Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 515 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қыркүйекте № 12099 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 2-тармағының 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      __________Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 7 тамыз

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________ Е. Досаев
      2015 жылғы 21 тамыз

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      __________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 26 маусым

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі    
№ 515 бұйрығымен бекітілген  

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары

      1. Осы Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 34) тармақшасына сәйкес әзірленген және халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде жарнама құрылыстарында, жылжымайтын объектілерде жарнама бейнелері мен жазбаларын салу, жазудың өзге де тәсілдерімен жүзеге асыру және плакаттар, транспаранттар, жалаулар, стендтер, жарық беруші таблолар, билбордтар, стеллалар, нұсқағыштар, афишалар түрінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін анықтайды.
      2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға паспорт алу үшін, жеке және заңды тұлғалар Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға (бұдан әрі – Ұлттық оператор) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш береді. Өтінішке түстік шешімі мен мөлшері бар объектінің эскизі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілер иелерінің өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге өкілеттігін куәландыратын құжат қоса беріледі.
      Ұлттық оператор өтінішке сәйкес объектілердің орналасу орнын айқындайды (немесе басқа орын ұсынады), сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінің өлшемдері мен көркемдік орындалуының «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкестігін тексереді.
      3. Мәселе оң шешілген жағдайда объектіні жолға байланыстыру жүзеге асырылады және сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға арналған паспорт ресімделеді, онда: сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға арналған паспорттың қолданылу мерзімі, объект бойынша және оған таяу жерде қозғалысты ұйымдастырумен бірге объектіні жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолына орналастырудың схемасы мен сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің эскизі көрсетіледі.
      4. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортты Ұлттық оператор жеке және заңды тұлғалардың сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортты алу үшін өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.
      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспорт бір жыл мерзімге беріледі және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі иесінің жазбаша өтініші бойынша ұзартылады.
      Орнатылған объектілердің мөлшерлері және (немесе) сыртқы (көрнекі) жарнама эскизі өзгерген жағдайда сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспорт қайта ресімдеуге жатады.
      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспорттың қолданылуы объектінің іс жүзіндегі мөлшері сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған паспортқа енгізілген мөлшерге сәйкес келмейтіндігі және (немесе) рұқсат алған кезде өтінішпен бірге тапсырылған сыртқы (көрнекі) жарнама эскизіне сәйкес келмейтіні анықталған кезде тоқтатылады.
      5. Құжаттамаларды тиісінше ресімдемей және оны Ұлттық операторымен келіспей, жеке және заңды тұлғалардың сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға жол берілмейді.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын
автомобиль жолдарының жолға
бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі)
жарнаманы орналастыру қағидаларына
қосымша

                                                             Нысан

                     «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ___________ облыстық филиалы
         ____________________________________________________________
             (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
         ____________________________________________________________
         (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
         ____________________________________________________________
                                      не заңды тұлғаның толық атауы)
         ____________________________________________________________
                (жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
         ____________________________________________________________
                              куәландыратын құжаттардың деректемелері
         ____________________________________________________________
                                        байланыс телефоны, мекенжайы)

                        ӨТІНІШ

      Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама
объектісін орналастыруға арналған құжатын беруіңізді сұраймын.

Күні ___________ Алушы ___________________________
     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________________________
немесе заңды тұлғаның не уәкілетті адамның
__________________________________________________
атауы, қолы)