Медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларына және клиникалық-техникалық негіздемесіне сарапшылық бағалауды жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 428 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11508 тіркелді.

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 105) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларына және клиникалық-техникалық негіздемесіне сарапшылық бағалауды жүзеге асыру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В.Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрі

Т.Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 428 бұйрығымен
бекітілген

Медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларына және
клиникалық-техникалық негіздемесіне сарапшылық бағалауды жүзеге
асыру әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Медициналық техниканың қолайлы техникалық сипаттамалар және клиникалық-техникалық негіздемесіне сарапшылық бағалауды беруді жүзеге асыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 105) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Әдістеме медициналық ұйымдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталда қатысу үлестерінің) елу немесе одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға қолданылады және медициналық техниканың тиімді техникалық сипаттамасы мен клиникалық-техникалық негіздемесіне және сарапшылық бағалауды (бұдан әрі – сарапшылық бағалау) жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

      3. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) брахитерапия – контактілі сәулелі терапия (радиотерапия), мұнда бағыттаған және арнайы мөлшерленген иондалған сәулелену арқылы ауруларды емдеу әдістері қолданылады;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      3) желілік үдеткіштер – иондандырушы сәулелену көздері, соның ішінде гамма-қондырғыштар, желілік үдеткіштер, рентгентерапия және рентгендиагностика және медициналық техника болып табылатын басқа да аппараттар;

      4) кепілдікті қызмет көрсету мерзімі – медициналық техниканың жеткізушісі істен шыққан ақауларды жоюға міндеттенетін және/немесе жөндейтін уақыт кезеңі;

      5) клиникалық-техникалық негіздеме – сұрау салынып отырған медициналық техникаға қажеттілік және денсаулық сақтау ұйымының оны пайдалануға дайындығы туралы ақпаратты қамтитын құжат;

      6) коммерциялық ұсыныс – медициналық техниканың атауы, үлгісі және өндірушісі, оның техникалық сипаттамасы, функциялары, жинақтауы, өлшемдері, бағасы туралы ақпараты бар, сондай-ақ жеткізуші ұсынатын медициналық техниканың жеткізу мүмкіндіктері, медициналық техникаға кепілдік және кепілдіктен кейін сервистік қызмет көрсетуге қатысты жеткізушінің ұсынатын мүмкіндіктері, денсаулық сақтау мекемелерінің мамандарын оқыту мүмкіндіктері, сондай-ақ медициналық техниканы пайдаланудың кепілдікті мерзім кезеңінде консультация беру мүмкіндіктері туралы ақпараты бар құжат;

      7) "ҚазМедТех" АҚ (бұдан әрі – АҚ) – қаржы лизинг шарты бойынша денсаулық сақтау ұйымдарына одан әрі тапсыру үшін медициналық техниканы ұйымдастыру және оны сатып алу қызметінің негізгі нысанасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметімен құрылған ұйым;

      8) медициналық техника – аурулардың профилактикасы, оларды диагностикалау, емдеу, оңалту, медициналық сипаттағы ғылыми зерттеулер үшін медициналық мақсатта жеке түрде, кешеннің немесе жүйенің құрамында қолданылатын аппараттар, аспаптар мен жабдықтар;

      9) ілеспе медициналық техника – қосалқы функцияларын атқаратын медициналық техника және өзге медициналық техникамен бірге медициналық қызметтерді атқару үшін бірыңғай кешен құратын медициналық техника;

      10) отандық тауар өндіруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын және ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы "CT-KZ" сертификатын беру жөніндегі құзыретті органмен расталған жеткілікті түрде қайта өңдеу алғышарттарына сәйкес толықтай Қазақстан Республикасында өндірілген немесе қайта өңделген қолдануға дайын тауарларды шығаратын заңды тұлға немесе жеке тұлға;

      11) пайдалануға берілетін мерзімі – медициналық техника жұмыс істейтін күйіне келтірілетін уақыт кезеңі;

      12) медициналық техниканың бастапқы үлгісі – техникалық ерекшелігі бұрын жасалған азаматтық-құқықтық шарттар немесе медициналық техниканы сатып алуға конкурстық құжаттама бойынша бекітілген (анықталған) медициналық техниканың үлгісі;

      13) ұқсас медициналық техника – өндіруші елі бірдей сипаттағы негізгі белгілері бар медициналық техника: физикалық сипаттамалары, сапасы мен нарықтағы беделі;

      14) тапсырыс беруші – медициналық ұйымдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталда қатысу үлестерінің) елу немесе одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік кәсіпорындар және сарапшылық бағалауды жүргізу бойынша қызмет көрсетуге шарт жасасқан заңды тұлғалар және жеке тұлғалар;

      15) техникалық ерекшелік (техникалық сипаттама) – медициналық техниканың атауы, техникалық сипаттамасы, функциялары, жинақтамасы және өлшемдері туралы ақпараты бар құжат;

      16) ұқсас медициналық техника – сәйкес келетін медициналық техника болып табылмайтын бір класты ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас компоненттерден тұрады, бұл оларға сол бір функцияны атқаруға мүмкіндік береді және өзара алмаса алады.

2. Медициналық техниканың оңтайлы техникалық
сипаттамаларына сарапшылық бағалау рәсімі

      3. Медициналық техниканың оңтайлы техникалық сипаттамаларының сарапшылық бағалау рәсіміне техникалық, салыстырмалы талдау және медициналық техниканың құнын талдау кіреді.

      4. Техникалық талдау медициналық техниканың оңтайлы жинақтау және медициналық техниканы пайдалану үшін оңтайлы жағдайды айқындау мақсатында жүргізіледі.

      Медициналық техниканы орнатуға арналған үй-жайдың дайындығы өндіруші зауыт пайдаланушысының нұсқаулығында көрсетілген талаптармен бірге клиникалық-техникалық негіздемеде көрсетілген медициналық техника орнатуға арналған үй-жайлар туралы ақпаратты салыстыру жолымен айқындалады.

      Медициналық техниканы орнатуға арналған үй-жайдың нақты деректері өндіруші зауыттың ең төмен талаптарына сәйкес келуі немесе одан артық болуы тиіс.

      Техникалық ерекшелікте көрсетілген техникалық сипаттамасы мен медициналық техниканың жинақтаушының сәйкестігі медициналық көрсетілетін қызметтерге сәйкестендірілуі медициналық қызметтердің жоспарланған клиникалық-техникалық негіздемеде, техникалық ерешелікте көрсетілген медициналық техниканың техникалық сипаттамаларын салыстыру жолымен айқындалады.

      Техникалық сипаттамада және медициналық техниканың жинақтауышында тапсырыс берушімен жоспарланбаған медициналық көрсетілетін қызметтерді орындауға арналған компоненттердің болуына жол берілмейді;

      Бұл ретте, медициналық техниканы өндірістен алып тастау факторы және анағұрлым жаңа заманауи инновациялық медициналық техниканың болуы ескеріледі.

      Техникалық ерекшелікте көрсетілген шығыс материалдардың саны өндіруші зауыттың пайдалану нұсқаулығында көрсетілген медициналық техниканы іске қосу үшін қажет санынан аспайды.

      6. Салыстырмалы талдау техникалық ерекшелікте көрсетілген екі медициналық техниканың техникалық сипаттамаларын салыстыру арқылы:

      1) медициналық техниканы жеткізуші егер жеткізу шарты орындау кезінде Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде медициналық техниканың тіркеу мерзімі өткен жағдайда, жеткізу шарты бойынша көзделген өзінің сипаттамаларына қарай басқа модельге ауыстырылған, не аталған үлгі өндірістен шығарылған кезде;

      2) жеткізуші жеткізу шарты бойынша көзделген медициналық техниканың үлгісін жеткізу шарты бойынша көзделген сипаттамалары бойынша асып түсетін үлгіге ауыстырылған кезде, бұл ретте, Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркеу мерзімі өтпеген және үлгі өндірістен шығарылмаған кезде;

      3) әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттаманың талаптарында медициналық техника сипаттамасынан асып түсетін медициналық техниканы ұсыну негіздемесі болған кезінде жүзеге асырылады:

      7. Салыстырмалы талдау жүргізу кезінде жеткізу шарты немесе конкурстық құжаттама бойынша медициналық техниканың құны өзгеріссіз қалады.

      8. Медициналық техниканың құнына талдау жасауға мыналар кіреді:

      1) жинақтауышында болуы мүмкін айырмашылықтарды ескере отырып, АҚ-ның алдыңғы жобаларымен салыстыру жүргізуді;

      2) бұрын АҚ-мен қарастырылмаған медициналық техниканың моделіне сараптама кезінде Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы құзыретті органның және "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ресми сайттарында және www.goszakup.gov.kz сайтында жарияланған, сатып алынған медициналық техника туралы, соның ішінде сатып алынған медициналық техниканың жинақтауышы мен бірлік саны туралы ақпаратқа талдау жасау арқылы өткен кезеңдердегі сатып алуларымен салыстырылады;

      3) бұрын сатып алу кезінде болған сәйкестіктер болмаған жағдайда "ТЭК-Денсаулық сақтау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің және Медициналық техниканы басқару жүйесінің дерекқорымен салыстыру жүргізу. Қарастырылып отырған модельді жеткізу туралы ақпарат табылған жағдайда медициналық техникасы бар денсаулық сақтау ұйымынан техникалық ерекшелік сұратылады. Денсаулық сақтау ұйымдарынан жинақтауышы бойынша дерекқор ұсынылған жағдайда, ол сұратылатын медициналық техниканың жинақтауышы және құны бойынша салыстырылады. Денсаулық сақтау ұйымынан жинақтауышы бойынша дерекқор ұсынылмаған жағдайда "ТЭК-Денсаулық сақтау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің және Медициналық техниканы басқару жүйесі бойынша талдау жүргізілмейді;

      4) медициналық техниканың бағасын Қазақстан Республикасында сату үшін ұсынылған бөлшек сауда бағасы бар медициналық техника өндірушілерінің ресми прайс-парағымен немесе коммерциялық ұсыныстарымен салыстыру;

      Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында медициналық техниканы сату үшін ұсынылған бөлшек сауда бағасын ұсыну сұрау салумен бірге өндіруші зауыттың мекенжайына хат жолдауға болады;

      5) медициналық техниканың бағасын өндіруші зауыттардың немесе Қазақстан Республикасы және ТМД аумағындағы өндіруші зауыттардың өкілдерінің немесе меншік иесі өндіруші зауыттың өзі болып табылатын ресми өкілдерінің немесе оның еншілес компаниялары ұсынған, берген бағаларымен салыстыру;

      6) егер сараптама нысанасы денсаулық сақтау ұйымдарымен бұрын сатылып алынған медициналық техника болған жағдайда, медициналық техниканың жинақтауышының әрбір позициясының құнымен салыстырғанда жинақтауышы бойынша неғұрлым жақын келетін сәйкес медициналық техниканың техникалық сипаттамасына салыстыру жүргізу. Медициналық техниканың жинақтауышында немесе функционалдық режимдеріндегі айырмашылық болған жағдайда баға айырмашылығы дұрыс деп саналады. Жеткізу орталығынан қашық орналасуы, инфляция, өндіруші зауыттардың босату бағаларының көтерілуі, негізгі валюталардың теңгеге шаққандағы нарықтық бағамының өсуі және т.б. факторлар ескеріледі. Бұл ретте кез келген көзден сатып алынған немесе АҚ рұқсат берген медициналық техниканың бағасының ағымдағы жылдың соңына дейін өсуіне жол берілмейді;

      7) ұқсас медициналық техниканың техникалық ерекшелігін және жинақтауышы бойынша неғұрлым жақын медициналық техникамен және медициналық техниканың жинақтауышы әрбір позициясының бағасымен салыстырумен бірге салыстыру жүргізуді қамтиды.

      9. Медициналық техника құнының негіздемесі тапсырыс берушінің жеткізуші (дилер, дистрибьютор) мен өндіруші зауыт арасындағы шартында (шарт көшірмесі) көрсетілген кедендік құнын растайтын ұсынған құжаттарының, инвойстардың және аталған медициналық техниканың құжаттарда көрсетілген баға бойынша сатып алынғанын растайтын басқа да тауарлық-ілеспе құжаттардың негізінде де жүргізіледі (EXWORKS өндірушінің бағасы).

      Көрсетілген бағаға (EXWORKS өндірушісінің бағасы) медициналық техниканы тапсырыс берушіге жеткізуге байланысты жеткізушінің кедендік шығындарын, салықтарды, логистика құнын, сақтандыруды қоса алғанда, бірақ шектелмей, жеткізушінің барлық қажетті расталған шығындарын енгізуге жол беріледі, сондай-ақ көрсетілген барлық шығындардың жалпы сомасы EXWORKS өндірушінің бағасының 10%-нан аспауы тиіс (DDP баж салығының қосымша төлемімен бірге алынған баға).

