Мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпанда № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 наурызда № 10457 тіркелді

Жаңартылған

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандары:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тексеруді тағайындау туралы актісі;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы актісі;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарында анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. «Мемлекеттік техникалық инспекторлар актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 341 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8037 тіркелді, «Егемен Қазақстан» 2012 жылғы 24 қарашадағы № 771-775 (27847) газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы энергетика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                          В. Школьник

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 56 бұйрығына  
1-қосымша     

Нысан

Тексеруді тағайындау туралы
№_______ АКТ

_________________                                ___________________
   (күні)                                               (жері)

Мемлекеттік органның атауы: _________________________________________
Тексеруді жүргізуге уәкілетті тұлға:_________________________________
                                      (мемлекеттік техникалық
_____________________________________________________________________
       инспектордың Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Тексерулер жүргізуге тартылатын мамандар, кеңесшілер және сарапшылар
туралы мәлімет:______________________________________________________
_____________________________________________________________________

Тексерілетін субъект:
_____________________________________________________________________
           (субъектінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны, толық атауы
_____________________________________________________________________
  (субъект басшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
                   (субъектінің орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
                           (ЖСН, БСН)

Тағайындалған тексерудің мәні:_______________________________________
Тексеру жүргізудің мерзімі: «__»______20___ж. бастап «__»____20___ж. дейін.
Тексеру жүргізудің құқықтық негіздері:_______________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін кезең: «___»______20____ж. бастап «__»_______20___ж. дейін.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабында көзделген
тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттерімен* таныстым,
актінің 1 данасын алдым:
_____________________________________________________________________
(тексерілетін субъектінің басшысының (өкілі) Тегі, Аты, Әкесінің аты
(бар болған жағдайда), қолы, немесе тексеруді тағайындау туралы
актінің екінші данасында кеңседе (іс жүргізуші) алу туралы белгіні
қою)

Аумақтық департамент басшысы М.О. ________________
                                       (қолы)
_____________________________________________________________________
          (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 56 бұйрығына 2-қосымша

Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 21.08.2015 № 544 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тексеру қорытындысы туралы
№_____ АКТ

«____» ________ 20____ ж.                          __________________
                                                          (жері)

Бақылау және қадағалау органының атауы:______________________________
Тексеруді жүргізуге уәкілетті тұлға _________________________________
                                          (мемлекеттік техникалық
_____________________________________________________________________
     инспектордың Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))

Тексерулер жүргізуге тартылатын мамандар, кеңесшілер және сарапшылар
туралы мәліметтер:___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъект:________________________________________________
                       (субъектінің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны,
_____________________________________________________________________
                             толық атауы)
_____________________________________________________________________
  (субъект басшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))
_____________________________________________________________________
                    (субъектінің орналасқан жері)
_____________________________________________________________________
                              (ЖСН, БСН)

Тексеруді тағайындау туралы акт «____»__________20____ж. №___________
Тексеру жүргізу мерзімі: «__»______20_ж. бастап «__»_____20_ж. дейін.
Тексеру нәтижелері туралы мәліметтер (оның ішінде анықталған
бұзушылықтар, олардың сипаттамалары туралы):
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5 __________________________________________________________________
6. __________________________________________________________________
7. __________________________________________________________________
8. __________________________________________________________________
9. __________________________________________________________________
10. _________________________________________________________________
Тексеру қорытындысы туралы актімен таныстым__________________________
                                     (тексерілетін субъекті өкілінің,
_____________________________________________________________________
    сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамның Тегі, Аты,
   Әкесінің аты (бар болған жағдайда) олардың қолы немесе қол қоюдан
                            бас тартуы)

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 4-тармағына сәйкес,
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе,
тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт
және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда, қарсылықтар
болмаған кезде тексерілетін субъект үш жұмыс күнінен кешіктірмей,
тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органының басшысымен
келісілетін мерзімдерді көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою
жөнінде қолданылатын шаралар туралы ақпарат беруге құқылы.

Қосымшалар:__________________________________________________________

Акт 2 данада жасалды, қосымша _____ парақ.

Мемлекеттік техникалық инспектор ___________________
                                        (қолы)
Актіні алдым_________________________________________________________
             (тексерілетін субъекті басшысының (өкілінің) Тегі, Аты,
Әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, немесе тексеру аяқталған
күні тексеру қорытындысы туралы актінің екінші данасында кеңседен (іс
жүргізушіден) алу туралы белгіні қою)

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 2 ақпандағы
№ 56 бұйрығына  
3-қосымша      

Нысан

Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнама
талаптары анықталған бұзушылықтарды жою туралы
№___НҰСҚАМА
 

«__»________20____ж.                           ____________________
                                                       (жері)

Мен,_________________________________________________________________
      (мемлекеттік техникалық инспектордың Тегі, Аты, Әкесінің аты
_____________________________________________________________________
                      (бар болған жағдайда))
«___»____ж. №__________ тексеру тағайындау туралы актінің негізінде
келесі субъектіде:___________________________________________________
                         (субъектінің ұйымдастырушылық-құқықтық
_____________________________________________________________________
                      нысаны, толық атауы)
_____________________________________________________________________
(субъект басшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))
_____________________________________________________________________
                      (субъектінің орналасқан жері)
____________________________________________________________________
                              (ЖСН, БСН)
_____________________________________________________________________
___________________________________________________тексеру жүргіздім.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
 8-тармақшасын басшылыққа ала отырып, келесі іс-шараларды орындауға
НҰСҚАМА БЕРЕМІН:

Р/с №

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Орындауға жауапты қызметтік
тұлға









Ескертпе.
*Қосымша жазбалар үшін қажет кезде осы жерде тармақтар қосуға болады.

Нұсқаманың орындалғаны туралы ақпаратты______________________________
                                         (мемлекеттік энергетикалық
_____________________________________________________________________
        қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк органның атауы)
_____________________________________________________________________
______________________________________ мекенжайы бойынша ұсыну керек.

Мемлекеттік техникалық инспектор ________________
                                       (қолы)
_____________________________________________________________________
            (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Аумақтық департаменттің басшысы ________________
                                    (қолы)
_____________________________________________________________________
            (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))
немесе нұсқаманың екінші данасында кеңседе (іс жүргізуші) алу туралы
белгіні қою)

Нұсқамамен таныстым және бір данасын алдым: «___»___________20___ж.
Кәсіпорын басшысы (өкілі) ________________
                               (қолы)
_____________________________________________________________________
            (Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда))