Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 151 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10640 тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.08.2021 № 431 бұйрығымен (лғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 151 бұйрығымен бекітілді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қағидалар жаңа редакцияда көзделген - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.08.2021 № 431 бұйрығымен (лғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік емес сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік монополияға және жүргізілген мемлекеттік сараптама ұйымына жатқызылған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемеге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын ұйымдар ретінде заңды тұлғаларды аккредиттеудің тәртібін регламенттейді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі органның құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемеге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу бойынша сараптама ұйымдарының құзыретін ресми танитын рәсімі;

      2) жобалар сарапшысының аттестаты - объект құрылысы жобаларының тиісті бөлімі (бөліктері) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ретінде жеке тұлғаның аттестатталғанын куәландыратын ресми құжат;

      3) жобаның негізі бөлімдері (бөліктері) - объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздеменің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың негізін құрайтын жобаның бөлімдері (бөліктері). Міндетті сараптауға жататын техникалық-экономикалық негіздеменің және жобалау-сметалық құжаттаманың міндетті құрамы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтермен белгіленеді;

      4) өткен кезең (аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы аяқталған кезең) - аккредиттеу туралы куәлікті алғаш алғаннан кейінгі немесе бұрынғы куәліктің қолданылуын (қолдану мерзімін ұзарту) растайтын кезең.

2. Сараптама ұйымдарын аккредиттеу тәртібi

      4. Аккредиттеу үшін сараптама ұйымы тиісті уәкілетті аккредиттеу органына (бұдан әрi - уәкілетті орган) мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша сараптама ұйымының сарапшылары туралы анықтаманы, олардың жеке басын куәландыратын құжаттардың, аттестаттардың және еңбек шарттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады. Өтініш беруші уәкілетті органға салыстыру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсынған жағдайда нотариалды куәландырылған құжаттар талап етілмейді;

      4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік құқығында немесе өзге де заңдық негізде өндірістік базаның болуы туралы мәліметті, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша материалдық-техникалық жарақтануы туралы мәліметті, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесі туралы мәліметті, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиеттер туралы мәліметті ұсынады.

      5. Аккредиттеу туралы куәлік аккредиттелген немесе растағаннан күннен бастап екі жылда бір рет расталады.

      Аккредиттеу туралы куәлікті растау кезінде осы Қағидалардың 4 және 6-тармақтарында көзделген материалдар мен құжаттар ұсынылады.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген материалдар мен құжаттарды қоспағанда, аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын растау үшін қосымша:

      1) құрылыс жобалары бойынша өткен кезең үшін берілген оң және теріс тұжырымдары бар және жобаның атауы мен сатылары, оларға тапсырыс берушісі және әзірлеушісі көрсетілген сараптамалық қорытындылар туралы ақпарат;

      2) сараптама ұйымдарының сарапшыларының біліктілігін арттыру, біліктілікті арттыру курстарынан немесе арнайы семинарлардан өту фактісін растайтын құжаттардың көшірмелерін;

      3) осы заңды тұлғаға және/немесе сарапшыға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәліметтерді ұсынады.

      Аккредиттеу туралы куәлікті растауға арналған құжаттар куәлікті растау мерзімі аяқталғанға дейін бір ай қалғанда алдын ала беріледі.

      7. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) және 3) тармақшаларында, сондай-ақ 6-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарға сараптама ұйымының бiрінші басшысы (оны алмастыратын адам) қол қояды және мөрмен куәландырады.

      8. Аккредиттеу немесе аккредиттеу туралы куәлікті растау үшін нысан бойынша құжаттардың толық емес жинағы ұсынылған жағдайда өтініш қарауға қабылданбайды.

      9. Аккредиттеу мерзімі заңды тұлғадан құжаттардың толық жинағын қабылдаған сәттен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды.

      Уәкілетті орган көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес бір мезгілде өтініш берушіге нысан бойынша аккредиттеу туралы тиісті куәлікті бере отырып, аккредиттеу не аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлайды.

