Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтерінің бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 423 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 шілдеде № 11644 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.05.2019 № ҚР ДСМ-72 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 28-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.05.2019 № ҚР ДСМ-72 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі Б.Сұлтанов


_________________


2015 жылғы 29 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 423 бұйрығына
қосымша

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының симуляциялық кабинеттерін (орталықтарын) жарақтандыру нормативтері

      Ескерту. Нормативтер жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.05.2019 № ҚР ДСМ-72 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жабдықтың атауы

Өлшем бірлігі

Ұсынылатын норма

Симуляциялық орталық

Симуляциялық кабинет

1

Жүрек-өкпе реанимациясын орындауға арналған манекен

дана

2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

2 (8-12 адамнан тұратын топқа)

2

Оқу дефибрилляторы

дана

2 (орталыққа)

1 (8-12 адамнан тұратын топқа)

3

Инъекциялар дағдыларын орындауға арналған тренажер (ересек / балалар)

дана

2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

1 (8-12 адамнан тұратын топқа)

4

Қуық катетеризациясына арналған тренажер (ерлер / әйелдер / балалар)

дана

1 (6-7 адамнан тұратын топқа)

1 (8-12 адамнан тұратын топқа)

5

Өкпе мен жүректің аускультациясына арналған тренажер

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

2 (8-12 адамнан тұратын топқа)

6

Тораптарды байлауға арналған тренажер

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

7

Коникотомия және трахеотомияға арналған тренажер

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

8

Қан тоқтауға арналған тренажер

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

9

Көзді зерттеуге арналған тренажер

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

10

Құлақ ауруларын диагностикалауға арналған тренажер

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

11

Сүт безі моделі

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

4 2 (8-12 адамнан тұратын топқа)

12

Балалар басына инъекциялар жасау тренажеры

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

13

Омыртқа және бел пункциясына арналған симулятор (ересек / бала)

дана

1-2 (орталыққа)

-

14

Жатыр мойнын зерттеу тренажеры

дана

1-2 (орталыққа)

-

15

Зондты тамақтандыруға арналған манекен/фантом

дана

1-2 (орталыққа)

1 (кабинетке)

16

Асқазан түтігі (ересек/балалар)

дана

1-2 (орталыққа)

1 (кабинетке)

17

Күтім жасау дағдыларына арналған сәби үлгісі

дана

-

3 (8-12 адамнан тұратын топқа)

18

Ауру адамға күтім жасауға оқытуға арналған манекен

дана

-

1 (8-12 адамнан тұратын топқа)

19

Спирограф

дана

1 (орталыққа)

1 (кабинетке)

20

Шала туған сәбилерге арналған кювез

дана

-

1 (кабинетке)

21

Шала туған сәбидің моделі

дана

-

2 (8-12 адамнан тұратын топқа)

22

Тік ішекті зерттеуге арналған моделі

дана

1 (орталыққа)

1 (кабинетке)

23

Жаңа туған нәрестеге интубация жасауға арналған әмбебап үлгі

дана

1 (орталыққа)

1 (кабинетке)

24

Бала крикотиреотомиясын жасауға арналған тренажері

дана

1 (орталыққа)

-

25

Эзофагогастродуоденоскопия оқытуға арналған тренажер

дана

1-2 (орталыққа)

-

26

Бронхоскопия жүргізуге оқытуға арналған тренажері

дана

1-2 (орталыққа)

-

27

Пациенттің кардиологиялық тренажері

дана

1 (орталыққа)

-

28

Көзді зерттеуге арналған симулятор

дана

1 (орталыққа)

-

29

Эпидуралық инъекцияға арналған симулятор

дана

2 (орталыққа)

-

30

Босанатын әйел симуляторы

дана

2 (орталыққа)

-

31

Простата пальпациясына арналған симулятор

дана

1-2 (6-7 адамнан тұратын топқа)

-

      Ескерту: шығындау материалдары - қажеттілігіне қарай Симуляциялық орталық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдарда құрылады. Симуляциялық кабинет – техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ұйымдарда құрылады.