Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11321 тіркелді.

Жаңартылған

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырган технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптар белғіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік орғандардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму виңе-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ В. Школьник

      2015 жылғы 8 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 407 бұйрығымен
бекітілген

Технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр
жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Талаптар "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-8) тармақшасына сәйкес және технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу мақсатында әзірленген.

      2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) айналу жылдамдығын реттеу үшін жиілік түрлендіргіші – қоректену желісінде ауыспалы токтың жиілігін өзгерту жолымен жүктеменің айналу сәтінің белгіленген жылдамдық сипаттамасына сәйкес оны механикалық түрге түрлендіру мақсатында электр қозғалтқышқа берілетін электр энергиясын үздіксіз бақылауға электр энергиясы түрлендіргіші;

      2) қысқа тұйықталған роторы бар асинхронды қозғалтқыш (бұдан әрі – электр қозғалтқыштар) – роторға жалғанған жылжымалы түйіспелерінсіз, коллекторларынсыз, түйіспелі сақиналарсыз немесе электр түйіспелерінсіз электр қозғалтқышы;

      3) декарбонизатор - суды ауамен үрлеу арқылы судан бос көмір қышқылын жоюға арналған аппарат;

      4) жүктеме - уақыттың осы сәтінде электр желісімен немесе онымен біріктірілген тетікпен айналмалы электр машинасынан талап етілетін электрлік және механикалық шамалардың барлық сандық мәндерi;

      5) жылу алмастырғыш - жылуды қызғаннан (сұйық немесе газ түріндегі) анағұрлым суық жылу тасымалдағышқа жеткізіп беруге арналған құрылғы;

      6) қайталанатын - қысқа уақыттық кезеңдік режим - жылудың тепе-теңдігіне қол жеткізу үшін жүктемемен жұмыс істеу ұзақтығы жеткіліксіз болғанда қозғалтқыш жұмысының біркелкі циклдерінің бірізділігі;

      7) номиналды қуат – номиналды деректерге қосылған шығу қуатының сандық мәнi;

      8) режим - егер бұл қажет болса, іске қосу кезеңдерін, электрлік тоқтатуды, бос жүрісті, ажырату және тыныштық күйін, сондай-ақ олардың ұзақтығы мен уақыттағы бірізділігін қоса алғанда, машина арналған жүктеменiң (жүктемелердің) өзгеру сипаты;

      9) технологиялық процесс - бастапқы материалды керекті тауарға түрлендіретін біртұтас процесті құрайтын тізбектік орындалатын операциялар жиынтығы;

      10) цемент өндіру – пайдаланылатын өндіру тәсіліне тәуелді энергияны қажетсінетін технологиялық процесс;

      11) цемент өндірудің сулы тәсілі - шикізат материалдарын (көбінесе жоғары ылғалдылықпен) судың әсерімен шикізат шөгіндісін түзе отырып ұнтақтайтын цемент өндіру тәсілі;

      12) цемент өндірудің құрғақ тәсілі - шикізат материалдарын ұнтақ түрінде шикізат диірменінде ұнтақтайтын және кептіретін цемент өндіру тәсілі;

      13) электр қозғалтқыш - электр энергиясын айналмалы не үдемелі қозғалыстың механикалық энергиясына түрлендіруге арналған электр-механикалық құрылғы;

      14) электр қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициентi (бұдан әрi - ПӘК) - пайызбен көрсетілген электр қозғалтқышының білігіндегі пайдалы қуаттың электр қозғалтқыштың желіден тұтынатын активті қуатының киловатпен көрсетілген қатынастарына тең коэффициент;

      15) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (энергия менеджменті) - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саясатын, іс-шаралар жоспарын, мониторинг рәсімдері мен әдістемелерін, энергия тұтынуды бағалауды әзірлеу мен іске асыруды және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған басқа да іс-қимылдарды қамтитын, энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге және басқару объектісінің энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені;

      16) энергетикалық тиімділік - өнім бірлігіне шаққанда энергетикалық ресурстарды тұтыну.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы талаптар технологиялық процестердің, жабдықтардың, оның ішінде электр жабдығының мына тобына таралады:

      1) электр қозғалтқыштар;

      2) жарық көздері;

      3) цемент өндірісі.

