«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру» мемлекеттік көрсетілген қызметтер регламенті бекітілсін.
2. «Технологиялық коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 82 бұйрығының («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 12 мамырдағы жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тізілімінде № 9338 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2014 жылы 21 мамырдағы №72 (2540) жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы А. Рау
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 656 бұйрығымен
бекітілген
«Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушымен технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грантты беру туралы шартқа қол қою болып табылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 560 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 1 шілдедегі № 11521 болып тіркелген) бекітілген «Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес өтінім беру болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимыл) мазмұны, оны іске асыру мерзімі:
1) жоба тұжырымдамалының негізделу кезеңінде:
кеңсе қызметкерінің қызмет көрсетілетін қызметті берушінің өтінімін қабылдауы мен тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның жетекшілік ететін орынбасарына беруі, он бес минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның жетекшілік ететін орынбасарының құрлымдық бөлімшенің басшысын анықтауы, үш сағат ішінде;
құрылымдық бөлімше басшысының өтінімді қарауға және оларды тіркеу журналында тіркеуге жауапты орындаушыны анықтауы, үш сағат ішінде;
жауапты орындаушының өтінімді қарауы, бес жұмыс күннің ішінде;
жауапты орындаушының өтінімді (көрсетілген қызмет алушы туралы деректерді көрсетпей) тәуелсіз сараптамаға жіберуі, бес жұмыс күннің ішінде;
тәуелсіз сарапшылардың тәуелсіз сараптаманы жүргізуі және сараптама қорытындысын көрсетілетін қызметті берушіге ұсынуы, бес жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушының жобасы бойынша мәлімделген шығындардың негізділігіне тексеру жүргізу. Егер ол грант алуға үміткер болса, онда грант беру туралы шешім қабылданады, он жеті жұмыс күні ішінде;
ілеспе хатты қабылдау және тіркеу, екі сағат ішінде;
гранты беру туралы шарт жасау, он жұмыс күн ішінде;
2) өнеркәсіп прототип жасау және оның коммерциялық көрсетілуі кезеңінде: кеңсе қызметкерінің қызмет көрсетілетін қызметті берушінің өтінімін қабылдауы мен тіркеуі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның жетекшілік ететін орынбасарына беруі, он бес минут ішінде;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның жетекшілік ететін орынбасарының құрлымдық бөлімшенің басшысын анықтауы, үш сағат ішінде;
құрылымдық бөлімше басшысының өтінімді қарауға және оларды тіркеу журналында тіркеуге жауапты орындаушыны анықтауы, үш сағат ішінде;
жауапты орындаушының өтінімді қарауы, бес жұмыс күннің ішінде;
жауапты орындаушының өтінімді (көрсетілген қызмет алушы туралы деректерді көрсетпей) тәуелсіз сараптамаға жіберуі, бес жұмыс күннің ішінде;
тәуелсіз сарапшылардың тәуелсіз сараптаманы жүргізуі және сараптама қорытындысын көрсетілетін қызметті берушіге ұсынуы, бес жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушының жобасы бойынша мәлімделген шығындардың негізділігіне тексеру жүргізу. Егер ол грант алуға үміткер болса, онда ол ұсынылған өтінім қорғау үшін сараптамалық кеңестің отырысына қатысады, он жеті жұмыс күні ішінде;
сараптамалық кеңестің өтінімді қарауы және көрсетілетін қызметті берушіге өтінімнің коммерциялық перспективасына қатысты ұсынымдарын ілеспе хатпен енгізу, он жұмыс күннің ішінде;
іліспе хатты қабылдау мен тіркеу, екі сағаттың ішінде;
грант беру туралы шарт жасасу, он күннің ішінде.
Келесі рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) өтінімді қабылдау мен тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның жетекшілік ететін орынбасарының қарары;
3) өтінімдерді тіркеу журналында өтінімді тіркеу;
4) өтінімді қарау;
5) өтінімді тәуелсіз сараптамаға жіберу;
6) тәуелсіз сараптаманы жүргізу;
7) көрсетілетін қызметті берушінің грантты беру туралы шешімі;
8) сараптамалық кеңестің ұсынымдарының ұсынуы;
9) грант беру туралы шарт жасасу.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысы не оның жетекшілік ететін орынбасары;
3) құрылымдық бөлімшенің басшысы;
4) жауапты орындаушы.
