Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10595 тіркелді

Жаңартылған

       «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған электр энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін энергиясына шекті тарифтер бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін күшке ие.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 № 676 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Министр                                    В. Школьник

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 160 бұйрығымен    
бекітілген       

Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына
шекті тарифтер

      Ескерту. Тарифтер жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 № 676 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тобы Жылдар бойынша энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер
2016 2017 2018

1-топ

8,8

8,8

8,8

2-топ

8,7

8,7

8,7

3-топ

7,5

7,5

7,5

4-топ

6,0

6,0

6,0

5-топ

8,05

8,05

8,05

6-топ

8,3

8,3

8,3

7-топ

7,3

7,3

7,3

8-топ

7,5

7,5

7,5

9-топ

7,6

7,6

7,6

10-топ

8,6

8,6

8,6

11-топ

15,32

15,32

15,32

12-топ

8,8

8,8

8,8

13-топ

4,5

4,5

4,5

14-топ

10,64

10,64

10,64

15-топ

8,3

8,3

8,3