі қабылданған болып саналады. Теңбе-тең дауыс берілген жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
      11. Әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды субсидиялауға бағытталған сомалар көлемін анықтау әрбір қатынасқа мынадай:
      1) Әдістемеге сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тариф пен жергілікті атқарушы органмен белгіленген әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастары тариф арасындағы айырмашылық;
      2) жыл сайын жоспарланатын тасымалданатын жолаушылар саны негізінде жүргізіледі.
      12. Әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарын субсидиялау көлемі Әдістемеге сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифі мен жергілікті атқарушы органмен белгіленген тариф айырмашылығын, жылдарға бөлінген жыл сайынғы болжамдалған тасымалданатын жолаушылар, санына көбейтумен анықталады.
      13. Жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді жүзеге асыруды жоспарлау үшін жергілікті атқарушы орган тиісті жергілікті бюджет бағдарламасы бойынша үш жылға бюджеттік өтінімді әзірлейді және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.
      Жоспарланған жолаушылар тасымалы санына Әдістемеге сәйкес анықталған жолаушыларды тасымалдау тарифі мен жергілікті атқарушы органмен белгіленген тарифтің айырмашылығы көбейтілген әлеуметтік мәні бар қатынастарды субсидиялауға арналған қаражат көлемі және әлеуметтік қатынастар тізілімі бюджеттік өтінім үшін негіз болып табылады.
      Жергілікті атқарушы орган жергілікті бюджетті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді орган бекіткеннен кейін бір ай мерзімде әлеуметтік мәні бар субсидияланатын автомобиль қатынастары бойынша үш жылдық мерзімге сомалар бекітеді.
      14. Бекітілген бюджет негізінде тасымалдаушы мен жергілікті атқарушы орган арасында Әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастарды субсидиялау туралы:
      1) осы Қағидалармен анықталған міндеттерді;
      2) жылдарға бөлінген үш жылға болжамдалған жолаушыларды тасымалдау санын;
      3) жылдарға бөлінген үш жылға субсидиялау сомасын;
      4) белгіленген тарифті (тарифтердің торын);
      5) маршрут бойынша Әдістемеге сәйкес анықталған тарифті қарастыратын шарт (бұдан әрі - Шарт) жасалады.

3. Субсидияларды төлеу тәртібі мен шарттары

      15. Тасымалдаушы есепті айдан кейінгі айдың 15 күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға ай сайын осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік мәні бар субсидияланатын автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар бойынша есеп жібереді.
      Тасымалдаушы қатынас бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы мынадай растау құжаттарын ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша билеттерді сату бойынша есеп;
      2) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп.
      16. Әлеуметтік мәні бар субсидияланатын қатынастар бойынша жергілікті бюджеттен субсидиялар төлеуді жергілікті атқарушы орган тоқсан сайын міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына, сондай-ақ Шартқа сәйкес жүргізеді.
      17. Субсидияларды төлеу:
      1) ай сайынғы есеп;
      2) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстар актісінің;
      3) автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметінің құжаты немесе ауылдық округтің әкімінен немесе оны ауыстыратын тұлғадан осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын анықтамалар негізінде (қалалық маршруттарды қоспағанда) жүргізіледі.
      18. Жылдың соңғы күнтізбелік айы үшін бюджеттік субсидияларды төлеу кейіннен келесі жылдың 25 қаңтар мерзімінен кешіктірмей нақты деректер бойынша жасалған есепті ұсына отырып, 20 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған, болжамды деректер бойынша жасалған субсидияланатын қатынастар бойынша есеп негізінде жүзеге асырылады.
      19. Әлеуметтік мәні бар қатынастарға төлеу мынадай жағдайларда:
      1) тасымалдаушымен маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруды тоқтатқанда;
      2) әлеуметтік мәні бар субсидияланатын қатынастар бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы есепті ұсынбағанда;
      3) жолаушылар мен багажды тасымалдау маршрутына қызмет көрсетуге құқық беретін куәлік кері қайтарылып алынғанда жүргізілмейді.

Әлеуметтік мәні бар жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Нысан

Субсидиялауға жататын әлеуметтік мәні бар автомобиль қатынастар тізбесі

Маршрут атауы (маршрут нөмірі)

Маршрут түрі (атауы)

Әдістемеге сәйкес 1 жолаушыға анықталған тариф

1 жолаушыға ұсынылатын немесе қолданыстағы тариф

Нақты және ұсынылатын тарифтер айырмашылығы

Әлеуметтік мәні бар қатынастарды 3 жылға болжамдалатын жылдарға бөлінген субсидиялау көлемі

1

2

3

4

5

6

7




жиыны





















Ұйым басшысы
Бас бухгалтер
МО (бар болса)

Әлеуметтік мәні бар жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

Нысан

Әдістемеге сәйкес анықталған маршруттағы тариф есебі

Маршрут атауы (маршрут нөмірі

Маршрут түрі (атауы)

Әдістемеге сәйкес 1 жолаушыға анықталған тариф

Әлеуметтік мәні бар маршруттарды 3 жылға жолаушылар тасымалының жылдарға бөлінген болжамдалатын саны

1

2

3

4

5






Ұйым басшысы
Бас бухгалтер
МО (бар болса)

Әлеуметтік мәні бар жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша

Нысан

20 __ жылға арналған _________________________
             (ұйымның атауы)
_________________________ обл. (қала, аудан) бойынша әлеуметтік мәні
бар субсидияланатын автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар бойынша есебі

Маршруттың атауы, №

Маршрут түрі (атауы)

1 жолаушыға белгіленген тариф

Есептік ай бойынша айларға бөлінген тасымалданған жолаушылар саны

Жолаушылар тасымалынан түскен қаражат, теңге

1

2

3

4

5

6







Ұйым басшысы
Бас бухгалтер
МО (бар болса)

Әлеуметтік мәні бар жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша

Нысан

Билеттерді сату бойынша есеп

Тасымалдаушының атауы ___________________________________

                                                            теңге

Маршруттың атауы немесе нөмірі

Бір реттік жол жүру билеттерін сату туралы ақпарат

билеттің түрі

саны (дана)

билеттің бағасы

жалпы сомасы

1

2

3

4

5


ересек




балалар үшін




жеңілдетілген




Жиыны:




Ұзақ мерзімді жол жүру билеттерін сату туралы ақпарат

билеттің түрі

саны (дана)

билеттің бағасы

жалпы сомасы

ересек




балалар үшін




жеңілдетілген




Жиыны:




Ұйым басшысы
Бас бухгалтер
МО (бар болса)

Әлеуметтік мәні бар жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

Нысан

Жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы есеп

Тасымалдаушының атауы ___________________________________

                                                        теңге

Маршруттың атауы немесе нөмірі

Сома

бір реттік жол жүру билеттерін сатудан

ұзақ мерзімді жол жүру билеттерін сатудан

жеңілдетілген жол жүруден алынған өтемақы

Жиыны

1

2

3

4

5











Ұйым басшысы
Бас бухгалтер
МО (бар болса)

Әлеуметтік мәні бар жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге асырумен
байланысты тасымалдаушылардың
залалдарын бюджет қаражаты есебінен
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша

Нысан

Орындалған жұмыстар актісі

____________ қ.                          20 __ жылғы "___" __________

Біз, төменде қол қойған, Тапсырыс берушінің өкілі____________________
_____________________________________________________________________
(басшының лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер болған жағдайда)
бір тараптан және Орындаушының өкілі
_____________________________________________________________________
    (басшының, бас бухгалтердің қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер
                           болған жағдайда)
екінші тараптан, 201__ жылғы ________ айына арналған_________________
                                  (маршруттың атауы, №)
маршрут бойынша ___________________қатынаста жолаушыларды тасымалдау
            (ішкі облыстық, қалалық)
бойынша орындалған жұмыстар шарттың талаптарын қанағаттандыратыны
туралы осы актіні жасадық.

Тасымалданған жолаушылар саны:
________________________________________________________ құрады.
      (жолаушылар саны цифрмен және жазу үлгісімен)

Субсидия сомасы:
________________________________________________________ құрады.
  (цифрмен және жазу үлгісімен сомасы, теңгемен)

Тараптардың заңды мекенжайы:

Тапсырыс беруші:

Орындаушы:

Атауы

Атауы

Мекенжайы

Мекенжайы

Банк деректемелері:
___________________________
(басшысының қолы, тегi, аты,
әкесiнiң аты (егер болған
жағдайда)

Банк деректемелері:
___________________________
(басшысының қолы, тегi, аты,
әкесiнiң аты (егер болған
жағдайда)

___________________________
(бас бухгалтердің қолы, тегi, аты,
әкесiнiң аты (егер болған
жағдайда)

___________________________
(бас бухгалтердің қолы, тегi, аты,
әкесiнiң аты (егер болған
жағдайда)