Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 наурызда № 10595 тіркелді

Жаңартылған

      «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 70-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 17.05.2016 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған электр энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін энергиясына шекті тарифтер бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін күшке ие.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 № 676 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Министр                                    В. Школьник

Қазақстан Республикасы 
Энергетика министрінің 
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 160 бұйрығымен    
бекітілген       

Энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына
шекті тарифтер

      Ескерту. Тарифтер жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 № 676 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 17.05.2016 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Тобы Жылдар бойынша энергия өндіруші ұйымдар тобы үшін электр энергиясына шекті тарифтер
2016 2017 2018

1-топ

8,8

8,8

8,8

2-топ

8,7

8,7

8,7

3-топ

7,5

7,5

7,5

4-топ

6,0

6,0

6,0

5-топ

8,05

8,05

8,05

6-топ

8,3

8,3

8,3

7-топ

7,3

7,3

7,3

8-топ

7,5

7,5

7,5

9-топ

7,6

7,6

7,6

10-топ

8,6

8,6

8,6

11-топ

13,63

13,63

13,63

12-топ

12,68

12,68

12,68

13-топ

4,5

4,5

4,5

14-топ

10,64

10,64

10,64

15-топ

8,3

8,3

8,3

16-топ

13,48

13,48

13,48