«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары бекітілсін.
2. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________Ә. Исекешев
13 ақпан 2015 жылы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Е. Досаев
30 қаңтар 2015 жылы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2015 жылғы 23 қаңтардағы
№ 7-1/37 бұйрығымен
бекітілген
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім
мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын
өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік
нөмірлер беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі - өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру тәртібін айқындайды.
3. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) – Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері-тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық инспекциялары.
4. Есептік нөмір код, қосылатын қызмет түрінен және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шаруашылық обектісінің нөмірінен тұрады. Шаруашылық обектісінің нөмірі айқындалатын ел кодынан, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодынан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірінен және өндіріс объектісінен тұрады. Код, қосылатын қызмет түрі өндіріс объектісінің әріптік және сандық белгілерден тұрады.
Өндіріс объектісінің реттік нөмірі өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге өтініштің ведомствоның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелерінде тіркелу кезегіне сәйкес анықталады.
Есептік нөмір сою алаңдарын қоспағанда өндіріс объектісі қызметінің бүкіл кезеңіне беріледі.
Сою алаңдарына есептік нөмірлер бір жыл мерзімге беріледі және осы өңірде етті қайта өңдеу кәсіпорындары немесе сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуға тиіс. Есептік нөмірі барын растау үшін сою алаңдары есептік нөмірлерін сақтай отырып осы Қағидаларға сәйкес есептік нөмір беру рәсімдерінен қайтадан өтеді.
Экспортты жүзеге асырушы өндіріс объектілерінің есептік нөміріне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Е" символы, экспортты жүзеге асыратын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келген жағдайда қосымша енгізіледі.
5. Өндіріс объектісіне есептік нөмірді облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері береді.
6. Өтініштерді қабылдау және өндіріс объектісіне есептік нөмірлер нәтижелерін беру ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданнаң (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тиісті бөлімшелерінің кеңселері немесе www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
7. Ведомство осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер берілген тізілімін (бұдан әрі — тізілім) жүргізеді.
2. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру тәртібі
8. Есептік нөмір беру үшін өтініш беруші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тиісті бөлімшелеріне:
1) өтініш тиісті ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкестігі туралы «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-4) тармақшасына сәйкес бекітілген тәртіпте, өтінішті бергенге дейін отыз күнтізбелік күннен аспай берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытындының деректемелерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
2) өндіріс объектісінің қызмет түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған, өтініш беруші-өндіріс объектісінің мөрімен (бар болған кезде) және қолымен ристалған ақпаратты ұсынады.
Құжаттарды тапсырған кезде:
оның өтінішінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, қағаз тасығыштағы тіркеу туралы белгі өтініштің қабылдануын растайды;
порталда – «жеке кабинетінде» өндіріс объектісіне есептік нөмірлер нәтижесін алу күнін көрсете отырып, сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
9. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның бөлімшелері өтініш түскен күнінен бастап үш жұмыс күннен аспайтын мерзімде:
1) ұсынылған құжаттар толықтығын тексереді;
2) «Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді (бұдан әрі - журнал).
Ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органының бөлімшелеріне есептік нөмір беруге сұрау жолдайды немесе өтініш беруші-өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды.
10. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың жергілікті атқарушы органының бөлімшелеріне есептік нөмір беруге арналған құжаттар пакеті түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы сұрауды тіркейді;
2) өндіріс объектісіне есептік нөмір береді;
3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды (бұдан әрі - растау) ресімдейді және оны ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бөлімшелеріне жолдайды, ал көшірмесін ведомствоға және ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшелеріне жолдайды.
11. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының бөлімшелері растау түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны өтінуші - өндіріс объектісінің «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жібереді немесе шығарады, оны мөрмен растайды және басшысының қолы қойылады және қолына береді.
12. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері өтініш түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:
1) ұсынылған құжаттар толықтығын тексереді;
2) журналға тіркейді.
13. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері ұсынылған құжаттар тексеру нәтижелері бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы шешім қабылдайды не өтінуші - өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды.
