Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 387 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11728 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1131 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1131 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 10 маусым



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы № 387
бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу
қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.11.2015 № 1131 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) бастапқы энергетикалық ресурстар – осы энергия көздеріндегі энергия өзгертілуінен бұрын, ілеспе тау жыныстарынан оларды бөлуді, тазалауды немесе сұрыптауды ескере отырып немесе ескертусіз өндіруді және түзілуді ғана қажет ететін энергиялық ресурстар;

      3) қайталама энергетикалық ресурстар - бастапқы энергетикалық ресурстарын өзгерту нәтижесі болып табылатын энергетикалық ресурстар;

      4) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi жүргiзу – Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты қызметі процесінде сақтайтын, Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру үшін қажетті барлық іс-қимылдар мен рәсімдер жиынтығы;

      5) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыру – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері ұсынған деректер, жүргізілген талдаулар, Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтының қорытындылары мен есептері негізінде Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпаратты жинақтау үшін материалдар дайындау.

      6) Мемлекеттік энергетикалық тізілім (бұдан әрі - МЭТ) – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы;

      7) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері (бұдан әрі – МЭТ субъектілері) – энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері;

      8) МЭТ субъектісінің энергетикалық ресурстарды жылдық тұтынуы – бұл Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері өндірген және басқа заңды және жеке тұлғаларға берілген қайталама энергетикалық ресурстарда қоспағанда, бұл барлық ілеспе техникалық болмай қоймайтын, оның ішінде қолданылатын технологиялар мен жабдықтардың ерекшелігінен туындайтын шығындарды, сондай-ақ энергетикалық ресурстарды тасымалдау қызметін көрсеткен кезде туындайтын шығындарды қоса алғанда, күнтізбелік жыл ішінде технологиялық және энергетикалық мақсаттарда, МЭТ субъектілерінің бастапқы және қайталама энергетикалық ресурстарды жалпы шығындауы;

      9) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;

      10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) энергия-сервистік компания – меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға;

      12) энергия-сервистік компания – меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру
және жүргізу тәртібі

      3. МЭТ-ті қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын бесінші қарашаға дейінгі мерзімде МЭТ субъектілері туралы ақпаратты Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтына жібереді.

      4. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған ақпарат негізінде МЭТ субъектілерінің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастырады;

      2) МЭТ субъектілеріне Тізбеге енгізілген күнінен бастап он бес жұмыс күн ішінде Тізбеге енгізілгені туралы хабарламаны жібереді;

      3) осындай шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Тізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      МЭТ субъектілерінің Тізбесі Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтының интернет-ресурсында орналастырылады.

      5. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда МЭТ субъектілері жыл сайын бірінші сәуірге дейінгі мерзімде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Ұлттық даму институтына есептік кезең ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мынадай ақпаратты:

      1) 1-нысан бойынша МЭТ субъектілерінің атауы, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлері туралы ақпаратты;

      2) 2-нысан бойынша күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай көріністегі энергетикалық ресурстарды және суды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалту көлемдері туралы ақпаратты;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 391 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10958 болып тіркелген) сәйкес энергия аудитінің қорытындысы бойынша МЭТ субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ осы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілетін толықтырулар және (немесе) өзгерістерді;

      4) 3-нысан бойынша есептік кезең ішінде энергия аудитінің қорытындысы бойынша МЭТ субъектісі әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижелері туралы ақпаратты;

      5) 4-нысан бойынша өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, ғимараттар, құрылыстар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығыны туралы ақпаратты;

      6) энергия аудиті бойыншақорытындының көшірмесін;

      7) 5-нысан бойынша энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-1. Мемлекеттік мекемелер болып саналатын МЭТ субъектілері жыл сайын бірінші сәуірге дейінгі мерзімде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Ұлттық даму институтына есептік кезең ішінде осы Қағидаларға 1-1 қосымшаға сәйкес мынадай ақпаратты:

      1) 1-нысан бойынша мемлекеттік мекемелер болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауы, мекенжайы мен олардың қызметінің негізгі түрлері туралы ақпаратты;

      2) 2-нысан бойынша күнтізбелік бір жыл ішінде заттай және ақшалай мәнде энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну көлемдері туралы ақпаратты;

      3) 3-нысан бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты;

      4) 4-нысан бойынша күнтізбелік жыл ішінде үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың алаңы бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстар шығыстары туралы ақпаратты, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы ақпаратты;

      5) 5-нысан бойынша энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпаратты;

      7) энергия аудиті бойынша қорытындының көшірмесін ұсынады.

      Ескерту. Қағида 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Осы Қағидалардың 5-тармағының 3), 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген ақпарат "Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) сәйкес өткізілген энергия аудитінің қорытындысы бойынша МЭТ Субъектілерімен ұсынылады.

      8. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген ақпарат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қағаз немесе электрондық тасығыштарда (PDF және Excel) ұсынылады.

      9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты отызыншы мамырға дейінгі мерзімде МЭТ субъектілері ұсынған ақпараттың толықтығын тексереді.

      10. Ұсынылған ақпараттың толық емес екендігі анықталған жағдайда, Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзімде МЭТ субъектiсiнен, энергия-аудиторлық ұйымдардан, сондай-ақ энергия-сервистік компаниялардан жетіспейтін ақпаратты сұратады.

      МЭТ субъектісі жетіспейтін ақпаратты Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институтынан сұратуды алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты жыл сайын он бесінші маусымға дейінгі мерзімде уәкілетті органға ақпаратты ұсынудан бас тартқан немесе дәйексіз ақпаратты ұсынған МЭТ субъектілері туралы ақпаратты береді.

      12. МЭТ субъектілері ұсынған ақпараттың негізінде жыл сайын бiрiншi қазанға дейінгі мерзімде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты МЭТ субъектілері жүзеге асыратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралардың тиімділігіне бағалау және талдау жүргізеді және атқарылған жұмыс туралы ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.

      13. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты қызмет қорытындысы бойынша жыл сайын оныншы желтоқсанға дейінгі мерзімде уәкілетті органға мыналарды қамтитын ақпарат жиынтығын ұсынады:

      1) МЭТ субъектілері жүзеге асыратын, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар тиімділігін бағалау мен талдауы;

      2) МЭТ субъектiлерiнің энергетикалық ресурстарды тұтынуының талдауы;

      3) МЭТ субъектiлерiнің энергетикалық ресурстарды тұтынуының өткен жылмен салыстырмалы талдауы;

      Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты МЭТ субъектiсiнің энергетикалық ресурстарды жылдық тұтынуын есептеген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес шартты отынға энергетикалық ресурстарды ауыстыру коэффициенттерін пайдаланады.

      4) Қазақстан Республикасында жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы және энергия ресурстарын пайдаланудың тиімділігі бойынша талдамалық зерттеуді;

      4) МЭТ субъектілерінің үлестік шығыстар және энергияны пайдалану нормативтері бойынша талдау.

      14. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты жыл сайын жиырмасыншы желтоқсанға дейiнгі мерзімде ағымдағы жылғы қызметінің қорытындыларын және МЭТ субъектілерінің коммерциялық құпиясын құрайтын ақпарат болмауға тиіс, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында жүргізілген жұмыс туралы қысқаша талдамалық есебін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

  Мемлекеттік энергетикалық
тізілімді калыптастыру және
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
  1-нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауы, мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі және олардың қызметінің негізгі түрлері туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъек
тісінің толық атауы

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъек
тісінің заңды мекенжайы

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъек
тісінің бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (толықтай)

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъек
тісінің бірінші басшысының лауазымы

Квазимемлекеттік сектор мекемесі (Иә/Жоқ)

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъктісінің негізгі қызмет түрлері*

1

2

3

4

5

6

7

1







      * Ескертпе:

      1) Егер Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі бірнеше қызмет түрлерін жүзеге

      асырған жағдайда барлық қызмет түрін көрсету.

      2) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің қызмет түрлерін экономикалық

      қызмет түрлерінің жалпы жіктеушіне сәйкес көрсету керек.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  2-нысан

Күнтізбелік ____ жыл ішінде энергетикалық ресурстарды өндіру, шығару, тұтыну, беру және жоғалтудың заттай және ақшалай көріністегі көлемдері туралы ақпарат

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толық жазу):_______________


Р/с №

Энергетикалық ресурстардың атауы

Өлшем бірлігі

Өндірілген/шығарыл
ған отын-энергетика ресурсы көлемі

Меншікті емес көздерден алынған энергетикалық ресурстарды тұтыну*

оның ішінде:

Меншікті көздерден алынған энергетикалық ресурстарды тұтыну

Басқа заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға берілген (өткізілген) энергетикалық ресурстар

Энергетикалық ресурстарды са
тып алуға жұм
салған шығындар (5а+6 бағаналар сомасы), мың. теңге (қосымша құн салығы есебімен)

Ескертпе

Отын-энергетика ресурсы тасымалдау кезіндегі кемулер*

1

2

3

4

6

7

8

9

1

Электр энергиясы

Киловатт-час




Гидро-электр станциясы**




2

Жылу энергиясы

Гигакал
лория








3

Сүрек

тонна








4

Мотор бензині

литр







Маркасын көрсету

5

Керосин

литр








6

Дизель отыны (Газойлдер)