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) жүйелігін көрсететін қызметті берушінің қабылдайды және әрбір рәсімін (іс-қимылын) ұзақтығын көрсете отырып, сипаттау:
1) өтінімді көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері нөмірі мен және күнін беріп тіркейді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасарына беріледі, он бес минуттың ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе көрсетілетін қызметті беруші басшысының жетекшілік ететін орынбасары өтінімді қарайды құрылымдық бөлімше басшысына өтінімді тапсырады, үш сағаттың ішінде;
3) құрылымдық бөлімше басшысы өтінім алған күннен бастап, өтінімді қарастыратын және тіркеу журналына тіркейтін бөлімшенің жауапты орындаушысын анықтайды, үш сағаттың ішінде;
4) жауапты орындаушы өтінімді Қазақстан Республикасы Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 210 бұйрығымен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкестігіне қарайды, бес күннің ішінде;
5) жауапты орындаушы өтінімді қараған соң көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы өтінімді (көрсетілетін қызметты алушы туралы деректерді көрсетпей) тәуелсіз сараптамаға ілеспе хатпен жібереді, бес күннің ішінде:
ілеспе хатты құрылымдық бөлімшесінің басшысымен келіседі;
ілеспе хатқа көрсетілетін қызметті берушінің басшысын немесе оның жетекшілік ететін орынбасары қол қояды;
өтінімді ілеспе хатпен тіркейді және қағаз және электрондық тасығыштарда (PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері тәуелсіз сарапшының мекен-жайына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті беруші тартқан тәуелсіз сарапшылар тәуелсіз сараптаманы жүргізеді және сараптама қорытындысын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз және электрондық тасығыштарда (PDF немесе JPEG форматында сканерден өткізілген) ілеспе хатпен көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады, он күннің ішінде;
7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері сараптамалық қорытынды бойынша тіркеу нөмірі мен және күнін беріп тіркейді одан кейін қызметті берушінің басшысына немесе оның жетекшілік ететін орынбасарына береді, отыз минуттың ішінде;
8) қызметті берушінің басшысы немесе оның жетекшілік ететін орынбасары сараптамалық қорытынды бойынша ілеспе хатты қарастырып, құрлымдық бөлімшесінің басшысына береді, бір сағаттың ішінде;
9) құрылымдық бөлімше басшысы сараптамалық қорытынды бойынша ілеспе хатты қарастыру және тіркеу үшін орындаушысын анықтайды, отыз минут ішінде;
10) жауапты орындаушы тәуелсіз сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін, көрсетілетін қызметті алушының жобасы бойынша мәлімделген шығындардың негізділігіне тексеру жүргізеді, он жеті күннің ішінде.
Егер көрсетілетін қызметті алушы жоба тұжырымдамасын негіздеу кезеңінде грант алуға үміткер болса, онда көрсетілетін қызметті беруші грант беру туралы шешім шығарады. өнеркәсіп прототипін жасау және оның коммерциялық көрсетілуі кезеңінде грант алуға үміткер болса, онда ол ұсынылған өтінімін қорғау үшін сараптамалық кеңестің отырысына қатысады
Егер көрсетілетін қызметті алушы өнеркәсіп прототипін жасау және оның коммерциялық көрсетілуі кезеңінде грант алуға үміткер болса, онда ол ұсынылған өтінімін қорғау үшін сараптамалық кеңестің отырысына қатысады.
11) сараптамалық кеңес өтінімді және тәуелсіз сараптаманың қорытындысын қарайды және көрсетілетін қызметті берушіге өтінімнің коммерциялық перспективасына қатысты ұсынымдар енгізеді, он жұмыс күннің ішінде;
12) көрсетілетін қызметті беруші сараптамалық кеңестің ұсынымдарын алған сәттен бастап грант беру туралы шешім шығарады және көрсетілген қызметті алушымен жобаны іске асыру уақытын өзектендіреді және грант беру туралы шарт жасауды жүзеге асырады, он жұмыс күннің ішінде.
9. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің
(іс-қимылдардың) жүйелілігін әрбір рәсәмнің (іс-қимылдардың) ұзақтығын көрсете отырып, сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесі анықтамалығында көрсетілген.
«Технологияларды коммерцияландыруға
арналған инновациялық гранттарды ұсыну»
мемдекеттік көрсетелген қызмет
регламентіне қосымша