Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10839 тіркелді.

Жаңартылған

      "2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 236 бұйрығымен
бекітілді

Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары

      Осы Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 41-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақыбыры жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне, дербес кластерлік қорға, дербес білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын олардың ұйымдарына, жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын және (немесе) әлеуметтік-мәдени дамуын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға арналған тапсырыс мемлекеттiк тапсырма болып табылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 07.06.2017 № 372 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымдарға, мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақыбыры жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға немесе басқа да мiндеттердi орындауға арналған ұсыныстар мен негiздемелер дайындауды қамтиды.

      4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiммен, бюджеттік бағдарламалардың жобаларымен, стратегиялық жоспарлардың жобаларымен немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен бiрге Кодекстің 41-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік қызметтер көрсетуге немесе мемлекеттік тапсырыс нысанында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға ұсыныс ұсынады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларын алу мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және монополияға қарсы органға мемлекеттік қызметтерді көрсетуге немесе мемлекеттік тапсырма нысанында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға ұсыныс көшірмесін, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның жарғысының көшiрмесiн жолдайды. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және монополияға қарсы орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiнен бастапқы енгізілген құжаттар пакетін қайтармай, мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты өзге құжаттарды және (немесе) ақпаратты ресми түрде сұратады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.11.2015 № 566; өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 25.01.2018 № 60 бұйрықтарымен.

      5. Ұсыныс осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттiк тапсырма нысанында орындауға жоспарланып отырған мемлекеттiк қызметтер мен бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына стратегиялық жоспарлардың жобаларымен немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен, бюджеттік өтінімдермен, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік бағдарламаларының жобаларымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларымен бiрге енгiзiледi.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.11.2015 № 566 бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік тапсырма нысанында іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген барлық рәсімдерінен өтеді.

      8. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде және Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және мемлекеттiк тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғаларды көрсете отырып, мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн жоспарланған мерзімге (бұдан әрi – мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi) қалыптастырады.

      Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi:

      1) мемлекеттiк тапсырма нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның атауын;

      2) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасын;

      3) мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен заңды тұлғаның атауын;

      4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;

      5) мемлекеттiк тапсырманы орындауға қажеттi жоспарланған мерзімге бюджет қаражатының сомасын қамтиды.

      Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы қысқа әрi айқын жазылады және мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның мәнiн көрсетеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.01.2018 № 60 бұйрығымен.

      9. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді кейінге қалдырмай шешу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес қаржы жылы ішінде Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджетте бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар шегінде Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне толықтырулар енгізеді.

      Мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін толықтыру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларын есепке ала отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.11.2015 № 566 бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік тапсырманы орындау тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақыбыры жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық үш жылдық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле (бұдан әрі - шарт) жасау арқылы іске асыру шеңберінде, онда нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.01.2018 № 60 бұйрығымен.

      11. Шартта мемлекеттік тапсырманы орындаудың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, қажет болған кезде сапа мен тиімділік көрсеткіштері, орындау мерзімі, бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы орындау көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілігін қамтиды.

      12. Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.

      13. Кодекстің 41-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйым, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымы, немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитеті, дербес кластерлік қор, немесе дербес білім беру ұйымы және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымы (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлға) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне оның аясында мемлекеттік тапсырма орындалатын шартта белгіленген мерзімде орындалу барысы туралы және орындалатын мемлекеттік тапсырма бойынша тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы есепті ұсынады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 25.01.2018 № 60 бұйрығымен.

      14. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік тапсырма нысанында мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігі немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу туралы ақпаратты көрсете отырып, орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер, мемлекеттік тапсырма нәтижесін іс жүзінде қолдану және оның есепті қаржы жылындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей береді.

      Орындау мерзімі бір қаржы жылынан астам мемлекеттік тапсырмалар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті қаржы жылындағы мемлекеттік тапсырманың орындалуы туралы ақпарат көрсетілген есепті ұсынады.

      Есеп осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1-МТ нысан бойынша берiледi.

      Ескерту. 14-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу
және орындау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған ұсыныс

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы

1

2

3

4

      кестенің жалғасы

Оның шеңберiнде мемлекеттiк тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жоспарланатын жоспарлы кезеңге бюджет қаражатының сомасы

Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi

Мемлекеттік тапсырма оларға қол жеткізуге мақсаттар мен міндеттерді көрсете отырып, мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттiк қызмет көрсету және бюджеттiк инвестициялық жобаны iске асыру қажеттілігінің негіздемесі және қисындылығы мен тиімділігін растау

Тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштері, мемлекеттік тапсырманың орындалу сапасының және тиімділігінің көрсеткіштері

__жыл

__жыл

__ жыл

5

6

7

8

9

10

11

  Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу
және орындау қағидаларына
2-қосымша
  1-МТ нысан

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Орындалған мемлекеттік тапсырмалар бойынша нәтижелер туралы есеп

      Ескерту. 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 22.01.2020 № 51 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________ жылға

      Есепті кезең

      Индекс: 1-МТ нысан

      Мерзімділігі: жылдық

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: бюджеттік бағдарламалар

      әкімшісі_________________________________________________________

      Қайда ұсынылады: бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға және

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға

      Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына

      орналастырылады

      Өлшем бірлігі: мың теңге

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы

1

2

3

4

      кестенің жалғасы

Мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы

Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi

Орындалған мемлекеттік тапсырмалардың нәтижелері туралы ақпарат

5

6

7

8

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы______________________________

      Мекенжайы _________________________________________________________

      Телефон ____________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы________________________________________

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің орындаушысы______________________

      __________________________________________             ____________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы, телефон

      Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы/

      мемлекеттiк мекеме басшысы ______       ________________      _________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Бюджеттік бағдарлама басшысы ____       __________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Бас бухгалтер/ қаржы-экономика

      бөлімінің бастығы ________      ________________________________________

      (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Ескертпе:

      Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме:

      1-бағанда нөмір "№" ретімен толтырылады;

      2-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы көрсетіледі;

      3-бағанда мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы көрсетіледі;

      4-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның атауы көрсетіледі;

      5-бағанда мемлекеттiк тапсырма орындалған республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы көрсетіледі;

      6-бағанда мемлекеттiк тапсырманы орындауға жұмсалған бюджет қаражатының сомасы көрсетіледі;

      7-бағанда мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi көрсетіледі;

      8-бағанда мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттік қызмет көрсету немесе бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу, тиімділігі, тікелей және түпкілікті нәтижелерге, мемлекеттік тапсырма нәтижесінің іс жүзінде қолданылуы және оның есепті қаржы жылы ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы туралы ақпарат көрсетіледі.