Есептік нөмір беру туралы шешім болған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшасыға сәйкес нысан бойынша растауды ресімдейді және оны өтінуші - өндіріс объектісінің «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жібереді немесе шығарады, мөрмен растайды және басшысының қолы қойылады және қолына береді, ал көшірмесін ведомствоға және ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшелеріне жолдайды.
14. Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері өтінуші — өндіріс объектісіне есептік нөмір беруден мынадай:
1) өтінуші - өндіріс объектісі осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған;
2) берілетін ветеринариялық-санитариялық қорытындының мерзімі өтініш түскенге дейін отыз күнтізбелік күннен артық болған;
3) өндіріс объектісі Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына, бұған қоса ветеринариялық-санитариялық қорытындымен, сәйкес келмеген, сондай-ақ экспорттаушы болып табылатын өтінуші - өндіріс объектілері экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда бас тартады.
15. Ведомство алынған растау көшірмесінің негізінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтына орналастырылатын тізілімге енгізеді.
16. Атауы және/немесе ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі бір ай ішінде ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның тиісті бөлімшесіне көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса өндіріс объектісінің есептік нөмірін қайта ресімдеуге өтініш береді.
Егер жоғарыда көрсетілгендер өндіріс объектісінің жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқпаса, онда ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бөлімшелері өтініш тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде растауды қайта ресімдейді.
Қызмет түрі өзгерген жағдайда өндіріс объектісі осы Қағидаларға сәйкес есептік нөмір беру рәсімінен қайтадан өтеді.
17. Есептік нөмір беру мерзімі бұзылған, сондай-ақ оны беруден негізсіз бас тартылған жағдайда, өтінуші - өндіріс объектісі сот тәртібімен есептік нөмірлерді беруге жауапты адамдардың іс-әрекетіне шағымданады.
Жануарлар өсіруді, жануарларды,
жануарлардан алынатын өнім мен
шикізатты дайындауды (союды),
сақтауды, қайта өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілеріне, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды,
жемшөп пен жемшөп қоспаларын
өндіру, сақтау және өткізу
жөніндегі ұйымдарға есептік
нөмірлер беру қағидаларына
1-қосымша
Есептік нөмір код, қосылатын қызмет түрінен
және шаруашылық обектісінің нөмірінен тұрады
Өндіріс объектілерінің қызмет түрінің кодтары
№ |
Қызмет түрі |
Коды |
1 |
Жануарлар мен құс өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері |
K |
2 |
Жануарларды дайындауды (союды) және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері: |
|
етті қайта өңдеуші кәсіпорындар; |
U1 |
|
сою пункттері; |
U2 |
|
сою алаңдары; |
U3 |
|
құсты қайта өңдеуші кәсіпорындар |
U4 |
|
3 |
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері: |
|
ет; |
G1 |
|
балық және балық өнімдері; |
G2 |
|
бал және ара шаруашылығы өнімдері; |
G3 |
