Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 маусымда № 11421 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № ҚР ДСМ-118/2020 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.10.2020 № ҚР ДСМ-118/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 109) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы бекітілсін.

      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша), меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілері:

      1) алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;

      2) медициналық ұйымдардың мамандарын, оның ішінде медициналық емес білімі бар мамандарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Т.Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 22 мамырдағы
№ 380 бұйрығына
қосымша

Алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасының құрамы

Атауы

Саны

1.

Зарарсыздандырылған бинт

2 дана

2.

Зарарсыздандырылмаған бинт

2 дана

3.

Мақта

1 қаптама

4.

Зарарсыздандырылған қолғап № 7-8

6 дана

5.

Лейкопластырь

1 қаптама

6.

Жгут

1 дана

7.

Этил спирті 70%

1 құты

8.

Груша (сілекейді сору үшін)

1 дана

9.

Зарарсыздандырылған шпатель (ауыз қуысын ашуға арналған)

1 дана

10.

Амбу қабы

1 дана

11.

Тонометр

1 дана

12.

Фонендоскоп

1 дана

13.

Валидол 0,06 г

1 қаптама

14.

Нитроглицирин 0,005

1 қаптама

15.

Аммиак ертіндісі 10%

1 құты

16.

Эпинефрин

1 қаптама

17.

Иод ертіндісі 5%

1 құты