Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 шілдеде № 11602 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 22 мамыр

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 10 маусым



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 334 бұйрығымен бекітілді

Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-11) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар меншік нысанына қарамастан теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушыларға, теміржол көлігінің көмекші қызметтеріне қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті (бұдан әрі – аудит) – қауіпсіздікті басқару жүйесінің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін диагностикалау мен бағалаудың жүйелі процесі;

      2) қауіпсіздік сертификаты – тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің осы Қағидаларға 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестігін куәландыратын құжат.

2. Теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
Параграф 1. Жалпы талап

      4. Меншік нысанына қарамастан теміржол көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушылар, теміржол көлігінің көмекші қызметтері өз құзыреті шегінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін (бұдан әрі - қозғалыс қауіпсіздігі) қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау.

      Тасымалдау процесіне қатысушылар қозғалыс қауіпсіздігін мыналарды:

      1) "Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) және оларға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6581 болып тіркелген) бекітілген теміржол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесіне және оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кадрларды жасақтау мен орналастыруды;

      2) поездар қозғалысымен байланысты қызметтерге үміткерлерді кәсіби іріктеуді;

      3) еңбек тәртібін нығайтуды;

      4) денсаулық сақтау саласындағы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 155 бабына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген денсаулық сақтау саласына сәйкес қызметкерлерді мерзімді медициналық тексеруден өткізуді, сондай-ақ локомотив бригадаларын және поездар қозғалысымен тікелей байланысты қызметкерлердің денсаулығын ауысым алдындағы куәландыруды жүргізуді;

      5) жаңа техниканың, технологиялардың және менеджмент құралдарының енгізілуін ескере отырып, теміржол көлігінің негізгі кәсіптерінің қызметкерлерін кәсіби дайындау, оқыту, біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіруді, сондай-ақ стандартты емес жағдайлардағы іс-қимылдардың іс жүзіндегі дағдыларын жетілдіруді;

      6) поездар қозғалысымен байланысты қызметкерлердің қозғалыс қауіпсіздігі мәселелерін регламенттейтін осы Қағиданы, Заңның 14-бабы 2-тармағының 34-12) тармақшасына сәйкес бекітілген Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі - ТПҚ), "Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6954 болып тіркелген) (бұдан әрі - Нұсқаулық), "Поездар қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулық туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7021 болып тіркелген);

      7) "Қозғалыс қауіпсіздігі күні" тақырыбы бойынша онкүндік сайынғы тексерулер жүргізуді;

      8) жолдарды, жасанды құрылыстарды, жылжымалы құрамды, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтау құрылғыларын, теміржол өткелдерін, жабдықтарды, тетіктерді және көліктің басқа да техникалық құралдарын жөндеу және күтіп ұстау сапасын арттыру жөніндегі ұдайы жұмысты жүзеге асыруды;

      9) дефектоскопия құралдары мен диагностика жүйелерін жарамды жағдайда ұстауды және тиімді пайдалануды;

      10) анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қолданумен қауіпсіздікті бақылау құрылғыларының, аспаптарының жай-күйін және олардың қолданылуын тексеруді бекітілген график бойынша жүзеге асыруды;

      11) жаңа қауіпсіздік құрылғыларын, аспаптары мен жүйелерін енгізу жөнінде ұдайы жұмыс жүргізуді;

      12) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырудың жаңа нысандарын іздестіруді және енгізуді;

      13) авариясыз жұмыс тәжірибесін жинақтауды және таратуды;

      14) жүргізілетін жұмыс ерекшелігіне сәйкес техникалық түзу құрал-саймандармен және техникалық құралдармен қамтамасыз етуді көздейтін ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етеді.

      5. Тасымалдау процесіне қатысушылар, теміржол көлігінің көмекші қызметтері қамтамасыз етеді:

      өмірі мен денсаулығы, жолаушылардың жүруі үшін қауіпсіз жағдайларды;

      жүктер, багаж және жүк-багаж тасымалының қауіпсіздігін;

      темір жол көлігінің техникалық құралдарын пайдалану кезінде қозғалыс қауіпсіздігін;

      "Темір жол көлігімен тасымалдаған кезде әскерилендірілген күзетпен алып жүруге жататын жүктердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 344-І бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 3931 болып тіркелген) сәйкес олардың қарауындағы темір жол көлігі объектілерін күзетуді;

      экологиялық қауіпсіздікті;

      өртке қарсы қауіпсіздікті;

      санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

      6. Теміржолдар, теміржол станциялары, жолаушы платформалары, сондай-ақ поездар қозғалысына және маневр жұмыстарына байланысты теміржол көлігінің басқа да объектілері қауіптілігі жоғары аймақтар болып табылады және ТПҚ мен Нұсқаулыққа сәйкес олардың сигналдық қоршаулары болуы тиіс.

      7. Аумақтарында қауіпті жүктерді өндіру, сақтау, тиеу, түсіру, тасымалдау жүзеге асырылатын объектілер құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес темір жолдардан, елді мекендерден, кәсіпорындардан, ғимараттар мен құрылыстардан қажетті қашықтыққа алыстатылған болуы тиіс.

      Байланыс, электр тарату желілерінің, мұнай құбырларының, газ құбырларының және темір жолдарды қиып өтетін немесе оларға тікелей жақын орналасқан басқа да құрылыстардың иелері олардың жұмыс істеу қауіпсіздігін және құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес көрсетілген құрылыстарды салу мен пайдаланудың белгіленген нормаларының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін авариялардың немесе авариялық жағдайлардың туындауы туралы уәкілетті органдарын және теміржол көлігі ұйымдарын уақтылы хабардар ету.

      8. Қауіпті жүктер өндіруді, тиеуді, түсіруді, сақтау мен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдау процесіне қатысушылар мен теміржол көлігінің көмекші ұйымдары олардың тасымалдану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, авариялық жағдайлар мен олардың салдарын жою үшін қажетті құралдары және авариялық құтқару қызметтері болады.

      Қауіпті жүктерді тасымалдау процесінде авариялық жағдай туындаған кезде тасымалдау процесіне қатысушылар оқиға болған жерге көрсетілген авариялық-құтқару қызметтерінің дереу жіберілуін қамтамасыз етеді.

      9. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі:

      жұмыстарды жүргізу тәсілдерін, көтергіш-көлік жабдығын және технологиялық жабдықтауды таңдаумен;

      жұмыстарды жүргізу орнын дайындаумен және ұйымдастырумен;

      жұмыс істейтіндерді қорғау құралдарын қолданумен;

      жұмысқа жіберілген адамдарды медициналық қараудан өткізумен және оларды оқытумен қамтамасыз етілуі тиіс.

      10. Өндірістік және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықты, көлік құралдарын ұстау мен пайдалану, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде өртке қарсы талаптарды және санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды сақтауы.

      11. Өрт қауіпсіздігі:

      қауіпсіздігі шараларын сақтау бөлігінде қауіпті жүктерді тиеуге, сұрыптауға және түсіруге, сондай-ақ жылжымалы құрамның көрсетілген жүктерді тиеуге дайындығын бақылауды ұйымдастырумен;

      белгіленген өртке қарсы режимді сақтаумен, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау жөнінде нұсқаулықтан өтпеген адамдарды жұмысқа жібермеумен;

      эвакуациялау жолдарын, өртке қарсы бөгеттерді, үзбелерді, кірме жолдарды және жолдарды, өрт сөндіру құралдарын (гидранттар, ішкі өрт крандары, өртсөндіргіштер) ұстауға бақылау жасау мақсатында аумақтарға, ғимараттарға, өндірістік және қызметтік үй-жайларға мерзімді тексеру жүргізумен және анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде жедел шаралар қабылдаумен;

      өрт сөндіру, өрт сигналын беру, хабарлау және байланыс қондырғыларын жарамды ұстаумен, олардың іс-әрекетке ұдайы дайындығымен қамтамасыз етіледі.

      12. Теміржол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын сақтамау салдарларына қарай қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың мынадай түрлеріне (топтарына) бөлінеді:

      күйреу;

      авария;

      оқиға;

      инцидент.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Нәтижесінде адамдар қаза болған немесе теміржол жылжымалы құрамы, арнайы жылжымалы құрамы мүкәммалдан шығарылу дәрежесіне дейін зақымдалған магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жеке әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол жылжымалы құрамның, арнайы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу жағдайлары поездардың күйреуіне жатады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Нәтижесінде адамдар ауыр дене жарақаттарын алған немесе теміржол жылжымалы құрамының, арнайы жылжымалы құрамының күрделі жөндеу көлемінде бүлінген, магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жеке серіктестік шарттар бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол жылжымалы құрамның, арнайы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу жағдайлары аварияға жатады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жеке серіктестік шарттар бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша, бірақ осы Қағидалардың 13 немесе 14-тармақтарында көрсетілген салдар болмаған теміржол жылжымалы құрамының, арнайы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу жағдайлары оқиғаларға жатады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Инцидентке мынадай жағдайлар жатады:

      1) поезды бос емес жолға қабылдау келе жатқан поезд бағдаршамның рұқсат беру кірме (бағыттық) сигналында немесе шақыру белгісінде өтіп кеткен (локомотивтің бір бөлігімен болса да) немесе поезд машинисі басқа поезд немесе жылжымалы құрам тұрған жолға дайындалған бағыт кезінде станцияға жүріп өтуге рұқсат алған жағдай;

      2) поезды бос емес аралыққа (блок-учаскеге) жөнелту бағдаршамның ашық шығу сигналы немесе шақыру сигналы кезінде немесе машинистке аралыққа орналасуға берілген рұқсат бойынша және ол қажетті жағдайларда поездың жүруі туралы қосымша нұсқау немесе сигнал алғаннан кейін алда тұрған аралыққа (блок-учаске), онда басқа поездың (кез келген бағыттағы) немесе жылжымалы құрамның тұрғанына қарамастан, поездың жөнелтілуі (немесе тоқтамай өтуі) және осы жолдың шығу сигналынан (сигнал болмағанда - шектік бағанадан) локомотивтің бір бөлігімен болса да өтіп кету жағдайы;

      3) поезды дайындалмаған бағыт бойынша қабылдау (жөнелту) дұрыс дайындалмаған немесе дайын емес, соның ішінде жылжымалы құрам тұрмаған жолға әкелетін бағытқа бағдаршамның тыйым салатын кірме (шығу) сигналы кезінде келе жатқан (жөнелтілетін) поезд бағдаршамның ашық кірме (шығу) сигналынан өтіп кеткен (локомотивтің бір бөлігімен болса да) немесе станцияға (станциядан) жүруге машинист рұқсат алған, сондай-ақ электр тартымы бар поезға электрлендірілмеген жолға немесе токтың басқа түрімен электрлендірілген жолға немесе түйіспе сымында кернеуі алынған жолға қабылдау бағыты әзірленген жағдай;

      4) бағдаршамның тыйым салу сигналынан немесе шектік бағанадан рұқсатсыз өту;

      5) Арнайы жылжымалы құрам және/немесе жылжымалы құрама асты немесе алды маневрлік бағыттамаға немесе поездға кіретін бағыттаманы ауыстыру немесе жылжымалы өзекшесі үшкірін ауыстыру;

