«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармақшасының 41-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпарат республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е.А. Досаев _______________
2015 жылғы 18 маусым
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 197 бұйрығымен
бекітілген
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет
көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және
оған сертификат беру қағидасы
1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» (бұдан әрі - Заң) Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабының 1-тармағының 41-25) тармақшасының талаптарына және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағида Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын тұлғаларға азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру тәртібін анықтайды.
3. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру (бұдан әрі - Сертификат) иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаға берілмейді.
4. Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сертификат қолданылу аясы мен мерзімі көрсетіліп, екі жыл мерзімге беріледі. Қолданылу саласы және мерзімі көрсетіледі. Мерзімі өткен соң Сертификат жарамсыз деп есептеледі.
5. Сертификаттауды, Сертификаттар беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім - өтінім берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға сертификаттау рәсімін өту үшін берген (жазбаша/электронндық) өтініші;
2) өтінім беруші - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның Сертификатын алу үшін өтініш жасаған заңды тұлға;
3) сертификаттық талаптар - авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымыңа талаптарды, Заңының 14-бабының 41-58) тармақшасына сәйкес уәкілетті органымен бекітілген;
4) техникалық қызмет көрсететін ұйымның қызметі жөніндегі нұсқау - техникалық қызмет көрсететін ұйымның құрылымы және оның басшылығының міндеттері, орындалатын жұмыстардың аясы, өндірістік база, техникалық қызмет көрсету рәсімдері мен сапаны қамтамасыз ету жүйелері туралы толық ақпарат қамтылған құжат;
5) техникалық қызмет көрсету – бақылау - қалпына келтіру жұмыстарын, жекелеп, сонымен қатар бірге орындалатын тексеруді, ауыстыруды, ақауларды жоюды қоса алғанда, әуе кемесінің ұшу жарамдылығын сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ түрлендіруді немесе жөндеуді іс жүзінде жүзеге асыру;
6) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым (бұдан әрі – АТ ТҚ және Ж) – авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсетуді және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын және авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның қолданыстағы сертификаты бар заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
7) авиациялық техниканы жөндеу - авиациялық техниканың жарамдылығы мен жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені.
7. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
2. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық
қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымды сертификаттау және
сертификат беру тәртібі
8. Сертификаттауды жүргізудің мынадай тәртібі белгіленеді:
1) өтінім берушінің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға осы Қағидаға 3-қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттармен қоса осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беруі;
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның өтінім бойынша алдын ала бағалауы және шешім қабылдауы;
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган комиссиясының сертификаттық тексеру жүргізуі;
4) шешім қабылдау және сертификат беру (беруден бас тарту).
9. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттық тексеру осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес өтінім берілген қызмет салалары мен АТ ТҚ және Ж ұйымының сипаттамаларына қатысты жүргізіледі.
Сертификаттық тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторлары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлеген нұсқамалық материал пайдаланыла отырып осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
10. Өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға сертификаттауға арналған өтінімді:
1) жоспарлы сертификаттау кезінде (бастапқы немесе бұрын берілген сертификаттың қолданылу мерзімі өткен соң);
2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның қызмет аясын кеңейту қажет болған кезде береді. Өтінімге осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес құжаттар қоса беріледі. Сертификаттық рәсімдер аяқталғаннан кейін өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқалары оларды алмастыратын көшірмелерді ұсыну шартымен өтінім берушіге кері қайтарып беруге жатады.
11. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өтінімді алдын ала бағалауды бес күнтізбелік күнде жүргізеді және өтінім берушіге осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес өтінім бойынша шешімді хабарлайды. Өтінімді алдын ала бағалау құжаттарда ұсынылған рәсімдермен, практикамен және әдістермен жалпы танысуды және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестігін тексеруді қамтиды.
11. Егер өтінім немесе оған қоса берілген құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтінім кері қайтару себептерін жазбаша көрсете отырып, кері қайтаруға жатады.
12. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша комиссия осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес екі данада өтінім беруші объектілерінің нақты жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және Сертификатты беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды көрсетілген сертификаттық тексеру актісін жасайды, оған соңында комиссияның барлық мүшелері қол қояды және өтінім берушіге танысу үшін ұсынылады.
13. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер жойылғаннан кейін) өтінім бойынша шешімнің негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексеру жүргізу үшін комиссия құрады.
Комиссияның құрамына төраға мен азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның функцияларына әуе кемелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұшуға жарамды күйде ұстау мәселелері жататын қызметкерлерінің кем дегенде үш мүшесі енгізіледі.
14. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттық тексеру осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес өтінім берілген қызмет салалары мен АТ ТҚ және Ж ұйымының сипаттамаларына қатысты жүргізіледі.
Сертификаттық тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиация инспекторлары үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әзірлеген (нұсқамалық материал) Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттық тексеру бағдарламасы пайдаланыла отырып осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;
Сертификаттық тексеру жиырма күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі;
15. Сертификаттық тексеру жүргізу кезінде:
1) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу ұйымының сипаттамасы (көрсеткіштері) тексеріледі және осы орталықтың сертификаттық талаптарға сәйкестігін растауға мүмкіндік беретін тексеру рәсімдері іске асырылады;
2) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің толықтығы мен сапасы;
3) сапаның тұрақтылығы тексеріледі.
16. Сертификаттық тексеру мерзімі өтінім уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды. Қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде өтінім берушіге хабарланады.
17. Сертификаттық тексеру нәтижелері бойынша комиссия осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада өтінім беруші объектілерінің нақты жай-күйі, тұжырымдар, ұсынымдар және Сертификатты беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды көрсетілген сертификаттық тексеру актісін жасайды, оған соңында комиссияның барлық мүшелері қол қояды және өтінім берушіге танысу үшін ұсынылады.
18. Сертификаттық тексеру кезінде Сертификат беруге кедергі болмайтын сәйкессіздіктер анықталған жағдайда өтінім беруші күні мен осы сәйкессіздіктерді жоюға жауапты адамдар көрсетілген сертификаттау кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды. Іс-шаралар жоспарын өтінім беруші бекітеді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жібереді.
Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін өтінім беруші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға олардың жойылғаны туралы анықтама ұсынады.
3. Сертификат беру тәтібі
19. Сертификат беру үшін сертификаттық талаптарға сәйкес нәтижесі бойынша сертификаттық тексеру актісі негіз болып табылады.
20. Сертификатты ресімдеу мен беруді азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттық тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік екі күн ішінде жүргізеді.
21. Егер өтінім беруші сертификаттық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Сертификат беруден бас тарту жүргізіледі, егер:
1) өтініш беруші ұсынатын қызметтер көрсету сертификаттау талаптарына сәйкес келмесе;
2) сертификаттаудың жалпы мерзімі өткенге дейін жоймаса, пайдаланушы сертификатын беруден бас тарту жүргізіледі.
3) сертификаттаудың жалпы мерзімі өткенге дейін жоймаса, пайдаланушы сертификатын беруден бас тарту жүргізіледі.
22. Сертификат беруден бас тартылған кезде өтінім берушіге сертификаттық тексеру актісіне қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде бас тарту себептері көрсетілген дәлелді жауап беріледі. Өтінім беруші келіспеген кезде бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.
4. Сертификатқа өзгерістер енгізу мен телнұсқа беру тәтібі
27. АТ ТҚ және Ж өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі:
1) АТ ТҚ және Ж ұйымның өтініші бойынша:
заңды мекенжайы, АТ ТҚ және Ж адресі өзгертілген жағдайда;
2) АТ ТҚ және Ж ұйымына сертификат қызметінің ұлғаюына сәйкес.
28. Берілген Сертификаттарды қайта рәсімдеу авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда және сертификаттық талаптарға сәйкессіздікке әкеп соқтырмайтын басқа да өзгерістер болған жағдайда жүргізіледі.
29. Сертификатқа өзгеріс енгізу немесе телнұсқа алу үшін авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш беруші жүргізген қызметтік тексеру материалдарымен және бұрын берілген Сертификатты қоса бере отырып, еркін нысанда өтініш береді (жоғалу немесе ұрлану жағдайларын қоспағанда).
Келіп түскен өтінішті, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган он күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қарастырады.
30. Сертификатқа өзгеріс енгізу немесе телнұсқа алу үшін авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйым азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш тіркелген күннен бастап екі жұмыс күн ішінде беруші жүргізген қызметтік тексеру материалдарымен және бұрын берілген Сертификатты қоса бере отырып, қызметтік тергеу материалдарымен өтініш беруші еркін нысанда өтініш береді (жоғалу немесе ұрлану жағдайларын қоспағанда) өтінішті.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету және оны
жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау
және оған сертификат беру қағидасына
1-қосымша
Нысан
ЕЛТАҢБА
уәкілетті органның атауы
уәкілетті органның мекенжайы
Авиациялық техникаға
техникалық қызмет көрсету және
жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты
№_____
20___жылғы «___» ____ берілген. Қолданылу мерзімі 20__жылғы
«__»___ дейін________________________________________________________
(ұйымның атауы, заңды мекенжайы)
Осы Сертификат авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жөніндегі ұйым________________________________________осы
(ұйымның атауы)
Сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшасында
көрсетілген қолданылу саласына жататын сертификаттау талаптарына
сәйкес келетінін куәландырады.
Сертификатты Сертификаттық тексеру актісінің
негізінде____________________________________________________________
____________________________________________________комиссиясы берді.
(азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы)
20____жылғы «___» _____________№_______
Инспекциялық
бақылауды____________________________________________________________
__________________________________________________________________
(азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы) жүзеге
асырады.
М.О.
Азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті органның басшысы
не ол уәкілеттік берген адам
______________________________
қолы, Т.А.Ә
Авиациялық техникаға
техникалық қызмет көрсету
және оны жөндеу жөніндегі ұйымның
сертификатына
қосымша
№ _________
Сертификаттың қолданылу саласы
Р/с № |
Авиациялық техниканың үлгісі |
Жұмыс түрлері |
Ескертпе |
МО
Азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті органның басшысы
немесе ол уәкілеттік берген адам
_____________________________
қолы, Т.А.Ә.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету және оны
жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау
және оған сертификат беру қағидасына
2-қосымша
Нысан
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін және
жөндейтін (АТ ТҚ және Ж) ұйымның сертификатын алуға арналған
өтінімнің үлгі нысаны
1. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның атауы________________________
2. Ұйым тіркелген жер және тіркеу нөмірі (шифры)
_____________________________________________________________________
3. Өндірістік базаның орналасқан жері:_________________________
4. Пошталық мекенжайы__________________________________________
5. Телефон_____________________________________________________
6. Телеграф____________________________________________________
7. Факс________________________________________________________
8. Есеп шоты___________________________________________________
9. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)___________________________
10. Электрондық мекенжайы______________________________________
11. Өтінім беру себебі (керегінің астын сызу): АТ ТҚ және Ж
жөніндегі ұйымның сертификатын алуға арналған бастапқы өтінім;
АТ ТҚ және Ж бойынша жұмыстар түрлерінің (кешендерінің) тізбесін
толықтыру;
авиациялық техника үлгілерінің тізбесін толықтыру;
кезекті мерзімге арналған сертификаттау;
АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның сертификатын кері қайтарып
алғаннан/күшін жойғаннан кейінгі сертификаттау;
АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның негізгі деректерін өзгерту;
басқа да себептер (көрсету).
12. Өтінімнің мазмұны
Мен, төменде қол қойған,_____________________________________________
(ұйым басшысының Т.А.Ә.)
