БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2015 жылғы 28 тамыздағы
№ 7-1/783 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 18-02/144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7605 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының және (немесе) антибиотиктерi, гормондары және биологиялық стимуляторлары бар ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларының (топтарының) ветеринариялық нормативтердің талаптарына сәйкестігін айқындау қағидаларында:
18-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының серияларына (топтарына) жүргізілген зерттеулер (сараптаулар) нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 7-1/19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10410 болып тіркелген) бекітілген Сараптама актісін (сынақ хаттамасын) беру қағидаларына сәйкес сараптама актісі (сынақ хаттамасы) жасалады.»;
2) «Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану нормативін және қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 16-07/443 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8837 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) санында):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын қолдану кезінде оларды есептен шығару, сондай-ақ оларды сақтау мерзімдері өткеннен кейін жою немесе зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша мақсатына қарай қолдануға жарамсыз деп тану нормативін және қағидасында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын кәдеге жарату және жою Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне және Заңның 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес бекітілетін техникалық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Зертханалық зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша мақсатына қарай пайдалануға жарамсыз деп танылған ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөп қоспаларын жою, Заңның 8-бабының 22) тармақшасына сәйкес бекітілетін техникалық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) «Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9639 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және жүргізу қағидаларында:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шаралар (профилактика, диагностика, жою) «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Профилактикасы, диагностикасы мен жойылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне (бұдан әрі - Тізбе) қосылған аурулар бойынша жүзеге асырылады.
4. Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық iс-шаралар (бұдан әрі - ветеринариялық іс-шаралар) аурудың түріне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 136 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10694 болып тіркелген) бекітілген Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жүргізіледі.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қан сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаларға тасымалдау (жеткізу) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидаларына сәйкес ветеринариялық зертханадан алып қолданылған қан сынамаларын алатын вакуумдық жүйеге және осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қан алу актісі жасалады. Осы актіге осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған қан сынамалары бойынша тізімдеме қоса беріледі.»;
Осы Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат олардың қауіптілік дәрежесіне байланысты Бұйрықпен бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикiзатты мiндеттi түрде алып қою және жою не алып қоймай мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына сәйкес алып қоюға және жоюға не оларды алып қоймай мiндетті түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге жатады (бұдан әрі – Алып қою қағидалары).
Жеке және заңды тұлғаларға Алып қою қағидалары Жеке және заңды тұлғалардың жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың немесе жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттарына сәйкес олардың құны өтеледі.»;
4) «Диагностикалық зерттеулерді жургізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 16-07/296 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9578 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 191 (28414) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диагностикалық зерттеулерді жургізу қағидасында:
9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұсынылған құжаттар мен материалдар осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, төтенше жағдайлардың (жануарлардың аса қауіпті ауруларына күдіктену және олардың таралуы, жаппай улану) туындау жағдайларын қоспағанда, биологиялық және патологиялық материалды диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін қабылдаудан бас тартады;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жануарлардың жұқпалы ауруларын сараптау үшін, азықтардың және жануарлардан алынатын шикізаттардың және өнімдердің тамақ қауіпсіздігі көрсеткіштерін анықтау үшін, биологиялық және патологиялық материалдардан сынама алу, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11618 болып тіркелген) бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын алу қағидасына сәйкес атқарылады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Диагностикалық зерттеулер жануарлардың ауруларына байланысты «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген бұйрығында, халықаралық және ұлттық стандарттарда, сондай-ақ Халықаралық эпизоотиялық бюроның қолдауымен әзірленген стандарттарда, нұсқамаларда және ұсынымдарда көзделген әдістерді пайдалана отырып жүргізіледі.».
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
Жануарлардың аса қауіпті ауруларына
қарсы ветеринариялық іс-шараларды
жоспарлау және жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Нысан
бірінші бөлігі/часть первая Қан сынамалары алынған Мал түрі / Вид животных_________________ |
қию сызығы / линия отрыва |
екінші бөлігі/часть вторая Қан сынамалары алынған жануарлар тізімі №____ Мал түрі / Вид животных__________________ |
р/н № № п/п |
мал иесінің атауы немесе аты, жөні, тегі (болған жағдайда) /наименование или фамилия, имя, отчество (при наличии) владельца животного |
бірдейлендіру нөмірі / идентификационный номер |
малдың түрі, жынысы / вид, пол животного |
малдың жасы / возраст животного |
түсі/масть |
р/н № № п/п |
реакцияның атауы/наименование реакции |
||
зерттеу нәтижелері/результат исследования |
|||||||||
Мөр орыны / Место печати |
қию сызығы / линия отрыва |
Мөр орыны / Место печати |
Ескерту / Примечание:
1. қан сынамалары алынған жануарлар тізімі әрбір жануардың түріне және жастық-жыныстық тобына жеке жасалады / опись животных по взятым пробам крови составляется по каждому виду животного и половозрастной группы отдельно.
2. ветеринариялық зертханада қан сынамаларын қабылдап тіркеуді жүргізетін маман екінші бөлігін қиып алады және ветеринариялық зертханада қалады / часть вторая отрывается специалистом ветеринарной лаборатории, осуществляющим прием и регистрацию проб крови и остается в ветеринарной лаборатории
3. бірінші бөлігі қан сынамаларын жеткізген тұлғаға қайтарылады / часть первая – возвращается, лицу, доставившему пробы крови.
№________________ №________________
(қан сынамалары алынған (қан сынамалары алынған
жануарлар тізімі) жануарлар тізімі)