Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдістемесін, қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10882 тіркелді

Қолданыстағы

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу әдістемесі, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидалары, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің № 8039 мемлекеттік тізілімінде тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 24 қарашадағы № 771-775 (27847) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Электр энергетика департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында жариялануын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                                 В.Школьник

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 6 наурыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ____________________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 31 наурыз

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 49 бұйрығына     
      1-қосымша      

Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу әдістемесі

      1. Энергетикалық  сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Осы  Әдістеме энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеуге арналған.
      3. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеуді мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүзеге асырады.
      4. Электрлік зертханаларды аккредиттеуді мемлекеттік энергетикалық  бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық департаменттері жүзеге асырады.
      5. Энергетикалық  сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу бойынша құжаттарды қарау және олар бойынша шешімдерді қабылдау үшін мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияны құрады.
      6. Электрлік зертханаларды аккредиттеу бойынша  құжаттарды қарау және олар бойынша шешімдерді қабылдау үшін мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық департаменттері электрлік зертханаларды аккредиттеу жөніндегі комиссияны құрады.
      7. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу тегін, кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз жүзеге асырылады.
      8. Аккредиттеу бойынша құжаттарды қарауды Комиссия олар келіп түскен сәттен бастап есептелетін күнтізбелік отыз күннің ішінде жүзеге асырады.
      9. Оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган Комиссия осындай шешімді қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күнінің ішінде акрредиттеу туралы куәлікті жібереді.

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 49 бұйрығына     
      2-қосымша      

Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 59) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электрлік зертханаларды аккредиттеу тәртібін айқындайды.
      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу – заңды тұлғалардың энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру құзыреттілігі, сондай-ақ энергетикалық сараптаманы жүргізу немесе өндірістік қажеттіліктер үшін пайдаланылатын электрлік зертханалар құзыреттілігі уәкілетті органмен ресми мойындалатын рәсім;
      2) аккредиттеу туралы куәлік – заңды тұлғалардың энергетикалық сараптаманы жүзеге асыру құзыреттілігін, сондай-ақ энергетикалық сараптаманы жүргізу немесе өндірістік қажеттіліктер үшін пайдаланылатын электрлік зертханалар құзыреттілігін куәландыратын уәкілетті органмен берілетін ресми құжат;
      3) сарапшы – мамандығы бойынша электр энергетигі немесе жылу энергетигінің жоғары инженерлік-техникалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе электр энергетигінің немесе жылу энергетигінің орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ электрлік қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама тобы (IV және топтан жоғары) бар, сарапшы ұйымның қызметкері ретінде энергетикалық сараптаманы жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
      4) сарапшы  ұйым – энергетикалық сараптаманы жүргізуге уәкілетті органмен аккредиттелген заңды тұлға;
      5) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
      6) электрлік зертхана – тиісті сынақ жабдықтарымен, өлшеу және қорғаныш құралдарымен жабдықталған зерттеулерді, сынақтарды өткізуге арналған стационарлық немесе жылжымалы станция, стенд, қондырғы, тасымалды сынақ жабдығы;
      7) электрлік зертханаға қызмет ететін персонал – жоғары инженерлік-техникалық немесе орта техникалық және кәсіптік білімі, сондай-ақ электрлік қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама тобы (IV және топтан жоғары) бар, электрлік зертханаға қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға не адамдар тобы;
      8) 1-санатты сарапшы  ұйым – энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдарды және өз штатында кемінде бес энергетикалық сарапшысы (электр- және жылу энергетиктері), меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі электрлік зертханасы, сондай-ақ энергетикалық сараптама жүргізу саласында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар электр және жылу энергиясын тұтынушылардың энергетикалық сараптаманы жүргізуге уәкілетті органмен аккредиттелген заңды тұлға;
      9) 2-санатты сарапшы ұйым – өз штатында кемінде үш энергетикалық сарапшысы (электр- және жылу энергетиктері), меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі электрлік зертханасы, сондай-ақ энергетикалық сараптама жүргізу саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі бар, электрлік қондырғыларының 500 килоВольтАмпер (бұдан әрі – кВА) дейінгі және (немесе) жылу қондырғыларының 1 Гигакаллорий/сағат (бұдан әрі - Гкал/сағ.) дейінгі қосылған қуаты бар электр және жылу энергиясын тұтынушылардың энергетикалық сараптаманы жүргізуге уәкілетті органмен аккредиттелген заңды тұлға;
      10) 3-санатты сарапшы ұйым – өз штатында кемінде екі энергетикалық сарапшысы (электр- және жылу энергетиктері) және меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздегі электрлік зертханасы бар электрлік қондырғыларының 100 кВА дейінгі және (немесе) жылу қондырғыларының 1 Гкал/сағ дейінгі қосылған қуаты бар электр және жылу энергиясын тұтынушылардың энергетикалық сараптаманы жүргізуге уәкілетті органмен аккредиттелген заңды тұлға.
      3. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеуді мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі орган, электрлік зертханаларды аккредиттеуді – мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық департаменттері жүзеге асырады.

2. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу тәртібі

      4. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеуден өту үшін заңды тұлға уәкілетті органға, не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы өтінішті;
      2) жарғы және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті;
      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сарапшылар туралы мәліметтерді;
      4) сарапшылардың осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келуі туралы;
      5) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрлік зертханаларды аккредиттеу туралы куәлікті, 1 және 2 санатты сарапшы ұйымдар үшін – меншік құқығында, 3 санатты сарапшы ұйымдар үшін – меншік құқығында немесе өзге заңды негізде электрлік зертхананың болуы туралы;
      6) 1 және 2 санатты сарапшы ұйымдар үшін энергетикалық сараптама жүргізу саласында жұмыс тәжірибесінің болуы туралы;
      7) меншік құқығында емес электрлік зертханасы бар ұйымдар үшін – аккредиттелген электрлік зертхананың болуы туралы;
      8) өзінің меншігінде емес электрлік зертханасы бар ұйым үшін – электрлік зертханаға қызмет көрсететін персоналдың болуы және олардың осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келуі туралы;
      9) акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилирленген тұлғалар үшін – монополияға қарсы орган келісімінің болуы туралы құжаттарды ұсынады.
      5. Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар нотариаттық куәландырылған не басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған түрінде ұсынылады.
      6. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу бойынша заңды тұлғалардың құжаттарын қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін уәкілетті орган энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
      7. Аккредиттеу бойынша құжаттарды қарауды Комиссия олар түскен сәттен бастап есептелетін отыз күнтізбелік күннің ішінде жүзеге асырады.
      8. Энергетикалық сараптаманы жүргізуге ұйымды аккредиттеуден бас тарту үшін негіз ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.
      9. Оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган Комиссия осы шешімді қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде заңды тұлғаға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті жібереді, бұл туралы Сарапшы ұйымдардың тізіліміне жазба енгізіледі.
      10. Энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеуден бас тартқан кезде шешімді қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күнінің ішінде осындай бас тартудың себебі көрсетілген дәлелденген жазбаша жауап жіберіледі.
      11. Аккредиттелген сарапшы ұйымдардың тізілімі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
      12. Атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта құрылған, сондай-ақ энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, сарапшы ұйым қайта тіркеген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті қайтарады және жоғарыда аталған жағдайлардың басталуын растайтын құжаттарды қоса беру арқылы энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      13. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу, телнұсқасын беру туралы өтініштер өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күнінің ішінде Комиссия отырысында қаралады.
      14. Оң шешім қабылданған жағдайда, шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік қайта ресімделеді не Сарапшы ұйымдардың тізіліміне тиісті ақпаратты енгізу арқылы аккредиттеу туралы куәлік телнұсқасы беріледі.
      15. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлікке жаңа тіркеу нөмірі беріледі. Бұл ретте бұдан бұрын берілген энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік жарамсыз деп танылады.
      16. Энергетикалық сараптаманы жүргізуге аккредиттеу туралы куәлік телнұсқасы жоғарғы оң жағында жазылған «Телнұсқа» жазуымен беріледі.
      17. Уәкілетті орган энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлікті әзірлеуді және есепке алуды қамтамасыз етеді. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі болады және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында жарамды.
      18. Сарапшы ұйымдар тізілімінен алып тастау мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
      1) сарапшы ұйымның жазбаша өтініші бойынша;
      2) сарапшы ұйымды тарату кезінде;
      3) сот шешімі бойынша.
      19. Энергетикалық сараптаманы жүргізуге аккредиттеу туралы куәлік уәкілетті органға осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес Тізілімнен алып тасталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтаруға жатады.
      20. Берілген энергетикалық сараптаманы жүргізуге аккредиттеу туралы куәлік Сарапшы ұйымдардың тізіліміне тиісті ақпаратты енгізу арқылы тіркеу журналына тіркеледі.

3. Электрлік зертханаларды аккредиттеу тәртібі

      21. Электрлік зертханаларды аккредиттеуді алу үшін электрлік зертхананың меншік иесі уәкілетті органның аумақтық департаменттеріне, не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай:
      1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрлік зертханаларды аккредиттеу туралы өтінішті;
      2) заңды тұлға үшін – жарғы және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, жеке тұлға үшін – өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және оның жеке басын куәландыратын құжатты;
      3) электрлік зертханаға құқық белгілейтін құжатты;
      4) қызмет түрлері (сынақтар мен өлшеулер), сынақ, өлшеу жабдығымен және аспаптарымен және қорғаныс құралдарымен жабдықтау жағдайлары көрсетілген электрлік зертхана туралы ережені;
      5) электрлік зертханаға қызмет көрсететін персоналдың болуы және олардың осы Қағидалардың 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келуі туралы;
      6) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес меншік құқығындағы өлшеу құралдардың болуы, оларды аттестаттау және тексеру туралы құжаттарды ұсынады.
      22. Осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттар нотариаттық куәландырылған не заңды тұлғалар үшін - басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған, дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкердің қолымен және мөрімен куәландырылған түрінде ұсынылады.
      23. Электрлік зертханаларды аккредиттеу бойынша құжаттарды қарау және олар бойынша шешім қабылдау үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Электрлік зертханаларды аккредиттеу жөніндегі комиссияны құрады.
      24. Аккредиттеу бойынша құжаттарды қарауды Комиссия олар түскен сәттен бастап есептелетін күнтізбелік отыз күннің ішінде жүзеге асырады.
      25. Электрлік зертханаларды аккредиттеуден бас тарту үшін негіз ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 21-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.
      26. Электрлік зертханаларды аккредиттеуден бас тартқан кезде шешімді қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде осындай бас тартудың себебі көрсетілген дәлелденген жазбаша жауап жіберіледі.
      27. Оң шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық департаменті Комиссия осы шешімді қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлікті жібереді, бұл туралы Аккредиттелген электрлік зертханалар тізіліміне жазба енгізіледі.
      28. Аккредиттелген электрлік зертханалар тізілімін осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган жүргізеді және ол уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
      29. Атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта құрылған, сондай-ақ электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, электрлік зертхананың меншік иесі қайта тіркеген сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлікті қайтарады және жоғарыда аталған жағдайлардың басталуын растайтын құжаттарды қоса беру арқылы электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      30. Электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу, телнұсқасын беру туралы өтініштер өтініш келіп түскен сәттен бастап бес жұмыс күнінің ішінде Комиссия отырысында қаралады.
      31. Оң шешім қабылданған жағдайда, шешім қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлік қайта ресімделеді не Аккредиттелген электрлік зертханалар тізіліміне тиісті ақпаратты енгізу арқылы электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлік телнұсқасы беріледі.
      32. Электрлік зертхананы аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлікке жаңа тіркеу нөмірі беріледі. Бұл ретте бұдан бұрын берілген электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлік жарамсыз деп танылады.
      33. Электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлік телнұсқасы жоғарғы оң жағында жазылған «Телнұсқа» жазуымен беріледі.
      34. Уәкілетті органның аумақтық департаменті электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлікті әзірлеуді және есепке алуды қамтамасыз етеді. Электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі болады және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында жарамды.
      35. Аккредиттелген электрлік зертханалар тізілімінен алып тастау мынадай негіздер бойынша жүргізіледі:
      4) электрлік зертхана меншік иесінің жазбаша өтініші бойынша;
      5) аккредиттелген электрлік зертхананы тарату, оның меншік иесі – жеке тұлғаның қайтыс болуы кезінде;
      6) сот шешімі бойынша.
      36. Электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлік уәкілетті органның аумақтық департаментіне осы Қағидалардың 35-тармағына сәйкес Тізілімнен алып тасталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтаруға жатады.
      37. Берілген электрлік зертхананы аккредиттеу туралы куәлік Аккредиттелген электрлік зертханалар тізіліміне тиісті ақпаратты енгізу арқылы тіркеу журналына тіркеледі.

Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды және электрлік    
зертханаларды аккредиттеу   
қағидаларына 1-қосымша    

Нысан

__________________________
(уәкілетті органның атауы)
________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
________________________________

Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу туралы өтініш

____________________________________________________________________
                       (заңды тұлғаның атауы)
____________________________________________________________________
(БСН), заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік нөмірі мен
мерзімі)
_____ санат бойынша энергетикалық сараптаманы жүргізуге аккредиттеуді
сұрайды.
      Заңды тұлғаның орналасқан жері (болған жағдайда оның
филиалдары, өкілеттіктері):
Пошталық мекенжайы: _________________________________________________
Телефон нөмірлері: __________________________________________________
E-mail ______________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар тізімі (парақ саны көрсетілген):
1._____________________________
2._____________________________
3._____________________________
4._____________________________
5._____________________________
Ұйым басшысы (лауазымы)
_______________________________
       (қолы) (Т.А.Ә.)

МО 20 ____ ж. «___» ___________

Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды және электрлік    
зертханаларды аккредиттеу   
қағидаларына 2-қосымша     

Нысан

Сарапшылар туралы мәліметтер

р/с№

Т.А.Ә.

Білімі, мамандығы, біліктілігі, диплом №

Электр энергетикасы саласындағы жұмыс өтілі

Мәлімделген ұйымдағы жұмыс өтілі

Электрлік қауіпсіздігі бойынша рұқсаттама тобы Білімді соңғы тексеру күні

1


3

4

5

6







Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды және электрлік    
зертханаларды аккредиттеу   
қағидаларына 3-қосымша    

Нысан

____________________________________________________________________
          (куәлікті берген мемлекеттік органның толық атауы)

Электрлік зертхананы
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

20___ ж. «___» __________
                 (күні)

____________________________________________________________________
(электрлік зертхананың меншік иесінің толық атауы, БСН (ЖСН)
_____________________________________________________________берілді.
Орналасқан жері:
____________________________________________________________________
               (заңды тұлғаның заңды мекенжайы)
____________________________________________________________________
Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Куәлік мерзімсіз болып табылады.

Басшы (уәкілетті орган)
___________________________________
        (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Нөмірі: ________

Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды және электрлік    
зертханаларды аккредиттеу   
қағидаларына 4-қосымша    

Нысан

      ________________________________________________________________
(куәлікті берген мемлекеттік органның толық атауы)

Энергетикалық сараптаманы жүргізуге
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

20 ___ ж. «___» __________
                  (күні)

____________________________________________________________________
                  (заңды тұлғаның толық атауы, БСН)
___________________________________________________________ берілді.
Орналасқан жері:
____________________________________________________________________
                (заңды тұлғаның пошталық мекенжайы)
____________________________________________________________________
Сарапшы ұйымның санаты:
____________________________________________________________________
Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Куәлік мерзімсіз болып табылады.

Басшы (уәкілетті орган)
___________________________________
      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      Нөмірі: ________

Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды және электрлік    
зертханаларды аккредиттеу   
қағидаларына 5-қосымша     

Нысан

Сараптамалық ұйымдардың тізілімі

р/с №

Аккре диттеу күні

Сараптамалық ұйым атауы

Санаты

Аккредиттеу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі

БСН

Заңды мекенжайы, байланыс деректері

Сарапшының Т.А.Ә.

Ескертпе*

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      * - аккредиттеу туралы куәліктің тоқтатылуы және қайта рәсімделуі туралы деректер

Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды және электрлік    
зертханаларды аккредиттеу   
қағидаларына 6-қосымша     

Нысан

_____________________________________
(уәкілетті органның атауы)
_____________________________________
(заңды тұлғаның атауы)

Электрлік зертхананы аккредиттеу туралы өтініш

____________________________________________________________________
           (электрлік зертхананың меншік иесінің атауы)
____________________________________________________________________
(БСН, заңды тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу (қайта тіркеу)
туралы куәліктің нөмірі мен күні, ЖСН, өтініш берушіні дара кәсіпкер
ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік)

Электрлік зертханаға аккредиттеу жүргізуді сұрайды.
Өтініш берушінің орналасқан жері:
Пошталық мекенжайы: _______________________________________________
Телефон нөмірлері _________________________________________________
E-mail ____________________________________________________________
Факс ______________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар тізімі (парақ саны көрсетілген):
1. _____________________________
2. _____________________________
3. _____________________________
4. _____________________________
5. _____________________________
Ұйым басшысы (дара кәсіпкер)
________________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
МО 20 ___ ж. «__» ______________

Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды және электрлік    
зертханаларды аккредиттеу   
қағидаларына 7-қосымша    

Аккредиттелетін электрлік зертханаларға арналған өлшеу құралдарының тізбесі

      электрлік зерттеулер мен өлшеулер үшін:
      1. Тоқ тістеуіктері
      2. Мегаомметр
      3. Микроомметр
      4. Электр энергиясы сапасының анализаторы
      5. Жерге қосушы қондырғылардың кедергісін өлшеу аспабы
      6. Жоғары кернеумен мынау аспабы
      7. «Ноль фазасы» тізбесі бір фазалы қысқа тұйықталу тоғын өлшеу аспабы

      жылу зерттеулері мен өлшеулері үшін:
      1. Жылу көргіш
      2. Ультрадыбысты сұйық шығынын өлшеуіш
      3. Контактісіз (инфрақызыл) термометр
      4. Контактілі термометр
      5. Газ анализаторы

Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды және электрлік    
зертханаларды аккредиттеу   
қағидаларына 8-қосымша    

Нысан

Аккредиттелген электрлік зертханалардың тізілімі

р/с №

Күні

Электрлік зертхананың меншік иесінің атауы

Аккредиттеу туралы куәліктің сериясы мен нөмірі

БСН

Электрлік зертхананың меншік иесінің заңды мекенжайы, байланыс деректері

Ескертпе*

1

2

3

4

5

6

7








* - Аккредиттеу туралы куәліктің тоқтатылуы және қайта ресімделуі туралы деректер