______________________(күні)__________________ бекітілген (тіркелген)
Жарғының (Ереженің) негізінде әрекет ететін техникалық қызмет көрсету
және жөндеу жөніндегі ұйымды мынадай авиациялық техникада төменде
көрсетілген қызмет түрін орындау құқығына сертификаттау жүргізуді
сұраймын:
ӘК, қозғалтқыштың, АТ бұйымының үлгісі |
Қызмет нысаны |
||
ТҚ жедел түрлері (көрсету) |
ТҚ кезеңдік түрлері (көрсету) |
Жұмыстардың басқа түрлері (көрсету) |
|
13. Өтінім беруші Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін
пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнамасының талаптарын
мойындайды және орындауға міндеттенеді.
14. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету үшін жауапты
басшы құрам:
Лауазымы |
Т.А.Ә. |
Қолы |
АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның басшысы |
||
Сапаны бақылау (кепілдік) жөніндегі бөлімшенің басшысы |
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету және оны
жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау
және оған сертификат беру қағидасына
3-қосымша
Нысан
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға
арналған өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі
1. Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (АТ ТҚ және Ж) жөніндегі ұйым жарғысының көшірмесі.
2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмесі.
3. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қаржы-экономикалық жағдайы туралы анықтама.
4. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның бекітілген құрылымы.
5. АТТҚ және Ж жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы ереже.
6. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның штаттық кестесі.
7. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның командалық-басшы құрамы туралы мәліметтер және білім туралы тиісті құжаттардың көшірмелері.
8. АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның командалық-басшы құрамының лауазымдық нұсқаулықтары.
9. Авиациялық техниканың үлгілері бойынша рұқсат ету түрлері мен жұмыстар түрлері көрсетілген АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның инженерлік-техникалық персоналының тізімі.
10. Инженерлік-техникалық құрамының қозғалтқыштарды жүргізу және сынап көру рұқсаттары туралы ақпарат.
11. Сақтандыру полистерінің және медициналық анықтамалардың қолданылу мерзімдері туралы ақпарат көрсетілген, базадан тыс әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді орындауға арналған экипаждардың құрамында ұшуларды орындауға жіберілген АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның инженерлік-техникалық құрамы тұлғаларының тізімі.
12. Мәлімделген іс-қимыл саласындағы АТ ТҚ және Ж жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға негіз болатын құжаттар тізбесі.
13. Шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мен авиациялық техниканы жасаушылар, әзірлеушілер немесе азаматтық авиацияның ғылыми-зерттеу ұйымдары арасындағы авиациялық техниканы пайдалануды технологиялық-конструкторлық сүйемелдеуге арналған шарттардың тізбесі.
14. Шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мен азаматтық авиацияның басқа да бөгде ұйымдары арасындағы авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындауға арналған шарттардың тізбесі.
15. Шарттық мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым мен азаматтық авиацияның жөндеу ұйымдары арасындағы авиациялық техниканы жөндеуге арналған шарттардың тізбесі.
16. Шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым қызметін метрологиялық қамтамасыз етуге арналған шарттардың тізбесі.
17. Шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚ және Ж бойынша ұйымның инженерлік-техникалық құрамына техникалық оқу өткізу мен біліктілігін арттыруға арналған шарттардың тізбесі.
18. Шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, жалға алынатын құрылыстар мен жер үстінде қызмет көрсету құралдарын пайдалануға арналған шарттардың тізбесі.
19. Ұйым шарт бойынша АТ ТҚ және Ж бойынша қызмет көрсететін азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар тізімі.
20. Шарттар бойынша қосалқы мердігер ұйымдардың тізбесі.
21. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету және оны
жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға
арналған өтінімге қоса берілетін
құжаттардың тізбесіне
қосымша
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу
ұйымының қызметі бойынша нұсқау
1. Кіріспе
1) Мазмұны;
2) Тақырыбы және саласы;
3) Қолданыстағы парақ тізбесі;
4) Ревизия/толықтырулар тізбесі;
5) Тарату парағы;
6) Пайдаланылатын қысқартулар.
2. Басқарма
1) Жауапты басшының өтініші;
2) Қауіпсіздік және сапа саясаты;
3) Басқару персоналы;
4) Басқару персоналының лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері;
5) Ұйымды басқару құрылымы;
6) Рұқсат ететін персонал тізілімі;
7) Ұйым жұмысшылары құрамының сипаты;
8) Сертификатта көрсетілген ұйымдар мекенжайларының әрқайсысында орналасқан өндірістік қуаттардың жалпы сипаты;
9) Техникалық қызмет көрсету бойынша (әуе кемелеріне және құрауыштарына) орындалатын жұмыс көлемі;
10) Ұйымдағы өзгерістер туралы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органды хабардар ету рәсімі;
11) Нұсқауға өзгерістер енгізу рәсімдері.
3. Техникалық қызмет көрсету жөніндегі рәсімдер
1) Өнім берушілерді бағалау және қосалқы мердігерді қадағалау рәсімдері;
2) Сыртқы өнім берушілерден әкелінетін ӘК құрауыштары мен материалдарын қабылдау және тексеру;
3) АТ техникалық қызмет көрсетуге арналған құрауыштар мен материалдарды сақтау, таңбалау және беру;
4) Құралдар мен жабдықтарды қабылдау;
5) Құралдар мен жабдықтарды калибрлеу;
6) Персоналдың баламалы құралдар мен жабдықтарды қоса алғанда, құралдар мен жабдықтарды пайдалануы;
7) Техникалық қызмет көрсету объектілерінде тазалық сақтау нормалары;
8) Техникалық қызмет көрсету бойынша нұсқаулықтар және олардың ӘК/ӘК құрауыштарын шығарушылардың нұсқаулықтарына сәйкестігі, жаңартылуын және техникалық персонал үшін олардың болуын қоса алғанда;
9) Жөндеу бойынша рәсімдер;
10) Пайдаланушының ӘК техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға сәйкес келуі;
11) Ұшуға жарамдылық директиваларын орындау рәсімдері;
12) Міндетті емес түрлендіруді орындау рәсімі;
13) Техникалық қызмет көрсету бойынша пайдаланылатын құжаттар және оларды толтыру;
14) Техникалық қызмет көрсету жазбаларын бақылау (деректерді есепке алу);
15) Базалық техникалық қызмет көрсетуді жүргізу барысында анықталған ақауларды жою;
16) Техникалық қызмет көрсетуден кейін пайдалануға қайта енгізу рәсімі;
17) Пайдаланушының құжаттамасындағы жазбалар;
18) Ақаулар жөнінде құзыретті пайдаланушыға/үлгі сертификатын ұстаушыға хабарлау;
19) ӘК жарамсыз құрауыштарын қоймаға қайтару;
20) Сыртқы өнім берушілердің ақаулы құрауыштары бойынша іс-қимыл;
21) Электронды түрде сақталатын есептік деректерді бақылау;
22) Техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарланған жұмысқа қарасты адам-сағатты жоспарлауды бақылау;
23) Техникалық қызмет көрсетудегі қиын жұмыстарды бақылау;
24) Техникалық қызмет көрсету жөніндегі ерекше жұмыстарды жүргізу жөніндегі рәсім бойынша мынадай ақпарат:
қозғалтқыштарды сынау рәсімдері;
ӘК герметикасын тексеру рәсімдері;
ӘК сүйрету рәсімдері;
ӘК жүргізу бойынша рәсімдер;
құрауыштар мен материалдарды жою;
25) Техникалық қызмет көрсету барысында жіберілген қателерді табу және түзету рәсімдері;
26) Ауысым арасындағы жұмыстарды тапсыру рәсімдері;
27) Үлгі сертификатын ұстаушыға техникалық қызмет көрсету барысындағы нақты емес және екіұшты деректер жөнінде ақпарат беру рәсімдері;
28) Өндірісті жоспарлау рәсімдері.
4. Жедел техникалық қызмет көрсету бойынша қосымша рәсімдер
1) Жедел техникалық қызмет көрсету кезіндегі құрал-саймандарды, ӘК құрауыштарын бақылау;
2) Жерүсті қызмет көрсетуге, отын құюға, мұздануға қарсы арнайы сұйықтықтардың шөгінділерден тазартылуын тексеруді қоса алғанда, мұздануға қарсы жұмыстарға байланысты жедел техникалық қызмет көрсетуді жүргізу жөніндегі рәсімдер;
3) Жедел техникалық қызмет көрсету барысында кемшіліктерді және қайталанатын ақауларды бақылау;
4) Жедел техникалық қызмет көрсету кезінде борттық журналды толтыру рәсімі;
5) Жедел техникалық қызмет көрсету кезінде келісілген және қарызға алынған қосалқы бөлшектерді жеткізу рәсімі;
6) Жедел техникалық қызмет көрсету кезіндегі әуе кемесінен алынған ақаулы қосалқы бөлшектерді қайтару рәсімі;
7) Жедел техникалық қызмет көрсету кезіндегі қиын тапсырмаларды бақылау рәсімі.
5. Сапа жүйесінің рәсімдері
1) Техникалық қызмет көрсету аудитін ұйымдастыру рәсімдері;
2) ӘК және құрауыштарының аудиті;
3) Аудит кезінде анықталған кемшіліктерді (ақауларды) жою рәсімі;
4) Техникалық қызмет көрсету жөнінде куәлік беретін персоналға біліктілік беру және оны оқыту рәсімдері;
5) Техникалық қызмет көрсету жөнінде куәлік беретін персонал бойынша есептік деректер;
6) Сапа жүйесінің аудиторлары;
7) Инспекторлардың (қосалқы тексеруді қажет ететін жұмыстарды тексеретін) біліктілігін бақылау;
8) Техникалық қызмет көрсету және жөндеу маманының біліктілігін бақылау;
9) Техникалық қызмет көрсетуде қарастырылған техникалық қызмет көрсету көлемінен ауытқу процесін басқару;
10) Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру рәсімдерінен ауытқу рұқсаттарын бақылау;
11) Дәнекерлеу сияқты мамандандырылған жұмыстарға арналған біліктілік рәсімі, ыдыратпайтын бақылау;
12) Дайындаушы зауыттың және басқа да сыртқы орындаушылардың техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыс топтарының жұмысын бақылау;
13) Адами фактор бойынша оқыту рәсімі;
14) Персоналдың құзыреттілігін бағалау.
6. Техникалық қызмет көрсетудің орындалуы
1) Келісімшарт бойынша техникалық қызмет көрсету орындалатын пайдаланушылар тізбесі;
2) Пайдаланушының рәсімі және оның құжаттарымен жұмыс;
3) Пайдаланушының техникалық құжаттамасын толтыру.
7. Қосымша мәліметтер
1) Құжаттардың үлгілері;
2) Қосалқы мердігерлердің тізімі;
3) Жедел техникалық қызмет көрсету станцияларының тізімі;
4) Шарт бойынша техникалық қызмет көрсету орындалатын пайдаланушылар тізімі.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету және оны
жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау
және оған сертификат беру қағидасына
4-қосымша
Нысан
Азаматтық авиацияның техникасына техникалық қызмет көрсету және
жөндеу (АТ ТҚ және Ж) ұйымының сертификатын алуға арналған
өтінім бойынша шешімнің үлгі нысаны
20___жылғы «____»__________ №_____
____________________________________________________________________
(АТ ТҚ және Ж атауы)
____________________________________сертификаттау жүргізуге ұсынылған
(АТ ТҚ және Ж атауы)
«____»__________________№_____________
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
өтінімін қарап, хабарлаймыз:
1. Сіздер ұсынған құжаттар азаматтық авиация саласындағы
нормативтік құқықтық құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келеді
