Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 ақпанда № 10312 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) қолданыстағы реттегіш құралдардың реттеушілік әсеріне талдау бойынша реттеуші мемлекеттік органдардың жоспарларын келісуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы  
№ 32 бұйрығымен бекітілген

Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу қағидалары

      Осы Қағидалар «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және енгізілетін және қолданыстағы реттегіш құралдарды реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және оны пайдалану тәртібін регламенттейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) қоғамдық талқылаулар – реттеуші мемлекеттік органдардың жаңа реттеуді енгізуге, қолданыстағысын қатаңдатуға қатысты жоспарларын, сондай-ақ қазіргі реттеудің жай-күйін мүдделі тұлғаларға жеткізу мақсатында, қоғамның норма шығару процесіне қатысуын және мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының деңгейін арттыруға арналған, реттеу субъектілерімен кері байланыс орын алатын, олардың пікірлері мен ұсыныстары алынатын іс-шаралар;
      2) реттегіш құралдар – жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты әсер ету тәсілдері, оның ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес айқындалатын рұқсаттар мен хабарламалар; «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүзеге асырылатын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметінің салалары; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген ақпараттық құралдар;
      3) реттеу субъектілері – реттегіш құралдарды немесе қатаңдатылған реттеуді көздейтін нормативтік құқықтық актілердің қолданылуы таралатын субъектілер, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар.
      2. Реттеушілік әсерді талдауға, міндетті түрде:
      1) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды көздейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобалары;
      2) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдары жобаларының тұжырымдамалары;
      3) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары;
      4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1), 2-1) және 4) тармақшаларында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;
      5) ақпараттық құралдарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жобалары;
      6) реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін Кеден одағы техникалық регламенттерінің жобалары;
      7) жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін, реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдату көзделетін, жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары жатады.
      Бұл ретте, заң жобаларының тұжырымдамалары «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысымен құрылған Заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылғанға дейін реттеушілік әсерді талдаудан өтеді.
      3. Реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген, өздері әзірлейтін құжаттардың жобаларына қатысты, сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган), Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және басқа да мүдделі тұлғалар осы Қағидаларға сәйкес жүргізеді.
      4. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамасын жетілдіру мәселелері және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да міндеттер мен функцияларды орындау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысымен құрылған консультативтік-кеңесші орган – Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Ведомствоаралық комиссия) қарауына шығарылады.
      Жаңа реттеу құралын енгізу Ведомствоаралық комиссия отырысында қаралғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
      5. Қолданыстағы реттегіш құралдарға қатысты реттеушілік әсерді талдауды реттеуші мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 2-тармағының 1)3)4)5)6)7) тармақшаларында көрсетілген қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібімен жүргізеді.
      Қолданыстағы реттегіш құралдарды қайта қарауды реттеуші мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша бекітетін жоспарларға сәйкес жүзеге асырады. Жоспарлар бекітілген күнінен бастап 5 жыл ішінде бұрын реттеушілік әсерді талдау жүргізілмеген барлық реттегіш құралдарға талдау жүргізуге болатындай жасалуға тиіс.
      Бұрын реттеушілік әсерді талдау жүргізілген қолданыстағы реттегіш құралдар да Ведомствоаралық комиссия осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ұсынған мерзімге сәйкес жоспарларға қосылады.
      Реттеушілік әсерді талдау осы Қағидалардың 6-тармағының 1)5)11) тармақшаларына сәйкес қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібінде жүргізіледі.

2. Реттеушілік әсер етуге талдау жүргізу тәртібі

      6. Реттеушілік әсер етуге талдау мынадай кезекті іс-қимылдарды орындау арқылы өткізіледі:
      1) реттеуші мемлекеттік орган осы Қағидалардың 23-қосымшаларына сәйкес жаңадан енгізілетін реттегіш құралдардың және реттеуді қатаңдатудың реттеушілік әсеріне талдау нәтижелері бойынша талдамалық нысанды немесе қолданыстағы реттеуші құралдардың реттеушілік әсерін талдау нәтижелері бойынша талдамалық нысанды (бұдан әрі – талдамалық нысандар) толтырады;
      2) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда реттеуші мемлекеттік органдардың осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжаттардың жобаларын жаңа реттегіш құралдарын енгізу немесе реттеуді қатаңдату үшін әзірлеуі;
      Осы тармақшаның қолданылуы осы Қағидалардың 2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген қолданыстағы реттегіш құралдарына қатысты қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібінде жүргізілетін реттеушілік әсерді талдауға таралмайды.
      3) реттеуші мемлекеттік органның осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жобалар бойынша қоғамдық талқылаулар өткізуі;
      4) реттеуші мемлекеттік органның қоғамдық талқылаулар нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжаттар жобаларын және (немесе) талдамалық нысандарды пысықтауы және оларды уәкілетті органдарға жіберуі;
      5) уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда талдамалық нысан және (немесе) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжаттар жобалары түскен күнінен бастап 5 жұмыс күнінде оларды реттеуші мемлекеттік органның осы Қағидаларда белгіленген рәсімдерді, оның ішінде, қоғамдық талқылауларды және осы талдамалық нысанды дұрыс толтырылуын тұрғысынан қарайды.
      Қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес реттеуші мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерді талдау жүргізу рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды (бұдан әрі - қорытынды) дайындайды;
      6) теріс қорытынды болған жағдайда, осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген жағдайларда реттеуші мемлекеттік орган талдамалық нысанды және (немесе) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжаттар жобаларын пысықтайды. Пысықталған құжаттар қайтадан уәкілетті органдарға ұсынылады және Қағидалардың осы тармағының 3) – 11) тармақшасына сәйкес қаралады.
      Оң қорытынды берілген жағдайда, уәкілетті орган оны және реттеуші мемлекеттік органдар әзірлеген құжаттардың жобаларын, реттеуші мемлекеттік органның талдамалық нысанын ресми сайтына орналастырады және оларды Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жібереді;
      7) уәкілетті орган, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы немесе өзге де мүдделі тұлғалар уәкілетті орган қорытындысын ұсынған күннен бастап 15 жұмыс күннің ішінде реттеуші мемлекеттік органдар жүргізген реттеушілік әсерді талдаудың түйіндерімен келіспеген жағдайда, реттеушілік әсерге баламалы талдауды талдамалық нысандарды толтыру арқылы жүргізеді.
      Егер осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжаттардың жобалары кешендік сипатта болса және техникалық күрделі болып табылса, реттеушілік әсерді баламалы түрде талдау жүргізу мерзімі 30 жұмыс күнге дейін ұзартылады. Реттеушілік әсерді баламалы түрде талдау мерзімін айқындау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды және өз қорытындысында көрсетеді;
      8) реттеушілік әсерге баламалы түрде талдау жүргізілген жағдайда, уәкілетті орган оның нәтижелері бойынша толтырылған талдамалық нысанды реттеуші мемлекеттік органның назарына жеткізеді және оның интернет-ресурсында орналастырылады;
      9) реттеуші мемлекеттік орган реттеушілік әсерді баламалы түрде талдау нәтижелерімен келісуін немесе келіспеуін білдіреді.
      Реттеушілік әсерді баламалы түрде талдау нәтижелерімен келіскен жағдайда, реттеуші мемлекеттік орган талдамалық нысанды және (немесе) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжаттардың жобаларын пысықтайды. Пысықталған құжаттар уәкілетті органға қайта ұсынылады және Қағидалардың осы тармағының 3) – 11) тармақшаларына сәйкес қаралады.
      Реттеуші мемлекеттік орган реттеушілік әсерді баламалы түрде талдау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда реттеуші мемлекеттік орган әзірлеген талдамалық нысан және (немесе) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжаттардың жобалары Қағидалардың осы тармағының 10) – 11) тармақшаларына сәйкес қаралады;
      10) уәкілетті орган қарау нәтижелерін Ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарады;
      11) қарау нәтижесінде Ведомствоаралық комиссия реттеушілік әсерді талдау нәтижелерінің біреуін мақұлдайды:
      жаңа реттегіш құралды енгізу және (немесе) реттеуді қатаңдату, сондай-ақ реттеу құралын енгізумен келіскен жағдайда оны қайта қарауға дейін оның қолданылу мерзімін айқындау туралы;
      қолданыстағы реттегіш құралды алып тастау, сондай-ақ реттеуші құралын алып тастаумен келіспеген жағдайда, оны қайта қарауға дейін оның одан әрі қолданылу мерзімін айқындау туралы;
      рұқсаттардың немесе хабарламалардың жекелеген түрлерін рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін қолдану тиімділігіне байланысты бір түрден екіншісіне ауыстыру, сондай-ақ рұқсаттың немесе хабарламаның қолданыстағы немесе жаңа түрін оны келесі қайта қарағанға дейін оның одан әрі қолданылу мерзімін айқындау туралы қажеттіліктердің бірімен келісу немесе келіспеу туралы шешім қабылдайды;
      12) Ведомствоаралық комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді, оның көшірмесі, сондай-ақ, талдамалық нысандар мен уәкілетті органның қорытындысы осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжаттардың жобаларына олардың бекітілуіне дейін міндетті қосымша болып табылады.
      7. Реттеуші мемлекеттік органдар осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжаттар жобаларын әзірлейді және жаңа реттегіш құралды немесе оны қатаңдатқан жағдайда талдамалық нысанға қоса беріледі.
      8. Осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжаттар жобаларын және реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау мынадай тәсілдердің бірі арқылы жүзеге асырылады:
      уәкілетті органның сайтында форум режимінде интернет желісі арқылы онлайн талқылау;
      қоғамдастық өкілдерімен және мүдделі тұлғалармен дөңгелек үстелдер, конференциялар, кеңестер және өзгелер арқылы жария талқылау.
      9. Қоғамдық талқылау жүргізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар оны жүргізу күнінен бұрын 10 жұмыс күнінен кем емес мерзімде міндетті түрде оны жүргізу орны, тәсілі және уақыты туралы мыналарға:
      өзінің ресми сайтында хабарландыру беру арқылы мүдделі тұлғаларға;
      жазбаша нысанда - уәкілетті органға, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, мемлекеттік органдар жанындағы сараптамалық кеңес мүшелеріне;
      баспасөз релиздері арқылы - бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлайды.
      Жария талқылау арқылы жүргізілетін қоғамдық талқылау белгіленген уақытта өтеді және олардың нәтижелеріне реттеуші мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары хаттама жасайды.
      10. Реттеуші мемлекеттік органның қарауы бойынша құжаттар жобаларын талқылау немесе түсіндіру мақсатында басқа да іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

