Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 30.01.2015 N 25/2-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы" Шемонаиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 28/5-IV шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-19-119 болып тіркелген, "ЛЗ Сегодня" газетінде 2010 жылғы 28 мамырдағы № 23-санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы қағидасындағы:
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"7. Тұрғын үй көмегін тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетіледі" (бұдан әрі - уәкілетті орган).
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат немесе сенімхат бойынша оның өкілі) тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына немесе электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталына (бұдан әрі - портал) өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы |
А. Яровикова |
Шемонаиха аудандық |
|
мәслихатының хатшысы |
Ә. Баяндинов |