Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптарын және құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 наурызда № 10373 тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-тармағының 19-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары және құжаттар тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-трамағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы
      ___________________ Н. Әбіқаев
      2015 жылғы 21 қаңтар

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ____________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 30 қаңтар

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының      
2015 жылғы 20 қаңтардағы № 21  
бұйрығымен бекітілген      

Өтініш берушінің байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асыруға сәйкестігін растайтын біліктілік талаптары және құжаттар тізбесі

Р/С

Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Өтініш берушінің біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Қызметтің барлық кіші түрлері үшін

1.

Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы

Тиісті білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының тізімі

Басшының қолы
қойылған тізім

Дипломдардың көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

Еңбек кітапшаларының немесе еңбек шарттарының көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

Байланыс саласында даярлық және біліктілігін арттыру бойынша курстардан өткені туралы куәліктер немесе сертификаттар

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

2.

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17 және  19-баптарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген байланыс операторының деректер таратуды өлшеу жүйесі мен қосылу ұзақтығын өлшеу жүйесі бар болуы міндетті трафикті есепке алу жүйелері, қолданыстағы тексеру сертификаты

Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінен үзінді көшірме

«Өлшем құралдары» электрондық тізілімін пайдалана отырып тексеріледі

Қолданыстағы тексеру сертификаттарының көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

3.

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру шараларын жүргізуді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ барлық байланыс желілеріндегі абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және екі жыл ішінде сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдар

Сәйкестік сертификаттары

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

4.

Меншік құқығында және өзге заңды негізде телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары)

Меншік құқығын немесе жалға алу шартын растайтын құжаттардың көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

Жылжымалы жерсеріктік байланыс қызметтерін көрсету үшін

5.

Жерсеріктік байланыстың жердегі станциялары

Меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

Сәйкестік сертификаттары

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

6.

Шетелдік байланыс операторларының телекоммуникациялық желілерімен тоғысқан нүктелердің техникалық әзірлігі

Жылжымалы жерсеріктік байланыс операторларымен ынтымақтасу мүмкіндігін растайтын келісімдердің немесе ниеттену туралы хаттамалардың көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

Ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін (стандарттың атауын көрсете отырып)

7.

Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылмайды

«е-лицензиялау» МДҚ пайдалана отырып тексеріледі

Қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін

8.

Магистральдық байланыс желілері

Байланыс желілерін пайдалануға енгізу актілерінің, сатып алу-сату шарттарының көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

Халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін

9.

Магистральдық байланыс желілері

Байланыс желілерін пайдалануға енгізу актілерінің немесе сатып алу-сату шарттарының көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

10.

Қазақстан Республикасы аумағындағы басқару орталығы

Меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

11.

Өтініш берушінің акционерлері (қатысушылары) арасында акциялар пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бөлу жөніндегі ақпарат

Өтініш берушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері және бағалы қағаздарды ұстаушылар (серіктестік қатысушыларының) тізілімдері көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

12.

Шетелдік байланыс операторларының телекоммуникациялық желілерімен тоғысқан нүктелердің техникалық әзірлігі

Кейін трафикпен алмасуды жүзеге асыру үшін шетелдік байланыс операторларымен ынтымақтасу мүмкіндігін растайтын ниеттері туралы шарттардың немесе хаттамалардың көшірмелері

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

Шетелдік байланыс операторларымен тоғысқан жерлердің географиялық координаталарын көрсете отырып, мөр мен басшының қолы қойылған өтініш берушінің хаты
 

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

13.

Басқару орталықтарының телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесіне қосылудың техникалық әзірлігі

Телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін «МТҚ» РМК-нің келісім хаты

Құжаттың электрондық көшірмесі ұсынылады*

      Ескертпе:
      * Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымының ережесінде белгіленген тәртіпте құрылған және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      «е-лицензиялау» МДБ - «е-лицензиялау» мемлекеттік дерек қоры;
      «МТҚ» РМК – «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.