Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10466 тіркелді

Жаңартылған

        «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары бекітілсін.
      2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ______________Ә. Исекешев
      13 ақпан 2015 жылы

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________________ Е. Досаев
      30 қаңтар 2015 жылы

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2015 жылғы 23 қаңтардағы 
№ 7-1/37 бұйрығымен   
бекітілген         

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім
мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын
өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік
нөмірлер беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі - өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру тәртібін айқындайды.
      3. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
      2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері-тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық инспекциялары.
      4. Есептік нөмір код, қосылатын қызмет түрінен және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шаруашылық обектісінің нөмірінен тұрады. Шаруашылық обектісінің нөмірі айқындалатын ел кодынан, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірінен және өндіріс объектісінен тұрады. Код, қосылатын қызмет түрі өндіріс объектісінің әріптік және сандық белгілерден тұрады.
      Өндіріс объектісінің реттік нөмірі өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге өтініштің ведомствоның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелерінде тіркелу кезегіне сәйкес анықталады.
      Есептік нөмір сою алаңдарын қоспағанда өндіріс объектісі қызметінің бүкіл кезеңіне беріледі.
      Сою алаңдарына есептік нөмірлер бір жыл мерзімге беріледі және осы өңірде етті қайта өңдеу кәсіпорындары немесе сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуға тиіс. Есептік нөмірі барын растау үшін сою алаңдары есептік нөмірлерін сақтай отырып осы Қағидаларға сәйкес есептік нөмір беру рәсімдерінен қайтадан өтеді.
      Экспортты жүзеге асырушы өндіріс объектілерінің есептік нөміріне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Е" символы, экспортты жүзеге асыратын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келген жағдайда қосымша енгізіледі.
      5. Өндіріс объектісіне есептік нөмірді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері береді.
      6. Өтініштерді қабылдау және өндіріс объектісіне есептік нөмірлер нәтижелерін беру ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданнаң (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тиісті бөлімшелерінің кеңселері немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      7. Ведомство осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер берілген тізілімін (бұдан әрі — тізілім) жүргізеді.

2. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру тәртібі

      8. Есептік нөмір беру үшін өтініш беруші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тиісті бөлімшелеріне:
      1) өтініш тиісті ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіпте, өтінішті бергенге дейін отыз күнтізбелік күннен аспай берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытындының деректемелерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
      2) өндіріс объектісінің қызмет түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған, өтініш беруші-өндіріс объектісінің мөрімен (бар болған кезде) және қолымен ристалған ақпаратты ұсынады.
      Құжаттарды тапсырған кезде:
      оның өтінішінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, қағаз тасығыштағы тіркеу туралы белгі өтініштің қабылдануын растайды;
      порталда – «жеке кабинетінде» өндіріс объектісіне есептік нөмірлер нәтижесін алу күнін көрсете отырып, сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      9. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның бөлімшелері өтініш түскен күнінен бастап үш жұмыс күннен аспайтын мерзімде:
      1) ұсынылған құжаттар толықтығын тексереді;
      2) «Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді (бұдан әрі - журнал).
      Ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органының бөлімшелеріне есептік нөмір беруге сұрау жолдайды немесе өтініш беруші-өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды.
      10. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органының бөлімшелеріне есептік нөмір беруге арналған құжаттар пакеті түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
      1) өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы сұрауды тіркейді;
      2) өндіріс объектісіне есептік нөмір береді;
      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды (бұдан әрі - растау) ресімдейді және оны ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бөлімшелеріне жолдайды, ал көшірмесін ведомствоға және ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшелеріне жолдайды.
      11. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бөлімшелері растау түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны өтінуші - өндіріс объектісінің «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жібереді немесе шығарады, оны мөрмен растайды және басшысының қолы қойылады және қолына береді.
      12. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері өтініш түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
      1) ұсынылған құжаттар толықтығын тексереді;
      2) журналға тіркейді.
      13. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері ұсынылған құжаттар тексеру нәтижелері бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы шешім қабылдайды не өтінуші - өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды.
      Есептік нөмір беру туралы шешім болған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшасыға сәйкес нысан бойынша растауды ресімдейді және оны өтінуші - өндіріс объектісінің «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жібереді немесе шығарады, мөрмен растайды және басшысының қолы қойылады және қолына береді, ал көшірмесін ведомствоға және ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшелеріне жолдайды.
      14. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері өтінуші – өндіріс объектісіне есептік нөмір беруден мынадай:
      1) өтініш берушінің есептік нөмір беру үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған;
      2) есептік нөмір беру үшін қажетті ұсынылған құжаттар, объектілер деректер мен мәліметтер осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
      3) өтініш берушіге қатысты өндіріс объектісіне есептік нөмір беруді талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған;
      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде өтініш беруші өндіріс объектісіне есептік нөмір алуына байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайларда бас тартады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Ведомство алынған растау көшірмесінің негізінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтына орналастырылатын тізілімге енгізеді.
      16. Атауы және/немесе ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі бір ай ішінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның тиісті бөлімшесіне көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса өндіріс объектісінің есептік нөмірін қайта ресімдеуге өтініш береді.
      Егер жоғарыда көрсетілгендер өндіріс объектісінің жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқпаса, онда ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері өтініш тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде растауды қайта ресімдейді.
      Қызмет түрі өзгерген жағдайда өндіріс объектісі осы Қағидаларға сәйкес есептік нөмір беру рәсімінен қайтадан өтеді.
      17. Есептік нөмір беру мерзімі бұзылған, сондай-ақ оны беруден негізсіз бас тартылған жағдайда, өтінуші - өндіріс объектісі сот тәртібімен есептік нөмірлерді беруге жауапты адамдардың іс-әрекетіне шағымданады.

