Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10880 тіркелді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 58–бабының 5–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет–ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Т. Дүйсенова

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2015 жылғы «__» ___________

Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау және әлеуметтік министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы    
№ 173 бұйрығымен        
бекітілген           

Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы
сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 58–бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес, денсаулық сақтау субъектісіне бармай-ақ бақылаудың басқа нысандары шеңберінде меншік нысаны мен ведомстволық тиесілігіне қарамастан, денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызметтердің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ауруханаішілік комиссиялар – стационарлық көмек көрсету ұйымдарында құрылатын комиссиялар (ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы бойынша, өлім жағдайларын қарау бойынша);
      2) клиникалық аудит – денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестік тұрғысынан жүргізілген емдеу-диагностикалық іс-шараларды егжей-тегжейлі ретроспективалық және/немесе ағымдық талдау;
      3) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау индикаторлары (бұдан әрі – бағалау индикаторлары) – медициналық қызметтердің тиімділігін, толықтығын және денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігінің көрсеткіштері, олар мыналарды қамтиды:
      құрылым индикаторлары – кадр, қаржы және техникалық ресурстармен қамтамасыз ету көрсеткіштері;
      процесс индикаторлары – профилактика, диагностика, емдеу және оңалту технологияларының орындалуын бағалау көрсеткіштері;
      нәтиже индикаторлары – денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық көмек көрсетуі немесе көрсетпеуі нәтижесіндегі денсаулық үшін салдарды бағалау көрсеткіштері;
      4) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына сараптама (бұдан әрі – сараптама) – тиімділігі, толықтығы мен медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігінің көрсеткіші көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалау индикаторларын пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызметтер сапасының деңгейі бойынша қорытынды шығару үшін жүзеге асырылатын ұйымдастыру, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы;
      5) ретроспективалық талдау – бұрын медициналық көмек алған пациенттердің медициналық құжаттамаларын зерделеу негізіндегі талдау;
      6) сыртқы индикаторлар – денсаулық сақтау субъектілерінің әрбір құрылымдық бөлімшелерінің медициналық қызмет көрсету тиімділігін, толықтығын және медициналық қызметтің сапасын бағалау мен сараптауды жүргізу мақсатында оның денсаулық сақтау саласы стандарттарына сәйкестігін сипаттайтын сыртқы сараптамада қолданылатын көрсеткіштер;
      7) тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін аккредиттелген жеке тұлға;
      8) ішкі бақылау (аудит) қызметі (бұдан әрі – Қызметі) - денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі;
      9) ішкі индикаторлар – денсаулық сақтау субъектілерінің әрбір құрылымдық бөлімшелерінің медициналық қызметтер тиімділігін, толықтығын және медициналық қызметтің сапасын бағалау мен сараптауды жүргізу мақсатында оның денсаулық сақтау саласы стандарттарына сәйкестігін сипаттайтын ішкі сараптамада қолданылатын көрсеткіштер.
      3. Сараптаманың негізгі қағидаттары:
      1) жүйелілік – сараптаманы құрылым индикаторларының, процесі мен нәтижесінің өзара байланысын жүзеге асыру;
      2) объективтілік – сараптаманы жүзеге асыру кезінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды қолдану;
      3) ашықтық – тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган мамандарының қатысуынсыз тәуелсіз сарапшылардың өз бетінше денсаулық сақтау субъектілері өкілдерінің қатысуынсыз сараптаманы жүзеге асыру.
      4. Сараптама жүргізу барысында медицина қызметкерлерінің денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың талаптарын, оның ішінде диагностика мен емдеу хаттамаларын сақтауы талданады.
      5. Сараптама жүргізу кезінде ақпарат көзі ретінде денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар пайдаланыланады.

2. Ішкі сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу

      6. Ішкі сараптаманы Қызметі жүзеге асырады. Қажет болған кезде қоғамдық бірлестіктердің, кәсіби қауымдастықтардың өкілдері және т.б. тартылады.
      7. Қызметінің құрылымы мен құрамын денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітеді.
      8. Қызметтің функцияларына мыналар жатады:
      1) жеке үдерістер мен рәсімдерді бағалау, денсаулық сақтау стандарттарын енгізу, осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген ішкі индикаторларды қолдану бойынша денсаулық сақтау ұйымы бөлімшелері қызметінің тиімділігін талдау;
      2) ауруханаішілік комиссиялар қызметін талдау;
      3) денсаулық сақтау ұйымының басшылығына тиісті басқару шешімдерін қабылдау үшін талдау нәтижесінде анықталған мәселелер туралы ақпарат беру;
      4) денсаулық сақтау ұйымының персоналына медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту және әдістемелік көмек;
      5) ұйымдағы пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы денсаулық сақтау ұйымы қызметкерлерінің пікірін зерделеу және персоналды хабардар ету;
      6) денсаулық сақтау ұйымының медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын басқару жөніндегі денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін мынадай бағыттар бойынша үйлестіру:
      пациенттің проблемаларының (шағымдарының) туындауына қарай сол жерде күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде сауалнама жүргізу арқылы пациенттердің медициналық көрсетілетін қызметтердің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып шешу;
      кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды пайдаланудың ахуалын және тиімділігін бағалау;
      пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының белгіленген стандарттарға (клиникалық аудит) сәйкестігін бағалау және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
      Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 77) тармақшасына сәйкес бекітілетін азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету қағидаларын сақтау;
      жұмыстағы ақаулардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық іс-шараларды әзірлеу.
      9. Қызмет денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекітетін, медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету және үздіксіз арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлейді.
      Бағдарлама мыналарды қамтиды:
      1) бағдарламаның мақсаты мен міндеттері;
      2) ішкі индикаторларды бағалай отырып, құрылымдық бөлімшелердің қызметін, сондай-ақ, бөлімшелер қызметінің белгіленген денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігін талдау нәтижелері;
      3) әрбір бөлімше қызметінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар;
      4) жоғарыда көрсетілген іс-шараларға жауапты тұлғаларды және орындалу мерзімдерін айқындау;
      5) бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер.
      10. Ішкі сараптама медициналық көмектің сапасын бағалау жолымен ретроспективтік және пациенттердің тікелей медициналық көмек алу сәтінде жүргізіледі.
      11. Ішкі сараптамаға жататын жағдайлар (орта медицина персоналы үшін қызмет бөлімдері) және ішкі сараптамалар өткізудің кезеңділігі осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.
      12. Осы Қағидаларға 2-қосымшада санамаланғандардан басқа медициналық көрсетілетін қызметтердің барлық қалған жағдайлары кездейсоқ іріктеудің статистикалық әдісімен қамтамасыз етілетін ішкі сараптамаға тартыла алатындай бірдей мүмкіндікке ие болады.
      13. Ішкі сараптама жүргізу барысында:
      1) медициналық қызметтерді көрсету технологияларының денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігі бағаланады;
      2) кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарды пайдаланудың қамтамасыз етілуі және тиімділігі бағаланады;
      3) медициналық қызметтер сапасына негізделген шағымдардың саны бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің деңгейі мен сапасына азаматтардың қанағаттанушылық дәрежесі пациенттерге және (немесе) олардың туыстарына сауалнама жүргізу жолымен айқындалады;
      4) пациенттердің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығының сақталуы және пациенттердің жүргізіліп отырған инвазивтік араласу туралы хабардар болуы бағаланады;
      5) анықталған кемшіліктерді жою және алдын алу бойынша ұсынымдар әзірленеді.
      14. Ішкі сараптаманың нәтижелері кейіннен басқару шешімдерін қабылдаумен ауруханаішілік комиссиялардың отырыстарына, дәрігерлік конференцияларға, үйлестіру кеңестеріне шығарылады және талқыланады.

3. Сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу

      15. Комитет сыртқы сараптаманы денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүргізеді.
      16. Сыртқы сараптаманы жүргізу кезінде ішкі сараптама қағидаттарын, Қызмет қабылдаған шаралардың барабарлығы мен тиімділігін сақтау үшін ішкі сараптама нәтижелері талданады. Оның ішінде міндетті сараптамаға жататын жағдайлардың, сондай-ақ пациенттердің өтініштерін қарау жағдайларының ішкі сараптама нәтижелері талданады.
      Ішкі сараптама нәтижелерінің негізінде Қызмет жұмысының сапасы мен объективтілігі туралы қорытынды шығарылады.
      17. Медициналық көрсетілетін қызметтердің түріне байланысты сыртқы сараптамаға жататын жағдайлар (қызметтің бөлімдері – орта медицина персоналы үшін) осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген.
      18. Осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген сыртқы индикаторлар динамикада олардың шекті мәндерін бағалау арқылы талданады.
      19. Сыртқы сараптама нәтежелері бойынша екі данада қорытынды жасалады, қорытындының бір данасы денсаулық сақтау субъектісінің басшысына немесе басшы болмаған жағдайда оны алмастыратын адамға ұсынылады.
      Сыртқы сараптама нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар жазбаша түрде жазылады және сыртқы сараптама нәтежелері туралы қорытындыға қоса беріледі.
      20. Денсаулық сақтау субъектілері өлім жағдайы болған сәттен бастап үш күннен аспайтын мерзімде медициналық құжаттаманы береді қажет.

