«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Сәрінжіпов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 9 маусымдағы
№ 370 бұйрығымен бекітілген
«Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) № 11107 нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік Реестрінде тіркелген «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу қағидаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 206 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі тіркеу күні мен нөмірі көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы анықтама болып табылады.
2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағына сәйкес конкурстық құжаттар (бұдан әрі – конкурстық құжаттар) ұсынуы негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің құрамына кіретін әр рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:
1) Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі конкурстық құжаттарды қабылдайды, тіркейді және оларды Ғылыми-техникалық саясат басқармасына күнтізбелік 30 күн ішінде жолдайды;
2) Қызмет берушінің Ғылыми-техникалық саясат басқармасы конкурстық құжаттарды конкурс жарияланған кезден бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылдайды және тіркеу журналына тіркейді.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қызмет көрсетуге келесі бөлімшелер қатысады:
1) Қызмет көрсетушінің кеңсесі;
2) Қызмет көрсетушінің Ғылыми-техникалық саясат басқармасы;
7. Қызмет көрсетушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) арасындағы рәсімдеудің (іс-қимылдардың) тізбектілік сипаттамасы.
1) Қызмет көрсетушінің кеңсесі конкурстық құжаттар қабылдайды, тіркейді және оларды күнтізбелік 30 күн ішінде Ғылыми-техникалық саясат басқармасына жолдайды;
2) Қызмет көрсетушінің Ғылыми-техникалық саясат басқармасы конкурстық құжаттарды қабылдауды іске асырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін күнтізбелік 30 күн ішінде береді.