            Жануарлар өсіруді, жануарларды,        
                         жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты
                             дайындауды (союды), сақтауды, қайта
                            өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын
                      өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық
                        препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын
                      өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға
                              есептік нөмірлер беру қағидаларына
                                             1-қосымша

  Есептік нөмір код, қосылатын қызмет түрінен және шаруашылық
                 обектісінің нөмірінен тұрады

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

          Өндіріс объектілерінің қызмет түрінің кодтары

р/с №

Қызмет түрі

Коды

1

Жануарлар мен құс өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері

K

2

Жануарларды дайындауды (союды) және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері:


етті қайта өңдеуші кәсіпорындар;

U1

сою пункттері;

U2

сою алаңдары;

U3

құсты қайта өңдеуші кәсіпорындар

U4

3

Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері:


ет;

G1

балық және балық өнімдері;

G2

бал және ара шаруашылығы өнімдері;

G3

жануарлардан алынатын шикізат

G4

Сүт және сүт өнімдері

G5

4

Ветеринариялық препараттарды сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер

Y

5

Ветеринариялық препараттарды өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын объектілер

V

6

Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды жүзеге асыратын объектілер

W

7

Жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер

O

Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру үшін облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодтары ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі

р/с №

коды

Атауы

1

2

3

1

KZ

Қазақстан Республикасы

2

C

Ақмола облысы

3

01

Ақкөл ауданы

4

02

Аршалы ауданы

5

03

Астрахан ауданы

6

04

Атбасар ауданы

7

05

Бұланды ауданы

8

06

Көкшетау қаласы

9

07

Степногорск қаласы

10

08

Егіндікөл ауданы

11

09

Еңбекші ауданы

12

10

Ерейментау ауданы

13

11

Есіл ауданы

14

12

Жақсы ауданы

15

13

Жарқайың ауданы

16

14

Зеренді ауданы

17

15

Қорғалжын ауданы

18

16

Сандықтау ауданы

19

17

Целиноград ауданы

20

18

Шортанды ауданы

21

19

Щучье ауданы

22

B

Алматы облысы

23

01

Ақсу ауданы

24

02

Алакөл ауданы

25

03

Балқаш ауданы

26

04

Еңбекшіқазақ ауданы

27

05

Ескелді ауданы

28

06

Жамбыл ауданы

29

07

Іле ауданы

30

08

Қарасай ауданы

31

09

Қаратал ауданы

32

10

Кербұлақ ауданы

33

11

Көксу ауданы

34

12

Панфилов ауданы

35

13

Райымбек ауданы

36

14

Сарқант ауданы

37

15

Талғар ауданы

38

16

Ұйғыр ауданы

39

17

Қапшағай қаласы

40

18

Талдықорған қаласы

41

19

Текелі қаласы

42

D

Ақтөбе облысы

43

01

Әйтеке би ауданы

44

02

Алға ауданы

45

03

Байғанин ауданы

46

04

Ақтөбе қаласы

47

05

Ырғыз ауданы

48

06

Қарғалы ауданы

49

07

Мәртөк ауданы

50

08

Мұғалжар ауданы

51

09

Темір ауданы

52

10

Ойыл ауданы

53

11

Қобда ауданы

54

12

Хромтау ауданы

55

13

Шалқар ауданы

56

E

Атырау облысы

57

01

Атырау қаласы

58

02

Жылыой ауданы

59

03

Индер ауданы

60

04

Исатай ауданы

61

05

Қызылқоға ауданы

62

06

Құрманғазы ауданы

63

07

Мақат ауданы

64

08

Махамбет ауданы

65

F

Шығыс Қазақстан облысы

66

01

Өскемен қаласы

67

02

Аягөз қаласы

68

03

Зыряновск қаласы

69

04

Курчатов қаласы

70

05

Семей қаласы

71

06

Риддер қаласы

72

07

Абай ауданы

73

08

Аягөз ауданы

74

09

Бесқарағай ауданы

75

10

Бородулиха ауданы

76

11

Глубокое ауданы

77

12

Жарма ауданы

78

13

Зайсан ауданы

79

14

Зырян ауданы

80

15

Катон-Қарағай ауданы

81

16

Көкпекті ауданы

82

17

Күршім ауданы

83

18

Тарбағатай ауданы

84

19

Ұлан ауданы

85

20

Үржар ауданы

86

21

Шемонаиха ауданы

87

H

Жамбыл облысы

88

01

Байзақ ауданы

89

02

Жамбыл ауданы

90

03

Жуалы ауданы

91

04

Қордай ауданы

92

05

Мерке ауданы

93

06

Мойынқұм ауданы

94

07

Т.Рысқұлов ауданы

95

08

Сарысу ауданы

96

09

Талас ауданы

97

10

Шу ауданы

98

11

Тараз қаласы

99

L

Батыс Қазақстан облысы

100

01

Ақжайық ауданы

101

02

Бекейорда ауданы

102

03

Бөрлі ауданы

103

04

Жаңақала ауданы

104

05

Жәнібек ауданы

105

06

Зеленов ауданы

106

07

Қазталов ауданы

107

08

Қаратөбе ауданы

108

09

Сырым ауданы

109

10

Тасқала ауданы

110

11

Теректі ауданы

111

12

Шыңғырлау ауданы

112

13

Орал қаласы

113

P

Қостанай облысы

114

01

Алтынсарин ауданы

115

02

Аманкелді ауданы

116

03

Әулиекөл ауданы

117

04

Денисовка ауданы

118

05

Жангелді ауданы

119

06

Жітіқара ауданы

120

07

Қамысты ауданы

121

08

Қарабалық ауданы

122

09

Қарасу ауданы

123

10

Қостанай ауданы

124

11

Меңдіқара ауданы

125

12

Наурызым ауданы

126

13

Сарыкөл ауданы

127

14

Таранов ауданы

128

15

Ұзынкөл ауданы

129

16

Федоров ауданы

130

17

Қостанай қаласы

131

18

Арқалық қаласы

132

19

Лисаковск қаласы

133

20

Рудный қаласы

134

M

Қарағанды облысы

135

01

Абай ауданы

136

02

Ақтоғай ауданы

137

03

Бұхар-Жырау ауданы

138

04

Жаңаарқа ауданы

139

05

Қарқаралы ауданы

140

06

Нұра ауданы

141

07

Осакаров ауданы

142

08

Ұлытау ауданы

143

09

Шет ауданы

144

10

Қарағанды қаласы

145

11

Балқаш қаласы

146

12

Жезқазған қаласы

147

13

Қаражал қаласы

148

14

Приозерск қаласы

149

15

Саран қаласы

150

16

Сәтпаев қаласы

151

17

Теміртау қаласы

152

18

Шахтинск қаласы

153

N

Қызылорда облысы

154

01

Арал ауданы

155

02

Қазалы ауданы

156

03

Қармақшы ауданы

157

04

Жалағаш ауданы

158

05

Сырдария ауданы

159

06

Шиелі ауданы

160

07

Жаңақорған ауданы

161

08

Қызылорда қаласы

162

09

Байқоңыр қаласы

163

R

Маңғыстау облысы

164

01

Бейнеу ауданы

165

02

Қарақия ауданы

166

03

Маңғыстау ауданы

167

04

Түпқараған ауданы

168

05

Ақтау қаласы

169

06

Жаңаөзен қаласы

170

07

Мұнайлы ауданы

171

S

Павлодар облысы

172

01

Павлодар қаласы

173

02

Ақсу қаласы

174

03

Екібастұз қаласы

175

04

Ақтоғай ауданы

176

05

Баянауыл ауданы

177

06

Железинка ауданы

178

07

Ертіс ауданы

179

08

Қашыр ауданы

180

09

Лебяжье ауданы

181

10

Май ауданы

182

11

Павлодар ауданы

183

12

Успен ауданы

184

13

Шарбақты ауданы

185

T

Солтүстік Қазақстан облысы

186

01

Айыртау ауданы

187

02

Ақжар ауданы

188

03

Аққайың ауданы

189

04

Есіл ауданы

190

05

Жамбыл ауданы

191

06

М. Жұмабаев ауданы

192

07

Қызылжар ауданы

193

08

Мамлют ауданы

194

09

Ғ. Мүсірепов ауданы

195

10

Тайынша ауданы

196

11

Тимирязев ауданы

197

12

Уәлиханов ауданы

198

13

Шал ақын ауданы

199

14

Петропавл қаласы

200

X

Оңтүстік Қазақстан облысы

201

01

Арыс ауданы

202

02

Бәйдібек ауданы

203

03

Қазығұрт ауданы

204

04

Мақтаарал ауданы

205

05

Ордабасы ауданы

206

06

Отырар ауданы

207

07

Сайрам ауданы

208

08

Сарыағаш ауданы

209

09

Созақ ауданы

210

10

Төлеби ауданы

211

11

Түлкібас ауданы

212

12

Шардара ауданы

213

13

Шымкент қаласы

214

14

Арыс қаласы

215

15

Түркістан қаласы

216

16

Кентау қаласы

217

А

Алматы қаласы

218

01

Алатау ауданы

219

02

Алмалы ауданы

220

03

Әуезов ауданы

221

04

Бостандық ауданы

222

05

Жетісу ауданы

223

06

Медеу ауданы

224

07

Түріксіб ауданы

225

08

Наурызбай ауданы

226

Z

Астана қаласы

227

01

Алматы ауданы

228

02

Есіл ауданы

229

03

Сарыарқа ауданы

      Ескертпе:
      Есептік нөмір белгілерден құралады және мынадай құрылымы бар:
      бірінші белгі - елдің коды - КZ;
      екінші белгі  – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
                      астананың) литерлік коды;
      үшінші белгі  – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік
                      нөмірі;
      төртінші белгі - өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды;
      бесінші белгі  - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
      алтыншы белгі  - Е (экспорттаушылар үшін).
      Мысалы: КZ С.01/G1-0001/ЕКZ - елдің коды;
            С - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,
                астананың) литерлік коды;
            01 - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коды (реттік
                 нөмірі);
            G1 - өндіріс объектісінің қызмет түрі;
            0001 - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
            Е - экспорттаушы.

Жануарлар өсіруді, жануарларды,
жануарлардан алынатын өнім мен 
шикізатты дайындауды (союды), 
сақтауды, қайта өңдеуді және  
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілеріне, сондай-ақ    
ветеринариялық препараттарды, 
жемшөп пен жемшөп қоспаларын 
өндіру, сақтау және өткізу   
жөніндегі ұйымдарға есептік  
нөмірлер беру қағидаларына   
2-қосымша            

Нысан

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім
мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын
өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік
нөмірлер берілген тізілім


р/с

Ұйымның атауы

Иесі

Ұйымның мекен жайы

Қызмет түрі

Тіркеу нөмірі және берілген күні

1






Жануарлар өсіруді, жануарларды,
жануарлардан алынатын өнім мен 
шикізатты дайындауды (союды), 
сақтауды, қайта өңдеуді және  
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілеріне, сондай-ақ    
ветеринариялық препараттарды, 
жемшөп пен жемшөп қоспаларын 
өндіру, сақтау және өткізу   
жөніндегі ұйымдарға есептік  
нөмірлер беру қағидаларына   
3-қосымша            

Нысан

Қайда___________________________________________
(ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті
________________________________________________
атқарушы органының тиісті бөлімшенің толық атауы)    
Кімнен _________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған кезде)
ЖСН,/заңды тұлғаның аты БСН)
Анықтама (куәлік) нөмірі                       
мемлекеттік тіркеу______________________________
Мекен-жайы _____________________________________

Өтініш нөмірі:

Өтініш

_____________________________________________________________________
            (өндіріс объектісінің қызмет түрі, атауы)
___________________________________ есептік нөмір беруіңізді, қайта
ресімдеуіңізді, растауыңызды сұраймын (керегін сызу)
____________________________________________ орналасқан орны бойынша

Ветеринариялық-санитариялық қорытындының берілген күні және нөмірі
_____________________________________________________________________

Мынадай құжаттарды ұсынамын:
_____________________________________________________________________

Байланыс телефоны __________________ E-mail _________________________
________________________________________________________ _____20__жыл
(тегі аты, әкесінің аты (болған кезде)) өтінушінің қолы)

Қосымша: _____ парақта __________ 1 данада

ескерту: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (реттік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

Жануарлар өсіруді, жануарларды,
жануарлардан алынатын өнім мен 
шикізатты дайындауды (союды), 
сақтауды, қайта өңдеуді және  
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілеріне, сондай-ақ    
ветеринариялық препараттарды, 
жемшөп пен жемшөп қоспаларын 
өндіру, сақтау және өткізу   
жөніндегі ұйымдарға есептік  
нөмірлер беру қағидаларына   
4-қосымша            

Нысан
 

Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/
подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства

Осы растау берілді/Настоящее подтверждение выдано____________________
_____________________________________________________________________
   (жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды тұлғаның аты /
_____________________________________________________________________
          фамилия, имя отчество (при наличии) наименование юридического лица)
_____________________________________________________________________

бойынша қызметті жүзеге асырушы/осуществляющему деятельность по
_____________________________________________________________________
                  (қызмет түpiн көрсету/указать вид деятельности)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 201_ жылғы «___» ________ № ____ бұйрығымен бекітілген жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесіне сәйкес оған 201_ жылғы «___» ______ № ____ есептік нөмір берілгендігі жөнінде берілді/в том, что в соответствии с Правилами присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от «___» _____ 201_ г. № _____, ему присвоен учетный номер _____ от «___» _______ 20__ г.

Басшы/Руководитель _______________________________________  _________
      (тегі аты, әкесінің аты (бар болған кезде)/фамилия,    (қолы/
                имя, отчество (при наличии))                 подпись)

      Мөрдің орны /Место печати

«___» _______ 20____ ж./г.