      10. Осы Қағидаларға сәйкес аккредиттеуден еткен заңды тұлға заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы, жобалардың әртүрлі бөлімдеріне сараптама бойынша мамандандырылған аттестатталған сарапшылардың штатта бар-жоғы туралы ақпарат жиынтығын, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер қамтылған Аккредиттелген сараптама ұйымдарының бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізіледі.

      11. Аккредиттеу туралы куәліктен айыру (оны қайтарып алу) "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және (немесе) негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      12. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабының 2-тармағына сәйкес алты айға дейінгі мерзімге тоқтатылады.

      13. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуы тоқтатылған сараптама ұйымдары қызметті жүзеге асыруға рұқсат етілмейді.

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

ӨТІНІШ

      Kімге _______________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      кімнен ______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке

      сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)

      жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз

      жеткізгіште ________________________________________ беруді сұраймын.

      (лицензияны қағаз жеткізгіште алу кажет)

      Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты,

      үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмiрі)

      Электрондық поштасы _________________________________________________

      Телефоны ____________________________________________________________

      Факс Банктік шоты ___________________________________________________

      (шоттың нөмірi, банктің атауы және орналасқан жері)

      Қызмет жүзеге асырылатын мекенжай(лар) ______________________________

      (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты,

      үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмiрі)

      Қоса берілген құжаттар: _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Мөрдің орны 20_ жылғы "____"____________

      (бар болса)

      Толтырылған күні: 20_ жылғы "__"________

      Жеке тұлға __________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Сараптама ұйымы сарапшылары туралы мәлімет

Р/с

Лауазымы

Т.А.Ә.

Жұмыс өтілі

Оқу орны, аяқтаған жылы, диплом бойынша біліктілігі көрсетілген білімі

Аттестатың нөмiрі және берілген күні

мамандығы бойынша

атқаратын лауазымында















  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Меншік құқығында немесе өзге де заңдық негізде өндірістік
базаның болуы туралы мәлімет

Р/с

Өндірістік базаның функционалдық құрамы

Алаңы

Меншік құқығын куәландыратын құжат

Мекенжайы











Ескертпе: ұсынылған материалдар мен құжаттарға бірінші басшы қол қояды және мөрмен куәландыралды.

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Материалдық-техникалық жарақтануы туралы мәлімет

Р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Пайдалану мерзімі

Сипаты (маркасы қуаты) сапалық құрамы

Ескертпе















Ескертпе: ұсынылған материалдар мен құжаттарға бірінші басшы қол қояды және мөрмен куәландыралды.

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Жобалар сараптамасының сапасын бақылау жүйесі туралы мәлімет

Сапа қызметіне жауапты басшының лауазымы, Т.А.Ә. бұйрықтың № көрсету


Жобалардың eсептері мен графикалық бөлігін тексеру үшін ұйымдастыру және ЭЕМ-нің болуы


Нормативтік-техникалық әдебиеттің болуы. Жобалау-сметалық құжаттаманы тексеруді ақпараттық қамтамасыз ету (толық көрсету)


Сараптамалық жұмыстардың сапасы бойынша наразылықтың болуы. Қабылданған шаралар тиімділігі


  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Нормативтік-анықтамалық және әдіснамалық әдебиеттер туралы мәлімет

Р/с

Атауы

Өлшем бірлiгі

Саны

Ескертпе











  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
N 00000

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      ____________________________________________________________ берілді,

      (заңды мекен-жайы)

      ведомстводан тыс кешенді сараптаманы қоспағанда, құрылысқа арналған жобаларға (техникалық-экономикалық негіздемеге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыру құқығына

      АККРЕДИТТЕЛДІ

      және уәкілетті органның тізіліміне енгізілді

      Уәкілетті органның басшысы _______________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      М.О.

      ______________________қаласы 20____ жылғы "____"______________

  Сараптама ұйымдарын
аккредиттеу қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Аккредиттелген сараптама ұйымдардың тізілімі

Р/с

Сараптама ұйымының атауы, заңды тұлғаның деректемелері

Аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні және нөмірі

Сараптама ұйымының шатында тұратын аттестатталған сарапшылар туралы мәлімет

Қабылданған жауапкершілік шаралары туралы мәлімет