"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 10-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қантарда № 7387 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 сәуірдегі № 102-103 (26921-26922) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген |
Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.10.2019 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. "Тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – тұрғын үй инспекциясы) тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменін түрі: коммуналдық.
3. Тұрғын үй инспекциясы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның жергiлiктi атқарушы органның 20__ жылғы "__" __________ № ______ қаулысымен құрылды.
4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ тұрғын үй инспекциясына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы (тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте кондоминиум объектілері болған кезде) (бұдан әрі – құрылтайшы) болып табылады.
5. Тұрғын үй инспекциясының толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – Государственное учреждение "Жилищная инспекция".
Тұрғын үй инспекциясы:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі деңгейінде - Тұрғын үй инспекция басқармасы түрінде;
аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігі деңгейінде (тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте кондоминиум объектілері болған кезде) Тұрғын үй бөлімдері түрінде құрылады.
Тұрғын үй инспекциясының құрылымы мен шекті штат санын "Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысымен бекітілген олардың штат санының лимиті шегінде жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
Тұрғын үй инспекциясы басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушы) бола алмайды.
6. "Тұрғын үй инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері _______________________________________________________________.
2-тарау. Тұрғын үй инспекциясының заңдық мәртебесі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.10.2019 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап кейін құрылды деп саналады және заңды тұлға құқығын иеленеді.
8. Тұрғын үй инспекциясының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, сондай-ақ банктерде шоттары болады.
9. Тұрғын үй инспекциясы өз міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақшаға жауапты болады.
10. Тұрғын үй инспекциясының азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерде міндетті тіркеуден өткеннен кейін күшіне енді.
3-тарау. Тұрғын үй инспекциясының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.10.2019 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Тұрғын үй инспекциясының міндеті тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
12. Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады.
13. Тұрғын үй инспекциясының негізгі өкілеттігіне:
1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
2) кондоминиум объектісінің тізбесін ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.
5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;
6) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;
7) кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөнінде есептің бар-жоғын тексеру жатады.
14. Тұрғын үй инспекциясы өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес:
1) кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына;
3) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;
4) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
5) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.
15. Тұрғын үй инспекциясы тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты күтіп ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрған ғимараттарды), үй іргесіндегі аумақты пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.
16. Тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдары:
1) тексеру жүргізген кезде қызметтік куәлігін көрсетсе тексерілетін объектіге барады;
2) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратады, тексеру нысанына қатысы бар құжаттардың түпнұсқасымен танысады;
3) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 7-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кандидатура ұсынуға;
4) тексеруді 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізеді;
5) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;
6) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
7) тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасайды;
8) Осы Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережеге қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорын күтіп ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығарады.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.10.2019 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Тұрғын үй инспекциясына жарғыда (ережеде) бекітілген өзінің қызметінің мәні мен мақсатына жауап бермейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға жол берілмейді.
4-тарау. Тұрғын үй инспекциясын басқару
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.10.2019 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Тұрғын үй инспекциясына жалпы басқаруды құрылтайшы жүзеге асырады.
19. Құрылтайшы мынадай функцияларды жүзеге асырады.
1) тұрғын үй инспекциясына мүлікті бекітіп береді;
2) тұрғын үй инспекциясын жеке қаржыландыру жоспарын жасайды;
3) тұрғын үй инспекциясына берілген мүлікті сақтауға бақылауды жүзеге асырады;
4) тұрғын үй инспекциясының ережесін (жарғысын) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) тұрғын үй инспекциясының құрылымын, оны қалыптастыру тәртібін және тұрғын үй инспекциясы органының өкілеттігі мерзімін, тұрғын үй инспекциясының шешім қабылдау тәртібін белгілейді;
6) тұрғын үй инспекциясы басшысының құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, оны атқарып отырған лауазымнан босату негіздерін белгілейді;
7) мемлекеттік орган болып табылатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, тұрғын үй инспекциясының құрылымын және шекті штат санын бекітеді;
8) тұрғын үй инспекциясы басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) жылдық қаржылық есепті бекітеді;
10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті құрылтайшысының келісімі бойынша тұрғын үй инспекциясына берілген немесе олардың жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады (жергілікті атқарушы орган коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдайды).