(сәйкес келмейді) (сәйкес келмеген жағдайда сәйкес келмеген тармағы
көрсетіледі)_________________________________________________________
____________________________________________________________________
2. Сертификаттық тексеру__________________кезеңінде жүргізіледі
3. Инспекциялық бақылауды______________________________________
_____________________________________________________ жүзеге асырады.
Азаматтық авиация саласындағы
уәкілетті органның басшысы
немесе ол уәкілеттік берген адам
МО ________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20___жылғы «___»______
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету және оны
жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау
және оған сертификат беру қағидасына
5-қосымша
Нысан
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін және оны
жөндейтін ұйымның қызмет салалары
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететін және оны жөндейтін ұйымның қызмет салаларына мыналар жатады:
1) жекелеген үлгілердегі әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету, соның ішінде ағымдағы жөндеу, ақаулықтарды жою, агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдарды ауыстыру;
2) жекелеген үлгілердегі әуе кемелеріне кезеңдік техникалық қызмет көрсету, соның ішінде авиақозғалтқыштарды ауыстыру, авиациялық техниканы ағымдағы жөндеу, авиациялық техникаға маусымдық және арнайы техникалық қызмет көрсету, сақтау кезінде авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету;
3) зертханалық жағдайдағы ӘК техникалық қызмет көрсету агрегаттары және жинақтаушы бұйымдары;
4) ӘК және олардың агрегаттары мен жинақтаушы бұйымдарын бұзылмайтын бақылау әдісімен инспекциялау;
5) «күрделі жөндеусіз» пайдаланылатын әуе кемелерінің планеріндегі, авиациялық техниканың авиақозғалтқыштарындағы және жинақтаушы бұйымдарындағы бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары);
6) әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау);
7) әуе кемесін жаңғырту бойынша жұмыстарды және авиациялық техниканы әзірлеушінің бюллетеньдері мен құжаттамасы бойынша пысықтауларды орындау;
8) әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жинақтаушы бұйымдарды (агрегаттарды) оларға жаңа ресурстарды (қызмет мерзімдерін) белгілеумен күрделі жөндеу.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету және оны
жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау
және оған сертификат беру қағидасына
6-қосымша
Нысан
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет
көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттық тексеру
бағдарламасы
Ұйымның атауы:_______________________________________________________
Тексеру күні, бұйрықтың №:___________________________________________
Тексерушілердің Т.А.Ә., лауазымы:____________________________________
Р/с |
Тексеру бағдарламасы бойынша позициясының нөмірі және тексерілетін элементтер |
Сәйкестікті бағалау (+/-) |
1 |
2 |
3 |
1. Өндірісті ұйымдастыру және басқару |
||
1 |
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның (бұдан әрі - ұйым) сертификатын алуға арналған өтінім |
|
2 |
Ұйым жарғысының көшірмесі |
|
3 |
Ұйымды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың не куәліктің көшірмесі |
|
4 |
Бекітілген өндірістік құрылымның жарғыда (ережеде) белгіленген міндеттерге, функцияларға және қызмет мәніне; мәлімделген жұмыс түрлеріне сәйкестігі |
|
5 |
Штаттық кестенің және оның жасақталуының өндірістік құрылымға сәйкестігі |
|
6 |
Негізгі деректерімен басқарушы құрамның тізімі |
|
7 |
Бөлімшелер туралы ережелер, лауазымдылық нұсқаулықтары, міндеттерді өкілеттіктер мен жауапкершіліктерді бөлу |
|
8 |
Инженерлік-техникалық құрам (бұдан әрі - ИТК), біліктілігі, авиация персоналы куәліктерінің болуы және қолданылу мерзімдері |
|
9 |
Ұйым қызметі бойынша басшылықтың болуы. Ұйым қызметі бойынша басшылықты жаңарту және оларды уәкілетті органдардың бекітуі мақсатында оған түзетулер енгізу |
|
2. Ақпараттық қамтамасыз ету |
||
1 |
Ұйым қызметіне қатысты жалпы пайдалану құжаттамасы тізбесінің болуы |
|
2 |
Пайдаланылатын авиациялық техниканың (бұдан әрі - АТ) барлық типтік, нөмірлі және кемелік пайдалану құжаттамасының болуы. Ұйымның барлық бөлімшелерінде оны сақтау, пайдалану, өзгерістер енгізу және зерделеу тәртібі |
|
3 |
АТ техникалық қызмет көрсетуді (бұдан әрі - ТҚ) және жөндеуді (бұдан әрі - Ж) жоспарлау, еңбек шығыны нормативтерінің, ТҚ мен Ж бойынша жұмыстардың межеленген көлемінің есеп-қисабы |
|
4 |
ТҚ және Ж бойынша өндірістік-техникалық құжаттаманы ресімдеу, жүргізу, беру, қабылдау, тексеру және сақтау тәртібі, мұрағаттың болуы |
|
5 |
ТҚ және Ж үдерістерін технологиялық-конструкторлық қамтамасыз етуді ұйымдастыру |
|
6 |
Объективті бақылау құралдарын (бұдан әрі - ОБҚ) ашып оқуды қамтамасыз етуді ұйымдастыру |
|
7 |
АТ кемшіліктері және рекламациялық жұмыс бойынша есептілік |
|
3. Персоналмен қамтамасыз етілуі |
||
1 |