      6) жылжымалы құрамның станциялардағы, кірме жолдардағы, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдардағы шектік бағанадан асып іргелес аралыққа поезды қабылдау-жөнелту бағытына, станциядан аралыққа немесе аралықтан станцияға кетуі, бірақ осы Қағидалардың 13, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген салдардың болмауы;

      7) жылжымалы құрам осінің, доңғалақ осі мойнағының, доңғалақ жұбының сынуы;

      8) жылжымалы құрам арбашасының бүйір жағының немесе рессоры үстіндегі арқалығының сынуы (жарылу);

      9) жылжымалы құрам арқалығының сынуы (жарылу);

      10) техникалық ақауларға байланысты, жолда жолаушылар поездарынан вагонның ағытылуы (жолаушылар поездарын құрастыру станцияларынан басқа, барлық станцияларда есепке алынады);

      11) поезды жабылған шеткі крандармен жөнелту;

      12) станцияларда бағдаршам белгісінің тыйым салу көрсеткішінде жылжымалы құрамның жүріп өтуіне әкеп соқтырған бағдаршамның рұқсат сигналының тыйым салу сигналына ауысуы - станцияда белгі беру құрылғыларының, рельстік тізбегінің ақаулығынан, электр энергиясының ажыратылуынан немесе персоналдың қатесінен бағдаршамның рұқсат беру көрсеткішінің тыйым салу көрсеткішіне ауысып, жылжымалы құрамның тыйым салу сигналынан өтіп кетуіне әкеп соқтырған жағдай (сыртқы электрмен жабдықтау бойынша құрылғыларды ажырату жағдайларында оның жүруімен тыйым салу сигналын қоспағанда);

      13) нәтижесінде ауыстыру талап етілген, жолаушылар поезындағы локомотивтің ақауы (локомотив бригадаларын ауыстыру пункттерінен, сондай-ақ негізгі немесе айналымды локомотив депосы бар пункттерден басқа, барлық станцияларда есепке алынады);

      14) жолда келе жатқанда жүктің құлауы - жүктің немесе оның бөлігінің темір жолға түсу жағдайы, сондай-ақ жүктің жылжымалы құрамға жүкті тиеудің белгіленген өлшемдерінен шығуын туғызған жүк бекітпесінің ығысуы, бұрылуы, бұзылуы және басқа да ақаулар;

      15) аралықтар мен станцияларда жол жұмыстарын жүргізу орындарының сигналдық белгілермен қоршалмауы;

      16) пайда болу:

      бағдаршамда тыйым салу орнына жалған рұқсат беруді көрсетудің;

      автоматты локомотив сигнализациясы аралықта сигнализация және байланыс дербес құралы ретінде қолданғанда, локомотив бағдаршамында тыйым салу орнына жалған рұқсат беруді көрсетудің пайда болуы;

      17) поездағы жылжымалы құрамның автотіркегіштерінің немесе басқа тіркеу құрылғыларының өздігінен ағытылуы;

      18) поездағы жылжымалы құрам автотіркегішінің немесе басқа тіркеу құрылғыларының үзілуі;

      19) жылжымалы құрам бөліктерінің темір жолға құлауы;

      20) аралықта немесе станцияларда жүк тиеудің техникалық шарттарының бұзылуынан және/немесе қауіпті жүктің төгілуі себебінен вагонның поездан ағытылуы (коммерциялық бақылау пункты бар станциядан басқа, барлық станциялар есепке алынады);

      21) нәтижесінде поездардың аралықта немесе станцияда бір сағат уақыт кідіруіне жол берілген, жолдың, жылжымалы құрамның, оның ішінде "PatentesTalgo S.L." компаниясы өндірісі вагонының сигнал беру, орталықтандыру, бұғаттау және байланыс, түйіспелі желі, электрмен жабдықтау құрылғыларының және басқа да техникалық құралдардың ақаулығы;

      22) магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жеке әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша адамды басып кету жағдайы;

      23) магистральдық, станциялық, кірме жолдарда және мемлекеттік-жеке әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша малды басып кету салдарынан поездан ағытылуы талап етілетін жылжымалы құрамның бүлінуі;

      24) Жүк поезының жүру жолында техникалық ақаулықтарынан жүк вагонын ағыту (техникалық қызмет көрсетудің негізгі пунктерінен басқа, барлық жағдайларда есепке алынады);

      25) жолдың жоғарғы құрылысын күтіп ұстаудың бұзылуынан локомотив машинисінің жолдағы "соққыны" мәлімдеуі;

      26) сигнал берудің, орталықтандырудың және бұғаттау мен байланыстың, электрмен жабдықтаудың қалыпты жұмысының бұзылуына алып келген сыртқы ауа температурасы минус 350С-тан төмен, жел екпіні 20 м/сек-тан астам, найзағай құбылыстары, электрлендірілген учаскелерде түйіспе сымды мұз басқанда кезіндегі ауа-райы жағдайы;

      27) сигнал беру құрылғыларының техникалық жарамды кезінде автокөлік құралдарымен темір жол өтпелеріндегі жол-көлік оқиғасы;

      28) техникалық күтіп ұстауды бұзу салдары болып табылған жылжымалы құрамның, жолдың жоғарғы құрылысының, өртену жағдайы;

      29) табиғи факторлардың (жолды су шайып кету және қар басып қалу) немесе бөгде адамдардың іс-әрекетінің салдарынан болған осы учаске бойынша поезды өткізудің кідіруін туғызған жолдың жоғарғы құрылысының бұзылуы;

      30) поезды шұғыл тежеуді қолдану қажеттілігін және оның тоқтауын туындатқан бөгде адамдардың темір жолға заттар қоюы;

      31) қозғалыс қауіпсіздігін өзге де бұзушылықтар, жоғарыда көрсетілген тізбеге енбейтін бөгде себептердің салдары болып табылатын жағдайлар жатады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Параграф 2. Теміржол көлігінде қауіпсіздікті басқару жүйесі

      19. Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушылар тасымалдау процесі қауіпсіздігін басқару жүйесін әзірлеуі және енгізуі тиіс.

