"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Тіркеу және өндірістік сынақтар өткізуге арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарын, сондай-ақ лицензиялаусыз қайта анықталған карантиндік зиянды ағзаның ошақтарын жоюға арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының шектелген санын әкелудің орындылығы туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
_______________Ә. Исекешев
2015 жылғы 7 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев
2015 жылғы 3 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
________________ В. Школьник
2015 жылғы__________ "____"
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/654 бұйрығымен бекітілген |
"Тіркеу және өндірістік сынақтар өткізуге арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарын, сондай-ақ лицензиялаусыз қайта анықталған карантиндік зиянды ағзаның ошақтарын жоюға арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының шектелген санын әкелудің орындылығы туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Тіркеу және өндірістік сынақтар өткізуге арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарын, сондай-ақ лицензиялаусыз қайта анықталған карантиндік зиянды ағзаның ошақтарын жоюға арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының шектелген санын әкелудің орындылығы туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
"электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші белгіленген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Тіркеу және өндірістік сынақтар өткізуге арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарын, сондай-ақ лицензиялаусыз қайта анықталған карантиндік зиянды ағзаның ошақтарын жоюға арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының шектелген санын әкелудің орындылығы туралы Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы (бұдан әрі - қорытынды).
Мемлекеттiк қызметтi ұсыну нысаны – электрондық.
Көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште қорытынды алуға өтініш білдірген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен куәландырылады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолы қойылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға өтініш білдірген кезде көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетіне" жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.06.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған инвойстың немесе орны ауыстырылатын тауарға авиа жүкқұжатының көшірмесі.
порталда:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының мөрімен расталған инвойстың немесе орны ауыстырылатын тауарға авиа жүкқұжатының электрондық көшірмесі.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге - қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, тіркеу туралы белгі қойылғаны болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым тиісті көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не Министрліктің атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатндартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымда:
1) жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы;
2) заңды тұлға – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жолданады не қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып тұрады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызмет, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.mgov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болу шартымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары 8 (7172) 55-59-61, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
"Тіркеу және өндірістік сынақтар өткізуге арналған
өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарын, сондай-ақ
лицензиялаусыз қайта анықталған карантиндік зиянды ағзаның
ошақтарын жоюға арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген
құралдарының шектелген санын әкелудің орындылығы туралы
Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының
қорытындысын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
Нысан
Тіркеу және өндірістік сынақтар өткізуге арналған өсімдіктерді
қорғаудың тіркелмеген құралдарын, сондай-ақ лицензиялаусыз
қайта анықталған карантиндік зиянды ағзаның ошақтарын жоюға
арналған өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының
шектелген санын әкелудің орындылығы туралы Кеден одағына мүше
мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысын беру туралы
өтініш
№____/______201 /________
Кімге________________________________________________________________
(қорытынды беруге уәкілетті Кеден одағына мүше мемлекеттің
мемлекеттік билік органының атауы)
_____________________________________________________________________
Кімнен*______________________________________________________________
(ұйымның атауы, заңды мекенжайы, ел, БСН/жеке тұлғалар үшін
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ЖСН)
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды беруді сұраймын
_____________________________________________________________________
(өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарын/ өсімдіктерді
қорғаудың тіркелмеген құралдарының шектелген санын – керегін көрсету
қажет)
Орнын ауыстыру түрі*_________________________________________________
(орнын ауыстыру түрі)
_______________________________ _______________________________
(Тауарлардың бірыңғай тізбесінің бөлімі) (КО СЭҚ ТН коды)
№ | Тауардың атауы | Саны | Өлшем бірлігі |
1 | |||
2 | |||
3 |
Алушы/жіберуші*______________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, ел)
_____________________________________________________________________
Апарылытын/жіберуші ел* _____________________________________________
_____________________________________________________________________
Әкелу(әкету) мақсаты*________________________________________________
_____________________________________________________________________
Негіз*_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қосымша ақпарат*_____________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін
жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қолы_____________Күні________________________
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесiнiң аты (бар болса))
_____________________________________________
Мөр орны (бар болған жағдайда)
Ескертпе: *- бағандар Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының
2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 Шешіміне № 2 Қосымшада көрсетілген
тауарлардың санаттарына қойылатын талаптарды ескере отырып,
толтырылады