Инженерлік-техникалық персоналдың (бұдан әрі - ИТП) мамандықтары мен мамандану тізбесінің болуы |
|
2 |
ИТП-ны ТҚ және Ж-ға жіберу тәртібі. |
|
3 |
ИТП-ның қажетті саны есеп-қисаптарының болуы және ИТП-мен бөлімшелердің жасақталуы. ИТП-мен ең аз жасақталу табелінің болуы |
|
3 |
Ұйымның оқу базасының болуы |
|
4 |
Ағымдағы оқуды, біліктілікті жоғарылату курстарын, дербес тапсырмалар бойынша оқулар, ИТП-ны көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы навигацияға даярлау кезінде оқу мен сынақтар өткізуді ұйымдастыру. |
|
5 |
ИТП-ны жаңа техникаға даярлау тәртібі |
|
6 |
Оқытатын ұйымдармен шарттардың болуы |
|
7 |
«ТҚ кезіндегі адам факторы» және «Авиациялық заңнама» курстарын ұйымдастыру және өткізу |
|
4. Өндірістік база |
||
1 |
Әуе кемелеріне (бұдан әрі - ӘК) ТҚ және Ж үшін ангарлардың, баспаналардың, тұрақ орыңдарының болуы және олардың сертификаттау талаптарына сәйкестігі |
|
2 |
Ангарлардың және тұрақ орындарының өткізу қабілеті есеп-қисабының болуы |
|
3 |
ИТП үшін тұрмыстық үй-жайлардың болуы, оларда өндірістік санитария талаптарын, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау |
|
4 |
Өндірістік алаңдардың болуы, олардың жай-күйі мен жарақталуының мәлімделген қызмет саласына сәйкестігі |
|
5 |
ӘК агрегаттары мен жинақтаушы бұйымдарына ТҚ жөніндегі цехтардың (зертхананың) болуы; оның жабдықпен жабдықталуының мәлімделген қызмет саласына және үлгі пайдалану құжаттамасына сәйкестігі |
|
6 |
Жалға алынған құрылыстарды және жердегі қызмет көрсету құралдарын (бұдан әрі - ЖҚК) пайдалануға арналған шарттардың болуы |
|
5. ТҚ және Ж үдерістерін ұйымдастыру |
||
1 |
Пайдаланылатын АТ барлық үлгі және нөмірлі пайдалану құжаттамасының болуы. Оны сақтаудың, пайдаланудың, өзгерістер енгізудің және зерделеудің тәртібі |
|
2 |
ӘК ТҚ және Ж бойынша өндірістік-техникалық құжаттаманы жүргізу |
|
3 |
ИТП-да орындалатын жұмысқа сәйкес келетін қажетті рұқсаттардың болуы |
|
4 |
Орындалатын АТ ТҚ мерзімдерінің, көлемінің және технологияларының үлгі пайдалану құжаттама талаптарына сәйкестігі |
|
5 |
Бақылау құралдарының, құралдардың және құрал-саймандардың авиациялық техниканы техникалық пайдалану және жөндеу жөніндегі құжаттар талаптарына, үлгі пайдалану құжаттамаларына (бұдан әрі - ПҚ) сәйкестігі, тиісті тексерулер жүргізу мерзімдерін сақтау |
|
6 |
Бақылау құралдарын сақтау және орналастыру шарттары |
|
7 |
Орындаушылардың қамтамасыз етілуі: арнайы қолданылатын ЖҚҚ; жалпы пайдалану құралдары; үлгі ПҚ қолдану талаптарына сәйкес дербес пайдалану құралдары |
|
8 |
ӘК-ні ТҚ және Ж бойынша аяқталмаған жұмыстармен беру тәртібі |
|
9 |
ӘК қабылдау-беру тәртібі (экипаждан және кері, цехтар арасында, күзетке және басқалары) |
|
10 |
Жұмыстарды қабылдау және бақылау бойынша міндеттерді бөлу тізбесінің болуы және оны сақтау |
|
11 |
Техникалық бақылау бөлімі қабылдау үшін аяқталған жұмыстарды ұсыну тәртібін сақтау |
|
12 |
Диагностика және бүлдірмейтін бақылау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, құжаттаманың, жабдықтардың, сертификацияланған персоналдың болуы |
|
13 |
Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау ережесін сақтау |
|
14 |
Шарттық негізде орындалатын ТҚ және Ж бойынша жұмыстардың көлемі. Жұмыстарды ұйымдастыру |
|
7. А және РЭО техникалық қызмет көрсету |
||
1 |
Ұйымдық құрылым және басқару (құрылымдық схема, бөлімше туралы ереже, лауазымдық нұсқаулықтар) |
|
2 |
Технологиялық және өндірістік-техникалық құжаттама |
|
3 |
ТҚ және Ж бойынша жұмыстарды жоспарлау |
|
4 |
ӘК әртүрлі үлгілері мен ТҚ нысандары үшін пайдаланылатын бақылау құралдарының, құралдар мен құрал-саймандарды ТҚ тізбесі: ПҚ сәйкестігі; тексерулерден өтуі |
|
5 |
Бақылау құралдарына ПҚ болуы және оны ресімдеу |
|
6 |
Бақылау құралдарын сақтау шарттары, оларды орналастыру |
|
7 |
Технологиялық жабдықтарға, АТ технологиялық жұмыстарына тізілімдердің болуы |
|
8 |
Дайындалған (қайта жаңартылған) технологиялық жабдықтарды пайдалануға жіберу |
|
9 |
ТҚ және Ж бақылау құралдарымен қамтамасыз ету |
|
10 |
Өлшеу құралдарын (бұдан әрі - ӨҚ) метрологиялық тексеру, жоспарлау және бақылау |
|
11 |
ИТП бақылау құралдарымен жұмысқа және борт жабдығының ТҚ орындауға дайындау және рұқсат беру, ИТП жинақтылығы |
|
12 |
ТҚ және Ж объектілерін сақтау мен тасымалдау |
|
13 |
Бақылау-тексеру аппаратурасы (бұдан әрі - БТА) және зертхана қондырғылары (стенділер) |
|
14 |
Жедел ТҚ бойынша БТА және кезеңдік ТҚ бойынша БТА |
|
8. Ұшу ақпаратын өңдеу |
||
1 |
Персоналды даярлау және мамандандыру |
|
2 |
Өндірістік құжаттама |
|
3 |
Пайдаланылатын жабдық, бағдарламалық қамтамасыз ету және нұсқаулық құжаттар |
|
4 |
Борт құралдарын объективті ақпаратпен қамтамасыз ету (бұдан әрі - ОАҚ) |
|
5 |
Сапаны бақылау және орындалатын жұмыстарды есепке алу |
|
6 |
Ашып оқу көлемі туралы деректер, оның ішінде ұшуды «базадан тыс» ұйымдастыру кезінде |
|
7 |
АТ ТҚ кезінде ОАҚ ашып оқу уақытында алынған ақпаратты пайдалануды ұйымдастыру |
|
9. Техникалық қызмет ету сапасын бақылау |