литр







Маркасын көрсету

7

Жағатын мазут

тонна








8

Тұрмыстық отын пеші

тонна








9

Табиғи газ

метр куб







Кен орынын көрсету

10

Тас көмір

тонна







Кен орынын көрсету

11

Сұйытылған газ (пропан және бутан)

тонна








12

Текшелер, тас көмірдің түйіршігі

тонна








13

Лигнит (қоңыр тас көмір)

тонна







Кен орынын көрсету

14

Шикі мұнай

тонна








15

Газ конденсаты

тонна








16

Бензин типіндегі реактивті отын

литр








17

Ілеспе мұнай газы

метр куб








18

Кокс және көмірдің жартылай коксы

тонна








19

Ағаш үгінділері және қалдықтары

тонна








20

Авиациялық бензин

литр








21

Тазартылған газдар, этилен, пропилен, бутилен, бутадиен және басқа мұнай газдарын қоса алғанда

тонна








22

Бензиннен ажыратылған газ

метр куб








23

Мұнай коксы және тақтатас

тонна








24

Мұнай битумы және тақтатас

тонна








25

Доменді газ

метр куб








26

Коксты газ

метр куб








27

Мұнай өңдеу зауыттарында айыру арқылы алынған газ

метр куб








28

Антрацит

тонна








      Бөлінген ұяшықтарды қоспағанда, нысанның барлық ұяшықтарының толтырылуы

      міндетті

      * Ескертпе

      1) Мұнай, газ және көмір өндіруші зауыттарға қайта өндеуге арналған шикізат ретінде

      келіп түсетін энергия ресурстарының бөлігі (үлесі) "5а", "5б" және "6" бағаналарда

      көрсетілмейді;

      2) егер Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі энергия ресурстарын тасымалдау

      бойынша қызметтерді басқа заңды тұлғаларға көрсететін болса, "5б" бағанасында

      сондай-ақ тасымалдау бойынша осы қызметтерді көрсеткен кезде туындайтын энергия

      ресурстарының барлық кемулері көрсетіледі, ("5б") бағанасының мәндері "5а"

      бағанасы мәндерінің құрауыш бөлігі болып табылады)

      3) "7" бағанада тек қана заңды тұлғаның өзі өндірген электр және жылу энергиясы

      көрсетіледі.

      4) бір энергия ресурсының бірнеше түрі қолданылатын жағдайда, "9" бағанада,

      сонымен қатар санын көрсету қажет.

      Гидро-электр станциясы** - егер Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің

      құрамында болатын болса, аталған ұяшықта гидро-электро станцияның өз

      қажеттіліктеріне тұтылған электр энергиясы көрсетеледі.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

Күнтізбелік _____ жыл ішінде заттай және ақшалай мәндегі суды тұтыну және жоғалту туралы ақпарат*

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толықтай): _______________


Р/с №

Энергия ресурсының түрі

Өлшем бірлігі

Суды тұтыну*

Тасымалдау кезіндегі судың кемуі*

1

2

3

4

5

1

Суық су

метр куб



теңге (қосымша құн салығы ескере отырып)



2

Ыстық су

метр куб



теңге (қосымша құн салығы ескере отырып)



3

Техникалық су

метр куб



теңге (қосымша құн салығы ескере отырып)



      Нысанның барлық ұяшықтары міндетті түрде толырылуы тиіс

      * Ескертпе:

      1) Суды есептеу аспабы болмаған жағдайда тиісті бағанға "есеп жүргізілмейді" деп

      жазу;

      2) "4" бағанда заттай мәндегі тұтынылған су көлемі және ақшалай мәндегі оның

      эквиваленті көрсетіледі;

      3) "5" бағанды су тасымалдауды жүзеге асыратын компаниялар толтырады.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  3-нысан

Энергия аудитінің қорытындысы бойынша Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әзірлейтін энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының есеп беру кезеңінде орындалу нәтижелері туралы ақпарат

Таяқшаны қою: Х

Таяқшаны қою: Х



- энергия аудиті жүргізілді – нысан одан әрі толтырылады


- энергия менеджменті жүйесі енгізілді


- энергия аудиті жүргізілген жоқ – кесте толтырылмайды


- энергия менеджменті жүйесі енгізілді

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толықтай жазу):____________


Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі
(айы, жылы)

Есептік кезең ішіндегі нақты инвестициялар (қосымша құн салығы ескере отырып), теңге

Есептеу кезеңдегі іс-шараларды жүзеге асырудан алынатын үнемдеудің нақты әсері*

Энергетикалық ресурстың атауы

заттай
түрде

ақшалай түрде (қосымша құн салығы ескере отырып), теңге

1

2

3

4

5

6

7

1







2







      * Ескертпе:

      1) 2-нысандағы энергетикалық ресурстардың атаулары және өлшем бірліктері

      қолданылады;

      2) өткізілген энергия аудитінің қорытындысы болмаған жағдайда толтырылмайды;

      3) Нысанға энерия аудиті қорытындысының көшірмесі, энергия аудитің

      қорытындылары бойынша әзірленген іс-шаралар жоспары, сондай-ақ ISO 50001

      халықаралық стандартына сәйкестік серитификаты қоса беріледі. Қажет болған

      жағдайда жолдарды қосыңыз.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  4-нысан

Күнтізбелік ____ жыл ішінде өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлер, құрылыстар, ғимараттар ауданының бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстардың шығыны туралы ақпарат

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толық жазу):_______________


Р/с №

Энергия тиімділігі көрсеткішінің атауы (мысалы: алюминий өндірісіндегі электр энергиясының меншікті шығысы; 1 шаршы метр меншікті жылу тұтыну)

Өнім бірлігіне шаққанда регламенттел
ген норматив
тік көрсет
кіштер *

Ұйымның пайдаланатын энергия тиімділігі коэффициенттерінің өлшем бірлігі (киловатт-сағат/тонна,гигакалорий/шаршы метр,шартты отын граммы/киловатт-сағат, шартты отын киллограммы /гигакалория)

Энергия тиімділігі
нің көрсет
кіштерін есептеу формуласы*

Энергия тиімділігі көр
сеткіші
нің мәні

1

2

3

4

5

6

1

жылу өндірісіне отын энергия ресурсты тұтынуы


шартты отын киллограммы /гигакалория



2

электр энергиясы өндірісіне отын энергия ресурсты тұтынуы


шартты отын граммы /киловатт-сағат



3

меншікті жылу тұтыну


гигакалорий/шаршы метр



4

өнім өндіруге жұмсалатын электр энергия шығысы


киловатт-сағат/тонна



5

жылытуға жұмсалатын энергетикалық ресурстар шығысы


шартты отын тоннасы/шаршы метр



      *Әр кәсіпорынның немесе сала ерекшелігі ескеріле отырып толтырылады.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  5-нысан

Энергетикалық ресурстарды есепке алу аспаптарымен жарақтандыру туралы ақпарат

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толық жазу): _______________


Р/с №

Ескерілетін энергетикалық ресурсы
(электр, газ, жылу)

Аспаптар саны,
дана

Есепке алу аспаптарымен жарақталуының жалпы %

1

2

3

4

1




2




3




4




5




6




7




  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

 
  Мемлекеттік энергетикалық
тізілімді калыптастыру және
жүргізу қағидаларына
1-1 қосымша
  1-нысан

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік мекеме болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауы, мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі мен олардың қызметінің негізгі түрлері туралы ақпарат

Р/с №

Мемлекеттік энергетика
лық тізілім субъектісінің толық атауы

Мемлекеттік энергетика
лық тізілім субъектісінің заңды мекенжайы

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі бірінші басшысының Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
(толық жазу)

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің бірінші басшысының лауазымы

Мемлекеттік энергетикалық тізілім субък
тісінің негізгі қызмет түр
лері

1

2

3

4

5

6

1






2






      * Ескертпе:

      Егер Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі екі немесе одан көп қызмет түрлерін

      жүзеге асыратын болса, барлық қызмет түрін көрсету.

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің қызмет түрлерін экономикалық

      қызметінің жалпы классификаторы экономикалық қызмет түрлерінің жалпы

      жіктеушіне сәйкес көрсету керек.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  2-нысан

Күнтізбелік ____ жыл ішінде заттай және ақшалай мәндегі энергетикалық ресурстарды және суды тұтыну және олардың шығындарының көлемдері туралы ақпарат



- штаттық кесте бойынша қызметкерлер саны
(жұмысшылар)


- оқитындар саны
(тәрбиеленушілер)


- төсек-орын саны (бару)

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің атауы (толық жазу): _____________

Р/с №

Энергетикалық ресурстар атауы

Аспаптар саны, дана

Есепке алу аспаптарымен жарақталғандығының жалпы %

1

2

3

4

1




2




  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  3-нысан

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар туралы ақпарат

Х белгілеу



Х белгілеу



- энергия аудиті жүргізілді


- Энергия менеджменті жүйесі енгізілді


Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі (айы, жылы)