|
жануарлардан алынатын шикізат |
G4 |
|
Сүт және сүт өнімдері |
G5 |
|
4 |
Ветеринариялық препараттарды сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер |
Y |
5 |
Ветеринариялық препараттарды өндіруді және өткізуді жүзеге асыратын объектілер |
V |
6 |
Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды жүзеге асыратын объектілер |
W |
7 |
Жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіруді, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын объектілер |
O |
Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру үшін облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың литерлік кодтары
ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі
№ |
коды |
Атауы |
1 |
2 |
3 |
1 |
KZ | Қазақстан Республикасы |
---|---|---|
2 |
C | Ақмола облысы |
3 |
01 |
Ақкөл |
4 |
02 |
Аршалы |
5 |
03 |
Астрахан |
6 |
04 |
Атбасар |
7 |
05 |
Бұланды |
8 |
06 |
Көкшетау қ. |
9 |
07 |
Степногорск қ. |
10 |
08 |
Егіндікөл |
11 |
09 |
Еңбекші |
12 |
10 |
Ерейментау |
13 |
11 |
Есіл |
14 |
12 |
Жақсы |
15 |
13 |
Жарқайың |
16 |
14 |
Зеренді |
17 |
15 |
Қорғалжын |
18 |
16 |
Сандықтау |
19 |
17 |
Целиноград |
20 |
18 |
Шортанды |
21 |
19 |
Щучье |
22 |
B | Алматы облысы |
23 |
01 |
Ақсу |
24 |
02 |
Алакөл |
25 |
03 |
Балқаш |
26 |
04 |
Еңбекшіқазақ |
27 |
05 |
Ескелді |
28 |
06 |
Жамбыл |
29 |
07 |
Іле |
30 |
08 |
Қарасай |
31 |
09 |
Қаратал |
32 |
10 |
Кербұлақ |
33 |
11 |
Көксу |
34 |
12 |
Панфилов |
35 |
13 |
Райымбек |
36 |
14 |
Сарқант |
37 |
15 |
Талғар |
38 |
16 |
Ұйғыр |
39 |
17 |
Қапшағай қ. |
40 |
18 |
Талдықорған қ. |
41 |
19 |
Текелі қ. |
42 |
20 |
Наурызбай |
43 |
D | Ақтөбе облысы |
44 |
01 |
Әйтеке би |
45 |
02 |
Алға |
46 |
03 |
Байғанин |
47 |
04 |
Ақтөбе қ. |
48 |
05 |
Ырғыз |
49 |
06 |
Қарғалы |
50 |
07 |
Мәртөк |
51 |
08 |
Мұғалжар |
52 |
09 |
Темір |
53 |
10 |
Ойыл |
54 |
11 |
Қобда |
55 |
12 |
Хромтау |
56 |
13 |
Шалқар |
57 |
E | Атырау облысы |
58 |
01 |
Атырау қ. |
59 |
02 |
Жылыой |
60 |
03 |
Индер |
61 |
04 |
Исатай |
62 |
05 |
Қызылқоға |
63 |
06 |
Құрманғазы |
64 |
07 |
Мақат |
65 |
08 |
Махамбет |
66 |
F | Шығыс Қазақстан облысы |
67 |
01 |
Өскемен қ. |
68 |
02 |
Аягөз қ. |
69 |
03 |
Зыряновск қ. |
70 |
04 |
Курчатов қ. |
71 |
05 |
Семей қ. |
72 |
06 |
Риддер қ. |
73 |
07 |
Абай |
74 |
08 |
Аягөз |
75 |
09 |
Бесқарағай |
76 |
10 |
Бородулиха |
77 |
11 |
Глубокое |
78 |
12 |
Жарма |
79 |
13 |
Зайсан |
80 |
14 |
Зырян |
81 |
15 |
Катон-Қарағай |
82 |
16 |
Көкпекті |
83 |
17 |
Күршім |
84 |
18 |
Тарбағатай |
85 |
19 |
Ұлан |
86 |
20 |
Үржар |
87 |
21 |
Шемонаиха |
88 |
H | Жамбыл облысы |
89 |
01 |
Байзақ |
90 |
02 |
Жамбыл |
91 |
03 |
Жуалы |
92 |
04 |
Қордай |
93 |
05 |
Мерке |
94 |
06 |
Мойынқұм |
95 |
07 |
Т.Рысқұлов |
96 |
08 |
Сарысу |
97 |
09 |
Талас |
98 |
10 |
Шу |
99 |
11 |
Тараз қ. |
100 |
L | Батыс Қазақстан облысы |
101 |
01 |
Ақжайық |
102 |
02 |
Бекейорда |
103 |
03 |
Бөрлі |
104 |
04 |
Жаңақала |
105 |
05 |
Жәнібек |
106 |
06 |
Зеленов |
107 |
07 |
Қазталов |
108 |
08 |
Қаратөбе |
109 |
09 |
Сырым |
110 |
10 |
Тасқала |
111 |
11 |
Теректі |
112 |
12 |
Шыңғырлау |
113 |
13 |
Орал қ. |
114 |
P | Қостанай облысы |
115 |
01 |
Алтынсарин |
116 |
02 |
Аманкелді |
117 |
03 |
Әулиекөл |
118 |
04 |
Денисовка |
119 |
05 |
Жангелді |
120 |
06 |
Жітіқара |
121 |
07 |
Қамысты |
122 |
08 |
Қарабалық |
123 |
09 |
Қарасу |
124 |
10 |
Қостанай |
125 |
11 |
Меңдіқара |
126 |
12 |
Наурызым |
127 |
13 |
Сарыкөл |
128 |
14 |
Таранов |
129 |
15 |
Ұзынкөл |
130 |
16 |
Федоров |
131 |
17 |
Қостанай қ. |
132 |
18 |
Арқалық қ. |
133 |
19 |
Лисаковск қ. |
134 |
20 |
Рудный қ. |
135 |
M | Қарағанды облысы |
136 |
01 |
Абай |
137 |
02 |
Ақтоғай |
138 |
03 |
Бұхар-Жырау |
139 |
04 |
Жаңаарқа |
140 |
05 |
Қарқаралы |
141 |
06 |
Нұра |
142 |
07 |
Осакаров |
143 |
08 |
Ұлытау |
144 |
09 |
Шет |
145 |
10 |
Қарағанды қ. |
146 |
11 |
Балқаш қ. |
147 |
12 |
Жезқазған қ. |
148 |
13 |
Қаражал қ. |
149 |
14 |
Приозерск қ. |
150 |
15 |
Саран қ. |
151 |
16 |
Сәтпаев қ. |
152 |
17 |
Теміртау қ. |
153 |
18 |
Шахтинск қ. |
154 |
N | Қызылорда облысы |
155 |
01 |
Арал |
156 |
02 |
Қазалы |
157 |
03 |
Қармақшы |
158 |
04 |
Жалағаш |
159 |
05 |
Сырдария |
160 |
06 |
Шиелі |
161 |
07 |
Жаңақорған |
162 |
08 |
Қызылорда қ. |
163 |
09 |
Байқоңыр қ. |
164 |
R | Маңғыстау облысы |
165 |
01 |
Бейнеу |
166 |
02 |
Қарақия |
167 |
03 |
Маңғыстау |
168 |
04 |
Түпқараған |
169 |
05 |
Ақтау қ. |
170 |
06 |
Жаңаөзен қ. |
171 |
07 |
Мұнайлы |
172 |
S | Павлодар облысы |
173 |
01 |
Павлодар қ. |
174 |
02 |
Ақсу қ. |
175 |
03 |
Екібастұз қ. |
176 |
04 |
Ақтоғай |
177 |
05 |
Баянауыл |
178 |
06 |
Железинка |
179 |
07 |
Ертіс |
180 |
08 |
Қашыр |
181 |
09 |
Лебяжье |
182 |
10 |
Май |
183 |
11 |
Павлодар |
184 |
12 |
Успен |
185 |
13 |
Шарбақты |
186 |
T | Солтүстік Қазақстан облысы |
187 |
01 |
Айыртау |
188 |
02 |
Ақжар |
189 |
03 |
Аққайың |
190 |
04 |
Есіл |
191 |
05 |
Жамбыл |
192 |
06 |
М. Жұмабаев |
193 |
07 |
Қызылжар |
194 |
08 |
Мамлют |
195 |
09 |
Ғ. Мүсірепов |
196 |
10 |
Тайынша |
197 |
11 |
Тимирязев |
198 |
12 |
Уәлиханов |
199 |
13 |
Шал ақын |
200 |
14 |
Петропавл қ. |
201 |
X | Оңтүстік Қазақстан облысы |
202 |
01 |
Арыс |
203 |
02 |
Бәйдібек |
204 |
03 |
Қазығұрт |
205 |
04 |
Мақтаарал |
206 |
05 |
Ордабасы |
207 |
06 |
Отырар |
208 |
07 |
Сайрам |
209 |
08 |
Сарыағаш |
210 |
09 |
Созақ |
211 |
10 |
Төлеби |
212 |
11 |
Түлкібас |
213 |
12 |
Шардара |
214 |
13 |
Шымкент қ. |
215 |
14 |
Арыс қ. |
216 |
15 |
Түркістан қ. |
217 |
16 |
Кентау қ. |
218 |
А | Алматы қ. |
219 |
01 |
Алатау |
220 |
02 |
Алмалы |
221 |
03 |
Әуезов |
222 |
04 |
Бостандық |
223 |
05 |
Жетісу |
224 |
06 |
Медеу |
225 |
07 |
Түріксіб |
226 |
Z | Астана қ. |
227 |
01 |
Алматы |
228 |
02 |
Есіл |
229 |
03 |
Сарыарқа |
Ескертпе:
Есептік нөмір белгілерден құралады және мынадай құрылымы бар:
бірінші белгі - елдің коды - КZ;
екінші белгі – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;
үшінші белгі – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) реттік нөмірі;
төртінші белгі - өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды;
бесінші белгі - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
алтыншы белгі - Е (экспорттаушылар үшін).
Мысалы: КZ С.01/G1-0001/Е
КZ - елдің коды;
С - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) литерлік коды;
01 - ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коды (реттік нөмірі);
G1 - өндіріс объектісінің қызмет түрі;
0001 - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
Е - экспорттаушы.
Жануарлар өсіруді, жануарларды,
жануарлардан алынатын өнім мен
шикізатты дайындауды (союды),
сақтауды, қайта өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілеріне, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды,
жемшөп пен жемшөп қоспаларын
өндіру, сақтау және өткізу
жөніндегі ұйымдарға есептік
нөмірлер беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім
мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын
өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік
нөмірлер берілген тізілім
№ |
Ұйымның атауы |
Иесі |
Ұйымның мекен жайы |
Қызмет түрі |
Тіркеу нөмірі және берілген күні |
1 |
Жануарлар өсіруді, жануарларды,
жануарлардан алынатын өнім мен
шикізатты дайындауды (союды),
сақтауды, қайта өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілеріне, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды,
жемшөп пен жемшөп қоспаларын
өндіру, сақтау және өткізу
жөніндегі ұйымдарға есептік
нөмірлер беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Қайда___________________________________________
(ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті
________________________________________________
атқарушы органының тиісті бөлімшенің толық атауы)
Кімнен _________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған кезде)
ЖСН,/заңды тұлғаның аты БСН)
Анықтама (куәлік) нөмірі
мемлекеттік тіркеу______________________________
Мекен-жайы _____________________________________
Өтініш нөмірі:
Өтініш
_____________________________________________________________________
(өндіріс объектісінің қызмет түрі, атауы)
___________________________________ есептік нөмір беруіңізді, қайта
ресімдеуіңізді, растауыңызды сұраймын (керегін сызу)
____________________________________________ орналасқан орны бойынша
Ветеринариялық-санитариялық қорытындының берілген күні және нөмірі
_____________________________________________________________________
Мынадай құжаттарды ұсынамын:
_____________________________________________________________________
Байланыс телефоны __________________ E-mail _________________________
________________________________________________________ _____20__жыл
(тегі аты, әкесінің аты (болған кезде)) өтінушінің қолы)
Қосымша: _____ парақта __________ 1 данада
ескерту: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (реттік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.
Жануарлар өсіруді, жануарларды,
жануарлардан алынатын өнім мен
шикізатты дайындауды (союды),
сақтауды, қайта өңдеуді және
өткізуді жүзеге асыратын өндіріс
объектілеріне, сондай-ақ
ветеринариялық препараттарды,
жемшөп пен жемшөп қоспаларын
өндіру, сақтау және өткізу
жөніндегі ұйымдарға есептік
нөмірлер беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/
подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства
Осы растау берілді/Настоящее подтверждение выдано____________________
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты (болған кезде), заңды тұлғаның аты /
_____________________________________________________________________
фамилия, имя отчество (при наличии) наименование юридического лица)
_____________________________________________________________________
бойынша қызметті жүзеге асырушы/осуществляющему деятельность по
_____________________________________________________________________
(қызмет түpiн көрсету/указать вид деятельности)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 201_ жылғы «___» ________ № ____ бұйрығымен бекітілген жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесіне сәйкес оған 201_ жылғы «___» ______ № ____ есептік нөмір берілгендігі жөнінде берілді/в том, что в соответствии с Правилами присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, утвержденными приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от «___» _____ 201_ г. № _____, ему присвоен учетный номер _____ от «___» _______ 20__ г.
Басшы/Руководитель _______________________________________ _________
(тегі аты, әкесінің аты (бар болған кезде)/фамилия, (қолы/
имя, отчество (при наличии)) подпись)
Мөрдің орны /Место печати
«___» _______ 20____ ж./г.