2. Электр қозғалтқыштарының энергия тиімділігі бойынша талаптары

      4. Осы Талаптар:

      1) үздіксіз режимде жұмыс істеуге есептелген 0,75-тен 375 киловатты (бұдан әрi – кВт) қоса алғанға дейін қуатпен;

      2) 2, 4, 6 полюс сандарымен;

      3) номиналды жиілігі 50 - 60 Герц, номиналды кернеуі 1000 Вольтқа дейінгі;

      4) қосудың номиналды ұзақтығы 80% және одан жоғары жұмыс режимі үшін S1 (ұзаққа созылған режимі) немесе S3 (қайталама-қысқа мерзімді режим) жалпы мақсаттағы үш фазалық электр қозғалтқыштарда қолданылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Электр қозғалтқыштардың, оның ішінде электр жабдығының энерғия тиімділігі бойынша көрсеткіші пайдалы әсер коэффициентi болып табылады.

      6. Осы талаптар полюстардың саны 8 және одан жоғары электр қозғалтқыштарға, теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе көлiктерінде қолданылатын арнайы қозғалтқыштарға, жарылыстан қорғалған қозғалтқыштарға, сырғанау мүмкіндігі жоғары көп жылдамдықты қозғалтқыштарға қолданылмайды.

      7. Электр қозғалтқыштарға ПӘК мәндері бойынша талаптар қойылады, олар осы Талаптардың 1-қосымшасында көрсетілген айналу жылдамдықтарын реттеудiң жиiлiк түрлендiргiштерімен жабдықталған барлық қозғалтқыштар үшiн орнатылған мәндерден кем емес номинал қуаты үшін 0,75-тен 375-ке кВт-ға дейiнгі барлық қозғалтқыштармен болуы тиіс.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-1. Шығарылу жылдарына қарай электр қозғалтқыштарға ПӘК-ті азайту жағына түзету коэффиценттерін қолдану: 5 – 8 жыл - 5%, 8 жылдан жоғары - 15%;

      Ескерту. Талаптар 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-2. Жөндеуден өткен электр қозғалтқыштарға ПӘК-ті азайту жағына қарай түзету коэффиценттерін белгілеу: 1-ші жөндеу - 5%, 2-ші жөндеу - 10%.

      Ескерту. Талаптар 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Жарық көздері энерғия тиімділігі бойынша талаптар

      8. Жарық көздері үшін энергия тиімділігінің көрсеткіштері:

      1) жарық беру;

      2) шамдар үшін басқару жабдықтары немесе жапсарлас балластар орналастырылған қуатының коэффиценті болып табылады.

      9. Ішкі жарықтандыру үшін қолданылатын жарық беру көздері үшін осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес жарықдиодты жарық көздері бар шамдардың ең аз жарық беруге және түс беру индексіне қойылатын талаптары белгіленеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Жарықдиодтты жарық көзімен ең аз жарық беретін шамдарға қойылатын талаптар мына шамдарға таралмайды:

      1) кемінде 150 люмен жарық ағыны бар шамдар;

      2) жапсарлас қуат көздерімен жұмыс істейтін шамдар, мысалы, күн батареялары;

      3) жалпы және жергілікті жарықтандыру мақсатына арналмаған шамдар;

      4) шамдар, олар үшін жарық беру жөніндегі әдістер мен стандарттардың болмауы.

      11. Қоршаған ортаның темпетарурасы 250С болған кезде екі цокольдық люминесцентті және натрий, металлгаллогенді шамдар үшін энергия тиімділігі бойынша ең аз жарық беру талаптары қойылады, олар осы Талаптардың 3-қосымшасында көрсетілғен.

      12. Ішкі жарықтандыруға қолданылатын жарықдиодтты жарық көзімен коррелирденген түсті температуралы шамдар, 5000 К аспауы тиіс.

      13. Жапсарлас басқару құрылғысымен жарықдиодты жарық беретін шамдар үшін қуат коэффицентінің рұқсат берілген ең аз мәндеріне қойылатын талаптар, олар осы Талаптардың 4-қосымшасында көрсетілген.

      14. Екі цокольдық люминесцентті шамдардың түс беру индексі 80-нен кем емес болуы тиіс.

      15. Жарық беру көздерінің қызмет мерзімі дайындаушының жариялағанына сәйкес болуы тиіс және сынақ зертханасының сынау хаттамасымен расталуы тиіс.

      15-1. Осы Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес шағын люминесцентті шамы, бір цокольдық, екі цокольдық сызықтық және индукциялық люминесцентті шамдары бар шырақтардың жарық беруінің ең аз нормаланған мәндерін білгілейді.