3. Реттеушілік әсерді талдауды пайдалану тәртібі

      11. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері реттеуші мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарында орналастырылады.
      12. Осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген құжаттар қолданысқа енгеннен кейін, олар реттеушілік әсерді талдаудың барлық нәтижелері міндетті түрде қоса беріліп уәкілетті органның сайтында жарияланады.
      Осы Қағидалардың 2-тармағының 1)3)4) тармақшаларында көрсетілген қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібінде жүргізілген қолданыстағы реттегіш құралдарға қатысты реттеушілік әсерді талдау нәтижелері көрсетілген құжаттармен бірге тұрақты бірлесіп сақтау үшін уәкілетті органның сайтында орналастырылады.
      Бұл ретте, реттеушілік әсерді талдау нәтижелері сайттың кез келген пайдаланушысының қарауына көрсетілген құжаттардың барлық қолданылу мерзімінде қолжетімді болуы керек.
      13. Реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері бойынша реттегіш құралдың қолданудың тиімділігіне қарай реттегіш құралдардың жекелеген түрлері бір түрден екінші түрге ауыстырылуы немесе олардың күші жойылуы мүмкін.
      Ведомствоаралық комиссия тиісті ұсынымдарды осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасына сәйкес әзірлейді.

Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу қағидаларына   
1-қосымша         

Нысан

Жаңадан енгізілетін реттегіш құралдардың және реттеуді
қатаңдатудың реттеушілік әсеріне талдау нәтижелері бойынша
талдамалық нысан


Мемлекеттік орган толтырады (МО)

Қоғамдық талқылаудың комментарийлері мен ұсыныстары

МО-ның қоғамдық талқылаудың комментарийлері мен ұсыныстары туралы қорытындысы

1-ҚАДАМ: Проблеманы айқындау

1

Проблеманы айқындау (3 сөйлемнен аспайтын еркін нысанда жазылған мәтін)




2

Проблеманың бар болу фактісін және оның ауқымын көрсететін деректер (цифрлық өлшемде) бар ма?

Жоқ __________________
Бар __________ (оларды сипаттап, шамасын көрсетіңіз)



3

Проблема әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін мақсатты топтар (мәселе әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін халық топтарын, кәсіпорындар немесе өзге де ұйымдардың типтерін көрсетіңіз).
Олардың санын көрсетіңіз




4

Осы проблема тәуекелдің қай деңгейіне жатады

Жоғары (адамдарға, ұйымдарға немесе жалпы мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігіне теріс әсер етудің жоғары ықтималдығы немесе адамдардың, ұйымдардың басым көпшілігіне теріс әсер етудің төмен ықтималдығы бар) ______



Орташа (аздаған адамдарға, ұйымдарға, жалпы мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігіне теріс әсер етудің ықтималдығы бар _______



Төмен (аздаған адамдарға, ұйымдарға теріс әсер етудің төмен ықтималдығы бар) _____



Әр түрлі тәуекелдер ___



Тәуекелдер деңгейін анықтау мүмкіндігі жоқ
_______________________



Тәуекелдер жоқ _______



5

Проблеманың бар болуының себептері (сипаттау кезінде себеп-салдарлы байланысты көрсету)




6

Проблеманы немесе оның себептерін шешуге бағытталған мемлекеттік реттеудің қазір қандай тетіктері бар?

Жоқ ___________________
Бар ___________________
(оларды еркін түрде сипаттаңыз)



2-ҚАДАМ: Реттеу мақсаты мен міндеттерін айқындау

7

Жобаланатын мемлекеттік реттеудің мақсаты қандай? (еркін түрде сипаттаңыз)




8

Жобаланатын реттеу көрсетілген проблеманы шешуге бағытталған анағұрлым кең шаралар кешенінің бөлігі болып табылады ма?

Жоқ ___________________
Иә ____________________
«Иә» болған жағдайда – тағы не бұл шаралар кешеніне кіреді



3-ҚАДАМ: Проблеманы шешудің мүмкін тетіктері

9

Қарауға жоспарланған нұсқаларды айқындау (Сіз қарап, талдап отырған баламалы тәсілдердің нұсқаларын көрсетіңіз – кемінде 3 нұсқаны таңдау керек)

1. Істердің ағымдағы жай-күйі _____________
2. Ақпараттық кампания
_______________________
3. Жауапкершілікті күшейту _______________
4. Ақпараттық құралдарды енгізу _____
5. Мемлекеттік бақылау
_______________________
6. Рұқсат _____________
7. Тыйым салу _________



10

Жоспарланатын нұсқалардың сипаттамалары (жоғарыда таңдалған және белгіленген барлығы реттегіш құралдарды көрсете отырып, еркін түрде сипатталады)

1-нұсқа
2-нұсқа
3-нұсқа
4-нұсқа



4-ҚАДАМ: Нұсқалардың әсерін айқындау

(1-нысанды өңдеу нәтижелерімен толтырылады)

11

Әрбір нұсқа бойынша шығасылар мен пайданың қысқаша сипаттамасы

1-нұсқа
2-нұсқа
3-нұсқа
4-нұсқа



4-ҚАДАМ: Нұсқалардың әсерін айқындау
1-нысан (әр нұсқа үшін бөлек толтырылады)


Пайдалар

Шығасылар

Экономикалық жүйеге әсер етуі

Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күшінің еркін қозғалысына әсер етуі



Халықаралық саудаға және халықаралық инвестициялық ағындарға әсер етуі



Экономиканың өсуіне жалпы салдары



Макроэкономикалық тұрақтылыққа әсер етуі



Энергияны пайдаланудың өсуіне/төмендеуіне ықпалы



Транспортқа (пассажир немесе жүк тасушы) сұраныстың ұлғаюына немесе төмендеуіне және транспорт түрлері бойынша үлестіруге ықпалы



Тұтынушыларға және жұмыскерлерге және халықтың өзге де топтарына әсер етуі

Тұтынушылар таңдауының өзгеруі, тұтынушылық бағалардың өзгеруі



Тұтынушылардың ақпарат алуына және оларды қорғалуына ықпалы



Жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарына ықпалы



Жұмыскерлердің денсаулығына, қауіпсіздігіне және абыройына ықпалы



Жұмыкерлердің қолданыстағы құқықтарына және міндеттеріне ықпалы



Жұмыс нарығындағы теңдікке ықпалы



Бизнеске әсер етуі

Кәсіпорындардың өнімділігіне және бәсекеге қабілеттілігіне ықпалы



Ресурстарды қолдану тиімділігіне ықпалы



Инновациялар мен дамуға ықпалы



Бизнес үшін шығасылар (1а нысанына сәйкес монеталандыру қажет)



Бизнес үшін негізгі ресурстар бағасына және қолжетімділігіне ықпалы (шикізат, еңбек, энергия, және т.б.)



Қаржыға қолжетімділікке әсер етуі



Жұмыс берушілердің қолданыстағы құқықтары мен міндеттемелеріне ықпалы



Мемлекеттік билік органдарына және жалпы қоғамға ықпалы

Мемлекеттік органдарға бюджеттік ықпалы (1б нысанына сәйкес монеталандыру қажет)



Жекелеген өңір немесе секторға пропорционалды емес әсер ету



Халық өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін тәуекелдерге ықпалы



Экономикалықты қоса алғанда қылмысқа ықпалы



Мәдени мұраны сақтауға ықпалы



Мәдени әралуандылыққа әсер етуі



Зиян ауа бұзушылар және парниктік газдар шығарындыларына әсер етуі



Флора және фауна санына және әралуандылығына әсер етуі



Грунт пен суға әсері



Жоғарыда көрсетілмеген өзгесі



Қосымша бөлім

Кәсіпорын көлеміне байланысты шығасылардың салыстырмалы әсер етуі

Үлкен кәсіпорындарға қарағанда шағын кәсіпорындар үшін шығасылардың салыстырмалы әсер етуі жоғары болып табыла ма?
Иә ___ Жоқ ____

Нұсқа бағаларды тікелей реттеуді белгілей ме?

Иә ___________ Жоқ _________

1а нысаны Бизнес үшін шығасыларды есептеу (монеталандыру)
Нұсқаны қолдану қандай реттеуші іс-қимылдарды көздейді?


Иә

Жоқ

Өндіріс құралдарына, үй-жайларды, зертханаларды өзгертуге, персоналды оқытуға инвестициялар



Тәуелсіз сараптамалар, бағалаулар, қорытындылар үшін үшінші тұлғаларды пайдалану қажеттілігі



Мемлекетке кезеңді есеп беру



Мамандырылған мемлекеттік тексерулердің субъектісі болу



Мемлекеттік органдардан анықтамалар мен рұқсаттарды алу



Өзгесі (айқындау)



Реттеу субъектісі бір орташа статистикалық кәсіпорынға
шығасыларды есептеу

1-кесте

Бір реттік инвестициялар

Техникалық қызмет көрсетуге, қолдау шығыстары (жылына)

Жиыны

Өндіріс құралдарына, үй-жайларды, зертханаларды өзгертуге, персоналды оқытуға инвестициялар



Х

5 жыл шығыстары

Х



2-кесте

Сараптамаларға, қорытындыларға шығыстар

Үшінші тұлғалардың кезеңді қызмет көрсетуі

Жиыны

Тәуелсіз сараптамалар, бағалаулар, қорытындылар үшін үшінші тұлғаларды пайдалану қажеттілігі



Х

5 жыл шығыстары




3-кесте

Мемлекеттік баждар

Жылына жұмыс уақытын жұмсау құны (адам-күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Мемлекетке кезеңді есеп беру



Х

5 жыл шығыстары




4-кесте

Тексерушілермен жұмысқа жұмыс уақытын (адам-күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту) жылына жұмсау құны

Бір жылғы ықтимал айыппұлдық санкциялар (айыппұл құны оны салу ықтималдығына көбейтіледі)

Жиыны

Мемлекеттік тексерістер (нұсқа бойынша мамандырылған)



Х

5 жыл шығыстары




5-кесте

Мемлекеттік баждар, құжаттар үшін басқа да тікелей төлемдер

Жылына жұмыс уақытын оларды алу үшін жұмсау құны (адам-күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Рұқсаттарды, өзге де мемлекеттік құжаттарды алу



Х

5 жыл шығыстары




      Шығасылардың өзге класы бар болса, 5 жыл ішіндегі орташа статистикалық кәсіпорынның шығасыларын анықтай отырып, ол үшін осындай кесте (6-кесте) толтырылады.
      1-6-кестелердегі деректер («Жиыны» деген бағандағы 5 жылдағы шығыстар) қосылады _______ теңге
      Осы шама бұл нұсқаның субъектілері болып табылатын кәсіпорындар (кәсіпкерлік субъектілеріне) санына көбейтіледі _______________ теңге

1б нысаны Мемлекеттік органдар үшін шығасыларды есептеу
(монеталандыру)
Нұсқаны қолдану қандай іс-қимылдарды көздейді?


Иә

Жоқ

Есепті алу жыне талдау



Тексерістер өткізу



Рұқсаттарды беру



Өзгесі (айқындау)



Шығасыларды есептеу
(егер нұсқа бірнеше мемлекеттік органдардың жұмысын көздесе,1-кесте
мемлекеттік органды көрсете отырып олардың әрқайсысы бойынша жеке
толтырылады)

1-кесте

Жылына жұмыс уақытын жұмсау құны (адам-күндерді біліктілігі бойынша жалақыға көбейту)

Жиыны

Есепті алу және талдау



Тексерістер өткізу



Рұқсаттарды беру



Өзгесі (айқындау)



5 жылдағы жиыны

Х


      Нұсқа жаңа мемлекеттік органды немесе бір органның құрылымдық бөлімшесін құруды көздей ме? Иә ____ Жоқ ____
      «Иә» деген жауапты таңдаған жағдайда – жаңа органның немесе құрылымдық бөлімшенің толық жоспарланатын жылдық бюджетін анықтаңыз ____ х 5 = ____

5-ҚАДАМ: Неғұрлым оңтайлы реттеуші нұсқаны таңдау

(2-нысанды өңдеу нәтижелерімен толтырылады)

12

Ұсынылған нұсқалар рейтингі

1-нұсқа
2-нұсқа
3-нұсқа
4-нұсқа



13

Ұсынылатын реттеудің сипаттамасы




5-ҚАДАМ: Нұсқаны таңдау (рейтинг)
1-нысан

Нәтижелілік бойынша рейтинг (проблеманы шешудегі міндеттердің қолжетімділігі)

Нәтижелілік балы (5 балдық жүйе)

Тиісті баллды беруді түсіндіру

1-нұсқалар



2-нұсқалар



3-нұсқалар



4-нұсқалар



5-нұсқалар



      Реттеудің нәтижелілігін бағалаудың 5 балдық жүйесінің балдарын айқындау
      5 – қойылған міндет толық шешіледі (проблема бұдан әрі жойылады)
      4 – қойылған міндет толықтай шешіледі (проблеманың барлық маңызды аспектілері жойылады)
      3 – қойылған проблема ішінара шешіледі (проблема айтарлықтай азаяды, ең критикалық аспектілері жойылады)
      2 – қойылған міндет кейбір аспектілерде ғана шешіледі (проблеманың кейбір маңызды және критикалық аспектілері қалады)
      1 – қойылған міндет шешілмейді (проблема қалады)