4. Ішкі және сыртқы сараптама кезеңдері

      21. Сараптама кезеңдері:
      1) белгілі бір жұмыс кезеңіндегі денсаулық сақтау субъектісі қызметінің көрсеткіштерін өткен жұмыс кезеңінің көрсеткішімен, сондай-ақ халық денсаулығы жағдайының республикалық және облыстық көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау мақсатында денсаулық сақтау субъектісінің есепке алу және есептілік құжаттарын талдау;
      2) жүргізілген емдеу-диагностикалық іс-шаралардың егжей-тегжейлі ретроспективалық және (немесе) ағымдағы талдауын зерделеу арқылы олардың денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігі мәніне клиникалық аудит жүргізу;
      3) азаматтардың медициналық көрсетілетін көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылығы деңгейін айқындау пациенттерге және/немесе олардың туыстарына сауалнама жүргізу арқылы және денсаулық сақтау субъекісінің қызметіне азаматтардың негізделген өтініштерінің саны бойынша жүргізіледі;
      4) сараптама нәтижелерін талдау және қорыту;
      5) сыртқы сараптама нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға және алдын алуға бағытталған шараларды қабылдау.
      22. Сараптама:
      1) сараптама жүргізу сәтінде медициналық қызметтерді алатын пациенттердің медициналық құжаттамалары зерделенетін, қажет болған жағдайда пациентті тексеріп-қараумен ағымдағы талдау;
      2) медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына сараптама жүргізу сәтінде медициналық қызметтерді алған пациенттердің медициналық құжаттамалары зерделенетін ретроспективалық талдау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
      23. Медициналық құжаттарға талдау жүргізу кезінде мыналар бағаланады:
      1) анамнез жинау сапасы;
      2) диагностикалық зерттеулер жүргізудің толықтығы мен негізділігі;
      3) емдеуге жатқызу кезеңінде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін есепке ала отырып, бастапқы 3 күн ішінде қойылған клиникалық диагноздың дұрыстығы, уақтылығы мен негізділігі;
      4) емдеуде болу, бұл нысанда медициналық қызметтерді (амбулаториялық-емханалық, стационарлық, стационарды алмастыратын) алу негізділігі;
      5) мамандар консультацияларының уақтылығы мен сапасы;
      6) емдік, оның ішінде диспансерлік, профилактикалық және оңалту іс-шараларының көлемі, сапасы мен өткізу негізділігі;
      7) медициналық араласулардан кейінгі асқынулардың дамуы;
      8) қол жеткізілген нәтиже;
      9) медициналық құжаттарды жүргізу сапасы.
      Амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде қосымша диспансерлік, профилактикалық және оңалту іс-шаралары бағаланады.
      24. Анамнезді жинау сапасы төрт өлшем бойынша бағаланады:
      1) анамнез жинауының болмауы;
      2) негізгі құрамдастар бойынша (аллергологиялық бөлім, гемотрансфузиялық бөлім, бастан өткерген аурулар, дәрі-дәрмек бөлімі, ауыр тұқым қуалаушылық) ішінара немесе толық кемшіліктері бар жүйелі жинаудың болмауы;
      3) толық жинаған кезде осы жағдайды түсіндіруде маңызды мәнге ие болатын айтарлықтай бөліктерге бөлудің болмауы;
      4) асқынулардың туындауына әкелген тактикалық қателер себептері болып табылған анамнезді сапасыз жинау.
      25. Диагностикалық зерттеулердің сәйкестігін бағалау кезінде мынадай бес өлшем ескеріледі:
      1) диагностикалық іс-шаралар мен тексерулер жүргізілген жоқ;
      2) диагностикалық іс-шаралардың түсіндірмесі дұрыс емес немесе жоқ, бұл диагнозды дұрыс қоймауға және емдеу тәсілін іріктемеуге әкеледі;
      3) аурулардың диагностикасы мен емдеу хаттамаларында көзделген диагностикалық зерттеулер жүргізілген жоқ;
      4) пациенттің денсаулық жағдайы үшін диагностикалық рәсімдер жиынтығы мен жоғары, дәлелденбеген қатермен қосымша диагностикасы бар;
      5) емдеу мерзімдерін негізсіз ұзартуға, емдеу құнының қымбаттауына әкелген және дұрыс диагноз қою үшін ақпарат бермеген диагностикалық емшаралар мен қосымша зерттеулердің барынша көп жиынтығы бар.
      Жабдықтардың болмауы, дәрігер біліктілігінің жеткіліксіздігі, науқастың аса ауыр жағдайы мен шұғыл көрсетілімдеріне байланысты реанимациялық іс-шараларға немесе жедел көмекке диагностикалық зерттеулер жүргізудің қиындығы сияқты аурулардың диагностикасы мен емдеу хаттамаларының талаптарына сәйкес қажетті диагностикалық емшаралар мен іс-шараларды жүргізбеудің объективті себептері медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын сараптау нәтижесінде көрсетіледі. Медициналық қызметтерді көрсетудің одан арғы кезеңдерін зерттеп-қарау жөніндегі стандартты орындамаудың медициналық көмекті жүзеге асырудың кезеңдеріне әсерін бағалау жүргізіледі.
      26. Клиникалық диагноз қоюдың дұрыстығы мен нақтылығын бағалау төрт өлшем бойынша жүргізіледі:
      1) диагноз дұрыс қойылмаған немесе жоқ, оның ішінде диагноз толық емес, аурулардың халықаралық жіктемесіне немесе жалпыға бірдей жіктемелерге сәйкес келмейді;
      2) ауру ағымының ауырлығын анықтайтын жетекші патологиялық синдром анықталмаған, қосалқы аурулар, сондай-ақ асқынулар анықталмаған;
      3) диагноз дұрыс, бірақ толық емес, асқынулар анықталғанмен жетекші патологиялық синдром анықталмаған, бірақ нәтиже үшін маңызды қосалқы аурулар анықталмаған;
      4) негізгі аурудың диагнозы дұрыс, алайда емдеу нәтижесі үшін маңызды қосалқы аурулар.
      Дұрыс емес және (немесе) уақтылы емес диагностиканың негізгі аурудың атипиялық ағымы, біліне қоймайтын ауыр қосалқы аурудың, сирек кездесетін асқынулар мен қосалқы аурулардың болуы сияқты объективті себептері медициналық қызметтер көрсету сапасы сараптамасының нәтижелерінде көрсетіледі. Диагнозды дұрыс және (немесе) уақтылы қоймаудың медициналық көмекті жүзеге асырудың одан арғы кезеңдеріне әсерін бағалау жүргізіледі.
      27. Мамандар консультациясының уақтылығы және сапасын бағалау мынадай төрт критерийлер бойынша жүзеге асырылады:
      1) консультация өткізілген жоқ, бұл симптомдар мен синдромдарды қате түсіндіруге әкелді, бұл аурудың нәтижесіне теріс әсер етті;
      2) консультация уақтылы өткізілді, бірақ консультанттың пікірі дұрыс диагноз қою кезінде ескерілген жоқ, бұл аурудың нәтижесіне ішінара әсер етті;
      3) консультация уақтылы өткізілді, консультанттың пікірі дұрыс диагноз қою кезінде ескерілді, бірақ емдеу жөніндегі консультанттың ұсынымдары орындалған жоқ, аурудың нәтижесіне ішінара әсер етті;
      4) консультанттың пікірі қате, бұл аурудың нәтижесіне әсер етті.
      Консультация кешігіп жүргізілген жағдайда, консультацияны уақтылы бермеу себептері және диагнозды уақтылы қоймауға ықпал ету медициналық көмекті жүзеге асырудың кейінгі кезеңдеріне объективті бағалау жүргізіледі.
      28. Тағайындалған емдік іс-шараларды бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
      1) көрсетілімдері болған жағдайда емнің болмауы;
      2) ем көрсетілімдерісіз тағайындалған;
      3) емдеу кезінде осы пациенттің ауруы ағымының ерекшелігі, қосалқы аурулары, асқынулары есепке алынбай, тиімділігі аз емдеу іс-шаралары тағайындалған;
      4) емдеу іс-шаралары толық орындалған жоқ, органдар мен жүйелердің функциялық жетіспеушілігі, дәрілік заттардың әсер ету тетіктерінің ерекшеліктері есепке алынбаған;
      5) пациенттің бастамасы бойынша емдеуді тоқтатудың құжат бойынша ресімделген жағдайларынан басқа, клиникалық әсерін толық бағаламау және (немесе) ауру ағымының ауырлауы кезінде емдеуді уақытынан бұрын тоқтату;
      6) ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларынан едәуір ауытқу, дәрі-дәрмектердің ауыр жанама әсерінсіз полипрагмазияның болуы және жаңа патологиялық синдромның дамуы;
      7) аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамаларының талаптарынан толық ауытқу, жаңа патологиялық синдромның дамуына және пациенттің жағдайын нашарлатуға әкелген полипрагмазияның болуы.
      Емдеу іс-шараларын бағалау кезінде медициналық көмектің сапасы сараптамасының нәтижелерінде қиындық туғызатын немесе емдеу іс-шараларын жүргізу мүмкін емес және аурудың нәтижесіне әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін мән-жайлардың болуы ескеріледі және көрсетіледі.
      29. Стационар деңгейінде сараптама жүргізу кезінде емдеуге жатқызудан бас тартудың негізділігін бағалау, стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде медициналық көрсетілетін көмектің сапасын бағалау, жедел көмек станцияларымен (бөлімшелерімен) сабақтастықтың болуын, халықтың стационарлық көмекке қолжетімділігіне бағалау жүргізіледі. Амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде пациенттер үшін медициналық көмектің қолжетімділігіне, тіркеу орнының жұмысын ұйымдастыруға бағалау жүргізіледі.
      30. Медициналық қызметтердің сапасын бағалауға туындаған асқынулар және операцияны орындаудың нашар техникалық сапасымен түсіндірілетін асқынулар, хирургиялық манипуляцияларды орындаудың салдары болып табылатын операциядан кейінгі асқынулар және басқа да зерттеу әдістерін қолдану жатады.
      31. Медициналық құжаттаманы жүргізудің сапасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген, сәйкес жазбалардың болуы, толықтығы және сапасы бойынша анықталады.
      Сараптама жүргізу барысында пациенттің инвазивтік араласулар жүргізуден хабардар болу келісімін, ұсынылған емнен бас тартуын, сондай-ақ Кодекстің 56-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, патологоанатомиялық зерттеу жүргізбеу негізділігін ресімдеу бағаланады.
      32. Диспансерлік іс-шаралар олардың науқас жағдайына әсерін, аурудың асқынуларының туындау жиілігін, дәрігерлік тексерулердің уақтылығын, тұрақтылығын, олардың ауырлығы мен ұзақтығын, жүргізілген зертханалық және аспаптық тексерулерді, профилактикалық ем тағайындау тұрғысынан мынадай критерийлер бойынша бағаланады:
      1) диспансерлік бақылаудың еселігі;
      2) тексерудің сапасы және тексеру түрлерінің аурулардың диагностикасы мен емдеудің бекітілген хаттамаларына сәйкестігі, хаттамаларға енгізілмеген зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргізудің негізділігі;
      3) емдеу сапасы мен тағайындалған емнің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулардың диагностикасы мен емдеу хаттамаларына сәйкестігі;
      4) емдеуге жатқызу кезінде стационарлық емге көрсетілімдердің болуы;
      5) стационардан шығарғаннан кейінгі байқау;
      6) емді жалғастыру, оның ішінде егер науқас стационарлық емдеуге жіберілген болса, алайда стационарға келіп түспеген жағдайда емді жалғастырудың бар болуы;
      7) сауығуына байланысты есептен алу дұрыстығының статистикалық деректері.
      33. Профилактикалық (скринингтер, вакцинация, бір жасқа толмаған балаларды диспансерлеу, жүкті әйелдерді бақылау, отбасын жоспарлау жөніндегі іс-шаралар) және оңалту іс-шаралары оларды жүргізу көрсетілімдерінің болуын, жүргізудің уақтылығын, ауруларды бастапқы анықтау деңгейін, медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған шараларды, сауықтыру іс-шаралары кешенін орындауды, сауықтыру нәтижелерін есепке ала отырып, бағаланады.
      34. Бес жасқа дейінгі балалардың профилактикалық іс-шараларын бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
      1) балаларды бақылау мерзімдерін сақтау және мамандар қарап-тексеруінің толықтығы;
      2) күтім жасау және емшек сүтімен қоректендіру бойынша ұсынымдардың уақтылылығы;
      3) балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра қадағалап қарау және балалардың ерте жастағы даму қағидаттарына сәйкес күтім жасау және емшек сүтімен қоректендіру бойынша ұсынымдардың барабарлығы;
      4) профилактикалық екпелер күнтізбесін сақтау;
      5) екпелер жасағаннан кейін бала денсаулығының жағдайының бақылауда болуы;
      6) медициналық қарсылықтардың негізділігі.
      35. Жүкті әйелдердің профилактикалық іс-шараларын бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
      1) жүктілігі бойынша есепке алу мерзімдері мен динамикасын бақылау;
      2) пренаталдық скринингтің болуын қоса алғанда, қарап-тексерудің толықтығы мен тиімділігі;
      3) жүктілік асқынуларын және экстрагениталдық патологияны диагностикалаудың уақтылығы, оның ішінде экстрагениталдық патологияны анықтау мақсатында бейінді мамандардың консультациясының болуы;
      4) жүкті әйелдің қатер тобының жоспарланған емдеуге жатқызу деңгейіне сәйкестігі.
      36. Қол жеткізілген нәтижені бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:
      1) медициналық көмек көрсету технологиясын сақтау кезінде күтілетін клиникалық әсерге қол жеткізу;
      2) диагностикалық іс-шараларды сапасыз (анамнезді толық жинамау, тексеру нәтижелерінің болмауы немесе дұрыс түсіндірілмеуі, диагнозды дұрыс немесе нақты қоймау) өткізу салдарынан емдеу және профилактикалық іс-шаралардың клиникалық әсерінің болмауы;
      3) бұл пациенттің ауруы ағымының ерекшеліктерін, қосалқы ауруларын, асқынуларды, дәрілік заттардың әсері тетіктерінің ерекшеліктерін есепке алмай тиімділігі аз емдік, профилактикалық іс-шараларды өткізудің салдарынан күтілетін клиникалық әсерге қол жеткізілген жоқ;
      4) қалаусыз салдардың дамуына негіз болған полипрагмазияның болуы.
      37. Сараптама жүргізілгеннен кейін медициналық көрсетілетін қызметтерден бас тартылған кезде мынадай қорытынды жіктеледі және шығарылады:
      медициналық көрсетілетін көмектің денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы;
      пациентке мемлекет кепілдік берген көлемде тегін медициналық көмек көрсету туралы.