      Сонымен қатар, жеткізушінің DDP сомасынан 15%-нан аспауы тиіс, бірақ кірісін (табысын) қосуға рұқсат беріледі.

      10. Медициналық техниканың құнында қосымша кепілдікті қызмет көрсету құны ескеріледі.

      Техникалық ерекшеліктегі медициналық техникаға кепілдікті сервистік қызмет көрсету мерзімі кемінде 37 (отыз жеті) айды құруы тиіс.

      Медициналық техниканың кепілдікті сервистік қызмет көрсетудің құны медициналық техниканың құнына қарай айқындалады, атап айтқанда:

      1) құны 5-25 миллион теңгеге дейінгі медициналық техника үшін - әр жылға медициналық техника құнынан 3%-дан;

      2) құны 25-35 миллион теңгеге дейінгі медициналық техника үшін - әр жылға медициналық техника құнынан 4%-дан аспайтын;

      3) құны 35-50 миллион теңгеге дейінгі медициналық техника үшін - әр жылға медициналық техника құнынан 5%-дан аспайтын;

      4) құны 50 миллион теңге және одан жоғары медициналық техника үшін - әр жылға медициналық техника құнынан 7%-дан аспайтын.

      Медициналық техниканың кепілдікті сервистік қызмет көрсету құнына шығыс материалдары қосылмайды.

      Медициналық техниканың кепілдікті сервистік қызмет көрсету құнын анықтау кезінде медициналық техниканың жеткізушілерінде сервис-орталықтардың болуы ескеріледі.

      11. Жобаланып және салынып жатқан денсаулық сақтау ұйымдары үшін сатып алынатын медициналық техника бағасына талдау жасау кезінде медициналық техниканы іске қосуға есептелген шығыс материалдарының құны мен денсаулық сақтау ұйымының медициналық техниканы пайдалануға енгізу күнінен бастап кемінде 12 (он екі) айды құрайтын кепілдікті сервистік қызмет көрсету бағасы ескеріледі.

      12. Тіркеу куәлігінде бірыңғай кешен болып тіркелген жылжымалы кешен құнының талдауын жүргізген кезде кепілдікті қызмет көрсету шарттары бірыңғай кешен құрамына кіретін барлық медициналық техникаға, автокөлікке, медициналық мақсаттағы бұйымдарға, медициналық жиһазға қолданылады.

3. Медициналық техниканың клиникалық-техникалық
негіздемесін сарапшылық бағалау рәсімі

      13. Медициналық техниканың клиникалық-техникалық негіздемесін сарапшылық бағалау клиникалық талдауды қамтиды, атап айтқанда сұрау салынатын медициналық техниканың медициналық қызметтердегі қажеттілігін талдау және мамандардың болуы, сондай-ақ қаржы лизингі шартында медициналық техниканы сатып алуға денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдері үшін бағасын өтеу мерзімі.

      Клиникалық-техникалық негіздемені жылжымалы кешенге кіретін тапсырыс берушінің өтінімдері бойынша Қазақстан Республикасы аумағында алғаш рет пайдаланылатын медициналық техниканы сатып алуға медициналық техниканың қажетті санының қажеттілігінің мәніне бағалау (желілік үдеткіштерді, брахитерапия аппараттары жүргізілмейді).

      14. Сұрау салынатын медициналық техникаға қажеттілік мынадай есептеу бойынша шығарылады:

      ҚКДСҰМТ = Омқ / Нбарынша көп көп, мұнда

      ҚКДСҰМТ - денсаулық сақтау ұйымының медициналық техникаға қажеттілік коэффициенті;

      Омқ - медициналық қызметтің жалпы саны, АҚ жылына есептеген (Оесеп) жылына сұрау салынатын медициналық техникада денсаулық сақтау ұйымдары көрсетуге жоспарлап отырған медициналық қызметтер (Отапс) мен АҚ-мен жылына есептелетін медициналық қызметтердің (Оесеп) арасындағы ең аз мәні ретінде айқындалатын, барынша көп мәніне қарай он екі айлық болып табылады, бірақ Нбарынша көп аспайды және Нбарынша көп жетпіс бес пайыздан кем болмайды;

      Нбарынша көп - төмендегі формула бойынша анықталатын лизингке сұратылып отырған медициналық техникаға барынша көп норматив:

      Нбарынша көп = Кжыл х Ккүн, мұнда

      Кжыл - ағымдағы жылға Қазақстан Республикасының өндірістік күнтізбесі бойынша бір жылғы жұмыс күндерінің саны;

      Қкүн - төмендегі формула бойынша анықталатын бір жұмыс күніндегі медициналық қызметтер саны:

      Ккүн = Ужұм/(Норт х Р), мұнда

      Ужұм - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органымен бекітілген сұратылатын медициналық техника түрі бойынша маманның ставкасына қарай түзетілген минуттағы жұмыс уақыты;

      Норт - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе медициналық техниканың көмегімен сұратылатын техникалық сипаттамаларына немесе денсаулық сақтау саласындағы практикадағы маманның клиникалық тәжірибесіне сәйкес бекітілген медициналық техника арқылы бір қызметті орындаудың орташа уақыт нормативі;

      Р - медициналық техниканың бір жұмыс циклінда алынған нәтижелердің саны (зертханалық және морфологиялық зерттеулер үшін аппараттар және аспаптар бойынша).

      Реанимациялық жабдық пен хирургиялық және инвазивті араласу үшін қолданылатын жабдықтың көмегімен медициналық қызмет көрсету кезінде, Қкүн = 1.

      Оесептік төменде көрсетілген формула бойынша анықталады:

      Оесеп = (ПСжыл х Кмқ) - ӨҚамт, мұнда,

      БСжыл - тапсырыс берушінің бір жылда болжамды, сұрау салынып отырған медициналық техникада медициналық қызмет көрсетілуі тиіс пациенттердің саны. Бұл көрсеткіш:

      соңғы 3 жылда тапсырыс берушіден ұқсас медициналық техниканы алған пациенттер санының динамикасын талдау;

      бөлімшелер немесе нозологиялар бойынша пациенттер санының өсуіне немесе төмендеуіне әсер ететін факторлар ескеріліп отырып есептеледі:

      БСжыл = БСжыл +/- %ДТ, мұнда,

      %ДТ - алдыңғы жылдың деректеріне бір жылдың орташа арифметикалық көрсеткіші ретінде есептелетін пациенттер санының төмендеу немесе өсуінің орташа пайызы. Динамиканың 20%-дан асуы немесе кему өзгерісінің пайызы өскен немесе төмендеген жағдайда есепке соңғы немесе ағымдағы не алдыңғы жылдың көрсеткіштері алынады.

      Смқ - денсаулық саласындағы құзыретті орган бекіткен диагностикалау мен емдеу хаттамаларына, сондай-ақ емдеудің белгіленген ұлттық практикасына, халықаралық стандарттарына (мамандандырылған ғылыми институттарының ресми жауаптары немесе ұқсастығы бойынша Қоғамның өткен жобалары бойынша), сонымен қатар тапсырыс берушінің практикасына (тапсырыс берушінің ресми жауаптары) сәйкес тапсырыс беруші бөлімшелеріндегі белгілі бір нозологияны емдеуді есепке ала отырып, бір пациентке талап етілетін, сұратылған медициналық техникаға шаққандағы медициналық қызметтің болжамды саны.

      ӨҚұмт – медициналық қызметтегі денсаулық сақтау ұйымындағы ұқсас немесе сәйкес медициналық техникасының жылдық өндірістік қуаты.

      ӨҚұмт төмендегі формула бойынша анықталады:

      ӨҚұмт= Нбарынша көп- %тозу АМТ, мұндағы

      Нбарынша көп – сұратылатын медициналық техникаға барынша көп норматив, жылына;

      ҰМТ%тозу – "Медициналық техниканы басқару жүйесі" ақпараттық жүйесіне, тапсырыс берушінің есепке алу саясатына сәйкес денсаулық сақтау ұйымының өтінім берген кездегі ұқсас немесе сәйкес медициналық техниканың тозу пайызы (тозу пайызын көрсете отырып медициналық техника бойынша балама құжатын ашу). Талдау үшін есепке барлық ұқсас медициналық техникасына тозу пайызы, ал сұраныс коэффициентін есептеу үшін, сұрау салынған медициналық техниканың жоспарлы пайдалану ауданында орналасатын немесе көрсетілетін медициналық қызмет түрі бойынша медициналық техниканың тозу пайызы ғана есептеледі.

      15. Медициналық техниканы тиімді пайдалану үшін қажеттілік коэффициенті кемінде 0,75 болуы тиіс (медициналық техниканы тиімді пайдалану медициналық қызметтер санынан кемінде 75%). Онкологиялық қызметке қажеттілік коэффициенті кемінде 0,5 құрайды (медициналық техниканы тиімді пайдалану медициналық қызметтер санынан кемінде 50%).

      16. Жылжымалы кешендердің құрамына кіретін медициналық техниканың сараптамасын жүргізген кезде, сұрау салынатын медициналық техникаға қажеттілік ескерілмейді.

      17. Медициналық техниканы тиісінше пайдаланылатын мамандардың болуы медициналық техниканың түріне байланысты клиникалық-техникалық негіздемедегі ақпаратпен расталады.

      Қажетті мамандар болмаған жағдайда тапсырыс беруші (Лизинг алушы) мамандарды оқыту бойынша іс-шаралар жоспарын ұсынады (мамандардың тегі, аты-жөні мен әкесінің атын (болған кезде), оқу күндері мен мерзімдерін, оқу үшін бюджетке салынған соманы көрсете отырып).

      18. Қаржы лизингі шарттарында медициналық техниканы сатып алу үшін денсаулық сақтау ұйымдарынан түскен өтінімдерге клиникалық талдау жүргізу кезінде өзін-өзі ақтау есебі арқылы қосымша өзін-өзі ақтау талдау жүргізіледі.

      Медициналық техниканың (Мөзін-өзі ақтау) өзін-өзі ақтау мерзімі мына формула бойынша есептеледі:

      Мөзін-өзі ақтау = ((Ммтсый ) /(Нбарынша көп көп х Мму)) х12, мұнда

      Мөтім – АҚ айқындайтын лизингтің барынша ұзақ мерзімінен аспайды;

      Қмт – сұрау салынатын медициналық техниканың құны;

      Ссый – АҚ айқындайтын лизингтің барынша көп сұрау салынатын медициналық техниканың құнына есептеуге жоспарланатын сыйақы сомасы;

      Нбарынша көп – лизингке сұрау салынатын медициналық техникаға ең жоғарғы нормативке сәйкес жылдық медициналық көрсетілетін қызметтердің саны;

      Қмқ – бір медициналық көрсетілетін қызметтің құны, есептеу:

      Қмқ = Қорт + Шкүр, мұнда,

      Қорт – уәкілетті органның қолданыстағы тарифтеріне және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгі штаттарға және штат нормативтеріне сәйкес медициналық көрсетілетін қызметтің орташа құны;

      Қорт =

Қмқ / Жөтін, мұнда,

Қмқ – уәкілетті органның тарифі бойынша олардың құнына медициналық көрсетілетін қызметтердің түрі санының көбейтіндісінің сомасы ретінде айқындалатын лизингке сұрау салынған медициналық техникада лизинг алушы көрсетуді жоспарлаған медициналық қызметтердің жалпы құны;

      Жөтін - лизингке сұрау салынған медициналық техникада лизинг алушы көрсетуді жоспарлаған медициналық көрсетілетін қызметтердің жылдық жалпы саны;

      Шкүр - бір медициналық қызметке лизингке сұрау салынған медициналық техниканы сатып алу бойынша лизинг алушының күрделі шығыстары, ол төмендегі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Шкүр =

ЛТең жоғ / Мбар мер) / Кжыл) /Қкүн, мұнда,

ЛТең жоғ - сыйақы есепке алынған медициналық техниканың құны;

      Мбм - АҚ айқындайтын лизингтің барынша ұзақ мерзімі;

      Кжыл - Қазақстан Республикасының ағымдағы жылға өндірістік күнтізбесі бойынша бір жылдық жұмыс күндерінің саны;

      Қкүн - лизингке сұрау салынған медициналық техникада лизинг алушы қызметін көрсетуге жоспарланып отырған бір жұмыс күніндегі көрсетілетін қызметтердің саны мынадай формула бойынша есептеледі:

      Ккүн = Мбар мер/Кжыл