Тиімділігі бойынша рейтинг

Пайда

Шығасылар

Неге нұсқа рейтингте тиісті орын алғандығын қорытынды түсіндіру


1-нысанның 4-қадамына сәйкес толтырылады


1-нұсқа




Нұсқалардың қорытынды рейтингі (алдыңғы екі кестені салыстыру
негізінде жүргізіледі)

Рейтинг

Неге нұсқа тиісті рейтингте орын алғандығын түсіндіру

Мүмкін болатын тәуекелдер және болжанбаған салдары

1-нұсқа



6-ҚАДАМ: Бағалау индикаторы

14

Проблема индикаторын айқындау

Проблеманың бар екенін және оның ауқымын барынша толық көрсететін өлшенетін деректер типі (2-қадам 3-т. деректерімен сәйкестендіріледі) Осы индикатордың РӘТ әзірлеу сәтіндегі деректер (цифрлық өлшемде)



15

Шығасылардың негізгі өлшенетін индикаторларын айқындау

Сипаттама

Осы индикатордың РӘТ әзірлеу сәтіндегі деректер (цифрлық өлшемде)



16

Проблема масштабын көрсететін деректердің (цифрлық өлшемде) жоспарланатын өзгерісі (сипаттамада жоспарланатын өзгерістердің уақыт шектерін көрсетіңіз)




17

Мониторинг барынша толық болуы үшін ақпарат жинау және талдау жүйелеріне ұсынылатын өзгерістер (мүмкін болатын индикаторлар және олар өлшенетін болуы үшін не істеу керек)




18

Индикаторларды өлшеудің ұсынылған кезеңділігі




Реттеушілік әсерді талдаудың талдамалық нысанын толтыру
бойынша түсіндірме жазбасы

      Реттеушілік әсердің талдауын (бұдан әрі – РӘТ) жүргізу кезінде әзірлеуші мынадай қадамдарды жүзеге асыра отырып, қоса берілген талдамалық нысанды толтыруы тиіс:
      1-қадам: Проблемаларды айқындау.
      Ең алдымен реттеу құралын енгізу арқылы қандай проблеманы шешу қажет екенін анықтау керек.
      Әзірлеуші қоғамдық мүдделерге қандай зиян келтірілетінін немесе жақынарада қандай зиян келтірілуі мүмкін екенін анықтауы тиіс.
      Бұл ретте, проблеманың пайда болу себептерін ашу, оның ауқымын айқындау және оны шешу жолдарын бағалау, мемлекеттің қосымша әкімшілік араласуы болмаған жағдайда ағымдағы жағдай неге тұрақсыз деген сауалға жауап беру, әкімшілік реттеудің қажеттігін негіздеу қажет.
      Мемлекеттік араласудың көптеген негіздемелері нарық тиімсіздігінің тұжырымдамасы мен мемлекеттік тетікке, халыққа төнетін және маңызды қауіптер, белгілі бір әлеуметтік нормаларды қорғау қажеттілігі немесе әлеуметтік жағдайларды өзгерту қажеттілігі болып табылады.
      Ескерту:
      Нарық тиімсіздігі нарықтың қоғамға жеткілікті көлемде және сапада талап етілетін тауарлар мен қызметтерді тиімді бөле алмауы кезінде пайда болады, осылайша халықтың жалпы әл-ауқаты төмендейді. Нарық тетігі тиімсіздігінің негізгі түрлері арасында тиімсіз бәсекелестікті, сыртқы факторларды, қоғамдық игіліктерді және ақпараттық асимметрияны бөліп көрсетуге болады.
      Тиімсіз бәсекелестік нарықтағы өндірушілер арасында еркін бәсекелестік жолында кедергілер туындаған жағдайда орын алады. Көп жағдайда ол бірнеше нарық қатысушылары өз нарық күшін нарыққа жаңа қатысушылардың кіруіне кедергі жасауға пайдалануынан болады. Нарықтар шоғырландырылған жағдайда, өнім берушілердің астыртын сөз байласу мүмкіндігі жоғарылайды, осының нәтижесінде олар адал бәсекелестікке ықпал ете алатын бағалардың орнына анағұрлым жоғары баға ұсынады. Нарықтағы дамымаған бәсекелестік салдары бағалардың шамадан тыс өсуі немесе тауарлар сапасының күрт төмендеуі болып табылады.
      Сыртқы факторлар нарық агентінің басқа нарық агенттеріне баға саясатынсыз жанама әсер етуіне алып келетін әрекеттер қабылдаған жағдайда орын алады. Сыртқы факторлардың кеңінен таралған мысалы ретінде қоршаған ортаның ластануын айтуға болады.
      Қоғамдық игіліктер – екі тұтыну сипаттамасы бар игіліктер: бәсекелес емес және шегерілмейтін. Бәсекелестік емес принципі бір адамның тауарды тұтынуы осы тауардың басқа адамдардың бір уақытта тұтынуын шектемейтінін немесе әсер етпейтінін білдіреді. Шегерілмейтіндік принципі белгілі бір тұлғалардың тауарды тұтынуына кедергі келтіру мүмкін емес екенін білдіреді. Қоғамдық игілік мысалы дала жарығы болып табылады.
      Ақпараттық ассиметрия тұтынушыны таңдау тиімсіз болып келген жағдайда байқалады, себебі тұтынушы белгілі бір тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты толық емес немесе нақты емес ақпаратқа ие болады. Мысалы, тұтынушылар түрлі сападағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді айыру үшін жеткілікті ақпаратқа ие болмаған жағдайлар байқалады.
      Мемлекеттік тиімсіздік мемлекет нарықтық тепе-теңдікке қол жеткізуде кедергілердің бірі болған жағдайда көрініс табады. Бұл мемлекет экономиканың белгілі бір секторын реттеуге шамасы келмегенде болады, бұл талаптарды сақтауда, инвестициялар деңгейін төмендетуде және бағалардың шамадан тыс өсуіне алып келетін артық шығындарды тудырады. Аталған мемлекеттік тиімсіздік қолда бар реттеу құралына өзгеріс енгізу, жою немесе оны басқа балама шарамен ауыстыру арқылы араласуды талап етеді.
      Проблеманы айқындау кезінде себептерді нақты белгілерден бөле отырып, себеп-салдарлық байланысты түсіндіру қажет. Проблеманы айқындау анық емес шешімге алып келмеуі тиіс: бұл шешімді іздеуге ынталандыратын анық және нақты сипаттама болуы тиіс.
      Егер мемлекет бұдан бұрын нашар іске асырылу немесе сапасыз реттеу құралы салдарынан сәтсіз араласса да, ең алдымен аталған проблема іске асырылу мен орындалуды бақылауды жақсарту арқылы қолда бар құралдардың көмегімен шешіле алатынын талдау қажет. Мемлекеттің қосымша іс-қимылын негіздеу үшін қолда бар тәсіл аталған проблеманы шешуде жеткіліксіз болғанын дәлелдеу қажет.
      Проблемаларды айқындау мүмкіндігінше эмпирикалық деректерге негізделуі тиіс. Бұл оның табиғаты мен мөлшерін сипаттауға қажет болатын тиісінше деректер қорының және өзге де деректер көздерінің болуын талап етеді. Бұл өз кезегінде проблеманы нақты түсіну, сондай-ақ мемлекеттік араласудың нақты әсерін есептеу үшін сапалы статистикалық талдауды талап етеді. Осы мақсатта, РӘТ әзірлеушілеріне проблемаларды айқындау кезеңінде қолжетімді сандық және сапалық деректерді жинау қажет.
      Қолжетімді деректердің нақтылығы үлкен мәнге ие. Деректердің нақтылығы өлшеу әдісіне (бастапқы ақпаратты жинау және жалпылау) байланысты болады. РӘТ мақсаттары үшін нақты және қайта өлшенетін деректер көздерін пайдалану ұсынылады, атап айтқанда:
      статистикалық және салық органдарының деректері;
      мемлекеттік органдардың оқиғалар жөнінде берілген есептерін жалпылау нәтижелері бойынша статистикалық деректер;
      құқық қорғау органдарының статистикалық деректері;
      беделді ұйымдардың әлеуметтік және басқа зерттеулерінің деректері.
      Проблеманың сипаты мен ауқымын сипаттау кезінде РӘТ әзірлеушілері жоспарлы мемлекеттік араласу үшін халықтың нысаналы тобын анықтауы тиіс. Халықтың нысаналы тобы аталған араласудан пайда алатын халықтың бөлігі болып табылады. Сондай-ақ нақты тұжырымдалған проблема кезінде де халықтың таңдалған тобы тым аз болған жағдайда, мемлекеттік араласу шығындар мен күтілетін табыстардың арақатынасын ескере отырып негізсіз болуы мүмкін.
      Егер ұлттық деректерге қол жеткізу мүмкін болмаса немесе жеткіліксіз болса, салыстырмалы халықаралық деректерді пайдалану ұсынылады. Халықаралық тәжірибені пайдаланудың маңыздылығы деректерді анағұрлым тиімді іздеу мен талдауға алып келеді. Соған қарамастан, ұзақ мерзімді перспективада проблемаларды толық көрсету мен оларды шешудің тиімділігі үшін отандық деректер қорын дамыту маңызды.
      РӘТ қажетті деректерді алу мен ұйымдастыру тәсілдерінің бірі халық топтары туралы ақпараттық өрісі мен негізгі элементтер түріндегі жазбалары бар статистикалық деректер қорын пайдалану болып табылады. Ақпараттық өріс – оған қатысты іріктеу жүзеге асырылатын нысаналы топ сипаттамасы, ал жазба осындай топқа жататын жеке адамға немесе элементке қатысты болады.
      Мысалы, авиациялық оқиғалар бойынша деректер қорында ақпараттық өрістер, мыналар болады: «авиациялық кеме түрі», «авиациялық оқиға түрі», «қазалы жағдайлар саны», «дене жарақатын алғандар саны». Жазба «Boeing 737», «қозғалтқыштың істен шығуы», «белгілі бір авиациялық оқиғадағы 102 қазалы жағдай» сияқты ерекше деректерге жатады.
      2-қадам: Реттеу міндеттерін айқындау.
      Проблема мен оның себептері айқындалғаннан кейінгі келесі қадам мемлекеттік араласудың мақсатын немесе мақсаттарын, сондай-ақ ол көздейтін жалпы мақсаттарды анықтауға келіп тіреледі. Міндет мемлекет араласуының қажеттілігіне әкеп соғатын нақты бір мәселе мен себептерге тікелей қатысты болуы тиіс. Реттеу міндетін анықтау проблеманы анықтау мен мемлекеттік саясаттың, кейін оларды салыстыра отырып, бірнеше баламасын тұжырымдаудың арасында байланыстырушы буын қызметін атқарады. Мемлекеттік араласудың міндеттері реттеудің күтілетін нәтижесі ретінде айқындалады. Әрбір мемлекеттік араласу халықтың мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау мақсатында мүмкіндігінше барынша мынадай критерийлерге сай болуы тиіс:
      ерекшелік – міндеттер, олардың кеңінен түсіндіру ықтималдығын болдырмау үшін, барынша айқын болуы тиіс;
      өлшемділік – болашақта міндеттердің табыстылығын немесе сәтсіздігін анықтау мүмкін болуы үшін, мақсаттар өлшенетін критерийлердің негізінде болашақ жағдайды айқындауы тиіс;