      Ескертпе: Бұл ретте тасымалдау процесінің қатысушылары ISO 9001:2008 "Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар", ISO 14001:2004 "Экологиялық менеджмент жүйесі. Басшылық бойынша басқару және талап.", OHSAS 18001:2007 "Еңбек қорғауды қамтамасыз ету және денсаулықты күзету менеджмент жүйесі. Талап" халықаралық стандарттарын басшылыққа алуы мүмкін.

      20. Тасымалдау процесіне қатысушылардың тасымалдау процесі қауіпсіздігін басқару жүйесі:

      1) қызмет қауіпсіздігінің басымдылығын белгілейтін және осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген қауіпсіздікті басқару қағидаларын қамтитын, тасымалдау процесіне қатысушының басшысы бекітетін және барлық персоналдың назарына жеткізілетін қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы саясатты;

      2) әдістерді, орындаушыларды, сәйкестендіруді, тәуекелдіктерді бағалауды жүргізу, іс-шаралар жоспарын немесе түзету іс-қимылдарын әзірлеу, сондай-ақ оларды іске асыру үшін жауаптыларды көрсете отырып, қауіптерді айқындау және қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылықтары тәуекелдіктерін бағалау, теміржол көлігіндегі қауіпсіздік саласындағы тәуекелдіктерді басқару жөніндегі шараларды белгілеу және іске асыру рәсімдерінің анықтамасын;

      3) теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бойынша нысаналы көрсеткіштерді және олармен байланысты бекітілген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын. Тасымалдау процесіне қатысушы мақсаттарды (өлшенетін және қол жеткізімді), осы мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (көрсеткіштерді, жауаптыларды және орындау мерзімдерін көрсетіп) белгілейді;

      4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен техникалық регламенттерінің талаптарын бағалау рәсімдерін. Тасымалдау процесіне қатысушы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен техникалық регламенттерінің сәйкестендірілген талаптары тізбесінің әзірленуін қамтамасыз етеді, ол тасымалдау процесіне қатысушының қызметіне сәйкес болуы тиіс. Бұл тізбе кем дегенде үш жылда бір рет жаңартылады. Тасымалдау процесіне қатысушы әдістемесін, жауаптыларды және бағалау жүргізу кезеңділігін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен техникалық регламенттерінің талаптарын бағалауды жүргізу рәсімін белгілейді. Бағалау нәтижелері бойынша есеп жасалынады, ол барлық персоналдың назарына жеткізіледі және тиісті шешімдер қабылдау үшін тасымалдау процесіне қатысушының басшысына ұсынылады;

      5) қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тасымалдау процесіне қатысушы қызметкерлерінің міндеттерін, жауапкершілігі мен өкілеттіктерін белгілеу және бөлу;

      персоналдың біліктілігі мен хабардар болуын арттыру;

      жұмыс күйінде тұрған қажетті инфрақұрылымның болуы және персонал үшін өндірістік ортаны құру арқылы тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздік бойынша талаптарға қол жеткізуі үшін талап етілетін тиісті адам, өндіріс және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуді;

      6) тасымалдау процесіне қатысушының ішкі құжаттарында белгіленген кезеңділікпен тасымалдау процесіне қатысушының қызметіне талдау жүргізуді, сондай-ақ қызмет көрсеткіштерін тұрақты мониторингтеу мен өлшеуді және қауіпсіздікті басқару жүйесінің мерзімдік ішкі аудитін қамтиды.

      21. Тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесі мынадай қағидаларды сақтай отырып әзірленеді:

      1) тұтынушыға бағдарлану;

      2) басшының көшбасшы болуы – басшы тасымалдау процесіне қатысушы қызметінің мақсаттары мен бағыттарының біртұтастығын қамтамасыз етеді, қауіпсіздік бойынша мақсаттарға қол жеткізуге қызметкерлер тартылған ішкі ортаны құрады әрі қолдайды;

      3) барлық деңгейдегі қызметкерлерді тарту;

      4) процестік тәсілді пайдалану – тасымалдау процесіне қатысушының қызметіндегі процестерді айқындау және оларды тиімді басқару;

      5) жүйелік тәсілді қолдану – өзара байланысқан процестер жүйесін басқару;

      6) қызметті тұрақты жақсарту;

      7) деректер мен ақпаратты талдауға негізделген шешімдерді қабылдау;

      8) тасымалдау процесіне қатысушы мен оның жеткізушілері өзара байланысты болғандықтан, жеткізушілермен өзара табысты қарым-қатынастарды дамыту.

      22. Қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесі қолданылатын сала басқарушылық және өндірістік процестерді қамтиды және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, барлық тасымалдау процесіне қатысушыларға таралады.

      23. Тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар және вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте берілген теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкестігін куәландыратын құжат болып табылатын, қауіпсіздік сертификатымен расталады.

      Магистральдық теміржол желісі қызметтеріне рұқсат тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар және вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушыларда осы Қағидаларға 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген қауіпсіздік сертификаты болған жағдайда.

Параграф 3. Қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті

      24. Қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін уәкілетті органының шешімі негізінде жүргізіледі. Аудит жүргізуге өзге ұйымдардың құзыретті өкілдері тартылуы мүмкін.

      Бір топта уәкілетті органының бір немесе одан артық өкілі болуы мүмкін.

      25. Аудиттің мақсаты – тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушының, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері талаптарының және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тасымалдау процесіне қатысушылардың ішкі құжаттарының орындалу дәрежесін белгілеу.

      26. Қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитіне мынадай кезеңдер кіреді:

      1) аудит жүргізуді жоспарлау;

      2) аудит жүргізуге дайындалу;

      3) аудит жүргізу;

      4) аудит нәтижелерін ресімдеу;

      5) аудиттің нәтижелілігін талдау;

      6) түзетуші іс-қимыл.

      27. Тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жасалатын қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін жүргізу жоспарына сәйкес үш жылда бір рет жүргізіледі.

      28. Аудит жүргізу жоспары бір жылға жасалады және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      Аудит жүргізу туралы хабарлама тасымалдау процесіне қатысушыларға аудит басталғанға дейін кем дегенде бір ай бұрын жіберіледі.

      29. Тасымалдау процесіне қатысушылар аудит жүргізу туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органына құрылтайлық құжаттардың және ұйымдастырушылық құрылымның көшірмелерін жібереді.

      30. Осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша қауіпсіздікті басқару жүйесінің жоспардан тыс аудиттерін ұйымдастыру жүргізіледі. Жоспардан тыс аудиттерді ұйымдастыру жоспарлы аудиттерді жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Қауіпсіздікті басқару жүйесінің жоспардан тыс аудиттері үшін мыналар:

      1) аудит нәтижесінде айқындалған сәйкессіздіктердің жойылуын бақылау;

      2) тұтынушылардың арыз-шағымдары, жүргізілетін қызмет мониторингтері мен талдаулары негізінде айқындалатын көрсетілетін қыметтер, орындалатын жұмыстар сапасының нашарлауы;

      3) құқықтары бұзылған жеке және заңды тұлғалардың (тұтынушылардың) өтініштері;

      4) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіруінің не келтіру қаупінің нақты фактілері бойынша прокуратура органдарының тапсырмалары;

      5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіруінің не келтіру қаупінің нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың өтініштері;

      6) аудитті жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында тасымалдау процесіне қатысушы азаматтық-құқықтық қатынаста болған үшінші тұлғаларға қатысты қарсы аудиті;

      7) аудит жүргізіліп отырған тасымалдау процесіне қатысушының бастапқы аудит нәтижелерімен келіспейтіндігі туралы өтінішіне байланысты қайталама аудит;

      8) тексерілетін субъектінің "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте қызметті немесе белгілі іс-қимылдарды бастау туралы хабарламаны беруі;

      9) тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесіндегі процестер өзгерістері;

      10) тасымалдау процесіне қатысушының қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау технологиясындағы өзгерістер негіздеме болады.

      Жоспардан тыс аудит мемлекеттік көліктік бақылау органның бірінші басшысының шешімі бойынша тағайындалады.

      32. Бекітілген жоспар немесе жоспардан тыс аудитті жүргізу туралы уәкілетті органын басшысының шешімі негізінде аудитке дайындық жүргізіледі.

      Дайындық барысында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) аудит жүргізуге қатысатын мемлекеттік көліктік бақылау органы өкілдерінің жауапкершілігі мен өкілеттігін айқындалады;

      2) алдыңғы аудиттің нәтижелері бойынша әзірленген іс-шаралардың іске асырылуына тексеру ұйымдастырылады;

      3) соңғы аудит жүргізілген уақыттан бері өткен кезең ішіндегі рекламацияларға, пікірлерге, тілектерге талдау жүргізіледі;

      4) аудитке жататын құжаттардың алдын ала тізбесі, аудит барысында жауап алынуы тиіс сұрақтар, тақырыптар жасалады.

      33. Аудит жүргізу басталғанға дейін аудит жүргізуге қатысатын уәкілетті органының лауазымды тұлғалары аудиттелетін тасымалдау процесіне қатысушының құрылтайлық құжаттарымен және ұйымдастырушылық құрылымымен танысуы тиіс.

      34. Тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылар мен вагондар (контейнерлер) операторларын қоспағанда, тасымалдау процесіне қатысушылар аудит жүргізу туралы хабарламаны алғанда:

      1) қызметкерлерді аудит мақсаты туралы хабардар етеді;

      2) қызметкерлердің қатарынан уәкілетті органының өкілдерімен бірге жүру және аудит жүргізуге оларға жәрдемдесу үшін жауапты адамдарды тағайындайды;

      3) аудит жүргізуге қатысатын уәкілетті органының өкілдерін аудитті тиімді әрі нәтижелі өткізу үшін қажетті барлық құралдармен (жеке үй-жай, жұмыс орны, жеке қорғану құралдары, қажет болған жағдайда) қамтамасыз етеді;

      4) аудит жүргізуге қатысатын уәкілетті органы өкілдерінің сұрауы бойынша қажетті жабдықтарға, деректер мен ақпаратқа қол жеткізуді береді.

      35. Ақпарат жинаған кезде аудиттің:

      сұхбаттасу;

      қызметін бақылау;

      айғақтарды, жазбаларды, фактілердің мазмұндамасын немес басқа ақпаратты алу;

      құжаттама мен жазбаларды талдау әдістері қолданылады.

      36. Аудит мынадай кезектілікпен жүргізіледі:

      1) Уәкілетті органы өкілдерінің тасымалдау процесіне қатысушының басшылығымен және қызметкерлерімен кіріспе мәжілісі.

      Уәкілетті органының өкілдері тасымалдау процесіне қатысушының басшылығы мен қызметкерлерін аудит мақсаттары мен аумағы, аудит жүргізілген кезде қолданылатын әдістер мен рәсімдер туралы, сондай-ақ басқа ұйымдардың қызметкерлерімен өзара әрекеттесу тәсілдері туралы хабардар етеді.

      Мәжілісте аралықтық (қажет болған кезде) және қорытынды мәжілістерді өткізу күндері келісіледі және аудиттің жайттарды нақтыланады;

      2) жинау, қызметкерлермен сұхбаттасу, қызметті бақылау және теміржол көлігіндегі қауіпсіздікті басқару жүйесі туралы ақпаратты талдау;

      3) айқындалған сәйкессіздіктерді, оларды жою және қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды аудит барысында және ол аяқталған соң талқылау;

      4) жүргізілген аудит қорытындылары бойынша ұйым басшылығымен соңғы мәжіліс. Мәжілісте айқындалған сәйкессіздіктер мен ұсынымдар (олар болған кезде) тасымалдау процесіне қатысушының басшылығының назарына жеткізіледі, сәйкессіздіктер тасымалдау процесіне қатысушының басшысымен талданады;

      5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген аудит қорытындысы туралы есепті жасау.

      37. Аудит жүргізу барысында тасымалдау процесіне қатысушы жүзеге асыратын қызметтің қозғалыс қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкестігін іс жүзінде бағалауды жүргізеді.

      38. Аудит нәтижелерін ресімдеген кезде сәйкессіздіктер (олар болған кезде) сәйкестендіріледі және қауіпсіздікті басқару жүйесін жақсартуға бағытталған ұсынымдар тұжырымдалады.

      39. Аудит жүргізу қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аудит жүргізу туралы есеп жасалады, оны аудит жүргізуге бастамашылық еткен уәкілетті органының басшысы бекітеді.

      Есепте мынадай шешімдердің бірі көрсетіледі:

      аудит нәтижелері бойынша қауіпсіздік сертификаты берілсін;

      қауіпсіздікті басқару жүйесі қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді;

      сертификаттың жарамды болуын сәйкессіздіктер жойылғанға дейін тоқтата тұру бойынша шаралар қабылдау немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпсіздік сертификатын алып қою туралы.

      40. 10 және одан артық сәйкессіздік айқындалған кезде қауіпсіздікті басқару жүйесі қауіпсіздік талаптарына сәйкес деп танылуы мүмкін емес, бұл қауіпсіздік сертификатын үш айға дейінгі мерзімде тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға алып келеді.

      Қауіпсіздік сертификатын тоқтата тұру туралы хабарлама тасымалдау процесіне қатысушыға және ұлттық инфрақұрылым операторына жазбаша түрде жіберіледі.

      Барлық сәйкессіздіктер жойылған жағдайда қауіпсіздік сертификатының қолданысы қалпына келтіріледі, бұл туралы тасымалдау процесіне қатысушыға жазбаша хабарлама жіберіледі.

      Тасымалдау процесіне қатысушының үш ай ішінде сәйкессіздіктерді жоюға дәрменсіздігі қауіпсіздік сертификатының қолданысын жоюға алып келеді.

      41. Тасымалдау процесіне қатысушының басшысы аудит нәтижелерін алған соң он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға айқындалған сәйкессіздіктердің себептері туралы ақпаратты және айқындалған сәйкессіздіктерді жою және ұсынымдарды (олар болған кезде) орындау бойынша түзету іс-қимылдары жоспарларын жазбаша түрде ұсынады. Түзету іс-қимылдары жоспарының нысаны осы Қағидаға 4-қосымшада көрсетілген.

      42. Айқындалған сәйкессіздіктерді жою және ұсынымдарды орындау бойынша түзету іс-қимылдары жоспарларын іске асыру қорытындылары бойынша тасымалдау процесіне қатысушы ақпаратты жоспарларда көрсетілген мерзімдерде уәкілетті органына жолдайды.

      43. Қолданылған түзету іс-қимылдарының нәтижелілігі мен тиімділігін талдауды тасымалдау процесіне қатысушының басшысы жүзеге асырады.

      Келесі аудитті жүргізген кезде түзету іс-қимылдарының нәтижелілігін тексеру жүзеге асырылады.

      44. Уәкілетті орган аудит жүргізу қорытындылары бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкессіздіктер тізілімін жасайды.

Параграф 4. Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын есепке алу

      45. Темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті бұзу оқиғалары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте есепке алуға жатады.

      46. Инциденттерді қоспағанда теміржол көлігінде жол берілген қауіпсіздік бұзушылықтарды есепке алуды облыстар, астана және республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.

      Инциденттер тасымалдау процесіне қатысушымен, теміржол көлігінің қосалқы қызметімен есепке алынады.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Локомотив шаруашылығында лауазымдық міндеттемелерді немесе технологиялық процестерді бұзуы салдарынан локомотив бригадаларының кінәсынан жол берілген қауіпсіздік бұзушылықтар жағдайлары локомотив бригадалары тіркелген депоға есепке алынады.

      48. Жөндеу немесе өндіріс технологиясын бұзу салдарынан жол берілген қауіпсіздік бұзушылықтар жағдайлары жөндеу ұйымының немесе өндіруші зауыттың өкілімен бірлесіп немесе жөндеуді немесе өндіруді жүргізген ұйым басшысының жазбаша келісімі болған кезде олардың өкілінсіз қаралады және жөндеу ұйымына, өндіруші зауытқа және/немесе өндірушіге есепке алынады.

      49. Осы Қағидалардың 48-тармағында белгіленген тәртіпте жылжымалы құрамның, жолдың, энергиямен жабдықтаудың, сигнал беру мен байланыстың техникалық ақаулығы бойынша жол жіберілген қауіпсіздік бұзушылықтары есепке алынады.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      50. Жүк вагондарының техникалық ақаулығынан жол берілген қауіпсіздікті бұзушылық жағдайлары поезға соңғы техникалық қызмет көрсетуді жүргізген заңды тұлғаның есебіне, ал жолаушылар тасымалында - осы жолаушылар вагонын пайдаланатын тасымалдаушының есебіне алынады.

      51. Тасымалдау процесіне қатысушылардың, теміржол көлігінің көмекші қызметтерінің, екі және одан артық қызметкері қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылығына алып келген қауіпсіздік бұзушылықтарына кінәлы болып табылған жағдайда, қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған жағдайда, жүргізілген қызметтік тексеру материалдары кезінде көлік оқиғасының негізгі кінәлысы жұмыс істейтін ұйымда есепке алынады.

      52. Тасымалдау процесіне қатысушылардың қызметкерінің кәсіптерді қоса атқару тәртібімен оған жүктелген міндеттерді орындамауына байланысты жол берілген магистральдық, станциялық және кірме жолдарда болған қауіпсіздікті бұзушылық жағдайлары кінәлі қызметкер жұмысын атқарған ұйымда (құрылымдық бөлімшеде) есепке алынады.

      53. Поездардың автокөлік құралдарымен және/немесе басқа да өздігінен жүретін құралдармен соқтығысу және малды басып кету жағдайларын, егер тексеру кезінде тасымалдау процесіне басқа қатысушылар қызметкерлерінің кінәсі анықталмаса, осы бұзушылыққа жол берген тасымалдау процесіне қатысушылар немесе теміржолдың осы учаскесіндегі жолдың үстіңгі құрылысын күтіп ұстауға жауапты ұйым есепке алады.

      54. Жеке және/немесе заңды тұлғаларға тиесілі теміржолдарда олардың қызметкерлерінің кінәсынан жол берілген қауіпсіздікті бұзушылық жағдайлары осы адамдарға есептеледі.

      55. Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда және мемлекеттік-жеке серіктестік шарт бойынша теміржолдарда, оның ішінде концессия шарты бойынша жүк вагоны арбашығының құйма бөлшектерінің омырылуы себебінен жол берілген қауіпсіздікті бұзу жағдайында, Ұлттық инфрақұрылым операторы:

      1) омырылу болған аумақтағы теміржол әкімшілігінен және/немесе омырылған бөлшекті дайындаушы зауыттан арбашықтың құйма бөлшектері омырылуынан (жарылу) болған ақау жағдайы туралы ақпаратты алады;

      2) дайындаушы зауыттан және дайындаушы зауыт орналасқан аумақтағы теміржол әкімшілігінен, қажет болған жағдайда Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Теміржол кеңесі дирекциясынан омырылған бөлшекпен бір балқымада болған құйма бөлшектер туралы ақпаратты алады;

      3) "вагондар паркінің автоматтандырылған дерекқоры" бойынша омырылған бөлшекпен бір балқымадағы бөлшектермен жабдықталған вагон нөмірлерін айқындайды;

      4) осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларын орындағаннан кейін омырылған бөлшекпен бір балқымадағы бөлшектермен жабдықталған вагон нөмірлерін уәкілетті органға жібереді;

      5) уәкілетті органының өкімі бойынша, бұдан Қазақстан Республикасы аумағында балқытылған арбаша бөлшектерімен құрастырылған, бір балқымадағы омырылған бөлшекпен дайындалған барлық нысан иелігіндегі жылжымалы құрамды жібермеуге шешім қабылдайды.

      Уәкілетті органның қабылдаған шешімін Қазақстан Республикасы резидент вагон иелері, сондай-ақ 1500 мм. кеңістік барлық теміржол әкімшілігі хабарлайды.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55-1. Мүдделі адаммен тәуелсіз сараптаманы ұсынған жағдайда омырылған бөлшекпен бір балқымада болған бөлшекті қауіпсіз деп растау мақсатында уәкілетті органының өкімі бойынша, бұдан Қазақстан Республикасы аумағында балқытылған арбаша бөлшектерімен құрастырылған, бір балқымадағы омырылған бөлшекпен дайындалған барлық нысан иелігіндегі жылжымалы құрамды жібермеуге шешім қабылдайды.

      Ескерту. Қағида 55-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 21.02.2017 № 105 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Тасымалдау процесіне қатысушы ұйымдардың бірінші басшылары қауіпсіздік бұзушылықтары жағдайларының бастапқы есепке алынуының толық жүргізілуін және олардың дұрыс жіктелуін қамтамасыз етеді.

      57. Қауіпсіздік бұзушылықтары жағдайларының дұрыс жіктелмеуі анықталған кезде уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес осы қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын қайта жіктеуді жүзеге асырады.

      Уәкілетті органның қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарын жіктеуі барлық тасымалдау процесіне қатысушылардың және теміржол көлігінің көмекші қызметтерінің есепке алуы үшін міндетті болып табылады.

      58. Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарының бірнеше жағдайлары бір мезгілде болған кезде анағұрлым ауыр салдарларға алып келген бұзушылық есепке алынуы тиіс.

      59. Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері магистральдық, станциялық және кірме жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне хабарлайды.