||
1 |
Техникалық бақылау бөлімінің (бұдан әрі - ТББ) жасақталуы |
|
2 |
ТББ техникалық пайдалану құжаттамасымен қамтамасыз етілуі |
|
3 |
ТББ персоналының және өндірістік бөлімшелердің жұмыс режимін сәйкестендіру |
|
4 |
Жұмыстардан ауытқу және қабылдау тәртібінің болуы |
|
5 |
ТББ персоналының басқа бөлімшелермен және сыртқы ұйымдармен өзара іс-қимылы |
|
6 |
ТҚ және Ж сапасын талдауды өткізу, ТҚ және Ж сапасы бойынша көрнекі ақпарат пен үгіт жүргізу |
|
7 |
Метрологиялық қамтамасыз етуді бақылау |
|
8 |
Сапа бойынша нұсқаулықтың болуы |
|
10. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - МТҚ) |
||
1 |
МТҚ жөніндегі құрылымның болуы |
|
2 |
МТҚ бойынша өзара іс-қимыл схемасының болуы |
|
3 |
Авиатехникалық мүлікпен (бұдан әрі - АТМ) қамтамасыз ету жөніндегі шарттардың болуы |
|
4 |
АТМ төмендемейтін қоры, жинақтылығы, болуына және шығынына есеп жүргізу |
|
5 |
Ресурстары шектелген агрегаттармен және бұйымдармен қамтамасыз ету |
|
6 |
Түсетін АТМ кіріс бақылауының техникалық пайдалану мен авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі құжаттарының талаптарына сәйкестігі |
|
7 |
АТМ сақтау шарттары |
|
8 |
Қоймалардың (қоймалық бөлмелердің) жұмыс режимінің техникалық бригадалардың жұмыс режиміне сәйкестігі |
|
11. Қаржылық қамтамасыз ету |
||
1 |
АТ ТҚ және Ж бойынша шығыстары сметасының болуы |
|
2 |
Еңбекақы төлеудің уақтылылығы |
|
12. Еңбекті қорғау, қаржылық және материалдық қамтамасыз ету |
||
1 |
Еңбекті қорғауды ұйымдастыру |
|
2 |
Еңбекті қорғау бойынша құжаттың болуы және сапасы |
|
3 |
Жеке қорғау құралдарының болуы |
|
4 |
Авиациялық персоналдың арнайы мамандандырылған киім-кешегінің болуы |
|
12. Авиация техникасын жөндеудің технологиялық үдерістері |
||
1 |
Бөлімшелердегі нормативтік, ұйымдастыру-өкімгершілік, техникалық және өндірістік-бақылау құжаттамасын басқару бойынша рәсімдерді жоспарлау мен жасау. |
|
2 |
Жоспарланған жұмыстарды орындау үшін, оның ішінде ангарлар, цехтар, қоймалық, қызметтік және тұрмыстық ғимараттарды, жөнделетін бұйымдарды, жөндеу құралдарын, сонымен бірге қызметкерлер құрамын орналастыру үшін жеткілікті өндірістік алаңдарының болуы. |
|
3 |
Өндірістік алаңдарының мөлшерлері, жоспарлау, жарықтылығы, температурасы, ылғалдылығы, тазалығы мен басқа параметрлері бойынша нормативтік құжаттама мен технологиялық құжаттама талаптарына сәйкестігі. |
|
4 |
Өндірістік алаңдарының жұмысты орындауға қажетті қуат көздері мен коммуникациялармен (электр қуатымен, сығылған ауамен, жылумен, сумен, вентиляциямен) жабдықталуы. |
|
5 |
Өндірістік алаңдарының қауіпсіз жұмыс аймақтарымен (өрттен, жарылыстан,уытты әсерлерден сақтау мен бақылау жүйесінің болуы және басқа) қамтамасыз ету. |
|
6 |
Бұйымдарды жинау учаскелерін жоңқа, металл және абразивті шаңның және басқа ластанулар пайда болатын механикалық өңдеудің кез келген түрлері орындалатын жерлерден бөлектеу. Бұйымдарды тазалау, жуу, бояу учаскелерін басқа жұмыс орындарынан оңашалау. |
|
7 |
Өндірістік алаңдарынан тыс жөндеу жұмыстарын орындау технологиялық құжаттамада ескертілген, бірақ жұмыстарды температурасы, ылғалдылығы, тозаңдылығы және атмосфералық жауын-шашынға қарай қолайлы ауа райы жағдайында орындауға рұқсат беріледі. |
|
8 |
Материалдарды, бұйымдарды, құралдарды және жабдықты сақтауға қоймалық ғимараттардың болуы. Сақтау шарттарының нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігі. |
|
9 |
Қоршаған ортаны сақтау бойынша барлық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету. |
|
10 |
Технологиялық құжаттама талаптарына сәйкес келетін (ұқсас немесе бірдей) жоспарланған жұмыстарды жүргізу үшін жөндеу құралдарының болуы. |
|
11 |
Сәйкестендіру (таңбалау, паспорттау) және қолданылатын жөндеу құралдарын аттестаттау. |
|
12 |
Мерзімді тексерулерді, калибрлеуді, жөндеу құралдарын күтілуі, жөнделу мен сақталуын қамтамасыз ету. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін жөндеу құралдарын бөлектеу. |
|
13. Бұзбайтын бақылау |
||
1 |
Бұзбайтын бақылау бөлімшелерінің қызметін қадағалау тәртібін жасау. |
|
2 |
Бұзбайтын бақылаудың барлық қолданылатын әдістері үшін нормативтік құжаттарын дайындау. |
|
3 |
Құйын тәрізді тоқ, ультрадыбыстық, магниттік, капиллярлық бақылау үшін салалық бақылау мен жұмыс үлгілерінің қолдануын реттейтін рәсімдерді әзірлеу. |
|
4 |
Бұзбайтын бақылаудың технологиялық үдерістеріне технологиялық нұсқаулықтарды жасау. |
|
5 |
Өндірістік-бақылау құжаттамасында бақылау нәтижелерін тіркеу бойынша, жөнделетін авиация техникасының бөлшектері мен түйіндерін бұзбайтын бақылауды жүргізу шешімін қабылдау мен нәтижелерін дайындау бойынша рәсімдерді жасау. |
|
6 |
Өлшеулер дәлдігінің кепілдігі үшін бұзбайтын бақылау кезінде қолданылатын жабдықтың кезеңді метрологиялық тексеруі мен калибрлеуі. |
|
7 |
Бұзбайтын бақылауды орындаудағы жұмыс орындарын бұзбайтын бақылау бойынша технологиялық құжаттамамен қамтамасыз ету және жабдықты күйге келтіру эталондарымен жабдықтау. |
|
8 |
Бұзбайтын бақылауды жүргізу үшін жеке ғимараттар, зертханалар немесе арнайы жабдықталған жұмыс орындарының болуы, сонымен бірге бақылаудың құйын тәрізді тоқ, ультрадыбыстық, магнит-ұнтақты, капиллярлық әдістерінде қолданылатын салалық стандарт үлгілерінің жеткілікті санының болуы. |
|
14. Жөндеу кезіндегі әуе кемесі мен бөлшектеріне техникалық қызмет көрсетілуі |
||
1 |
Пайдалану құжаттамасына өзгерістер енгізу бойынша жөндеу кезіндегі әуе кемелері мен бөлшектеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу рәсімдерін жасау. |
|
2 |
Инженерлік-техникалық персонал үшін жіберу рұқсаттарын дайындау бойынша рәсімдерді жасау. |
|
3 |
Әуе кемесінде техникалық қызмет көрсетудің түрлерін жүргізуді ұйымдастыру бойынша рәсімдерді жасау. |
|
4 |
Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетудің ерекше түрлері мен сақтау кезіндегі шұғыл, маусымдық, техникалық қызмет көрсетудің жалпы түрлерін жүргізуді ұйымдастыру бойынша рәсімдерді жасау. |
|
5 |
Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу үшін техникалық пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарына сәйкес құралдардың болуы, орындау сапасын бақылауды қамтамасыз ету мен жауапты лауазымды адамдарының техникалық қызмет көрсетудің қорытындысын рәсімдеуі. |
|
6 |
Әуе кемелеріне тиісті Сертификаттың болуымен кезеңді техникалық қызмет көрсетуді орындау. |
|
15. Ақпараттандыру жүйесі мен бұйымдардан бас тартулар бойынша шаралар қолдану |
||
1 |
Ұшу жарамдылығына қатысты барлық табылған қауіпті бас тартулар (ақаулықтар) туралы ақпаратты жинау, есепке алу және уәкілетті органына хабарлау тәртібін жасау. |
|
2 |
Пайдаланудағы бас тартуларды (ақаулықтарды) шұғыл түрде жою бойынша шараларды қолдану тәртібін анықтау. |
|
3 |
Авиациялық оқиғалар мен соқтығыстарға қызметтік тергеу жүргізу бойынша талаптарды анықтайтын нормативтік-техникалық құжаттардың болуын қамтамасыз ету. |
|
4 |
Жөндеу кезінде және бұйымдарды жөндеуден кейін пайдалану кезінде анықталған бас тартулар (ақаулықтар) бойынша ақпаратты жинау, есепке алу мен талдау жүйесі және тікелей орындаушылар мен қызметтерге ақпаратты жеткізу. |
|
5 |
Жауапты бөлімшелер мен лауазымды тұлғаларды белгілеумен қатар бұйымдар ақаулықтарының себептерін анықтау мен қызметтік тергеу жүргізу жүйесі. |
|
6 |
Бұйымдарға зерттеу жүргізу кезінде Дайындаушымен, Жасаушымен және ғылыми-зерттеу институттарымен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету. |
|
7 |
Жөнделіп жатқан авиатехникадан бас тартуларды болдырмау бойынша алдын алу шараларын қолдану және жөнделіп жатқан бұйымдардан бас тартудың алдын алу тәртібін реттейтін рәсімдерді дайындау және түзету мен алдын алу әрекеттерін іске асыру. |
|
16. Бұйымды пайдалануға қайтару |
||
1 |
Техникалық қызмет көрсету туралы куәлікті рәсімдеу. |
|
2 |
Техникалық қызмет көрсету туралы куәлігінің үлгісі: |
Сәйкессіздік тізбесі парақта_____(парақтарда).
Тексерушілер:____________________________
____________________________
____________________________
____________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
Танысты:______________________ ________________
(ұйым басшының қолы), (Т.А.Ә)
Сертификаттық тексеруді жүргізу күні: 20___жылғы «___»___________
Азаматтық авиация ұйымын сертификаттық қарап тексеру бағдарламасына сәйкессіздіктер тізбесі
Р/с |
Сәйкессіздік мазмұны |
Ескертпе |
Комиссия ______________________
______________________
______________________
______________________
Таныстым: ____________________________
(ұйым басшысы)
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына
техникалық қызмет көрсету және оны
жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау
және оған сертификат беру қағидасына
7-қосымша
Нысан
Сертификаттық тексеру актісінің үлгі нысаны
____________________________________________________________________
(азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атауы)
20___жылғы «___» _____№__бұйрығына сәйкес мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға: ____________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
Комиссия мүшелері:__________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
__________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы)
Авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (АТ
ТҚ және Ж) жөніндегі ұйымды сертификаттық тексеріп қарауды жүргізді.
Қорытынды мәтіні:______________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Төраға:_____________________ __________________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Комиссия мүшелері: ________________________ _________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
________________________ _________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
________________________ _________________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Актімен таныстым:
АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым басшысы _____________ _____________
(Т.А.Ә.) (қолы)