2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 41-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Министр | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 236 бұйрығымен бекітілді |
Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау
қағидалары
Осы Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 41-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және оның Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйымдарына, дербес кластерлік қорға, бірлесіп дербес білім беру ұйымдарына және олардың Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ұйымдарына жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға, тапсырыс мемлекеттiк тапсырма болып табылады.
2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымдарға, мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу тәртібі
3. Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға немесе басқа да мiндеттердi орындауға арналған ұсыныстар мен негiздемелер дайындауды қамтиды.
4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттiк өтiнiммен, бюджеттік бағдарламалардың жобаларымен, стратегиялық жоспарлардың жобаларымен немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен бiрге Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен монополияға қарсы органның қорытындыларын есепке ала отырып, мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге немесе бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға ұсыныс береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларын алу мақсатында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және монополияға қарсы органға мемлекеттік қызметтерді көрсетуге немесе мемлекеттік тапсырма нысанында бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға ұсыныс көшірмесін, сондай-ақ мемлекеттік тапсырманы орындауға жауапты заңды тұлғаның жарғысының көшiрмесiн жолдайды. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және монополияға қарсы орган республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiнен бастапқы енгізілген құжаттар пакетін қайтармай, мемлекеттік тапсырманы орындауға байланысты өзге құжаттарды және (немесе) ақпаратты ресми түрде сұратады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.11.2015 № 566 бұйрығымен.5. Ұсыныс осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.
6. Мемлекеттiк тапсырма нысанында орындауға жоспарланып отырған мемлекеттiк қызметтер мен бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесi Республикалық бюджет комиссиясының қарауына стратегиялық жоспарлардың жобаларымен немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларымен, бюджеттік өтінімдермен, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттік бағдарламаларының жобаларымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларымен бiрге енгiзiледi.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.11.2015 № 566 бұйрығымен.7. Мемлекеттік тапсырма нысанында іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген барлық рәсімдерінен өтеді.
8. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде және Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және мемлекеттiк тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғаларды көрсете отырып, мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн (бұдан әрi – мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi) қалыптастырады.
Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi:
1) мемлекеттiк тапсырма нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның атауын;
2) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасын;
3) мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен заңды тұлғаның атауын;
4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;
5) мемлекеттiк тапсырманы орындауға қажеттi бюджет қаражатының сомасын қамтуы тиiс.
Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы қысқа әрi айқын жазылады және мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның мәнiн көрсетеді.
9. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді кейінге қалдырмай шешу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес қаржы жылы ішінде Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджетте бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар шегінде Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне толықтырулар енгізеді.
Мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін толықтыру бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және монополияға қарсы органның қорытындыларын есепке ала отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.11.2015 № 566 бұйрығымен.3. Мемлекеттік тапсырманы орындау тәртібі
10. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле (бұдан әрі - шарт) жасау арқылы іске асыру шеңберінде нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.
11. Шартта мемлекеттік тапсырманы орындаудың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштері, қажет болған кезде сапа мен тиімділік көрсеткіштері, орындау мерзімі, бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы орындау көрсеткіштеріне қол жеткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілігін қамтиды.
12. Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйым немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдары, дербес білім беру ұйымы немесе оның ұйымы шеңберінде мемлекеттiк тапсырма орындалатын республикалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне шартта белгiленген мерзiмде оның орындалу барысы туралы есеп бередi.
Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау қағидаларына қосымша |
Нысан
Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi
көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске
асыруға арналған ұсыныс
____________________________________________________________
(республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң атауы)
№ | Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы | Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы | Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымның немесе дербес бiлiм беру ұйымының немесе оның ұйымының атауы |
1 | 2 | 3 | 4 |
кестенің жалғасы
Шеңберiнде мемлекеттiк тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы | Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жоспарланатын бюджет қаражатының сомасы | Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi | Мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсету немесе бюджеттік инвестициялық жобаны iске асыру үшiн негiздеме |
5 | 6 | 7 | 8 |