      Тасымалдау процесіне қатысушылар және теміржол көлігінің көмекші қызметтері қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы ақпаратты оқиға болған кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей телефон немесе факсимильдік байланыс арқылы береді. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірілмей беріледі.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Теміржол көлігіндегі
қауіпсіздік қағидаларына
1-қосымша

      нысан

      ________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

Қауіпсіздік сертификаты

      № ____

      ______________________________________________________ берілді.

      (сертификат берілген теміржол көлігіндегі тасымалдау

      процесіне қатысушының деректемелері)

      Жарамды болу

      мерзімінің аяқталуы:_________________________________________________

      Тасымалдау процесіне қатысушының заңды мекен-жайы: __________________

      Телефон:_____________

      Факс:________________

      E-mail:______________

      Байланысу ақпараты:____________

      Осы сертификат тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесі теміржол көлігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес екендігін растайды.

      Уәкілетті органның басшысы

      немесе ол уәкілеттік берген адам _____________________ М.О. _________

      (Т.А.Ә.А., қолы)

      Берілген күні 20___ жылғы "____" _______

      Ескертпе:

      1. Осы сертификат Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында көзделген жағдайларда, тоқтатуға немесе кері шақыртып алуға жатады.

      2. Сертификат жоғалған (зақымдалған) кезде алушы сертификаттың жоғалу (зақымдалу) себебін көрсете отырып, уәкілетті органға өтініш беруге міндетті.

  Теміржол көлігіндегі
қауіпсіздік қағидаларына
2-қосымша

      нысан

      Бекітемін __________________

      (лауазым атауы)

      ___________ қолын толық жазу

      (қолы)

      Күні

___ жылға арналған қауіпсіздікті басқару жүйесінің
(теміржол көлігінде) аудитін жүргізу жоспары

Кезең (аудитті жүргізу айы)

Теміржол көлігіндегі тасымалдау процесіне қатысушының деректемелері

Ескертпе







  Теміржол көлігіндегі
қауіпсіздік қағидаларына
3-қосымша

      нысан

      Бекітемін __________________

      (лауазым атауы)

      ___________ қолын толық жазу

      (қолы)

      Күні

Тасымалдау процесіне қатысушының жүргізілген аудит
қорытындысы туралы есеп

      _____________________________________

      (атауы)

Аудиттті жүргізу мерзімдері


Аудиттті жүргізу үшін негіздеме

____________ жылғы қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудитін жүргізу жоспары

Аудит мынадай құрамда жүргізілді:

Т.А.Ә.А. лауазымы ___________________________________________________

Т.А.Ә.А. басқа ұйымдардың білікті өкілдері __________________________


      1. Алдында болған аудиттің нәтижелері _________________________

      Тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің алдында болған аудитінің нәтижелерін аудиторлар қарады.

      Тасымалдау процесіне қатысушы қауіпсіздікті басқару жүйесінің алдында болған аудитінің нәтижелерін жойды/жойған жоқ.

      2. Анықталған сәйкессіздіктер

№ сәйкессіздік

Тасымалдау процесіне қатысушының бөлімшесі

Орындалмайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің және/немесе техникалық регламенттің нормасы

Сәйкессіздік жайттары:



      2. Озық тәжірибе

      Аудит нәтижесінде тасымалдау процесіне қатысушының қызметіндегі мынадай оң мысалдар белгіленді:

      1. ____

      2. ____

      3. ____

      3. Аудит нәтижелері бойынша қорытындылар ______________________

      4. Ұсынымдар

      Тасымалдау процесіне қатысушының қызметін жақсарту үшін мынадай ұсынымдар берілді:

      1. ____

      2. ____

      Бас аудитор ___________Т.А.Ә.А. 20__ жылғы_________

      (қолы)
Теміржол көлігіндегі
қауіпсіздік қағидаларына
4-қосымша
нысан

      Бекітемін __________________

      (лауазым атауы)

      ___________ қолын толық жазу

      (қолы)

      Күні

      ____________________________________________________________________

      тасымалдау процесіне қатысушының немесе теміржол көлігінің қосалқы

      қызметінің атауы

қауіпсіздікті басқару жүйесінің аудиті барысында айқындалған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі түзету іс-шараларының жоспары

Сәйкессіздік

Түзету іс-қимылдары

Аяқталу мерзімі

Аяқталу нысаны

Жауапты тұлға













  Теміржол көлігіндегі
қауіпсіздік қағидаларына
5-қосымша

      нысан

Сәйкессіздіктер тізілімі

Күні

Тасымалдау процесіне қатысушы /басшысының Т.А.Ә.А.

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің және/немесе техникалық регламенттің тармағы

Сәйкессіздіктің тұжырымдамасы

Сәйкессіздікті жою туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6








  Теміржол көлігіндегі
қауіпсіздік қағидаларына
6-қосымша

Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат

      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.06.2017 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      _________________________________________________ / _________

      Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы





р/с

Күні (күні, айы, жылы), уақыты

Жол бөлімшесінің атауы, оқиға орны (телім, станция, аралық, шақырым, пикет), қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылығы орын алған аумақтағы кәсіпорын атауы
 

Қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық жағдайы бойынша егжей-тегжейлі ақпарат (қозғалыс қауіпсіздік жағдайының мән-жайы, зардап шеккендер және құрбандар, қоршаған ортаны ластау туралы, жолдың жоғарғы құрылысы, жылжымалы құрам , жасанды құрылыстар және т.б. зақымдалған туралы мәлімет)

Зауыт, инвентарлы нөмірін және меншік иесін көрсетумен зақымдалған жылжымалы құрам тізімі
 

Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылығының түрі

Жол телімінің техникалық сипаттамасы

Кешіктірілген жолаушылар, жүк поездары туралы мәлімет (саны, пойыз нөмірі және кідірген уақыты)
 

Қалпына келтіру жұмысын жүргізу туралы мәлімет
 

Қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылығының себебі және кінәлі кәсіпорын
 

Оқиға орнына шыққан адам (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11