Медициналық қызметтер көрсету сапасына
ішкі және сыртқы сараптамаларды    
ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына 
1-қосымша                

Ішкі индикаторлар

р/с

Индикаторлардың атауы

Ақпараттың кезеңділігі

Ақпарат көзі

Шекті мәні

1

2

3

4

5

Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін бағалау индикаторлары

1

Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі өлім жағдайларының үлес салмағы

Ай сайын

«Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - Бұйрық) 003/е нысаны), нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген, есептік деректер, стационардағы науқастың медициналық картасы

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

2

Стационардағы тәуліктік өлім көрсеткіштері

Тоқсан сайын

Стационардағы науқастың медициналық картасы (003/е нысаны), стационардан шыққан науқастардың статистикалық картасы (Бұйрыққа сәйкес 066/е нысаны)

Индикаторлардың мәні 4 %-дан аспайды

3

Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі операциядан кейінгі өлім көрсеткіші

Ай сайын

Есептік деректер, стационардағы науқастың медициналық картасы (Бұйрыққа сәйкес 003/е нысаны)

Жоспарлы емдеуге жатқызу жағдайында индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

1)

Операция кезіндегі асқынулардың үлес салмағы

Тоқсан сайын

Есептік деректер, стационардағы науқастың медициналық картасы (Бұйрыққа сәйкес 003/е нысаны), стационардағы шұғыл операцияларды жазу журналы (Бұйрыққа сәйкес 008/е нысаны)

Индикаторлардың мәні 5 %-дан аспайды

2)

Операциядан кейінгі асқынулардың үлес салмағы

Тоқсан сайын

Есепті деректер, стационардағы шұғыл операцияларды жазу журналы (Бұйрыққа сәйкес 008/е нысаны)

Индикаторлардың мәні 3 %-дан аспайды

4

Есепті кезеңдегі ана өлімі жағдайларының саны, соның ішінде: акушерлік қан кету; гестоздар; аборттар; экстрагениталды патология

Күн сайын

Медициналық ұйымдарда жүкті әйелдер, босанатын әйелдердің мониторинг деректері, ана өлімін есепке алу картасы (Бұйрыққа сәйкес 2009-1/е нысаны)

Басқару ұйымына берілетін себептер бойынша индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

1)

Туу жарақаттары жағдайларының үлес салмағы

Тоқсан сайын

Туу тарихы (Бұйрыққа сәйкес 096/е нысаны), стационардағы шұғыл операцияларды жазу журналы (Бұйрыққа сәйкес 008/е нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

2)

Кесарь тілігінің жалпы санынан шұғыл кесарь тілігінің үлес салмағы

Тоқсан сайын

Туу тарихы (Бұйрыққа сәйкес 096/е нысаны), стационардағы шұғыл операцияларды жазу журналы (Бұйрыққа сәйкес 008/е нысаны)

Индикаторлардың мәні 20%-дан аспайды

3)

Емдеуге жатқызудан бас тартылғаннан кейін тәулік ішінде стационарға түскен жүкті әйелдердің үлес салмағы

Тоқсан сайын

Науқастарды қабылдау және емдеуге жатудан бас тартуларды есепке алу журналы (Бұйрыққа сәйкес 001/е нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

4)

Стационарға түскен кездегі экстрагенитальды патологиялардың анықталуының толықтығы

Тоқсан сайын

Туу тарихы (Бұйрыққа сәйкес 096/е нысаны), стационардағы науқастың медициналық картасы (Бұйрыққа сәйкес 003/е нысаны), стационардан шыққандардың статистикалық картасы (Бұйрыққа сәйкес 066/е нысаны)

Индикаторлардың мәні 100%-дан аспайды

5

Есепті кезең ішінде 0-ден 5 жасқа дейінгі балалардың өлім жағдайларының саны, соның ішінде:
тыныс алу органдарының аурулары;
ішек инфекциялары;
дамуындағы туа біткен кемтарлық;
перинатальды кезеңдегі себептер

Ай сайын

Ана өлімін есепке алу картасы (Бұйрыққа сәйкес 2009/е нысаны)

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдағымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

1)

Нәрестелердің жарақаттану жағдайларының үлес салмағы

Тоқсан сайын

Туу тарихы (Бұйрыққа сәйкес 096/е нысаны), Нәрестенің дамуының тарихы (Бұйрыққа сәйкес 097/е нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

2)

100 тірі және өлі туғандарда ұрықтың интранатальды өлімінің көрсеткіші

Тоқсан сайын

Туу тарихы (Бұйрыққа сәйкес 096/е нысаны)

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдыңғымен салыстырғанда 10%-ға кемуі