Есептік кезең ішінде
гі нақты ин
вестициялар (қосымша құн салығын есепке ала отырп), теңге

Есепті кезеңде іс-шараларды іске асырудан нақты үнемдеу әсері*

Энергетика
лық ресурс
тың атауы

заттай мәнде

ақшалай мәнде (қосымша құн салығын есепке ала отырып), теңге

1

2

3

4

5

6

7

1







2







      * Ескертпе:

      2-нысандағы энергетикалық ресурстардың атаулары және өлшем бірліктерін ұстану;

      Нысанға энерия аудиті қорытындысының көшірмесі және энергия аудиті

      қорытындылары бойынша әзірленген іс-шаралар жоспары, сондай-ақ ISO 50001

      халықаралық стандартына сәйкестік серитификаты қоса беріледі.

      Қажет болған жағдайда жолдарды қосыңыз.

  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:

  4-нысан

Күнтізбелік ____ жыл ішінде өнім бірлігіне шаққанда нақты энергия тұтыну және (немесе) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың алаңы бірлігіне шаққанда жылытуға кеткен энергетикалық ресурстардың шығыны туралы ақпарат



- салынған жылы*





- Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің жалпы аумағы, шаршы метр










- Автоматтандырылған жылыту пунктінің болуы





- Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің жылыту көлемі, шаршы метр








Жылыту түрі (таяқшаны қою Х)









- орталық жылыту
















- дербес жылыту







      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толық жазу):_______________


Р/с №

Энергия тиімділігі көрсеткішінің
атауы

Ұйымның пайдаланылған энергия тиімділігі көрсеткішінің өлшем бірлігі

Энергия тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу формуласы*

Энергия тиімділігі көрсеткішінің мәні

1

2

3

4

5

1

меншікті жылу тұтыну

гигакаллория/
шаршы метр



2

жылытуға жұмсалатын электр энергия шығыны

Киловат-сағат/шаршы метр



3

жылытуға жұмсалатын дизель отынның шығыны

литр/шаршы метр



4

жылытуға жұмсалатын мазут шығыны

тонна/шаршы метр



5

жылытуға жұмсалатын тұрмыстық пеш отынның шығыны

тонна/шаршы метр



6

жылытуға жұмсалатын тас көмір шығыны

тонна/шаршы метр



      *барлық үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың салынған жылын көрсету

  5-нысан

Энергетикалық ресурстардың есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы туралы ақпарат

      Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің атауы (толық жазу): _______________


№ п/п

Энергетикалық ресурс атауы (электр, газ, жылу және басқасы)

Аспаптар саны, дана

Есепке алу аспаптарымен жарақталуының жалпы %

1

2

3

4

1




2




3




  Мөр орны

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, лауазымы, байланысы және жауапты адамның қолы:

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық жазу, Мемлекеттік энергетикалық тізілім
субъектісі басшысының қолы:


 
  Мемлекеттік энергетикалық
тізілімді қалыптастыру және жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

Энергетикалық ресурстарды шартты отынға тоннасы ауыстыру
коэффициентері

Энергетикалық ресурсының атауы

Өлшем бiрлiгi

Шартты отынды тоннаға аудару коэффициенті

Тас көмiр

тонна

0,626

Текшелер, таскөмір түйіршіктері

тонна

0,8

Лигнит (қоңыр көмiр )

тонна

0,408

Шикі мұнай

тонна

1,43

Газ конденсаты

тонна

1,43

Табиғи газ

м3

0,00117

Ілеспе мұнай газы

м3

0,00115

Кокс және көмiрден алынған жартылай кокс

тонна

0,990

Ағаш үгiндiлері және қалдықтары

тонна

0,361

Авиациялық бензин

литр

0,001093

Мотор бензині

литр

0,001103

Бензин типіндегі реактивтi отын

литр

0,001131

Керосин

литр

0,00119

Дизель отыны (газойль)

литр

0,001261

Жағатын мазут

тонна

1,379

Тұрмыстық пеш отыны

тонна

1,413

Сұйытылған газ (пропан және бутан)

тонна

1,570

Тазартылған газдар, этиленді пропиленді, бутилен, бутадиен және басқа мұнай газдарын қоса алғанда

тонна

1,570

Бензиннен ажыратылған газ

м3

0,00157

Мұнай коксы және тақтатас

тонна

1,080

Мұнай битумдар және тақта тастық

тонна

0,544

Доменді газ

м3

0,00014

Кокс газы

м3

0,00057

Мұнай өңдеу зауыттарында айдамаланып алынған газ

м3

0,00117

Электр энергиясы

кВт*сағ

0,000123

Жылу энергиясы

Гкал

0,143

Антрацит

тонна

0,9348