20. Тұрғын үй инспекциясының басшысын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі қызметке тағайындады және қызметтен босатады.
21. Тұрғын үй инспекциясының басшысы тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкіміне тікелей бағынады және тұрғын үй инспекциясына жүктелген міндеттерді орындау және олардың өз функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапты болады.
22. Тұрғын үй инспекциясы қызметін жүзеге асырған кезде тұрғын үй инспекциясының басшысы:
1) тұрғын үй инспекциясының атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда тұрғын үй инспекциясының мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) тұрғын үй инспекциясының іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлері бойынша тәртіп пен жоспарларды бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады;
8) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімі тағайындаған қызметкерлерді қоспағанда, тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) тұрғын үй инспекциясының қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
10) өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және тұрғын үй инспекциясының өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді.
23. Тұрғын үй инспекциясының әрбір инспекторында жеке мөртаңбасы болады.
5-тарау. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін құру тәртібі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.10.2019 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Тұрғын үй инспекциясының мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, оның құны өзінің балансында көрсетіледі. Тұрғын үй инспекциясының мүлкі:
1) оған құрылтайшы берген мүлік;
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлік;
3) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
25. Тұрғын үй инспекциясы мемлекеттік коммуналдық меншік болып табылады және жедел басқару құқығында оған тиесілі.
26. Тұрғын үй инспекциясы өзіне бекітіліп берілген мүлікті және өзіне смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығармайды немесе оған өзгеше әдіспен билік ете алмайды.
27. Тұрғын үй инспекциясының қызметі республикалық маңызы бар қала, астана, аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігінің бюджетінен қаржыландырылады (шығыстар сметасы).
28. Тұрғын үй инспекциясы бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және бюджеттік есеп, қаржы және бюджеттік есеп беру саласындағы заңнамаға сәйкес есеп береді.
29. Тұрғын үй инспекциясының қаржы-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизия жүргізуді құрылтайшы жүзеге асырады.
6-тарау. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.10.2019 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
30. Тұрғын үй инспекциясының жұмыс режимі дүйсенбі-жұмада сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс: сенбі, жексенбі, мереке күндері.
7-тарау. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Ескерту. 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.10.2019 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
31. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшының шешімі бойынша жүргізіледі.
32. Тұрғын үй инспекциясының құрылтай құжатына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8-тарау. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.10.2019 № 778 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33. Тұрғын үй инспекциясын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережеге қосымша |
|
нысан |
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларын бұзу жөніндегі нұсқама
_____________қаласы №______ 20__жылғы "___" _____________
Тұрғын үй қорын басқару саласындағы заңнаманы сақтау бойынша инспекциялық тексеруді жүзеге асыру процесінде
_________________________________________________________________________________
(объектінің атауы, орналасқан жері, кондоминиумды басқару органы туралы мәлімет)
Мен ______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(нұсқаманы жасаған тұрғын үй инспекциясы органы маманның лауазымы, аты-жөні)
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық тексеру барысында
_____________________________________________________________________
______________________________________________________ бұзушылықтарды анықтадым. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 41-2-бабының негізінде мынадай іс-шараларды орындауға ТАПСЫРМА БЕРЕМІН:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Заңның 41-2-бабы 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес)
Осы нұсқаманы орындау туралы ақпаратты 20__жылғы "__" _________ дейін
_____________________________________________________________________
________________________________________________________ ұсыну қажет.
(мекенжайы және кабинеттің нөмірі)
Заңның 41-1 және 41-2-баптарына сәйкес осы нұсқаманың міндетті күші
бар.
Нұсқаманы ___________________________________________________ жасады.
(тұрғын үй инспекциясы органы қызметкерінің аты-жөні, қолы)
Нұсқаманы _____________________________________________________ алды.
(тұрғын үй инспекциясы органы қызметкерінің аты-жөні, қолы)
Нұсқама қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада жасалды.