3)

Термолық бақылауда жылудың берілуін сақтау көрсеткіші (температуралық режим мониторингі)

Тоқсан сайын

Нәрестенің дамуының тарихы (Бұйрыққа сәйкес 097/е нысаны)
Туу тарихы (Бұйрыққа сәйкес 096/е нысаны)

Индикаторлардың мәні 0,5%-дан аспайды

4)

1000 тірі туылғандардағы ерте неонатальді өлім (7 тәулікке дейін) көрсеткіші

Тоқсан сайын

Нәрестенің дамуының тарихы (Бұйрыққа сәйкес 097/е нысаны)

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдыңғымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

6

Ауруханаішілік инфекциялар көрсеткіші

Ай сайын

Инфекциялық ауруларды тіркеу журналы (Бұйрыққа сәйкес 060/е нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

1)

Шұғыл операциядан кейінгі іріңді-септикалық үдерістердің үлес салмағы

Ай сайын

Стационардағы науқастың медициналық картасы (Бұйрыққа сәйкес 003/е нысаны)

Индикаторлардың мәні 1%-дан аспайды

2)

Нәрестелердегі іріңді-септикалық үдерістердің үлес салмағы

Ай сайын

Нәрестенің дамуының тарихы (Бұйрыққа сәйкес 097/е нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

7

Қайта түсу көрсеткіші (сол бір ауруға байланысты бір ай ішінде)

Ай сайын

Есеп беру деректері, стационардағы науқастың медициналық картасы (Бұйрыққа сәйкес 003/е нысаны), стационардан шыққандардың статистикалық картасы (Бұйрыққа сәйкес 066/е нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

8

Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың ауытқу жағдайлары

Ай сайын

Патологоанатомиялық зерттеулер хаттамасы (Бұйрыққа сәйкес 013/е нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

9

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізделген шағымдардың жалпы саны

Ай сайын

Өтініштерді тіркеу журналы

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар үшін бағалау индикаторы

10

Жалпы өлім көрсеткіші, соның ішінде есеп беру кезінде тіркелген халық арасында еңбекке жарамды жастағылар

Тоқсан сайын

Мекенжайы көрсетілген аудандық статистикалық басқарманың деректері

Есепті кезеңідегі көрсеткіштер мәнінің алдыңғымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

1)

Еңбекке жарамды жастағы адамдардың мүгедектікке алғаш шығу көрсеткіші

Жылына 1 рет

Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының деректері

Есепті кезеңідегі көрсеткіштер мәнінің алдыңғымен салыстырғанда 1%-ға кемуі

11

МСАК* деңгейінде ана өлімінің алдын алуға болатын жағдайлардың үлес салмағы

Күн сайын

Ана өлімін тіркеу картасы (Бұйрыққа сәйкес 2009-1/е нысаны) (МСАК* деңгейінде ана өлімін болдырмау жағдайлары) (МФҚБК* сараптама нәтижесі бойынша)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

1)

Тіркелген халықтан ФЖӘ-дер* арасында экстрагенитальді патологиядан сауыққан әйелдердің үлес салмағы

Тоқсан сайын

Амбулаториялық науқастың медициналық картасы (Бұйрыққа сәйкес 025/е нысаны), амбулаториялық пациенттің статистикалық картасы (Бұйрыққа сәйкес 025-05/е нысаны)
Диспансерлік қадағалаудың бақылау картасы (Бұйрыққа сәйкес 030/е нысаны)

Өткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 5%-ға өсуі

2)

Жүктілікке абсолютті қарсы көрсетілімдері бар әйелдерді контрацепциямен қамту

Тоқсан сайын

Амбулаториялық науқастың медициналық картасы (Бұйрыққа сәйкес 025/е нысаны)

Индикаторлардың мәні 100%-ға жетуі тиіс

3)

Жүктілікке абсолютті қарсы көрсетілімдері экстрагенитальді патологиясы бар ФЖӘ-дің* жүктілік жағдайлары

Тоқсан сайын

Стационардан шыққандардың статистикалық картасы (Бұйрыққа сәйкес 066/е нысаны), «Жүктілерді тіркеу» бағдарламалық қамтамасыз ету

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

4)

Босануға қатысты аборттар деңгейі

Тоқсан сайын

Стационардан шыққандардың статистикалық картасы (Бұйрыққа сәйкес 066/е нысаны), (АХЖ – 10*: босану)

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдыңғымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

5)

Өңірлендіру қағидаттарын бұза отырып емдеуге жатқызылған жүкті әйелдердің үлес салмағы

Тоқсан сайын

Стационардан шыққандардың статистикалық картасы (Бұйрыққа сәйкес 066/е нысаны), (АХЖ-10*: босануға рұқсат етілгендігін көрсете отырып)
«Жүктілерді тіркеу» бағдарламалық қамтамасыз ету

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдыңғымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

12

МСАК* (ЖІА, ЖРА) деңгейінде алдын алуға болатын 5 жасқа дейінгі балалар өлімі

Күн сайын

Тірі, өлі туылған және 5 жасқа дейінгі жастағы өлген балаларды тіркеу картасы (Бұйрыққа сәйкес 2009/у нысаны)

Есепті кезеңідегі көрсеткіштер мәнінің алдыңғымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

1)

БШАЫЕ, БЕЖД бағдарламасы бойынша МСАК-тың* оқытылған медициналық қызметкерлерінің (дәрігерлер, орта медициналық қызметкерлері) үлес салмағы

Жылына 1 рет

Кадр бөлімінің есебі

Индикаторлардың мәні 70%-дан кем емес

2)

7 күннен 5 жасқа дейінгі жаста үйінде қайтыс болған балалардың көрсеткіші

Тоқсан сайын

«Млад» ААЖ*, аудандық статистикалық басқарманың деректері

Есепті кезеңідегі көрсеткіштер мәнінің алдыңғымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

3)

Перзентханадан шығарылғаннан кейінгі алғашқы 3 күнде нәрестені дәрігерлердің тексеру көрсеткіші

Тоқсан сайын

Баланың даму тарихы (Бұйрыққа сәйкес 112/е нысаны), «Стационар» ААЖ*

Индикаторлардың мәні 100%-ға жетуі тиіс

4)

Есеп беру кезінде ЖІА, ЖРА ауыратын 5 жасқа дейінгі балаларды шұғыл емдеуге жатқызудың үлес салмағы

Тоқсан сайын

«Мединформ» деректері

Есепті кезеңідегі көрсеткіштер мәнінің алдыңғымен салыстырғанда 1%-ға кемуі

5)

БШАЫЕ қағидаттарына сәйкес қауіп белгілеріне оқытылған, 5 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары санының үлес салмағы

Тоқсан сайын

Дені сау бала кабинетінің журналы

Индикаторлардың мәні 100%-ға жетуі тиіс

6)

Нәрестенің іштегі ұрықта диагностикаланбаған ТБК жағдайы

Тоқсан сайын

Баланың даму тарихы (Бұйрыққа сәйкес 112/е нысаны), жүкті, босанатын, босанған әйелдердің жеке картасы (Бұйрыққа сәйкес 111/е нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

7)

Ата-анасы бас тартқан тастанды балалар мен АИТВ-жұқтырған аналардан, цитостатик қабылдайтын аналардан туған балаларды қоспағанда, тек емшек сүтімен қоректенетін 6 айлық баланың үлес салмағы

Тоқсан сайын

Баланың даму тарихы (Бұйрыққа сәйкес 112/е нысаны)

Индикаторлардың мәні 100%-ға жетуі тиіс

8)

Ата-анасы бас тартқан тастанды балалар мен АИТВ-жұқтырған аналардан, цитостатик қабылдайтын аналардан туған балаларды қоспағанда, 2 жасқа дейін емшек еметін балалардың үлес салмағы

Тоқсан сайын

Баланың даму тарихы (Бұйрыққа сәйкес 112/у нысаны)

Өткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 5%-ға өсуі

13

Өкпе туберкулезімен алғаш анықталған науқастар арасында асқыну жағдайларының үлес салмағы

Тоқсан сайын

«Туберкулезбен ауыратын науқастарды тіркеу» бағдарламалық кешені

Осы кезеңдегі көрсеткіштер мәнінің алдыңғымен салыстырғанда 5%-ға кемуі

1)

Міндетті контингент арасында халықты профилактикалық флюорографиямен қамту

Жылына 1 рет

Флюорографиялық тексерулер жүргізу жоспары, флюорографиялық тексерулерді тіркеу журналы, есеп беру нысандары

Индикаторлардың мәні 100%-ға жетуі тиіс

2)

Флюорография әдісімен тексерілген адамдар арасында туберкулезге шалдыққан науқастардың анықталу көрсеткіші

Тоқсан сайын

Флюорографиялық тексерулерді тіркеу журналы, профилактикалық флюорографиялық тексерулер картасы (Бұйрыққа сәйкес 052/е нысаны)

Индикаторлардың мәні кемінде 60%-ды құрайды

3)

Микроскопия әдісімен тексерілген адамдар арасында туберкулезге күдікті науқастардың анықталу көрсеткіші

Тоқсан сайын

Микроскопиялық тексерулерді тіркеу журналы, есеп беру нысандары, зертханалық тіркеу журналы (Бұйрыққа сәйкес ТБ 04/е нысаны), туберкулез микробактериясына қақырықты микроскопиялық зерттеуге жіберу (Бұйрыққа сәйкес ТБ 05/е нысаны)

Индикаторлардың мәні кемінде 70%-ды құрайды

4)

МСАК* деңгейінде терапияны үзген, туберкулезбен ауыратын науқастар саны

Тоқсан сайын

Амбулаториялық науқастың медициналық картасы (Бұйрыққа сәйкес 025/е нысаны)

Индикаторлардың мәні нөлге жетуі тиіс

5)

Психологиялық-әлеуметтік көмек алатын, туберкулезбен ауыратын науқастардың саны

Тоқсан сайын

Амбулаториялық науқастың медициналық картасы (Бұйрыққа сәйкес 025/е нысаны)

Өткен кезеңмен салыстырғанда науқастар санының 20%-ға өсуі

14

Есеп беру кезінде 3-4 сатыдағы қатерлі ісіктермен ауыратын алғаш анықталған науқастар санының үлес салмағы

Жылына 1 рет

«Онкологиялық тіркелім» дерекқоры

Өткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 5%-ға кемуі

1)

Есеп беру кезінде 1-2 сатыдағы қатерлі ісіктермен ауыратын алғаш анықталған науқастар санының үлес салмағы

Жылына 1 рет

«Онкологиялық тіркелім» дерекқоры

Өткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 1%-ға өсуі

2)

Қатерлі ісіктермен ауыратын науқастардың 5 жылдық өмір шеңдік көрсеткіші

Жылына 1 рет

«Онкологиялық тіркелім» дерекқоры

Индикаторлардың мәні 50%-ды құрайды

15

Өткен кезеңмен салыстырғанда есеп беру кезінің ішінде негізделген шағымдардың жалпы саны

Тоқсан сайын

Өтініштерді тіркеу журналы

Өткен кезеңмен салыстырғанда көрсеткіштің 10%-ға кемуі

15

Жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларының асқынумен емдеуге жатқызылған тіркелген халық саны ішінде науқастардың емдеуге жатқызылу деңгейі:
күре тамыр гипертензиясы;
миокард инфаркті;
инсульт

Тоқсан сайын

Стационардан шыққандардың статистикалық картасы (Бұйрыққа сәйкес 066/е нысаны), (АХЖ-10*: І10-І13, І20-І21.4,І60-І66.9)

Есеп беру кезеңіндегі көрсеткіштер мәнінің алдыңғымен салыстырғанда 10%-ға кемуі

      *Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы
      МСАК - медициналық-санитариялық алғашқы көмек
      ФЖӘ - фертильді жастағы әйелдер
      ЖІИ - жіті ішек инфекциясы
      ЖРИ – жіті респираторлық инфекция
      БШАЫЕ – балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра қадағалап қарау
      БЕЖД – балалардың ерте жастағы дамуы
      ДТБК – дамудың туа біткен кемістігі
      МФҚБК –Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
      АХЖ-10 – аурулардың халықаралық жіктемесі Х қайта қарау
      ААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйе

Медициналық қызметтер көрсету сапасына 
ішкі және сыртқы сараптамаларды     
ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына  
2-қосымша               

Ішкі сараптамаға жасатын жағдайлар (орта медицина персоналы
үшін қызмет бөлімдері) және ішкі сараптамалар өткізудің
кезеңділігі

Ішкі сараптама жасалатын жағдайлар (орта медицина персоналы үшін қызмет бөлімдері) және ішкі сараптамалар өткізудің кезенділігі

Сараптама өткізуге жауаптылар

Ішкі сараптама нәтижелері

1

2

3

1. Стационарлық көмек көрсететін ұйымдағы барлық жағдайлар:
1) өлім;
2) ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу фактілері;
3) асқынулар, оның ішінде операциядан кейінгі асқынулар;
4) алдыңғы сапасыз емдеу салдарынан бір ай ішінде сол бір ауру бойынша қайта емдеуге жатқызу;
5) емделу мерзімін ұзарту немесе қысқарту;
6) диагноздардың сәйкес келмеуі;
7) негізсіз емделуге жатқызу - бір тоқсанда кемінде 5% емделу жағдайлары.
2. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдағы барлық жағдайлар:
1) ана өлімі;
2) 0-ден бастап 5 жасты қоса алғанда балалардың үйдегі өлімі;
3) еңбекке жарамды жастағы адамдардың аурудан үйде қайтыс болуы;
4) онкологиялық аурулар және туберкулездің асқынған түрлері;
5) еңбекке жарамды жастағы тұлғалардың мүгедектікке алғаш шығуы;
6) жүктіліктің асқынулары;
7) стационардан шығарылғаннан кейінгі азаматтарды бақылауға алу - тоқсан ішіндегі кемінде 30 емі аяқталған жағдай.
3. Жедел медициналық жәрдем ұйымындағы барлық жағдайлар:
1) бір тәулік ішінде сол бір ауру бойынша қайталап шақыртулар;
2) шақырту кезіндегі өлім: бригада келгенге дейінгі өлім, бригада келген кездегі өлім;
3) жедел жәрдем бригадасы мен науқастарды емдеуге жатқызған стационар диагноздарының сәйкес келмеуі – тоқсан ішінде кемінде 50 қызмет көрсетілген шақыртулар.
4. Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымда ақылы және ақысыз негізде қан тапсырған донорлардың медициналық карталары - тоқсандағы бойынша донорлардың кемінде 20% медициналық карталары;
мыналарды қоса алғанда, қанды және оның компоненттерін дайындау мен сақтау кезеңдері мен технологиялары:
1) функционалдық блоктардың болуы және оларды ұстау;
2) «Салқындату тізбегінің» шарттары;
3) техникалық қызмет көрсетудің тұрақтылығы, медициналық-жабдықтарды калибрлеу;
4) кіріс бақылауының нәтижелері;
5) карантинді сақтау;
6) қиын кезеңдерді анықтау емшараларының болуы;
7) қан өнімдерінің инфекциялық және иммундық-биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
8) қанды консервілеудегі ақаудың болуы.
5. Орта медицина қызметкерлері жұмысының сапасын сараптау мыналарды қамтиды:
1) аға мейіргерлер жұмысының сапасын бағалау;
2) орта медицина қызметкерлерінің жұмысын ішінара бағалау.
3) орта және кіші медицина қызметкерлерін кадрлық жоспарлау, оларды тиімді орналастыру және пайдалану жұмысты ұйымдастыру;
4) орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату, қайта даярлау, біліктілігін бағалау жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары;
5) бөлімшедегі эпидемияға қарсы іс-шараларға бақылауды жүзеге асыру;
6) емдеу үдерісін ұйымдастыру - тоқсан сайын кемінде 5 сараптама.

Ішкі бақылау қызметі (аудит)

1. Анықталған ақаулардың жалпы саны, олардың құрылымы, мүмкін болатын себептер мен оларды жою жолдары;
2. Денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырған анықталған ақаулар саны;
3. Медициналық көмек көрсетуге арналған шығындардың көбеюіне әкелген анықталған ауытқулар саны

      Ескертпе:
      *Аяқталған жағдай – пациентке бастапқы жүгіну сәтінен бастап ем аяқталғанға дейін амбулаториялық-емханалық деңгейде медициналық көрсетілетін қызметтердің кешені.
      *Емделіп шыққан жағдай – пациентке стационарлық (стационарды алмастыратын) жағдайда түскен сәттен бастап шығарылғанға дейін медициналық көрсетілетін қызметтердің кешені.

Медициналық қызметтер көрсету сапасына 
ішкі және сыртқы сараптамаларды     
ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына  
3-қосымша               

Сыртқы сараптамаға жататын жағдайлар (орта медицина персоналы
үшін қызметтің бөлімдері)

Сыртқы сараптамаға жататын жағдайлар (қызмет бөлімдері)

Сыртқы сараптамаларды жүзеге асыратын адамдар

Сараптама нәтижелері бойынша қорытындылар

1

2

3

1. Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар:
1) тіркелген өлім жағдайларының жалпы санының 100% жағдайлары;
2) тіркелген жағдайлардың жалпы санынан кемінде 50 %-ы*:
ауруханаішілік инфекциялардың туындауы;
асқынулар, оның ішінде операциядан кейінгі;
алдыңғы емнің сапасыздығы салдарынан бір айдың ішінде сол бір ауру бойынша қайта емдеуге жатқызу;
3) талдау кезеңінде емделіп шыққан науқастар санынан әрбір стационар бөлімшелері бойынша стационарлық науқастың медициналық карталарының кемінде 10%-ы.
2. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда:
1) тіркелген жағдайлардың жалпы санының 100% жағдайлары:
ана өлімі;
0-ден 5 жасқа дейінгілерді қоса алғанда, үйінде қайтыс болғандар;
еңбекке жарамды жастағы адамдардың үйінде қайтыс болуы;
онкологиялық аурулар мен туберкулездің асқынған түрлері;
2) тіркелген жағдайлардың жалпы санының 50% жағдайлары*:
жүктілік кезіндегі асқынулар: ауыр дәрежедегі гестоздар, акушерлік қан кетудегі асқынулармен, гистерэктомиямен босанулар;
еңбекке жарамды жастағы адамдардың алғаш мүгедектікке шығуы;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның анықтауы бойынша медициналық көмек басым болып табылатын аурулар бойынша стационардан шыққаннан кейін азаматтарды бақылау;
3) әр бөлімшеден және (немесе) мамандар бейінінен амбулаториялық науқастардың кемінде 10 медициналық картасы.
3. Қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда: тегін және ақылы негізде қан тапсырған донорлардың кемінде 50 медициналық картасы.
4. Жедел медициналық көмек көрсету ұйымдарында:
1) тіркелген жағдайлардың жалпы санының кемінде 50% жағдайлары:
бір тәулік ішінде бір ауру бойынша қайта шақыртулар;
шақыртулар кезіндегі өлім-жітім: бригада келгенге дейінгі өлім, бригада келген кездегі өлім;
жедел жәрдем бригадасы мен науқастарды емдеуге жатқызған стационардың қойған диагноздарының сәйкес келмеуі;
2) жалпы бейінді мамандандырылған бригадалардың шақыртуларға шығуының кемінде 10 медициналық картасы.

Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің мамандары

- денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға медициналық көрсетілетін көмектің сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы
- пациентке мемлекет кепілдік берген көлемде тегін медициналық көмекті ұсыну туралы

      Ескертпе:
      * Дұрыс емес, сапасыз өткізілген ішкі сараптама, сыртқы сараптама фактілерін белгілеу кезінде көрсетілген жағдайлардың 100 %-н қамтиды.

Медициналық қызметтер көрсету сапасына
ішкі және сыртқы сараптамаларды    
ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына 
4-қосымша                 

Сыртқы индикаторлар

р/с

Индикаторлардың атауы

Өлшем бірлігі

Ақпараттың мерзімдігі

Ақпарат көзі

Шектік мәні

1

2

3

4

5

6


Стационарлық көмек көрсететін ұйымдар үшін бағалау индикаторлары

1

Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде қайтыс болғандардың үлес салмағы

Есепті кезеңде жоспарлы тәртіппен барлық түскендердің ішінде стационарда қайтыс болғандардың саны

Ай сайын

Есептік деректер, стационарлық науқастың медициналық картасы (Бұйрыққа сәйкес № 003/е нысаны)

Индикатордың мәні нөлге жетуі тиіс

2

Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде операциядан кейінгі өлім

Есепті кезеңде жоспарлы тәртіппен барлық операция жасалғандар ішінде операциядан кейін стационарда қайтыс болғандардың саны

Ай сайын

Есептік деректер, стационарлық науқастың медициналық картасы (Бұйрыққа сәйкес № 003/е нысаны)

Индикатордың мәні нөлге жетуі тиіс

3

Есепті кезеңдегі ана өлім жағдайларының саны, оның ішінде:
- акушериялық қан кетулер;
- гестоздар;
- аборттар;
- экстрагенитальдық патологиялар

Абсолюттік сан

Күн сайын

Медициналық ұйымның, перзентханалардың жүкті әйелдер мониторингінің деректері, ана өлім-жітімін есепке алу картасы (Бұйрыққа сәйкес № 2009-1/е нысаны)

Басқаруға жататын себептер бойынша индикатордың мәні нөлге жетуі тиіс

4

Есепті кезеңдегі балалар өлімі жағдайларының саны, оның ішінде:
- тыныс алу ағзалары ауруларынан;
- ішек инфекцияларынан;
- туа біткен даму кемістіктерінен;
- перинатальды кезеңдегі себептерден

Абсолюттік сан

Күн сайын

Туған, өлі туған, 5 жасқа дейінгі қайтыс болған балаларды есепке алу картасы (Бұйрыққа сәйкес № 2009/е нысаны)

Есепті кезең көрсеткіші мәнінен алдағы кезеңмен салыстырғанда 5%-ға кемуі

5

Ауруханаішілік инфекцияның көрсеткіші

Ауруханаішілік инфекциямен тіркелу жағдайларының саны

Ай сайын

Инфекциялық ауруларды есепке алу журналы (Бұйрыққа сәйкес № 060/е нысаны)

Индикатордың мәні нөлге жетуі тиіс

6

Қайта түсу көрсеткіші (бір айдың ішінде бір ауру бойынша)

Есепті мерзімде емдеуге жатқызылғандардың саны, оның ішінде емделуге қайта жатқызылғандардың саны

Ай сайын

Есептік деректер, стационарға науқастың медициналық картасы (Бұйрыққа сәйкес № 003/е нысаны), стационардан шыққан науқастың статистикалық картасы (Бұйрыққа сәйкес 066/е нысаны)

Индикатордың мәні нөлге жетуі тиіс

7

Клиникалық және патологоанатомиялық диагноздардың сәйкес келмеу жағдайлары

Есепті кезеңдегі жағдайлардың саны

Ай сайын

Патологоанатомиялық зерттеудің хаттамасы (Бұйрыққа сәйкес 013/у нысаны)

Индикатордың мәні нөлге жетуі тиіс

8

Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізделген шағымдардың жалпы саны

Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда негізделген шағымдардың саны

Ай сайын

Өтініштерді тіркеу журналы

Индикатордың мәні нөлге жетуі тиіс

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар үшін бағалау индикаторлары

9

Есепті кезең ішінде тіркелген халық арасындағы, оның ішінде еңбекке жарамды жастағылардың өлімінің көрсеткіші

Абсолюттік сан және 1000 адамға шаққандағы есеп көрсеткіші

Тоқсан сайын

Мекенжайы көрсетілген, облыстық статистикалық басқарманың деректері

Басқаруға жататын себептер бойынша есепті кезең көрсеткіштерінің алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 5%-ға кемуі

10

МСАК* деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі жағдайларының үлес салмағы

Фертильді жастағы тіркелген әйелдердің санына есепті кезеңде сараптамамен расталған алдын алуға болатын себептер ішінде халық арасында тіркелген ана өлімі жағдайларының саны

Күн сайын

Ана өлімін тіркеу картасы (Бұйрыққа сәйкес 2009/е-1/е нысаны) (МФҚБК* сараптамасының нәтижесі бойынша МСАК* деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі жағдайлары)

Индикатордың мәні нөлге жетуі тиіс

11

МСАК* (ЖІИ*, ЖРИ*) деңгейінде алдын алуға болатын 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім

Тіркелген халық арасында 0-ден 5 жасқа дейінгі балалар санына МСАК* (ЖІИ*, ЖРИ*) деңгейінде алдын алуға болатын 0-ден 5 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітім саны

Күн сайын

Туған, өлі туған, 5 жасқа дейінгі қайтыс болған балаларды есепке алу картасы (Бұйрыққа сәйкес № 2009/е нысаны)

Есепті кезең көрсеткіші мәнінің алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 5%-ға кеміту

12

Жүктілікке кері әсер ететін әйелдердің экстрагенитальды патологиясы бар ФЖӘ-нің* жүкті болу жағдайлары

Тіркелген халық арасында емдеуге жатқызылған жүкті әйелдердің жалпы санына шаққанда жүктілікке қарсы көрсетілімдері бар әйелдердің экстрагенитальды патологиясымен ФЖӘ-нің* емдеуге жатқызылған жүктілік жағдайларының саны

Тоқсан сайын

Стационардан шыққан науқастың статистикалық картасы (Бұйрыққа сәйкес 066/у нысаны) «Жүкті әйелдер тіркелімі» бағдарламалық қамтамасыз ету

Индикатордың мәні нөлге жетуі тиіс

13

Өкпе туберкулезі ауруымен алғаш рет анықталған науқастардың арасындағы асқынған жағдайлардың үлес салмағы

Тіркелген халық арасында өкпе туберкулезі ауруымен алғаш рет анықталған науқастардың санына шаққанда тіркелген халық арасындағы асқынған жағдайлардың саны

Тоқсан сайын

«Туберкулезбен ауыратын науқастар тіркелімі» бағдарламалық кешені

Есепті кезең көрсеткіші мәнінің алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 5%-ға кемуі

14

Тіркелген халық арасында жаңадан пайда болған 3-4 сатыдағы визуалды оқшауланған қатерлі ісік диагнозымен алғаш рет анықталған жағдайлардың саны

Тіркелген тұрғындардың арасында жаңадан пайда болған визуалды оқшауланған қатерлі ісік диагнозымен алғаш рет анықталған жағдайлардың санына тіркелген халық арасында жаңадан пайда болған 3-4 сатыдағы визуалды оқшауланған қатерлі ісік диагнозымен алғаш рет анықталған жағдайлардың саны

Тоқсан сайын

«Онкологиямен ауыратын науқастардың тіркелімі» бағдарламалық кешені

Есепті кезеңдегі көрсеткіш мәнінің алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 5%-ға кемуі

15

Негізделген шағымдардың алдыңғы кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі жалпы саны

Өтініштердің жалпы санына арналған есеп

Ай сайын

Өтініштерді тіркеу журналы

Индикатордың мәні нөлге жетуі тиіс

16

Тіркелген халық саны ішінде:
жүрек-қан тамыр жүйесі;
артериалдық гипертензия;
миокард инфаркты;
инсульт аурулары асқынып, емдеуге жатқызылған науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі

Тіркелген халық саны ішінде:
жүрек-қан тамыр жүйесі;
артериалдық гипертензия;
миокард инфаркты;
инсульт аурулары асқынған емделіп шыққан аурулар санына 100 адамға шаққанда тіркелген халық санынан:
жүрек-тамыр жүйесі;
артериалдық гипертензия;
миокард инфаркты;
инсульт аурулары асқынған, емделіп шыққан аурулар саны

Тоқсан сайын

Стационардан шыққан науқастың статистикалық картасы (Бұйрыққа сәйкес 066/е нысаны) (АХЖ-10*: 110-113, 120-121, 160-166.9)

Есепті кезеңнің көрсеткіші мәнінің алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 10%-ға кемуі

      *Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      МСАК - медициналық - санитариялық алғашқы көмек
      ФЖӘ - фертильді жастағы әйелдер
      ЖІИ - жіті ішек инфекциясы
      ЖРИ – жіті респираторлық инфекция
      ДТБК – дамудың туа біткен кемістігі
      МФҚБК – Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
      АХЖ-10 – аурулардың халықаралық жіктемесі Х қайта қарау
      ААЖ – автоматтандырылған ақпараттық жүйе