      қол жетімділік пен шынайылық – қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мақсаттар қол жетімді адами және материалдық ресурстар санын және басқа да факторларды ескеруі тиіс;
      уақытқа тәуелділік – реттеу талаптарының орындалуын қамтамасыз ету үшін міндеттер нақты уақыт шегін орнатуы тиіс.
      3-қадам: Баламаларды айқындау.
      Міндетке қол жеткізу үшін әрқашанда баламалы шаралар болады. Олар РӘТ барысында проблемаларды шешу үшін ең озық балама болатын реттеу құралын таңдауды негіздеу үшін есепке алынуы тиіс. Баламалар тек реттегіш құралдарымен шектеліп қана коймай, белгілі бір мәселені шешуді және қойылған мақсаттарға нарықтық тетіктер арқылы қолжеткізуге ынталандыратын тағы да басқа іс-шараларды міндетті түрде белгілеуі тиіс. Оларға салық салудағы және субсидиялардағы өзгерістер жатуы мүмкін. Кейбір ұсынылатын және кей жағдайларда, баламалардың қажетті нұсқалары (сценарийлері) төменде келтірілген.
      1) Статус-кво сценарийі (міндетті)
      Негізгі сценарий немесе статус-кво сценарийі баламалардың алғашқысы болып табылады. Мұндай сценарий мемлекет араласпаған жағдайда не болатынын көрсетеді. Негізгі сценарий шығу нүктесі болып табылады, онымен қойылған міндетті шешудің ең үздік нұсқасын анықтау үшін, барлық баламалы тәсілдер салыстырылады.
      Салыстыру осы шақта да, сол сияқты болашақта да жүргізіледі. Бұл үшін негізгі сценарийдің құру ағымдағы оқиғаларды болжауды есепке алуы тиіс; дәл сол сияқты жоспарлы баламалы шаралардағыдай, олардың ықтимал әсерін болжау қажет.
      Мысалы, балық аулау қазіргі кезде басты қауіп төндірмеуі мүмкін, алайда, таяудағы он жылда балыққа сұраныстың екі есеге өсу үрдісін ескере отырып, табиғат ресурстарын пайдаланудың қазіргі күнгі деңгейі тәуекелге тартуы әбден мүмкін. Сондықтан, негізгі сценарийді айқындау осы жағдайдағы сұраныстың өсу мүмкіндігін және де қосымша мемлекеттік араласудың жоқтығын ескеруі тиіс.
      Негізгі сценарийді тиісті деңгейде айқындау үшін, осы проблеманы шешу үшін бұрын мемлекеттік араласу жүргізілді ме, жоқ па соны ескеру керек. Мынадай нұсқалар болуы мүмкін:
      егер мемлекет араласпаса, негізгі сценарий болашақ нарық өзгерістеріне (мысалы, сұраныстың өсуі) бейімделе отырып, қазіргі жағдайлардың жалғасуына тіреледі;
      мемлекет араласса, негізгі сценарий осы саясатты және оның салдарын қазіргі реттегіш құралдарын өзгертпей немесе жаңа реттегіш құралдарын енгізбей көрсететін болады;
      егер мемлекеттік араласу мерзімінің өтуі күтілсе, онда мұны болашақ үрдістерге арналған негізгі сценарий құру барысында ескеру қажет.
      2) Ақпараттық науқандар
      Бұл балама халық және бизнес арасында олардың мінез-құлқына өзгеріс енгізу және тұтынушылық шешімдерінің тиімділігін арттыру мақсатында ақпаратты кеңінен және сапалы түрде таратуға бағытталған. Бұл тәсіл мемлекет басқарған немесе қаржыландырған науқандармен шектеліп қана қоймай, азаматтық қоғам қатысқан жағдайда, ең тиімді балама болып табылады.
      Ең сәтті ақпараттық науқандардың мысалдары, дамыған елдер арасында шылым шегетін халықтың айтарлықтай азаюына ықпал ететін шылым шегудің зияны туралы науқандарды, немесе аң терісінен (әсіресе құрып кету қаупі төніп тұрған аңдар) тігілген киімдер киюге қарсылық білдіретін науқандар жатады. Бұл балама реттеу баламасы болып табылмайды.
      3) Өзін-өзі реттеу
      Бұл балама белгілі бір міндеттерді шешу үшін салалар (кәсіпорындар тобы) әзірлеген және орындайтын жүріс-тұрыс қағидаларының ерікті тұжырымдауды білдіреді. Осы баламаның негізінде жатқан негізгі болжам нарықтың өзін-өзі реттеу мүмкіндігін білдіреді. Соңғысы, егер мемлекет өзін-өзі реттеуді дамытуға қолдау көрсетсе мүмкін болады.
      4) Нарықтық құралдар
      Осы балама экономикалық агенттердің мінез-құлықтарын салықтар, субсидиялар, жаңа нарықтарды ашу сияқты экономикалық ынталандыру арқылы өзгерту үшін әзірленген құралдарға жатады. Осы баламаны қолданудың ең сәтті және кең тараған мысалдары акциздік салықты, баламалы энергетиканы ынталандырудан және қоршаған ортаны ластауға квота сатудан тұрады.
      5) Нақты тұжырымдалған мемлекеттік реттеу және бақылау
      Бұл балама мемлекет экономикалық агенттің реттелетін сектордағы мінез-құлқының элементтерін басқаруды болжайды. Мұндай жағдайда мемлекеттік шаралар талаптарды әзірлеуден басталады және оларды бұзған жағдайда санкциялар қолданумен аяқталады.
      Балама өздігінен алғанда күрделі және ex-post құралдар арқылы ақпараттықтан (маркировка, есептілік) бастап, ex-ante құралдарға дейін (одан кейін талаптарды сақтауды тексеру жүргізілетін рұқсат беру жүйесі) реттеу құралдарын қамтиды. Бұл қосымша баламалар:
      міндетті таңбалауды;
      міндетті есептілікті;
      декларациялауды;
      қағидалар және олардың орындалуын бақылауды;
      рұқсат беру құралдарын;
      тыйымдарды қамтуы мүмкін.
      4-қадам: Баламалы әсер етуді анықтау.
      Жоғарыда талданған барлық баламалар үшін оң және, сол сияқты теріс әсеріне талдау жасау қажет. Реттеушілік баламалардың әсерін талдау оларды салыстыру және барынша пайдалы және ең аз шығындармен ең оңтайлы нұсқаны таңдау үшін елеулі рөл атқарады.
      Бұл үшін РӘТ әзірлеушілері баламаны қолданудан пайданы және шығындарды анықтауы қажет, әсер етудің тікелей, сондай-ақ жанама мүмкін қасақана әсер ету ықпалын ескеру керек. Сондай-ақ, генерацияланатын әсер неге әсер ететінін ескеру маңызды.
      Әсер кәсіпкерлерге, тұтынушыларға, жұмыскерлерге, өзге әлеуметтік топтарға, жалпы экономикаға, қоғамға және мемлекетке ықпал етуі мүмкін.
      Баламалы нұсқаның шығындарын анықтау үшін, кәсіпкерлерге тиісті шығындарды ескеру қажет.
      Бұл шығындарды дұрыс айқындау үшін:
      1) Реттеуші әрекеттердің құрамдас бөліктеріне бөле отырып, шығындарды толығымен бағалау. Бір реттеушілік балама бірнеше реттеуші әрекеттерді қамти алатындығын атап өткен жөн.
      Мысалы, қоршаған ортаның ластануы бойынша экологиялық стандарттарды өзгерту мынадай реттеушілік әрекеттерді қамтуы мүмкін: фильтрлерге инвестиция және оларды орнату; үшінші тұлғалардың фильтрлердің дұрыс жұмыс істеуін тексеруі; ішкі мерзімдік өлшеулер және мемлекетке есеп беру; мемлекеттік тексерулер. Барлық шығасылар мынадай сыныптамаға сәйкес бағалауға жатады:
      тікелей қаржылық шығасылар: баждарды тікелей төлеудің нәтижелері;
      жанама қаржылық шығасылар: бұл өндіріс процесінде өзгеріс әкелген реттегіш құралды орындау нәтижесіндегі негізгі шығасылар (мысалы, құрал-жабдыққа инвестициялар, ғимараттарды қайта модельдеу және т.б.);
      ұзақ мерзімді құрылымдық шығасылар: операциялық шығасыларға және реттегіш құралды сақтауға байланысты техникалық қызмет көрсетуге арналған шығасылар жатады;
      әкімшілік шығындар: әкімшілік іс-шараларды орындау бойынша шығасыларға жатады.
      2) Әр реттеушілік әрекет бойынша қаржылық әсер жиілігін анықтау.
      Жыл сайынғы немесе қайталама шығасылар біржолғы шығасыларға қарағанда, маңыздырақ болуы мүмкін.
      Мысалы, қарапайым фильтрді сатып алуға және орнатуға кеткен біржолғы шығасыларға жататын шығасылар (фильтр ұзақ мерзімдік және берік деп ұйғарсақ) жыл сайынғы сертификаттауға кететін шығасылардан аз болуы мүмкін.
      3) Жоғарыда келтірілген деректерді қолдана отырып, ұсынылып отырған баламалы шараны сақтауға толық шығасыларды есептеу.
      4) Шығасылар ауқымын бағалау, немесе басқа сөзбен айтқанда, қанша жеке кәсіпкерлік субъектісі осы реттеушілік баламаны сақтау керек және бұл ретте олар қандай шығын шегеді деген сұраққа жауап беру.
      Жоғарыда айтылғандарға қосымша, сондай-ақ кәсіпорын мөлшеріне қарай шығасылардың салыстырмалы әсерін қарау қажет. Ірі бизнеске салыстырмалы қаржылық әсер мұндай қаржылық жүктеменің шағын бизнеске әсерінен елеулі өзгеше болуы мүмкін.
      Сондай-ақ, ұсынылып отырған балама жеке кәсіпкерлік субъектісінің тыйымдар немесе жеке тауарлар мен қызметтерге бағаларды айқындау, жұмыс сағаттарын, ғимарат көлемін белгілеу және тағы басқа шаралар арқылы шектей ме деген мәселені қарау маңызды, мұндай шараның әсері шараны сақтау бойынша қарапайым тікелей шығасылардан неғұрлым маңызды.
