«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы « »
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/158 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері
№ |
Жабайы хайуанның атауы |
Зиянды өтеу ставкасының мөлшері айлық есептік көрсеткішпен (әрбір дарағы/әрбір килограмы үшін/ұясы үшін) |
1 |
2 |
3 |
Жердегі сүт қоректілер |
||
1 |
Құлжа* (арғалы, арқар, үстірт қойы) |
1500 |
2 |
Ілбіс* |
2000 |
3 |
Борсық |
10 |
4 |
Тиін |
5 |
5 |
Құндыз |
15 |
6 |
Қызыл қасқыр* |
600 |
7 |
Орта азия кәмшаты* |
400 |
8 |
Терістік кәмшаты |
10 |
9 |
Сусары |
10 |
10 |
Қабылан* |
2000 |
11 |
Ақкіс |
10 |
12 |
Қарақұйрық* |
400 |
13 |
Үнді жайрасы* |
200 |
14 |
Қара кірпі* |
200 |
15 |
Қоян (ақ қоян, толай, ор қоян) |
5 |
16 |
Доңыз |
200 |
17 |
Құдыр |
200 |
18 |
Қарақал* |
600 |
19 |
Құндыз жарғанаты* |
100 |
20 |
Сібір тау текесі |
150 |
21 |
Сасық күзен |
10 |
22 |
Қарсақ |
5 |
23 |
Елік |
100 |
24 |
Шағыл мысығы* |
200 |
25 |
Ала аяқ мәлін |
5 |
26 |
Түрікмен құланы* |
2000 |
27 |
Ақтөс* және орман* сусарысы |
200 |
28 |
Ақ құлақ |
10 |
29 |
Түлкі |
5 |
30 |
Бұлан |
200 |
31 |
Сабаншы* |
300 |
32 |
Қоңыр аю |
200 |
33 |
Тян-шань қоңыр аюы* |
700 |
34 |
Балжегіш аю* |
600 |
35 |
Американ күзені |
10 |
36 |
Еуропа күзені* |
600 |
37 |
Теңбіл бұғы* |
700 |
38 |
Бұғылар (теңбіл бұғыдан басқасы) |
200 |
39 |
Су тышқан |
5 |
40 |
Шұбар күзен* |
200 |
41 |
Ала жертесер* |
100 |
42 |
Құну |
100 |
43 |
Түркістан сілеусіні* |
200 |
44 |
Сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа) |
20 |
45 |
Жолман* |
200 |
46 |
Серке киік |
200 |
47 |
Ұрғашы киік, төлі |
150 |
48 |
Бүрме ерінді жарқанат* |
200 |
49 |
Үлкен көртышқан* |
200 |
50 |
Жанат текті ит |
10 |
51 |
Бұлғын |
40 |
52 |
Саршұнақ |
5 |
53 |
Суырлар (байбақ, қызғылт, сұр) |
10 |
54 |
Мензбир суыры* |
400 |
55 |
Балпақ-зорман |
5 |
56 |
Сасық күзен |
5 |
57 |
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сүтқоректілердің басқа да түрлері |
100 |
58 |
Сүтқоректілердің басқа да түрлері |
5 |
Құстар |
||
59 |
Қара ләйлек* |
200 |
60 |
Үлкен, кіші суқұзғын |
1 |
61 |
Ителгі* |
700 |
62 |
Бүркіт* |
400 |
63 |
Сақалтай* |
400 |
64 |
Тарбақ шырғалақ* |
200 |
65 |
Тарбақ (үлкен және кіші) |
5 |
66 |
Үлкен және кіші әупілдек |
5 |
67 |
Қызыл және қара мамыққаз |
10 |
68 |
Саңырау құр |
10 |
69 |
Құр |
5 |
70 |
Күшіген (тазқара, ақбас, гималайлық күшіген) |
10 |
71 |
Қаздар (қутұмсық қаздан өзгесі) |
5 |
72 |
Қутұмсық қаз* |
600 |
73 |
Тұрымтай |
5 |
74 |
Жек дуадақ* |
700 |
75 |
Дуадақ* |
700 |
76 |
Ақбас тырна* |
100 |
77 |
Сұр тырна* |
200 |
78 |
Жыланжегіш қыран* |
400 |
79 |
Қызыл жемсаулы қараша қаз* |
200 |
80 |
Жамансары (кәдімгі, обалық, жүнаяқ қысқы, жамансары) |
10 |
81 |
Қарабай* |
100 |
82 |
Бақылдауық |
5 |
83 |
Кекілік |
5 |
84 |
Қалбағай* |
200 |
85 |
Сұнқар* |
200 |
86 |
Тарғақ* |
400 |
87 |
Шалшықшы (кішісі және сүйір тұмсықтысы)* |
200 |
88 |
Шалшықшы (ірі және орта) |
5 |
89 |
Құмай* |
100 |
90 |
Шіл |
5 |
91 |
Сұңқылдақ аққу*, кішісі* |
400 |
92 |
Сыбырлақ аққу |
50 |
93 |
Құладын (батпақ құладынынан басқасы) |
5 |
94 |
Қасқалдақ |
1 |
95 |
Шыбыншы торғай* |
100 |
96 |
Бақалтақ қыран* |
100 |
97 |
Дала қыраны |
20 |
98 |
Жыртқыш қыран |
20 |
99 |
Аққұйрық субүркіт*, кезқұйрық субүркіт* |
400 |
100 |
Қызғылт бірқазан*, бұйра бірқазан* |
400 |
101 |
Бөдене |
1 |
102 |
Ақ құйрық қызғыш* |
200 |
103 |
Сұқсыр |
1 |
104 |
Шаңқылдақ қыран |
10 |
105 |
Көкқұс* |
100 |
106 |
Ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық* |
200 |
107 |
Қарабауыр шіл |
1 |
108 |
Убақ* |
100 |
109 |
Лашын* |
600 |
110 |
Балықшы тұйғын* |
600 |
111 |
Жапалақ, байғыз (үкіден өзгесі) |
2 |
112 |
Ақ тырна* |
700 |
113 |
Алтай ұлары* |
200 |
114 |
Гималай ұлары |
10 |
115 |
Үйректер (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгенінен басқасы) |
1 |
116 |
Қырғауыл |
2 |
117 |
Үкі* |
200 |
118 |
Қоқиқаз* |
400 |
119 |
Дара шағала* |
200 |
120 |
Бидайық* |
700 |
121 |
Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген құстардың басқа да түрлері |
100 |
122 |
Басқа да құс түрлері |
5 |
Бауырымен жорғалаушылар |
||
123 |
Сұр кесіртке |
20 |
124 |
Сары қыран кесіртке |
1 |
125 |
Шұбар батбат |
1 |
126 |
Сары қыран әбжылан |
1 |
127 |
Әбжыландар (қызылжолақты, жолақты және төртжолақтылар) |
1 |
128 |
Қара шұбар жылан, сарыбас жыландар, құмжыландар |
1 |
129 |
Улы сұр жыландар |
1 |
130 |
Қалқантұмсық жылан |
2 |
131 |
Тасбақалар |
2 |
132 |
Бауырымен жорғалаушылардың ғылыми және ағартушылық маңызы бар басқа да түрлері |
1 |
Қос мекенділер |
||
133 |
Жетісу бақатісі |
100 |
134 |
Қосмекенділердің ғылыми маңызы бар басқа да түрлері |
1 |
Жәндіктер |
||
135 |
Қазақстан Республикасы: қызыл кітабына енгізілген қоңыздар мен көбелектер |
3 |
136 |
Ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа қоңыздар мен көбелектер |
0,5 |
137 |
Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген жарғаққанаттылар |
3 |
138 |
Жабайы аралар (ұясы үшін) |
0,5 |
139 |
Жәндіктердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да түрлері |
0,5 |
Өрмекші тектілер |
||
140 |
Қарақұрттар, шаяндар, эрезустер, тарантулдар, аргиопалар мен өрмекші тектілердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да улы түрлері |
0,2 |
Балық, теңіз сүтқоректілері және су омыртқасыздарының түрлері |
||
141 |
Сырдариялық жауырындық*, шортан тектес ақмарқа*, каспий және арал албырты*, ақбалы сылан*, аққайран*, арал және түркістан қаязы*, шармайы каспий жыланбалық*, таймень*, балқаш алабұғасы* - балқаш және іле таралымы, пілмай* - арал және іле таралымы (әрбір кг үшін) |
100 |
142 |
Қортпа, уылдырықты пілмай (әрбір кг үшін) |
14 |
143 |
Қортпа, пілмай қысыры (әрбір килограмм үшін) |
6 |
144 |
Бекіре, шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары (әрбір килограмм үшін) |
10 |
145 |
Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары (әрбір килограмм үшін) |
4,5 |
146 |
Сүйрік (әрбір килограмм үшін) |
6 |
147 |
Майқан (үскіш), хариус, табан, бахтаң, форель, қаражамбас майшабақ (әрбір килограмм үшін) |
3 |
148 |
Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, тікенбалық, жалғызкөз-глосса, ақмарқа, долгин майшабағы (әрбір килограмм үшін) |
0,5 |
149 |
Сазан, тұқы, көксерке, өсімдікпен қоректенетін балықтар (әрбір килограмм үшін |
0,3 |
150 |
Шортан, жайын, лақа, жыланбас, қаракөз, қылышбалық, қызылқанат, беріш, көкбас, қызылкөз, шемей, шерміш (әрбір килограмм үшін) |
0,2 |
151 |
Табан, мөңке, торта, тарғақбалық, айнакөз, алабұға, оңғақ, ақтұқты (әрбір килограмм үшін) |
0,1 |
152 |
Каспий итбалығы (әрбір дарағы үшін) |
50 |
153 |
Шаян (әрбір дарағы үшін) |
0,1 |
154 |
Салин артемиясы, гаммарус және басқа су омыртқасыздары мен цисталары (шикі өнімнің әрбір килограмы үшін) |
3 |
Ескертулер:
* Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген түрлерге жататын жануарлар.
әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;
әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер аналығының эмбрионы үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген нұқсанды өтеу мөлшерінің 50 проценті (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады.