"Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердің тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 393 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 тамызда № 11833 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10097 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың орыс тіліндегі атауына өзгеріс енгізілді, бұйрықтың қазақ тіліндегі атауы өзгермейді;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген салық салуда жеңiлдiгi бар мемлекеттердің тiзбесiнде:
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Ирландия Республикасы (Дублин, Шеннон қалаларының аумақтары бөлігінде ғана)».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті (Қ.Б. Жолмұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Сұлтанов