      Пайда баламаны қолдану нәтижесінде халықтың әл-ауқатын жақсарту түрінде айқындалады. Бұдан басқа, мемлекеттік саясатты іске асыру нәтижесінде жол берілмеген шығасылар да пайда деп саналатын болады.
      5-қадам: Неғұрлым оңтайлы реттеуші баламаны таңдау.
      Кез-келген әсер етуді бағалау процесі бір жерге шоғырланады, атап айтқанда, мәселені басқалардан жақсы шешетін ең үйлесімді баламаны таңдау. Нұсқалардың арасындағы салыстыру есептеу нүктесі ретінде, негізгі сценарий негізінде жүргізіледі. Неғұрлым оңтайлы баламаны таңдау жөнінде шешім қабылдау критерийлері:
      Нәтижелілік – таңдалған нұсқалар қойылған міндеттерге қаншалықты жетеді;
      Тиімділік – қойылған міндеттер берілген ресурстар деңгейіне немесе ең аз шығасыларға қарағанда қаншалықты шешілу мүмкін.
      Тиімділік критерийі негізгі критерий болып табылады, яғни – ең жақсы балама ең аз шығасылар кезінде ең үлкен игілікті жинақтайды. Баламаларды тиімділік критерийі бойынша салыстырудың бірқатар әдістері бар:
      шығын-пайданы талдау, ол әрбір балама бойынша жинақталатын шығасылар мен пайдалардың ақшалай өлшемге айырбастау мүмкін болған жағдайда қолданылады. Бұл үшін, әзірлеушіге әсер етудің экономикалық және әлеуметтік жақтарын ескеру қажет. Бұл жағдайда, шешім қабылдау критерийі – осылайша, барлық баламалар осы критерийге сәйкес жіктелетіндей таза пайда (немесе жалпы пайдалар мен жалпы шығасылар арасындағы айырма);
      экономикалық тиімділікті талдау, ол барлық баламаларды пайдаланғаннан түскен пайданы ақшалай өлшемге айырбастау немесе оларды нақты есептеу мүмкін емес болғанда аса пайдалы. Дегенмен, түрлі баламалардан жинақталатын пайдалардың өлшем бірлігі, ақшалай өлшемі болмаса да, ұқсас өлшем бірлігі болады. Бұл жағдайда, шешім қабылдау қағидасы жоспарланған пайданың бірлігіне ең кем шығасылар жинақталатын мемлекеттік саясатты айқындауға әкеледі;
      көп критерийлі талдау шығасылар мен пайдалар бірдей өлшенетін және өлшенбейтін кезде ең жақсы нұсқа болып табылады. Осындай әдіспен талдаушы, бірінші екі әдістер жағдайында тек бір критерийге қарағанда, шешім қабылдау үшін әр түрлі критерийлерді бір уақытта анықтайды.
      РӘТ процесі кейбір жағдайларда бір нұсқаның болуы тиімділік, нәтижелілік және келісушілік жағынан қойылған міндеттерге жетуге ең жақсы мүмкіндік туғызады. Басқа жағдайларда мұндай дәл тұжырым мүмкін емес еді. Мұндай жағдайларда РӘТ баламалардың оң және сол жақтарын анықтауға және олар қалайша бағаланғанына бағытталуы тиіс. РӘТ әзірлеушілеріне баламаларды бағалау критерийлері негізінде үнемі іріктеп отыру ұсынылады. Бұл шешім қабылдауға жауапты тұлғаларға барлық ықтимал нұсқаларды зерттеуге мүмкіндік береді. Іріктеу, ықтимал теріс әсерді төмендету мақсатында кез келген ұсынылатын шараның құрылымын жетілдіруге, кез келген теріс әсерлерді жеңілдету үшін ілеспелі шараларды анықтауға және ең жақсы нәтиженің ықтималдығын арттыруға мүмкіндік береді.
      Баламаларды іріктеу үшін, талдаушы: с:
      белгілі бір тапсырмаға қол жеткізу үшін әртүрлі баламалардың нәтижелілігі және нәтижелерді нақты салыстыру кестесі форматында көрсетуге;
      ең қолайлы балама және басқа мүмкін болатын баламалармен байланыстырылатын оң және теріс әсерлер балансына талдау жасауы тиіс.
      Баламаларды іріктеуді нәтижелілік критерийі негізінде бастау қажет және осылайша нәтижелілігі бойынша ең жоғары балл жинайтын, яғни қойылған тапсырманың талаптарына ең жақсы жауап беретін баламаны анықтау.
      Мемлекеттік шараларды іске асырумен байланыстырылатын шығасыларды талдау мақсатында әртүрлі баламалардың тиімділігін анықтау екінші қадам болады. Көп жағдайларда мұндай талдау шараны жүзеге асыру үшін сәйкес келетін бірнеше нұсқаларға әкелуі мүмкін. Мысалы, ең нәтижелі нұсқалар аса жоғары ұсталымдармен байланысты болуы немесе ең төмен нәтиже беретін нұсқа көптеген оң жанама әсер тудыра алатыны айқындалуы мүмкін. Осылайша, нәтижеліліктің осы аспектілері тиімділік аспектілерімен салыстырылады және нұсқаларды жалпы іріктеуді анықтайды. Үдерістің толық айқын болуын қамтамасыз ету мақсатында есепте қол жеткізілген нәтижелерді нақты көрсету керек, оған жоспарланған әсерлерге белігі бір баллдарды беру туралы ақпарат пен жүктемелердің қолданылған есептеулерін қосу қажет.
      Кейбір жағдайларда тапсырмалар немесе баламаларды қайта тұжырымдау мүмкіндігін есепке алу немесе негізгі жақсы және жаман жақтарын тиімдірек анықтау үшін екінші реттік баламаны әзірлеу керек.
      Келесі қадам – таңдау үдерісінде ұсынылатын шараның оң және теріс әсерлерін абайсызда жасалған жанама әсерлерді қоса алғанда, толық санау керек. Бұл сипаттама барлық ауыспалылар, мүмкіндігі бойынша базалық сценарийден ауытқуларда көрсетілген сандық деректерді қолдануға негізделуі керек. Қорытындыны кесте немесе график түрінде көрсету жиірек пайдалы болып келеді. Жалпы көріністі толықтыру үшін саналмайтын әсерлерді де қолдануға болатынын атап өтуге болады.
      Әдетте, ең тиімді және нәтижелі шара ең жоғары таза пайда әкеледі, ал осы екі есе тестіден өтетін кез келген балама қарастырудан өтуге лайықты. Дегенмен, саналмайтын элементтер таза пайдаға қалай әсер ететіндігі туралы талқылау да маңызды.
      6-қадам: Бағалау индикаторларын әзірлеу.
      РӘТ әзірлеушілері таңдалған және енгізілген реттегіш құралдарын іске асырғаннан кейін олардың болжанатын тиімділігін бағалау мүмкіндігі болу үшін, бағалау индикаторлары мен тетіктерін сипаттауы маңызды. Әдетте, мұндай бағалау экс-пост бағалау деп аталады және реттеу нәтижелілігін анықтау және қажет болған жағдайда нәтижелерді жақсарта алатын баламалы реформаларды табу үшін жүргізіледі. Экс-пост бағалау кері байланыс үшін пайдалы және реттегіш құралдардың нәтижелілігі мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, бар реттеуіштерді жақсартуға мүмкіндік береді.
      Индикатор өлшенетін шама болып табылады. Индикаторлар әдетте, олар реттеуді орындау проблемаларын, міндеттерін немесе шығасыларын өлшейтін деректерге негізделеді. РӘТ-ты сүйемелдейтін ұсынылатын әрбір реттеуіш құрал бойынша міндеттер мен шығасылар бойынша индикаторлардың шағын санын іріктеуге болады. Осы индикаторлар реттегіш құралдың басты мәні мен оның ең көрнекті әсерлерін көрсетуі және қол жетімді, кезең-кезеңімен өлшенетін болуы тиіс.
      Бағалау индикаторларының жалпы түрі:
      Сандық индикаторлар: олар тіркелген сандық мәндермен тікелей өлшеу арқылы көрсетіледі (мысалы, бір жылда созылмалы тыныс алу органдарының аурулары нәтижесінде қазалы жағдайлар саны);
      Сапалық индикаторлар: олар, көзқарас, қандай да бір нәрсе туралы болжамдар сияқты жанама өлшенетін аспектілер арқылы көрсетіледі (мысалы, әлеуметтік сұрастыру деректері);
      Тікелей индикаторлар: олар міндеттерге немесе шығасыларға қатысты ауыспалыларды тікелей өлшейді;
      Жанама индикаторлар: олар, тікелей ауыспалыны өлшеу өте күрделі болған кезде, егер осындай өлшеу ереулі шығын, уақыт немесе күрделі есептеуді талап ететін болса, тікелей ауыспалыны ауыстырушыны өлшейді.
      Уәкілетті орган РӘТ-ты толық немесе сапасыз дайындалған және бағалау кезінде логикалық қателер болған жағдайда теріс қорытынды береді.
      Қорытындыда оның себептері:
      РӘТ әзірлеу үдерістерін және қоғамдық талқылауды бұзу;
      РӘТ әзірлеуде бір немесе бірнеше стандартты қадамдардың болмауы, немесе орындалған қадамдарда ұтымды мәннің болмауы;
      проблеманы анықтауға қатысты нақты өлшенетін индикаторлардың болмауы;
      баламаларды алдын ала анықтап немесе үстірт таныстыру және олардың әерін талдау;
      бастапқы деректер немесе олардың көздеріне сәйкес сілтемелердің болмауы нақты түсіндіріледі.
      Барлық басқа жағдайларда, РӘТ жобасы белгіленген үдеріске сәйкес, РӘТ жобасының жекелеген бөліктеріне ұсынылған түсініктемелермен немесе баламалы талдау және қорытындылармен бірге қарастырылуы тиіс.