      Ескерту. Талаптар 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15-2. Осы Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес жоғары қысымды натрий шамы бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндерін белгілейді.

      Ескерту. Талаптар 15-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Цемент өндірісі кезіндегі энергия тиімділігі бойынша талаптар

      16. Осы талаптар құрғақ және сулы тәсілмен цементті өндіруге таралады.

      17. Цемент өндірісінің энергия тиімділік көрсеткіштері тұтынуы цемент мынадай көрсеткіштерден аспауға тиіс бір тонна цемент өндіруге энергия ресурстарын тұтыну болып табылады:

      1) құрғақ тәсіл кезінде - 120 кВт*сағ/тонна;

      2) сулы тәсіл кезінде - 130 кВт*сағ/тонна.

      18. Цемент өндірісі кезіндегі энергия тиімділігі бойынша негізгі талаптар:

      1) энергия менеджменті жүйесін ендіру;

      2) белгіленген параметрлерге сәйкес пеште тұрақты және бір қалыпты күйдіру процесіне қол жеткізу;

      3) пешке түсетін барлық заттарды мұқият іріктеу және бақылауды жүзеге асыру;

      4) тұрақты негізде процесс параметрлерін өлшеуді және мониторингін орындау;

      5) декарбонизатор және көп сатылы жылу алмастырғышы бар құрғақ тәсіл пештеріне қолдану.

      Осы тармақпен көзделген талаптар тек жаңа және толық қайта құрылған зауыттарға таралады.

      19. Оңтайландырылған және жақсартылған пеш жүйесін және белгіленген параметрлерге сәйкес пештің тұрақты және бірқалыпты пайдалану процесін мынадай шешімдерді қолдану арқылы, цемент өндіру барысында жылу шығынын төмендету бойынша талаптар:

      1) компьютерлік автоматтық бақылауды қоса есептеғенде, процесті бақылауды оңтайландыру;

      2) отын берудің заманауи таразылау жүйесі;

      3) қолданыстағы пештің пішін үйлесімін ескере отырып, декарбонизатор және жылу алмастырғышты кеңейту;

      4) шикізат материалын кептіру үшін жылу алмастырғыштан немесе пешті салқындату аймағынан артық жылуды қайтарымдау;

      5) пайдаланылатын отынныц және шикізат материалының қасиеттері мен сипаттамаларына сәйкес тиісті циклондар санын қолдану.

      20. Келесі техникалық шешімдерді бірлесе немесе бөлек қолдану арқылы цемент өндіру барысында электр энергиясын тұтынуды төмендету бойынша талаптар:

      1) электр қуаттарын басқару жүйесін пайдалану;

      2) үгіту жабдықтарын пайдалану.

  Технологиялық
процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі
талаптарына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Электр қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициенттері (%) (IE1)

Р/с №

Номиналды қуаты,
киловатт

Полюстер саны

2р = 2

2р = 4

2р = 6

1

0,75

72,1

72,1

70,0

2

1,1

75,0

75,0

72,9

3

1,5

77,2

77,2

75,2

4

2,2

79,7

79,7

77,7

5

3

81,5

81,5

79,7

6

4

83,1

83,1

81,4

7

5,5

84,7

84,7

83,1

8

7,5

86,0

86,0

84,7

9

11

87,6

87,6

86,4

10

15

88,7

88,7

87,7

11

18,5

89,3

89,3

88,6

12

22

89,9

89,9

89,2

13

30

90,7

90,7

90,2

14

37

91,2

91,2

90,8

15

45

91,7

91,7

91,4

16

55

92,1

92,1

91,9

17

75

92,7

92,7

92,6

18

90

93,0

93,0

92,9

19

110

93,3

93,3

93,3

20

132

93,5

93,5

93,5

21

160

93,8

93,8

93,8

22

200-ден 375-ке дейін

94,0

94,0

94,0

Электр қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициенттері (%) (IE2)*

Р/с №

Номиналды қуаты, киловатт

Полюс саны

2р = 2

2р = 4

2р = 6

1

0,75

77,4

79,6

75,9

2

1,1

79,6

81,4

78,1

3

1,5

81,3

84,3

79,8

4

2,2

83,2

85,5

81,8

5

3

84,6

84,6

83,3

6

4

85,8

86,6

84,6

7

5,5

87,0

86,7

86,0

8

7,5

88,1

88,7

87,2

9

11

89,4

89,8

88,7

10

15

90,3

90,6

89,7

11

18,5

90,9

91,2

90,4

12

22

91,3

91,6

90,9

13

30

92,0

92,3

91,7

14

37

92,5

92,7

92,2

15

45

92,9

93,1

92,7

16

55

93,2

93,5

93,1

17

75

93,8

94,0

93,7

18

90

94,1

94,2

94,0

19

110

94,3

94,5

94,3

20

132

94,6

94,7

94,6

21

160

94,8

94,9

94,8

22

200-ден 375-тен жоғары

95,0

95,1

95,0

23

200-ден 375-тен жоғары

95,8

96,0

95,8

      *2020 жылы 0,75-тен 375-ке дейінгі барлық номиналды қуаты бар қозғалтқыштар IЕ2

      класынан төмен болмауы тиіс

  Технологиялық
процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі
талаптарына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жарықдиодты жарық көзі шамдарына түс беру индексі мен барынша аз жарық беруге қойылатын талаптар

Коррельді түсті температура, Кельвин

Жарық беру люмен/Ватт,
кемінде

Түс беру индексі,
кемінде

2700

90

80

3000

3500

100

4000

75

4500

5000

110

  Технологиялық процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі
талаптарға 3-қосымша

Қоршаған ортаның температурасы 250С болған кезде екі цокольдық
люминесцентті шамдар үшін ең аз жарық беруге қойылатын талаптар

Т8 (диаметрі 26 миллиметр)

Т5 (диаметрі 16 миллиметр)
Жоғары тиімділік

Т5 (диаметрі 16 миллиметр)
Жоғары қуат

Орташа қуат (Ватт)

Жарық берулюмен/Ватт, кемінде

Орташа қуат (Ватт)

Жарық беру
люмен/Ватт, кемінде

Орташа қуат (Ватт)

Жарық беру
люмен/Ватт, кемінде

18

75

14

86

24

73

36

93

21

90

39

79

58

90

18

93

49

88



35

94

54

82





80

77

Люминесңентті шамдар үшін талап етілетін жарық беру жоғарғыдағы
кестелерде ұсынылған мынадай жағдайларда мәндерден төмен болуы
мүмкін:

Шамның параметрі

250C кезде жарық берудің төмендеуі

Tc > 5 000 K

- 10 %

95 > Ra > 90

- 20 %

Ra > 95

- 30 %

Екінші құты

- 10 %

Шамның қалтқысыздық коэффициенті > 0,50 40 000 сағат пайдаланғаннан кейін

- 5 %

Ra< 60 жоғары қысымды натрий шамдарының ең аз жарық беруіне
қойылатын энергия тиімділігі талаптары

Шамның номиналды қуаты, Ватт

Мөлдір құтысы бар шамдар үшін жарық беру люмен/Ватт, кемінде

Мөлдір емес құтысы бар шамдар үшін
жарық беру люмен/Ватт, кемінде

Ватт < 45

60

60

45 < Ватт < 55

80

70

55 < Ватт < 75

90

80

75 < Ватт < 105

100

95

105 < Ватт < 155

110

105

155 < Ватт < 255

125

115

255 < Ватт < 605

135

130

Металлгалоген шамдардың ең аз жарық беруіне қойылатын талаптар

Шамның номиналды қуаты, Ватт

Мөлдір құтысы бар шамдар үшін жарық беру люмен/Ватт, кемінде

Мөлдір емес құтысы бар шамдар үшін
жарық беру люмен/Ватт, кемінде

Ватт < 55

60

60

55 < Ватт < 75

75

70

75 < Ватт < 255

80

75

255 < Ватт < 405

85

75

Керамикалық жанғышы бар металлгалоген шамдардың
ең аз жарық беруіне қойылатын талаптары

Шамның номиналды қуаты, Ватт

Ең аз жарық беру люмен/Ватт

30 < Ватт < 150

85

150 < Ватт < 400

90

  Технологиялық процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі
талаптарға 4-қосымша

Жапсарлас басқару құрылғысымен жарықдиодты жарық беретін
шамдар үшін қуат коэффицентінің рұқсат берілген ең аз
мәндеріне қойылатын талаптар

Жарық көзінің қуаты, Ватт

Кемінде 5

5 – 15 дейін

15 – 25 дейін

25-тен астам

нормаланбайды

>0,6

>0,7

>0,9


  Технологиялық процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі
талаптарына
5-қосымша

      Ескерту. Тізбе 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Шағын люминесцентті шамдар, шамшырақтар, бір цокольді, екі цокольді, сызықтық және индукциялық люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері

Шырақтың қолдану мақсаты

Конструктивті орындау

Шағын люминесцентті шамдар

Бір цоколді люминесцентті шамдар

Люминесцентті шамдар Т8

Люминесцентті шамдар Т5 (НЕ***)

Люминесцентті шамдар Т5(НО ***)

Индукциялық люминесцентті шам

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері,Ватт

Люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері,Ватт

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері/Ватт

Люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері,Ватт

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері,Ватт

Люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Люминесцентті шамдар, бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері, Ватт

Қоғамдық үй-жайларға арналған шырақ

Айналы шағылдырғыш және диффузиялық шашыратқыш

7÷24

30

5÷7

30

18

45

14

50

*

*

7
0

4
5

9÷26

35

21

50

100

50

32÷60

40

36

50

28

55

150

50

26÷45

35

80÷120

45

58

50

35

55

250

50

Айналы шағылдырғыш және призматикалық шашыратқыш

7÷24

35

5÷7

35

18

50

14

55

*

*

70

50

9÷26

40

21

55

100

55

32÷60

45

36

55

28

60

150

55

26÷45

40

80÷120

45

58

55

35

60

250

55

Айналы шағылдырғыш және ашық шығу саңылауы

7÷24

40

5÷7

40

18

55

14

60

24

55

70

55

9÷26

45

36

60

21

60

39

60

100

60

32÷60

50

28

65

49

60

150

60

26÷45

45

80÷120

55

58

60

35

65

54

60

250

60

80

60

Өндірістік үй-жайларға арналған шырақтар

Айналы шағылдырғыш және диффузиялық шашыратқыш

**

**

**

**

18

45

14

50

*

*

70

45

36

50

21

50

100

50

58

50

28

55

150

50

35

55

250

50

Айналы шағылдырғыш және призмалық шашыратқыш

**

**

**

**

18

50

14

55

*

*

70

50

36

55

21

55

100

55

58

55

28

60

150

55

35

60

250

55

Айналы шағылдырғыш және ашық шығу саңылауы

**

**

**

**

18

55

14

60

24

55

70

55

36

60

21

60

39

60

100

60
60

49

60

58

60

28

70

54

60

150

60

35

70

80

60

250


Сыртқы жарық беру шырақтары

Айналы шағылдырғыш және мөлдір шашыратқыш (қорғанысшыны)

**

**

**

**

**

**

**

**

*

*

70

50

100

55

150

55

250

55

* Шырақтың номиналды жарық беру - шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормасы
**ЛШ (люминесцентті шамдар) Т5 шырақтың конструктивтік орындаудың осы түрінде пайдаланылмайды
*** Т5 шамдары 0,22 ÷ 0,26 Ватт/сантиметр, ал Т5 шамдары – 0,31 ÷ 0,55 Ватт/сантиметр құты ұзындығы бірлігіне шаққанда жүктемесі жоқ

 
  Технологиялық процестердің,
жабдықтардың, оның ішінде
электр жабдығының энергия
тиімділігі жөніндегі алаптарына
6-қосымша

      Ескерту. Тізбе 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мөлдір құтыдағы жоғары қысымды натрий шамы бар шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері

Шырақтың қолдану мақсаты

Конструктивті орындау

Жарық көзі шырақтарында пайдаланылатын номиналды, Ватт

Шырақтардың жарық беруінің барынша аз норма, Ватт

Өндірістік ғимараттардағы шамшырақтар

Айналы шағылдырғыш және диффузиялық шашыратқыш

70

65

100

65

150

65

250

70

400

75

Айналы шағылдырғыш және призматикалық шашыратқыш

70

75

100

75

150

75

250

80

400

85

Айналы шағылдырғыш және ашық шығу саңылауы

70

85

100

85

150

85

250

90

400

100

Сыртқы бағыты айқындалмаған жарық беру шырақтары

Айналы шағылдырғыш және мөлдір шашыратқыш
(қорғаныс шыны)

70

75

100

75

150

75

250

85

400

95

600

100

Мөлдір құтыда металлгаллогенді шамдары бар, шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері

Жарық беру аспабының қолдану мақсаты

Конструктивті орындау

Жарық көзі шырақтарында пайдаланылатын номиналды,Ватт

Шырақтардың жарық беруі
нің барынша аз норма,Ватт

Қоғамдық үй-жайларға арналған шырақтар

Айналы шағылдырғыш және диффузиялық шашыратқыш

70

55

100

55

150

60

250

65

400

65

Айналы шағылдырғыш және призматикалық шашыратқыш

70

65

100

65

150

65

250

70

400

70

Айналы шағылдырғыш және ашық шығу саңылауы

70

70

100

70

150

70

250

75

400

75

Өндірістік үй-жайларға арналған
шырақтар

Айналы шағылдырғыш және диффузиялық шашыратқыш

70

50

100

50

150

50

250

55

400

55

Айналы шағылдырғыш және призматикалық шашыратқыш

70

60

100

60

150

60

250

65

400

65

Айналы шағылдырғыш және ашық шығу саңылауы

70

65

100

65

150

65

250

70

400

70

Сыртқы бағыты айқындалмаған жарық беру шырақтары

Айналы шағылдырғыш және мөлдіршашыратқыш
(қорғаныс шыны)

70

60

100

60

150

60

250

65

400

65

Жоғары қысымды сынап шамдары бар шырақтардың жарық беруінің аз нормаланған мәндері

Шырақтың қолдану мақсаты

Конструктивті орындау

Жарық көзі шырақтарында пайдаланылатын номиналды,
Ватт

Шырақтардың жарық беруі
нің барынша аз норма,
Ватт

Өндірістік үй-жайларға арналған шырақтар

Айналы шағылдырғыш және диффузиялық шашыратқыш

125

35

250

35

400

35

Айналы шағылдырғыш және призматикалық шашыратқыш

125

40

250

40

400

40

Айналы шағылдырғыш және ашық шығу тесігі

125

45

250

45

400

45

Сыртқы бағыты айқындалмаған шырақтары

Айналы шағылдырғыш және мөлдір ыдырату
(қорғаныс шыны)

125

40

250

40

400

40

Жарықдиодты шырақтардың жарық беруінің барынша аз нормаланған мәндері

Шырақтың қолдану мақсаты

Конструктивті орындау

Қисық жарық күшінің типі

Жарық көзі шырақ
тарында пайдаланылатын но
миналды, Ватт

Шырақ
тардың жарық беруі
нің барынша аз нор
ма, Ватт

Қоғамдық үй-жайларға арналған
шырақтар

Диффузиялық шашыратқыш

Косинусты (Д), терең (Г)

≤25

75

>25

85

Мөлдір призматикалық шашыратқыш

Косинусты (Д), терең (Г)

≤25

80

>25

85

Ашық шығу саңылауы бар

Косинусты (Д), терең (Г)

≤25

80

>25

90

Өндірістік үй-жайларға арналған
шырақтар

Диффузиялық шашыратқыш

Косинусты (Д), терең (Г), жартылай кең (Л)

≤25

70

>25

75

Кең (Ш)

≤25

65

>25

70

Мөлдір (призматикалық) шашыратқыш

Косинусты (Д), терең (Г), жартылай кең (Л)

≤25

75

>25

80

Кең (Ш)

≤25

70

>25

75

Ашық шығу саңылауы бар

Косинусты (Д), терең (Г), жартылай кең (Л)

≤25

80

>25

90

Кең (Ш)

≤25

75

>25

85

Сыртқы бағыты айқындалмаған жарық беру шырақтары

Мөлдір шашыратқыш (қорғаныс шыны)

Жартылай кең (Л),
кең (Ш)

>50

90

Жарық ағынын шашудың орта (30° ˂ 2g ≤ 80°) және кең (2g> 80 °) типті прожекторларының жарық беруінің hmin барынша аз нормаланған мәндері

Жарық беру аспабының жарық көздерінің типі

Жарық көзі шырақтарында пайдаланылатын номиналды/Ватт

Шырақтардың жарық беруі
нің барынша аз норма/Ватт

Жоғарғы қуатты натрий шамы

50 ÷ 100

65

150

75

250

85

400

95

600

100

Металдыгалогенды шамы

> 50

65

Жарықдиоды

> 25

85

Шырақтардың қуаты коэффициенттерінің мәндері

Жарық беру аспаптары

Қуат коэффициенті,
кемінде

сызықтық бір цоколды және екі цоколды люминесцентті шамы

0,90

Жоғарғы қуатты натрий шамы, металдыгалогенды шамы

0,85

5 Ваттан аспайтын қуатты тұтынатын жарықдиоды бар

0,5

5-тен 25 Ватті қоса алғандағы қуатты тұтынатын жарықдиоды бар

0,7

25 Ваттан астам қуатты тұтынатын жарықдиоды бар

0,9