Реттеушілік әсерді талдауды
жүргізу қағидаларына   
2-қосымша        

Нысан

Қолданыстағы реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдау
нәтижелері бойынша талдамалық нысан



Мемлекеттік орган (МО) толтырады

Комментарийлер және нұсқамалар, қоғамдық талқылаулар

Түсініктемелер және нұсқамалар, қоғамдық талқылауларға МО қорытындысы

Реттеуді қолданысқа енгізу күні

Реттеуді алдыңғы қайта қарау күні

Күтілетін қайта қарау күні

1-ҚАДАМ: Проблеманы айқындау

1

Реттеу шешетін проблеманы анықтау (3 сөйлемнен аспайтын еркін нысандағы мәтін)




2

Мәселе бар болу фактісін дәлелдейтін және оның ауқымын көрсететін мәліметтер бар ма (цифрлық өлшемде)

Жоқ _________
Иә ___ (оларды сипаттаңыздар және олардың шамаларын көрсетіңіздер)



3

Мәселе ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін мақсатты топтар (халық топтарын, кәсіпорындар типтерін немесе мәселе ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін өзге де ұйымдар анықтамасын көрсетіңіз)

Олардың санын көрсетіңіздер)




4

Осы проблема тәуекелдің қай деңгейіне жатады

Жоғары (адамдарға, ұйымдарға немесе жалпы мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігіне теріс әсер етудің жоғары ықтималдығы немесе адамдардың, ұйымдардың басым көпшілігіне теріс әсер етудің төмен ықтималдығы бар)
_________________



Орташа (аздаған адамдарға, ұйымдарға, жалпы мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігіне теріс әсер етудің ықтималдығы бар
________________



Төмен (аздаған адамдарға, ұйымдарға теріс әсер етудің төмен ықтималдығы бар)
_________________



Әр түрлі тәуекелдер ______



Тәуекелдер деңгейін анықтау мүмкіндігі жоқ
_________________



Тәуекелдер жоқ
________________



2-ҚАДАМ: Реттеудің міндеттерін айқындау

5

Мемлекеттік реттеудің мақсаты қандай (еркін нысанда сипаттаңыз)




6

Проблеманың (сипаттамада өзгерістердің уақыт шектерін көрсетіңіз) ауқымын көрсететін деректердің (цифрлық өлшемде) өзгеруі

Деректер реттеу енгізгенге дейін өлшенбеген ______
Реттеу енгізілгенге дейінгі деректер
_________________
Өлшем жүргізілген күні
Бүгінгі күнгі деректер ________
Өлшем жүргізілген күні



3-ҚАДАМ: Нұсқалар

7

Ықтимал баламаларды айқындау (Сіз қарастыратын және талдайтын баламалы тәсілдердің нұсқаларын-қаралатын реттеулердің кемінде 2 нұсқасын таңдаңыз)

1. Ештеңе
2. Ақпараттық кампания ________
3. Өзін-өзі реттеуді енгізу
_________________
4. Салықтардың, субсидиялардың, мемл. сатып алудың, квоталарды саудалаудың басқа нарықтық тетіктердің өзгеруі)__
5. Міндетті таңбалаулар _____
6. Міндетті есеп беру ____________
7. декларациялау
_________________
8. қызмет және оның орындалуын тексеру қағидалары (рұқсат беру құжаттарынсыз) ______
9. Рұқсат беру құралдары _______
10. Тыйым салулар
_________________
11. Өзгесі ______



8

Қаралатын баламалардың сипаттамасы (барлық таңдалған және көрсетілген баламалы тәсілдер реттеуіш нақтылығымен ерікті үлгіде сипатталады)

1-нұсқа
2-нұсқа
3-нұсқа



4-ҚАДАМ. Баламаның әсерін айқындау

(1-нысанды өңдеу нәтижелерімен толтырылады)

9

Әрбір балама бойынша шығыстар мен пайда туралы қысқаша сипаттама

0-нұсқа (қайта қаралатын реттеу)
1-нұсқа
2-нұсқа
3-нұсқа



5-ҚАДАМ. Неғұрлым оңтайлы реттеуші баламаны таңдау

(2-нысанды өңдеу нәтижелерімен толтырылады)

10

Ұсынылатын баламалардың рейтингісі

1-нұсқа
2-нұсқа
3-нұсқа
4-нұсқа



11

Ұсынылатын реттеудің сипаттамасы

Қолданыстағы реттеу өзгеріссіз сақталады ______
Қолданыстағы реттеу өзгерістермен сақталады _______
Балама таңдалады
_________________
Сипаттама
Толық жою ______



6-ҚАДАМ: Бағалау индикаторы

12

Индикаторын айқындау

Мәселенің бар болуын және оның ауқымын барынша толық көрсететін өлшенетін деректер типі (2-қадам 3-т. деректерімен келісіледі)
РӘТ әзірлеу сәтіндегі осы индикатордың деректері (цифрлық өлшемде)


Мұнда «бұрын және кейін» «факт және ықтималды» сапалық көрсеткіштер көздеу қажет. Бұл проблема немен өлшенеді, мерзімді, соңғы талдау үшін статистиканы енгізу үшін мерзімді, «реттеу» қашан жұмыс істей бастайтын мерзімді көздеу қажет

13

Шығындардың түйінді өлшегіш индикаторларының анықтамасы

Сипаттамасы
РӘТ жасауда индикатордың мәліметтері ( цифралық өлшемде)



14

Барынша толық мониторингілеу үшін ақпаратты жинақтау және талдау жүйесіне ұсынылған өзгерістер(мүмкін болатын индикаторлар және олар өлшенетін болуы үшін не істеу керек)




15

Индикаторларды өлшеудегі ұсынылатын кезеңділік




Реттеушілік әсерді талдауды 
жүргізу қағидаларына    
3-қосымша          

Нысан

Реттеуші мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерді
талдауды жүргізу рәсімдерді сақтауы туралы қорытынды



Уәкілетті орган толтырады

Бағалаудың жалпы параметрлері

1

РӘТ қоғамдық талқылауда деректердің болмауы

Жоқ ____________________________
Иә _____________________________

2

РӘТ әзірлеуде бір немесе бірнеше стандарттық қадамдардың болмауы

Жоқ ____________________________
Иә _____________________________

3

Бір немесе бірнеше орындалған қадамдардың ұтымды мағынасының болмауы

Жоқ _____________________________
Иә ______________________________

4

Бастапқы деректердің немесе олардың дереккөздеріне сәйкес сілтемелердің болмауы

Жоқ _____________________________
Иә ______________________________

РӘТ бөліктерін бағалау

5

Проблеманың бар болу фактісін дәлелдейтін және оның ауқымын көрсететін деректер ұсынылды ма?

Жоқ _____________________________
Иә ______________________________
Комментарийлер

6

Проблема әсер ететін және әсер етуі мүмкін мақсатты топтар және олардың сандық көрсеткіштері ұсынылды ма?

Жоқ _____________________________
Иә ______________________________
Комментарийлер

7

Реттеудің мақсаты қисынды түрде қалыптастырылды ма? Проблеманың анықтамасына сәйкес келе ме?

Жоқ _____________________________
Иә ______________________________
Комментарийлер

8

Деректердің өзгеруі және осы өзгерістердің уақыт шектері ұсынылды ма?

Жоқ _____________________________
Иә ______________________________
Комментарийлер

9

Баламалары жоқ

Жоқ _____________________________
Иә ______________________________
Комментарийлер

10

Баламалардың алдын ала айқындалған немесе жеңілдетілген таныстырылымы және олардың әсер етуін талдау

Жоқ _____________________________
Иә ______________________________
Комментарийлер

11

Ұсынылған баламалар рейтингісін талдау


12

Проблеманың индикаторын айқындау

Жоқ _____________________________
Иә ______________________________
Комментарийлер

13

Шығасылардың негізгі өлшенетін индикаторларын айқындау

Жоқ _____________________________
Иә ______________________________
Комментарийлер

14

Балама РӘТ өткізу мерзімі

15 немесе 30 жұмыс күн (қажеттісін сызу)

15

Басқа комментарийлер


Қорытынды: